Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру. Сілтеме



жүктеу 105,42 Kb.
Дата11.12.2017
өлшемі105,42 Kb.
#3949
түріСабақ

№1 Күні:




9 1сабақ

Сабақтың тақырыбы:

Кіріспе. Техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру.

Сілтеме

9-сынып оқулығы. электрондық оқулық, презентация

Жалпы мақсаттар

Оқушыларды қауіпсіздік ережесімен, компьютер сыныбында өзін-өзі алып
жүру ережелерімен, көз жаттығуларымен, төтенше жағдайдағы іс-әрекет
ережелері туралы түсінік қалыптастыру.

Оқыту нәтижесі

Қауіпсіздік техника ережесін сақтай алады және көз жаттығуын, төтенше жағдайдағы іс –әрекетті қолдана алады.

Сабақтың әдісі

Баяндау, сұрақ-жауап, диалог, тест жұмысы , топпен жұмыс, АКТ, қолдану, электронды оқулықпен жұмыс, «Блум таксономиясы», Сын тұрғысынан ойлау («Ой тастау», », «Қызығушылығын ояту», «Суретпен жұмыс», «Топтастыру» , «Ортадағы қаламсап», «ББҮ» )

Жалпы

Білу

Кіріспе.


Түсіну

Мағынаны тану



Қолдану

Оқулықпен жұмыс



Талдау

Тест жұмысы



Жинақтау

ББҮ


Бағалау

Топ басшысы бағалайды



Сабақ барысы

Уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті

3 минут
Психология

лық дайындық


10 минут

2 минут


14 минут

5 минут

3 минут

4 минут
1 минут


1 минут
2 минут



Сыныппен сәлемдесу.

Сыныпты ұйымдастыру (оқушыларды тексеру, аудиторияны қалыпқа келтіру)



Сергіту сәті «Есімдерінің мағынасын айту» (бір-біріне тізбектей отырып айтады)

Оқушыларды түстер арқылы топқа бөлу.

Оқушыларды бүгінгі сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру.

«Білу»

І. Кіріспе.

Овал 1

ІІІ. Жаңа сабақ.

«Түсіну»

Мағынаны тану ( суреттер арқылы оқушыларға «Ой тастау»)



«Қолдану»

Оқулықпен жұмыс жасаймыз

1 топқа тапсырма. Жалпы қауіпсіздікке қойылатын жалпы талаптар қандай ?

(суретпен, сызбамен қорғау)

2 топқа тапсырма. Апат жағдайындағы қауіпсіздік талаптар .

( топтастыру, оқушылар акт тақтаға жазады )

3 топқа тапсырма. Алғашқы медициналық көмек көрсету.

(Флипчартқа өз ойларын жазып пікірлесу)



Сергіту сәті. «Қызылөрік»

«Талдау»

Бекіту.

«Ортадағы қаламсап»


Қауіпсіздік техника ережелерін бір сөйлемнен кезектесіп айтып шығады.

«Жинақтау»

ББҮ

Қауіпсіздік техника ережелеінің қоғамдағы рөлі қандай екенін білдіңдер? Бүгін нені ойға түйдіңдер?

Ең маңыздысы қайсы екен?


Білемін

Білгім келеді

Үйрендім










Қорытынды.

Өзім: білгім келеді дегенге электронды жүйеге көшу туралы мағлұмат беру.

Бағалау.

Топ басшысы бағалайды. Дайын бағалау парақшасы сабақ басында таратылады.



Үйге тапсырма. 1.Тақырып бойынша тест жасау.

Рефлексия.

Алған әсерлерін стикерге жазу. (Стикермен бағалау)



Қосымша тапсырмалар:

Қауіпсіздік ережесілерін суретпен бейнелеу. (флипчартта).











Күні:




9 2 сабақ

Сабақтың тақырыбы:

Алгоритм ұғымы, алгоритм қасиеттері.

Алгоритмді ұсыну тәсілдері

Сілтеме

электрондық оқулық, презентация

Жалпы мақсаттар

Оқушыларды алгоритм типтерімен таныстыру және блок - схема ұғымдары туралы білімдерін қалыптастыру, алгоритм ұғымын тануда білімдерін, ой - өрістерін дамыту, оқушыларды тәрбиелей отырып білім беру.

Оқыту нәтижесі

Оқушылар алгоритм типтерін біледі және блок - схема құра отырып, есептер шығарады. Алгоритмді жазу формасын, алгоритмді блок-схема түрінде жаза алады.

Сабақтың әдісі

Баяндау, сұрақ-жауап, диалог, топпен жұмыс, АКТ, қолдану, электронды оқулықпен жұмыс, «Блум таксономиясы», Сын тұрғысынан ойлау («Ой тастау», «Мағынаны тану», «Топтастыру»

Жалпы

Білу

Үй тапсырмасы.



