Сабақтың тақырыбы: Мәңгілік елдің тірегі Қазақстан халық ассамблеясы Сабақтың мақсаты



жүктеу 90,52 Kb.
Дата23.02.2018
өлшемі90,52 Kb.
#10577
түріСабақ

Нургожаева А.М І(ілгері) деңгей тарих пәнінің мұғалімі № 24 лицей

Сабақтың тақырыбы: Мәңгілік елдің тірегі - Қазақстан халық ассамблеясы 

Сабақтың мақсаты : Жаңа   ұғымдарды   меңгерту  және оларды қабылдауға мүмкіндік жасау. Заман талабына сәйкес жұмыс жасау іскерлігін қалыптастыру. Топпен жұмыс жасауға, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

 

Оқу нәтижелері : Мәңгілік елдің тірегі болған ұлттар ассамблеясының Қазақстанның даму үдерістерін  жақсартуға  жағдай   жасайтынын  түсіну.  

 

Негізгі идеялар : Ұлттар ассамблеясының мүмкіндіктері күннен күнге Қазақстанның жетіліп,   дамуына  және әр азаматтың метатанымдық  қабілеттерінің ашылуына мүмкіндік береді.

 1. Ұйымдастыру. а) Сәлемдесу, қатысушыларды ортаға шақыру.



Жаттығулар: Тренинг: «Менің көршімнің жетістіктері» оқу жылынан бастап  қол жеткен жетістіктерін айтады

 От, Су, Күн, Ай суреттері арқылы топқа бөлу.



От. Қай кезде де, қандай жағдайда да от болып жанып, өз ұлттарын насихаттай білетін жандар.

Су. Жандары жақсылықты сүйетін, көңілдері судай таза, жаңалықтарға жаны құмар азаматтар.

Күн. Жанындағыларға жылу сыйлап жарқырап жүретін сәуле шашып белсенділікпен жұмыс жасайтын топ.

Ай. Ойшыл да арманшыл, қиындықтарға мойымайтын ержүрек,  батыл жандар.

 (мұғалімдер осы атауларға сай топтарға бөлу)



2. Миға шабуыл. Бірлескен талдау.
- Қалай ойлайсыздар, ассамблея деген не?
- Ассамблеяның құрылу мақсаты қандай?
- Ассамблеяның құрылуы қажеттілігі жайлы бір - бірімен ойларымен бөліседі.
3. Қызығушылығын ояту. Мұғалімдерге «Данышпан мен адам» атты аңызды әңгімелеп беру.
«Данышпан мен адам»
Ертеде бір данышпан өмір сүріпті. Ол бәрін біледі екен. Ал бір адам оны көре алмапты. Елдің көзінше оның да бірдеңені білмейтінін дәлелдегісі келіпті. Бірде көп адамдар отырған жерде әлгі адам алақанына бір көбелекті қысып ұстап тұрып, данышпаннан «- Айтшы данышпаным, менің қолымдағы қандай көбелек, тірі ме? өлі ме?» - деп сұрайды. Ол өзі ішінен «Егер тірі десе - мыжып жіберемін, ал егер өлі десе - онда қоя беремін.» деп ойлап тұрады. Данышпан болса, сәл ойланып тұрып «бәрі сенің қолыңда» депті.
Аңызда айтылғандай мемлекеттің табысты, ынтымақта, бірлікте болуы бәрі біздің қолымызда екен.

Жеке топ заман талабына сай ұлттық болмыс  бағыттары бойынша топта жоба жасайды

1 топ «Ұлттық тіл»

2 топ «Ұстанымдық дін»

3 топ «Ұлттық салт-дәстүр»

4 топ « Ұлттық болмыс»


 

3.Постермен жұмыс. Топпен плакаттар. Презентациялау.
4. Қорытынды кезең.
• Сабақ соңындағы кері - байланыс. «Тазалық» ойыны түрінде алу.
Қатысушыларға бір парақ беріледі. Онда мыналар салынған:
Чемодан(суреті) қоқыс жәшігі (суреті) еттартқыш (Суреті)
- Құрметті әріптестер, бүгінгі тақырып бойынша алған керекті ақпараттарыңызды чемоданға салыңыздар (жазыңыздар), бүгіні сабақтағы керек емес болған, артық дүниені қоқыс жәшігіне салыңыздар (жазыңыздар). Ал бүгінгі ақпараттың ішінде әлі оқуым керек, толықтыруым керек дегендері болса, еттартқышқа салыңыздар (жазыңыздар)
Осылайша қатысушы мұғалімдердің коучингтен не білім алғандарын көрсетеді.

«Коучинг пен тәлімгер туралы»  тақырыбында коучинг сабақтың жоспары:

Коучинг сабағының құрылымы

Коучинг сабақ  мазмұны

Сабақтың тақырыбы

«Коучинг пен тәлімгерлік»

Сабақтың  мақсаты

Коучингке қатысушы мұғалімдерге III, II, I деңгей бағдарламасымен таныстырып,

коучинг пен менторинг ұғымдары жайлы түсінік қалыптастыру.



Сабақтың  нәтижелері

Коучинг және тәлімгерліктің міндеттерімен танысады;

Коучинг пен тәлімгерлікті ажыратып, сипаттама бере алады;

Оқу үрдісіне енгізуге дайын болады.

 


Әдіс-тәсіл

Жекелей, топпен.

Ресурстар мен жабдықтар

Бағалау парағы, постер, презентация, маркерлер, интербелсенді тақта, стикерлер, таратпа

тапсырмалар мен материалдар.



Коучтың іс-әрекеті

Мұғалімдердің іс-әрекеті

Сергіту.  «Тұрғын үй» жаттығуы

 


Ортаға 3 адамнан топ құрады: 2 мұғалім қол ұстасып

үйдің шатырын бейнелеп жоғары көтеріп тұрады,

3-мұғалім «тұрғын» ретінде «шатыр» астында тұрады.

Жүргізуші «жер сілкінісінен тұрғындар ауысады» деген

кезде «тұрғындар» орындарынан ауысады. «Шатыр»

дегенде шатыр құрушылар, «барлығы» дегенде

түгелі орындарымен ауысады.


Коучинг сөзіне анықтама беру.

Ұстаздардың пікірлерін тыңдап анықтамасын слайдқа салып көрсету.



«Коучинг» бейнежазбасын көрсетіп, ұстаздар

  өз ойларын ортаға салады, анықтама беруге тырысады.



Топтарға бөлу.

«Жеміс салаттары»(алма, алмұрт, өрік, банан) ойыны арқылы топқа бөлу

 


Мұғалімдер өз жемісінің тобын тауып,

 топтасып отырады.



Топ ережесін бекіту. 7 минут.

Топтық  жұмыс сәтті өту үшін қандай ережелер керек?



Топтарға талқылауға уақыт беріледі. Топтарда ортақ

кездескендерді ортаға ілу, коуч өзі қалып қойған басқа

ережелерді толықтырады.

.


Бағалау.

«Екі жұлдыз бір тілек»



Топ мүшелері  стикерге 2 жұлдыз / екі ұнаған нәрсе/ және

1 тілек /жақсартуды қажет ететін нәрсе/ жазып кетеді.

Әр топ өз пікірлерін ортаға салады.


«Коуч пен ментор»  презентациясы көрсету.

Сұрақтарға жауап беру.



Презентациямен танысады. Сұрақтар қойылады.

Талқыланады.

 


Сергіту жаттығуы. «Күн сәулесі кімге түсіп тұр?» ойыны.

Ортаға шеңбер жасап орындыққа отырған мұғалімдердің

орындықсызы «Күн сәулесі қара киімді мұғалімдерге

түсіп тұр»

дегенде, аталған мұғалімдер орындарын ауысады.

Осы сәтті пайдаланып, бастаушы орын алуға тырысады.

Орынсыз қалған мұғалім бастаушы болады.

Осылай ойын жалғаса береді.


Топтарға бөліну.

Туылған жыл мезгілдері бойынша топтарға бөлінеді.

Жоспарлау. «Көшбасшы орманда»  слайды

Топтар бейнелер сұрақтар дайындайды.

Рефлексия.

«Ойды жалғастыр»

 


  • Маған қызықты болды…

  • Біз бүгін қарастырдық…

  • Мен бүгін түсіндім…

  • Маған қиын болды…

  • Мен коучқа тілеймін…

  • Мен толығырақ білгім келеді…                                             

 

Кері байланыс. Шығу сауалнамасы.

Стикерлерге бүгінгі өткен коучингке қатысты

пікірлерін жазады.

  Шығу сауалнамасын толтырады.


«Жақын және алыс мақсат»  бейнежазба көрсету

Ой қорыту.

 

ТАЛДАУ:

 Тақырыбы: «Коучинг пен тәлімгер туралы»



Мақсаты:  Коучингке қатысушы мұғалімдерге, деңгейлік  бағдарламаларының негізгі мақсаттарымен таныстыру , « коучинг» пен «менторинг»  ұғымдары жайлы түсінік қалыптастыру. Олардың ұқсастығымен айырмашылықтарын білу.

