1-топ. «Автор бейнесі» тобы
Тапсырма. «Автор ізімен талдау» әдісі арқылы поэмада көтерілген мәселені, автордың көзқарасын, кейіпкердің іс-әрекетін, тілдік көрінісін берілген кесте арқылы талдаңыз.
(Осы тапсырманы орындау кезінде күтілетін нәтижені саралаймын. Әрі автордың көзқарасы мен кейіпкер әрекетіне өзіндік пікірін айта білуге, өмірге бейімдеу үшін функционалдық сауаттылығын дамыту үшін осы тапсырманы бердім)
«Автор ізімен талдау» кестесі
(Сыныпта жеке жұмыс жасауды қажет ететін дарынды оқушыма топтық жұмыс барысында поэмадағы тілдік көрініске нақты талдау жүргізу үшін «З.Қабдоловтың «Сөз өнері» кітабын» дереккөз ретінде ұсынамын. Оқулықтан тілдік көріністі талдап көрсеткен мысалдар топтамасы қай бетке екенін нақтылап ашып көрсетіп, баланы белсенді жұмыс жасауға ықпал жасаймын.)
Достарыңызбен бөлісу: |