Түсіну

Мағынаны тану



Қолдану

Оқулықпен жұмыс



Талдау

Практикалық жұмыс



Жинақтау

Корытынды



Бағалау

Топ басшысы бағалайды



Сабақ барысы

Уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті

3 минут

Психологиялық дайындық

2 минут

7 минут


12 минут

2 минут


5 минут

5 минут


3 минут

5 минут


1 минут

Сыныппен сәлемдесу. Сыныпты ұйымдастыру (оқушыларды тексеру, аудиторияны қалыпқа келтіру)

Оқушыларды сызықтық, тармақталған, циклдік деп кеспе қағаздарға жазып таңдау арқылы топқа бөлу.

Оқушыларды бүгінгі сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру.

«Білу»

1.Сабаққа келу реттілін сұрау.

2. Бір күн тәртібі

«Түсіну»

Мағынаны тану ( электрондық оқулық)



Алгоритмнің типтерімен таныса отырып: сызықтық, тармақталған және циклдік алгоритмдердің блок - схемалары әртүрлі болатындығын есептер шығару арқылы түсіндіру

Алгоритмді жазу тәсілдері:
1. Табиғи тілде
2. Арнайы түйінді сөздер – терминдер, псевдокодтар арқылы жазу. Қарапайым алгоритмдік тілдер қолдану.
3. Блок - схема түрінде.
4. Программалау тілінде жазу.
Алгоритмді блок - схема түрінде жазу және оны программалау тіліне аудару кеңінен қолданылады. Кеңінен қолданылатын тәсіл - алгоритмді блок - схема түрінде жазу.

Алгоритм схемасын блок - схема деп атайды.

- Алгоритмнің басы және соңы
- Алгоритмнің мәндерін енгізу және нәтижесін шығару
- Алгоритмнің математикалық өрнектерін есептеу.
- Алгоритмнің шартқа сәйкес есептеу жолын таңдау
- Циклдің басы (қайталау)

«Қолдану»

Мыс: у=a+b есебін шығару
1) Алгоритмдік тілінде 2) Блок - схема түрінде
Алг мыс1
Арг a, b
Басы
У= a+b
Нәт у
Соңы.

№1 тапсырма Берілген суреттер бойынша аққала жасау алгоритмін оқушылармен бірге талдап, қарапайым алгоритм құру керек. Сұрақ-жауаптар арқылы алгоритм ұғымына, оның қасиеттеріне оқушыларды өз бетімен жетелеу керек.



  1. Аққала жасау үшін ең бірінші қандай әрекет орындау керек?

  2. Одан кейін қандай әрекеттер жасаған болар едіңіз, тізбектей ретімен ата?

  3. Осы атаған әрекеттеріңізден кейін сізде аққала жасалады ма?

  4. Егер сіз атаған әрекеттің біреуін тастап кетсек не болар еді?

  5. Егер сіз атаған әрекеттердің орнын ауыстырсақ не болар еді?

  6. Аққала жасау әрекеті әлемнің барлық балалары үшін ортақ па?




1-мысал. Үй тапсырмасын орындау алгоритмін жазайық.

алг Үй тапсырмасын орындау

басы

күнделікті алу

тиісті бетін ашу, үй тапсырмасын анықтау

үй тапсырмасын орындау

күнделікті орнына қою

соңы

2-мысал. Сыйымдылығы 3 және 8 литр екі құмыра бар. Орындау барысында өзеннен 7л су алуға мүмкіндік беретін алгоритм жазыңыз.

алг Өзеннен 7 л су алу

басы

3л құмыраны үш рет толтырып, 8л құмыраға құю, сонда

3л құмырада 1л су сыймай қалады

8л құмырадағы суды төгіп тастау

құмырадағы 1 л суды 8 л құмыраға құю

3л құмыраны екі рет толтырып, 8л құмыраға құю



соңы

Сергіту сәті. ПЕРНЕТАҚТА сөзiнің әріптерінен жаңа сөздер құрастыр. Арна, ақпан, ата, қант, парта, ет және т.б.
ІV. «Талдау» Практикалық жұмыс

Блок – сызбаны дәптерге орында. Математикалық есептер.

Берілгені: 53+12=65

65*2=130


V. «Жинақтау»

Қорытынды.

Білімдерін тексеру:
1. Алгоритм дегеніміз не?
2. Алгоритм сөзі қайдан шыққан?
3. Алгоритм қасиеттері қанша?
4. Алгоритм қасиеттеріне түсініктеме бер?
5. Алгоритмге мысал келтір?
6. Алгоритмді жазудың неше тәсілі бар?
7. Блок - схема дегеніміз не?
Рефлексия.

Бүгінгі сабақ туралы өз ойларыңызбен бөлісулеріңізді сұраймын. (Бір ауыз сөзбен)


Ол үшін төмендегі сөйлемдерді пайдаланыңыздар:
- Менің білгенім…
- Менің сезгенім…
- Менің көргенім…
- Мен басында қорықтым, сосын…
- Менің байқағаным …
- Мені ойландырған…
Бағалау: өзін-өзі бағалау.

Үйге тапсырма. у=( a+b)( a - b). 2 әдіске салып шығару,



жүктеу 105,42 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау