Тіл туралы ойлар.
Адамзат баласы өз ғұмырында ғасырлар бойы жасап қалыптастырған рухани игіліктердің ішінде тілден көне әрі тілден жасаң, тілден асыл әрі тілден арзан, тілден күрделі әрі тілден қарапайым, күнделікті қажет мұраны тапқан емес. Ол – кешегі-бүгінгі тұрмыс айнасы, тарихтар куәсі ғана емес, белгілі бір халықтың белсенді қатынас құралы, кез келген ұлттың жан-жүрегі.
Тіл – мәңгілік құбылыс. Ұлттардың да даму барысында бірде ілгерілеп өрлеп, бірде баяулап, артта қалып отыратыны – тарихи заңдылық. Тілден артық қазына жоқ, тілден артық қасиет жоқ.
76 сөз.
2. Сөздік жұмыс: ілгерілеп өрлеп, баяулап артта қалып.
3. Тексерілетін ережелер. Тән дыбыс емлесі, жалғаулар, шылау сөздер, күрделі сөз т. б.
4. Диктантты дұрыс тындап, түсініп, қатесіз, таза, орфография заңына сай жазу.
ІІІ. Диктантты тексеріп тапсыру.
Үй жұмысы: 11 бет Мәтін «Қазақстан» түсініп оқу.
№5,6 сабақ
Модуль. Туған жерім – мақтанышым.
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан. Сөйлем.
Сабақтың мақсаты: «Қазақстан» мәтінін түсініп оқып, жалғастыру. Сөйлемге түсінік беріп,
ажырата үйрету.
Оқу, оқығанды түсініп жалғастыру, қосымша мәлімет айту арқылы
сөйлеу дағдыларын дамыту, жай сөйлемді ажырата біліп, ережесін есіңе
сақтау.
Өз туған елі, жері туралы білімдерін кеңейтіп, сүйіспеншілік сезім тудыру.
Көрнекілік: Қазақстан картасы . Сөйлемдер, сандар жазылған плакаттар. Таблица.
Сабақтың әдісі:
Сабақтың түрі. Жаңа материалды үйрену.
Сабақтың барысы:
Сабақтың ұраны: Қазақ жері – ата-бабам бесігі,
Орман, дала, аса байлық несібең
Жыр –маржанның, сөз асылын арнаймын
Туған жерім мақтанышым өзімнің.
І.Ұйымдастыру кезені.
1.Лексикалық сәті. 227 – жаттығу. 17 бет. Өлең «Қазақстан». Мәнін түсініп мәнерлеп оқу.
Қазақсатан дейтін менің бар елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далада атам қолға ту алған,
Бұл далаға жылап келіп уанғам,
Бұл даланы көріп алғаш қуанғам,
Бұл далада өскен жанда жоқ арман! (Қ. Аманжолов)
ІІ. Үй жұмысын тексеру: 11 бет. Мәтін «Қазақстан» түсініп оқу.
Сөздік жұмысы. 2.1.3. – тапсырма. 12 бет.
Жеке жұмыс: «Қазақстан» сөзін септеу, тәуелдеу.
ІІІ. Жаңа тақырып. Плакатпен жұмыс. (грамматикалық жұмыс).
Қазақстан. Менің туып-өскен жерім. Тамаша ел! Қазақстан қай құрлықтағы ең үлкен мемлекеттердің бірі?
1. Сөйлемдерді оқып, сұрақтарға жауап беріңіз. Бұл сөйлемдердің өзгешілігі бар ма?
Нені білдіреді? Қалай айтылады? Бұл сөйлемдерді қандай сөйлем дейміз?
2. таблицамен жұмыс. 12-13 бет. Ережені оқып, есте сақтау.
Достарыңызбен бөлісу: |