Бұл тақырыпты алған мақсатым: Бірінші деңгей  бағдарламасы  тәжірибелі мұғалімдерді өз мектептерінде  құзырлы  коуч  пен тәлімгер болуға  үйретуге бағытталған.  Бірінші деңгей  бағдарламасы бойынша курсты аяқтаған мұғалімдер  оқу қоғамдастығын құрып, жаңа идеяларды іске асыру үшін өз мектебінде  тәжірибеге өзгеріс енгізуді  ойластырып,  оны жоспарлайды, ал ол үшін курстан өтпеген мұғалімдерді  осы терминдермен таныстырып алу керек деген мақсатпен  өткіздім. 

Нәтижелері : Коучинг және тәлімгерліктің міндеттерімен танысады;

Коучинг пен тәлімгерлікті ажыратып, сипаттама бере алады;

Оқу үрдісіне енгізуге дайын болады.

Барысы: талдауды ұжымға сипаттама беруден бастайын. Педагогикалық  ұжымызда 106 мұғалім бар, оның 13-і ІІІ(базалық) деңгей мұғалімдері , 1- еуІІ(негізгі)деңгей,

4- еуі І(ілгері)деңгей мұғалімі және әкімшілікке арналған 1 деңгей тыңдаушысы бір мұғалім. Тарих пәні бойынша І(ілгері) деңгей біреу.

Мұғалімдер психологиялық  жағынан қарағанда коучингке дайын. Коучтің  қажеттілігі бойынша  ұйымдастырушылық әрекеттері орынды.


  1. Ең алдымен коуч коучингті  психологиялық ахуалдан бастады, яғни  коучингке қатысушылардың бір- біріне күлкі сыйлау арқылы  көңіл күйлерін көтерді.

  2. Жемістер арқылы топқа бөлді.

  3.  Топтарға талқылауға уақыт беріледі. Топтарда ортақ кездескендерді ортаға ілу, коуч өзі қалып қойған баста ережелерді толықтырады.

Коуч коучингтің білімділік, тәрбиелік және дамытушылық мақсаттарын жоспарлап,  қатысушыларға хабарлады.

- Коуч проблемалық оқытудың ізденімпаздық, зерттеушілік, проблемалық мазмұндау, әдістері қолданды

2. Өз беттерімен нұсқаулықпен жұмыс істелінді. «Коучинг», «Коуч», « Менторинг»   аудармасын, анықтамасын нұсқаулықтан оқып ,  мұғалімдер яғни топтар болып дайындалды.- оқулықты пайдалану, оқулықпен репродуктивті және дербес ізденушілік жұмысты салыстыру

3.  «жұптас, топтас және бөліс» - тәсілдері арқылы алған білімдерін ортаға салып, тақырыпты, меңгерді.

4 .сергіту сәті арқылы дем алып, шығармашылық тапсырмаларға көшеді

5.1  топқа Венн диаграммасын салу, коуч пен тәлімгердің ұқсастағымен айырмашылықтарын табу.

5.2   Топқа Коучинг пен тәлімгерліктің негізгі жеті ұстанымы туралы постер салу.

5.3  Топқа  коучинг пен тәлімгерліктің негізгі  үш мәселесі туралы ертегі жазу.

5.4  Тоқа Тәлімгерлік үдеріс пен коучингттік үдерістің ұқсастығымен айырмашылығы туралы эссе жазу.

6. Журналистика ойыны:  ойды жалғастыру,



  •  Маған қызықты болды…

  • Біз бүгін қарастырдық…

  • Мен бүгін түсіндім…

  • Маған қиын болды…

  • Мен коучқа тілеймін…

  • Мен толығырақ білгім келеді…                                             

Бұл ойын арқылы өткізген коучингке баға алдым.

Кері байланыстар арқылы мұғалімдердің пікірлерінен ұққаным: білімнің дәрежесіне, кәсібилік  деңгейіне қарамастан кім болмасын өзінің үздік нәтижесін  өз бетімен  үнемі ұстап тұра алмайды, осы ретте бірінші деңгей мұғалімдері әріптестерімен бірге  жаңа тәсілдерді пәнге енгізу үшін  коучинг пен тәлімгерлер арқылы  жұмыс істеуге мүмкіндік беретін  дағдыларды ұсынады. Мұғалімге өз жұмысында жетістікке жетуіне  мүмкіндік  беретін  іс – әрекетті талдау  және ол  туралы ойлануға  арналған құралдарды  ұсыну мүмкіндігі коучинг пен тәлімгерліктің барлық  түрлерін  біріктіруші фактор болып табылады.   .  



     Коучингтегі  сәтті жерлері: коуч пен тәлімгер болуға мұғалімдерді үйретеді , жетелейді ал ол өз алдына  мұғалімдерді жаңаша заман талабына сәйкес жұмыс істеуге тартады.

Сәтсіз жерлерін белгілеуге келсек: әліде болса мұғалімдер өздеріне сенімділіктері жоқтығынан, өз жұмыстарын көрсете алмауларыңда..
жүктеу 90,52 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау