Сабақтың тақырыбы: Компьютерлік техниканың даму үрдістері



жүктеу 62,62 Kb.
Дата31.01.2018
өлшемі62,62 Kb.
#8229
түріСабақ

Күні: 20.10.2016; 21.10.2016; 24.10.2016;

Пәні

Информатика



Мұғалім аты-жөні

А.Б.Медеуова



6 «а,ә,б» - класстар

Сабақтың тақырыбы: Компьютерлік техниканың даму үрдістері

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға компьютерлік техниканың даму үрдістерін түсіндіру.

Білімділік мәні:

Компьютердің конфигурациясы және сәулетін түсіндіру. Компьютердің заманауи даму бығаттарын және принциптерін үйрету.

Тәрбиелік мәні:

Өз бетімен жұмыс жасауда ұқыптылық, еңбекқорлық, жинақылық, шапшаңдық қасиеттерін тәрбиелеу.

Дамытушылық мәні:

ЭЕМ-нің элементтік базасының ауысуын ажырта алуы қажет.



Нәтиже:

  • Компьютердің даму бағыттарын түсінеді.

  • Компьютердің жұмыс істеу принциптерін үйренеді.

  • Компьютердің сәулеті және компоненттерін біледі.

Түйінді идеялар:

Компьютердің заманауи даму бағыттары

Компьютердің жұмыс істеу принциптері

Компьютердің сәулеті және компоненттері


Сабақтың түрі:

Жаңа сабақ

Әдіс-тәсілдері:

АКТ, ЖИГСО-1, диалогтық оқыту

Ұйымдастыру кезеңі (2 мин.)

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

  1. Сәлемдесу.

  2. Ұйымдастыру.

  3. Топқа бөлу.

  4. Сабақ барысымен таныстыру.

  5. Бағалау парағын таныстыру.

  6. Балалардың назарын сабаққа шоғырландыру

  • Сәлемдесу

  • Өздерін ретке келтіру

  • Топқа бөліну

  • Кітап құралдарын, дәптерлерін, қалам қарындаштарын дайындыққа келтіру

Үй тапсырмасын тексеру (7 мин.)

(сұрақ-жауап: түрткі болу, сынақтан өткізу және қайта бағыттау тәсілі)

  • 1642 жылы француз математигі Блез Паскаль 19 жасында жасаған ЭЕМ машинасы қалай аталды?

  • 1694 ж неміс математигі Лейбиниц Паскаль механикалық есептеу машинасын жасаған ЭЕМ машинасы қалай аталды?

  • 1833   жылы   алғашқы   есептеуіш   автоматттың   авторы   Чарлз   Бәббидж жасаған ЭЕМ машинасы қалай аталды?

  • Дүние жүзі бойынша алғашқы 1846 жылы Бэйббидж жасаған ЭЕМ машинасы қалай аталады?

Қызығушылықты ояту (2 мин.)

Электронды оқулықтан Компьютердің заманауи даму бағыттары тақырыбына арналған бейне материал қосылады. Ол материалда: мәтін, сурет, анимация, тарихи деректер және дыбыстық түсіндіру қамтылған.

Оқушылар зейін қойып тыңдайды

Мағынаны тану

Компьютерлік техниканың дамуы оның ішкі құрылымдарының дамуына сәйкес өтуде. Өткен ғасырдағы жетпісінші жылдарды мини - компьютерлердің дамуы деп атасақ, одан кейін дербес компьютерлердің пайда болуы басталды да, жалпылай интернеттендірумен ғасыр аяқталды. Соңғы уақыттарда компьютерлік техниканың дамуының басты үрдісі ЭЕМ - нің экономикаға, саясатқа, ғылымға, білімге, денсаулық саласына, әскери мақсаттарға және күнделікті өмірге кеңінен енгізілуі болып табылады. Компьютер өміріміздің бір бөлшегіне айналды. Оның қолданылу саласы ұлғая түсуде. Тіпті оқушылардың өзі үй тапсырмасын компьютердің көмегімен орындау үйреншікті жағдайға айналды.

Компьютердің дамуының бесінші ең күрделі буыны – виртуалды әлемде көріністің, қимылдың, дауыстың көмегімен адамға сезіну арқылы берілетін компьютерлер. Бүгінде мұндай компьютерлерді қолдану адамзаттың іс - әрекетінде кеңінен пайдаланып келеді, мысалы: жобалау мен дизайнда, пайдалы қазбаларды іздестіруде және өндіруде, әскери технологияларда, құрылыста, маркетинг пен жарнамада және т. б.

Компьютерлердің, байланыс құралдары мен тұрмыстық техникалардың үдемелі дамуы бір - бірін толықтырып, біріңғай кешенге айналуда. Әмбебап компьютерлердің орнын жаңа құрылғылар – смартфондар алмастыруда. Қалта компьютерлері көбеюде. Жаңа ЭЕМ - ді жасауда әсіресе қуатты компьютерлерге, оның ішінде, ықшам дербес компьютерлерге көп көңіл бөлінуде.

Қазіргі уақытта нейрокомпьютерлер базасына бөлінген ЭЕМ - нің алтыншы буынын жасауда ізденіс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Шамамен 2020 - 2025 жылдары молекуларлық компьютерлік, кванттық компьютерлер, био компьютерлер және оптикалық компьютерлер шығарылуы әбден мүмкін.


ББҮ (2 мин.)

ББҮ-ны толтыру

ББ бойынша флипчартта жазу

Білемін?

Білгім келеді?

Үйрендім?

Сабақтың негізгі бөлімі (20 мин.)

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Сыныпты Пирамида, Бәйтерек және Хан шатыр суреттер қиындысы арқылы 3 топқа бөлу, топ басшыларын сайлау.

Топтағы әрбір оқушының қолына «бағалау парағын» беру. Сабақтың өтілу шартын түсіндіру. 6-сынып оқулығында «Компьютердің заманауи даму бағыттары» тақырыбын оқыту.

Әрбір топқа есептеуіш техникасының суреттері беріледі.


Оқушылар белсене қатысады.

Оқушылар үш топқа бөлініп сабақ құрылымымен таныстырылады. Топтағы әрбір оқушының қолдарына «бағалау парағы» беріледі.

Оқушылар бірін-бірі бақылап топта жұмыс жасайды.

Топтағы әрбір оқушы есептеуіш техникасы машинасын бөліп алып оқиды.

Оқушылар өздері оқыған Компьютердің заманауи даму бағыттары туралы топқа түсіндіреді.


Ой толғаныс (4 мин.)

ФлипчарттаКомпьютердің заманауи даму бағыттары орны ауыстырылып беріледі.

Оқушылар Компьютердің заманауи даму бағыттары сәйкестендіреді.

Қорыту. Күтілетін нәтиже (3 мин.)

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

1.Компьютерлік үрдістің дамуы қай салада қолданылуда?
2. Компьютердің дамуының бесінші буыны қандай?
3.ЭЕМ негізгі буыны нешеге бөлінеді?

4. Қазіргі шығып жатқан компьютердің жаңа түрлерін атаңыздар


5. Болашақтағы компьютерлер қандай болмақ?

Сұрақтарға жауап береді.

Бағалау (2 мин.)

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бақылайды, бағалайды.

Оқушылардың формативті бағалауымен өз бағасынан ортақ баға қояды.



Оқушылар өзін-өзі бағалау парағын толтырады. Оқушылар өз топтарындағы көшбасшыларды анықтайды.

Үйге тапсырма (1 мин.)

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Үйге 46-48 беттердегі «Компьютерлік техниканың даму үрдістері» тақырыбын оқып келу.

Тапсырманы күнделіктеріне белгілеп алады.

Рефлексия (2 мин.)

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазу үшін стикерлер тарату. Екі жұлдыз - бір тілек әдісін ұсыну.

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын стикерлерге жазу. Екі жұлдыз - бір тілек әдісімен толтырады.

жүктеу 62,62 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау