Сабақтың тақырыбы: Күз Сабақтың мақсаттары



Дата20.11.2018
өлшемі46 Kb.
#21964
түріСабақ

Құламанова Айгүл Қабылұллақызы

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы

№4 орта мектеп-гимназиясының

қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі



Сабақтың тақырыбы: Күз

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: Берілген тақырыпқа байланысты сөздік қорларын байыту. Сұраулық шылауды және буын түрлерін қайталау. Күз тақырыбында әңгімелей білуге дағдыландыру.

Тәрбиелік: Жыл мезгілінің ерекшеліктері туралы әңгімелер айту. Жыл мезгіліне байланысты киіну мәдениетін қалыптастыру.

Дамытушылық: Оқушыларды коммуникативтік қарым-қатынасқа түсуге жетелеу және байланыстыра сөйлеу дағдысын дамыту.

Сабақтың әдістері: әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын ойнату.

Сабақтың көрнекілігі: Тақырыпқа байланысты суреттер, слайдтар, бағалау жетондары.
Сабақтың барысы.

1. Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу.

Сабақтың мақсатымен таныстыру.

Мұғалім сөзі: - Сәлеметсіздер ме, балалар?! (тақта алдына бірнеше күзге байланысты суреттер ілінеді)

- Балалар, тақтаға бір сәт назар аударайық. Суреттерден қай мезгілдің көрінісін көріп тұрсыңдар?

- Күз.


- Дұрыс. Біз күз тақырыбына байланысты сабағымызды жалғастырамыз. Бүгінгі сабағымыздың мақсаты күзге байланысты жаңа сөздер үйрену, сұраулық шылауды және буын түрлерін қайталау.
2. Үй тапсырмасын тексеру.

«Қоңыр күз» өлеңін жатқа айтады. Сөздік жұмысы сұралады.



3. Жаңа сабақ.

Миға шабуыл. (1-слайд)

Жаңа тақырыпты бастамас бұрын балаларға жұмбақ жасырылады.



Жауып жаңбыр,

Жер сабыр,

Шөп,жапырақ солады.

Бұл қай кезде болады? (күзде)

  • Сонымен бүгінгі тақырыбымыз «Күзде. Саябақта» деп аталады.

1-тапсырма. «Алма жинау». Тақтада алма ағашы тұрады. Ағаштағы алмаларды жинау үшін оқушылар мұғалімнің сұрақтарына жауап берулері тиіс. Бір алма 1 ұпайға тең.

Бір жылда неше мезгіл бар?

Қазір қай мезгіл?

Күз айларын кім айтады?

Қыркүйек айында балалар қайда барады?

Күзде ауа райы қандай болады?

Құстар не істейді?

Нелер піседі?

Жапырақтар қандай болады?

Кімге күз мезгілі ұнайды?

Сөздік жұмысы:

- мұғалім жаңа сөздердің мағынасын түсіндіреді;

- оқушылар кезекпен жаңа сөздерді оқиды;

- жаңа сөздерді сөздік дәптерлеріне жазады;

- жаңа сөздерден сөз тіркестерін және сөйлемдер құрап айтады;

- дұрыс айтуға дағдыландыру;



(2-слайд)

ұнай ма? – нравится ли?

ауа райы – погода

саябақ - парк жұмыс – работа

сарғайған – пожелтевшие жұмыс істейді – работает (-ют)

жиі – часто жұмыс істемейді – не работает (-ют)

2-тапсырма. «Күзгі жапырақтар». (3-слайд)

Слайдта жапырақтардың суреттері болады. Әр жапырақтардың астында күзге байланысты суреттер жасырылған. Оқушылар бір-бірден шығып, жапырақ таңдайды. Сол жапырақтың астына жасырылған сурет бойынша қысқа әңгіме құрап айтулары тиіс. Мысалы, жемістер мен көкөністердің суреттері. Күзде жемістер мен көкөністер піседі. Күзгі жемістер өте пайдалы. Адамдар күзде көкөністерді жинайды. Мен күздік алманы жақсы көремін.



3-тапсырма. Жаттығу жұмысы. (4-слайд)

Буын түрлерін қайталау мақсатында берілген сөздерді буын түрлеріне талдау.Мысалы: же-міс-тер 1- ашық буын, 2,3 -бітеу буын



4-тапсырма. Мәтінмен жұмыс. (5,6-слайд)

Мұғалім мәтінді мәнерлеп оқиды. Сондай-ақ, 1-2 оқушы мәтінді мәнерлеп оқып шығады. Мәтін мазмұнын түсінгендігін тексеру мақсатында, мәтін бойынша сұрақ-жауап жүргізу.

Саябақта

Жексенбі күні балалар саябаққа барды. Күзде саябақ өте әдемі. Онда биік ағаштар өсіп тұр. Ағаштардың жапырақтары сарғайған. Жерде түрлі жапырақтар жатыр. Олар: сары, қызыл, қоңыр.

Балалар саябақта жақсы демалды.

Жексенбі күні балалар қайда барды?

Күзде саябақ қандай?

Онда не өсіп тұр?

Ағаштардың жапырақтары қандай?

Жерде не жатыр?

Балалар саябақта қалай демалды?

Сергіту сәті. Сергіту сәті ретінде оқушыларға жұмбақтар шешкізу. (7-слайд)

1.Аласа ғана бойы бар,

Тоғыз қабат тоны бар. (пияз)

2.Алма дерсің түсіне қарап,

Жүгері дерсің ішіне қарап

Татсаң тәтті,бал шәрбатты. (анар)

3.Сырты жасыл,қап-қатты,

Іші қызыл, тәп-тәтті. (қарбыз)

5-тапсырма. Жаттығу жұмысы. (8-слайд)

Берілген сөйлемдерді қазақ тіліне аудартып, дәптерге жаздыру.


  • Я осенью пойду в школу.

  • Осенью много фруктов.

  • Осень – красивое время года.

  • Осенью часто идут дожди.

6-тапсырма. Берілген сөйлемдерден сұраулы сөйлем жасап айту.(9-слайд)

Грамматикалық қайталау.



  • Балалар, сұрааулы сөйлемдер қалай жасалады?

  • Сұраулы сөйлемдер сұраулық шылау арқылы жасалады.

  • Сұраулы сөйлемдер сұрау есімдіктері арқылы жасалады.

  • Өте дұрыс, балалар. Сұраулық шылауға мысал айтыңдар.

  • Бұл гүл ме? Бұл мектеп пе? Бұл бала ма?

  • Енді, берілген сөйлемдерді сұраулы сөйлемдерге айналдырайық.

Күзде балалар мектепке барады.

Күзде жемістер, көкөністер піседі.

Күзде жұмыс көп.

(ма? ме? ба? бе? па? пе? Қашан?нелер?не?қайда?)



3. Сабақты бекіту.

7-тапсырма. Суретпен жұмыс. (10-слайд)

- Балалар, бүгінгі тақырыбымыз «Саябақта» деп аталатындықтан, біз сіздермен қазір күзгі саябаққа саяхат жасап, ондағы күзгі көрініспен танысайық. (Тақтада бірнеше күзге байланысты және күзгі саябақтың суреттері ілініп тұрады. Оқушылар сол суреттің бірін таңдап, суретте бейнеленген көрініс туралы 3-4 сөйлем құрап айтуы тиіс. Тақтаға 3-4 оқушы шығады. Кезектесіп суретті әңгімелейді.)



4. Бағалау.

Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау.



5. Үй тапсырмасы.

Сөздік жұмысы және «Алтын күз» тақырыбында әңгіме жазу(6-7 сөйлем).

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау