Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Ет кабинетінде жұмыс істеу және қауіпсіздік техникасы ережелері. Сабақтың мақсаты



жүктеу 4,01 Mb.
бет3/13
Дата20.05.2018
өлшемі4,01 Mb.
#15092
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Сабақтың бекіту сұрақтары:

  1. Цикл деген не?

  2. Циклдің түрлері қандай?

  3. Цикл блогы қалай сызылады?

  4. Цикл блогында неше байланыс сызығы бар?

  5. Циклда егер шарт болатын болса, онда ол қалай орналасу керек?


Үйге тапсырма:

 

Тақырыпты қайталау.



Пән аты: Информатика

Сынып: 6

Күні__________________
Сабақтың тақырыбы: Модель, нақты объектің қасиеттерін бейне ретінде көрсетеді.

Білімділік: Оқушыларды модельдеумен таныстыру.

Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелікке,ұптылыққа,тиянақтылыққа үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін,логикалық-абстракциясын дамыту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар:

компьютер, оқулық, инт.тақта, жұмыс дәптері



Сабақтың өту барысы:1.Оқушыларды ұйымдастыру

2.Үй тапсырмасын тексеру.

                                          3.Жаңа тақырыпты түсіндіру

                                          4.Тапсырмаларды орындау

                                          5.Сабақты бекіту

                                          6.Үйге тапсырма



Үй тапсырмасын тексеру.

Оқушыларға сұрақтар қою арқылы үй жұмысын тексеру.



Жаңа түсініктер:

Модель дегеніміз  - нақты объектіні, процессті немесе құбылысты ықшам әрі шағын түрде бейнелеп көрсету.

Модельдеу – объектілерді, процесстерді немесе құбылыстарды зерттеу мақсатында олардың моделін (макетін) құру.

Біздің өміріміздегі модельдер:



Модель – көрнекі түрде жазбаша жоспар, сызба ретінде жасалуы мүмкін. Мұндай модель барлық уақытта біздің ойымызда бейнеленетін прототип пайда болғанға дейін жасалады. Бір объект үшін әр түрлі модель жасалуы мүмкін. Модельдің жасалуы зерттеу мақсатына және прототип жөнінде жинақталған мәліметтердің көлеміне тәуелді болады.

Модельдерді қасиеттеріне қарай мынадай топтарға жіктейді:

1.     Қолдану аймағы.

2.     Модельде уақыт факторын ескеру.

3.     Білім саласына қарай топтау.

4.     Модельді көрсету тәсіліне қарай топтау.

Қолдану аймағына қарай модель не үшін және қандай мақсатқа қолданылады деген сұраққа жауап беру мақсатында оқу, тәжірбиелік, ғылыми-техникалық, ойын, имитациялық тәрізді топтарға жіктеледі.

Кез келген жұмысты қолға алмас бұрын, берілгені мен соңғы нәтиже және орындалатын іс-әрекет кезеңдерін айқындап алу қажет. Модельдеу кезінде бастапқы зерттелетін объект – прототип болады. Модельдеудің соңғы кезеңі шешім қабылдау болып табылады. Модельдеу арқылы зерттелген модельдің жаңа объектісін құруға, бар объектіні жақсартуға немесе қосымша ақпарат алуға болады. Модельдеудің негізгі кезеңдері есептің қойылу шарты мен мақсатына қарай анықталады.



1-кезең. Есептің қойылымы. Бұл кезеңде берілген бастапқы мәліметтермен қатар мақсатын анықтау және объектіні немесе процесті талдау анық көрсетілуі қажет.

2-кезең. Модель құру. Ақпараттық модель. Бұл кезеңде элементар объектілердің қасиеттері, күйі және басқа да ерекшеліктері кез келген пішінде, яғни ауызша түрде, схема немесе кесте арқылы да анықталады. Бастапқы объектіні құрайтын элементар объектілер жөнінде толық мағлұмат, яғни ақпараттық модель жасалады. Бұл кезең модель құрудың бастапқы бөлімі болып саналады.

3-кезең. Компьютерлік эксперимент. Жаңа конструкторлық жұмыс, техникалық шешімдерді өндірісте пайдалану және жаңа идеяларды тексеру үшін эксперимент жасау қажет. Компьютерлік тәжірбие жүргізу екі кезеңнен тұрады: модельдеу жоспарын құру және модельдеу технологиясы. Модельдеу жоспары модельмен жасалатын жұмыстың ретін анық көрсетуі қажет. Модельдеу технологиясы дегеніміз – пайдаланушы адамның компьютерлік модельмен орындайтын мақсатты іс-әрекеттерінің жинағы.

4-кезең. Модельдеу нәтижесін талдау.  Модельдеудің соңғы мақсаты – шешім қабылдау болып табылады. Модельдеу нәтижесін талдау шешуші кезең болып табылады. Себебі, бұдан кейін модельдеуді жалғастыру немесе тоқтату керек. Егер қате жіберілсе,  модельдеуді қайта қарап, алдыңғы кезеңге қайта оралу қажет. Бұл процесс модельдеу мақсатына сай болғанға дейін қайталана береді. Жіберілген қатені табудың өзі нәтиже болып табылады.
Сабақтың бекіту сұрақтары:

  1. Модель дегеніміз не?

  2. Моделдің қасиеттері?

  3. Модельдеу кезеңдерін ата.


Үйге тапсырма:

 

Тақырыпты қайталау.



Пән аты: Информатика

Сынып: 6

Күні__________________
Сабақтың тақырыбы: Модельдер түрлері.

Білімділік: Оқушыларды модельдердің түрлерімен таныстыру.

Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелікке,ұптылыққа,тиянақтылыққа үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін,логикалық-абстракциясын дамыту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар:

компьютер, оқулық, инт.тақта, жұмыс дәптері



Сабақтың өту барысы:1.Оқушыларды ұйымдастыру

2.Үй тапсырмасын тексеру.

                                          3.Жаңа тақырыпты түсіндіру

                                          4.Тапсырмаларды орындау

                                          5.Сабақты бекіту

                                          6.Үйге тапсырма



Үй тапсырмасын тексеру.

Оқушыларға сұрақтар қою арқылы үй жұмысын тексеру.



Жаңа түсініктер:

Қолдану аймағына қарай модель не үшін және қандай мақсатқа қолданылады деген сұраққа жауап беру мақсатында оқу, тәжірбиелік, ғылыми-техникалық, ойын, имитациялық тәрізді топтарға жіктеледі.



Оқу моделі – көрнекі оқу құралдары, әр түрлі машықтандырушы, үйретуші программалар түрінде болуы мүмкін.

Тәжірбиелік модель – жобалау объектісінің кішірейтілген немесе өте майда объектілер үшін олардың үлкейтілген көшірмесі болып табылады.

Ғылыми-техникалық модельдер – процесстер мен құбылыстарды зерттеу мақсатында құрылады. Оған мысал ретінде электрондардың жылдамдығын үдеткіш – синхротрон, найзағайдың разрядын бақылаушы құрал және теледидар тексеруге арналған стендтерді айтуға болады.

Ойын модельдеріне - әскери, экономикалық, спорттық ойындар жатады. Бұл модельдер әр түрлі жағдайда объектіні бақылауға  жаттықтырады. Ойын модельдері адамдарға әр түрлі жағдайда психологиялық көмек көрсетеді.

Имитациялық модель – шын мәніндегі нақты объектіні өте жоғары дәлдікпен бейнелей алады. Тәжірбие нақты объектіні зерттеу, бағалау мақсатында бірнеше рет қайталанады немесе бір мезгілде әр түрлі жағдайда бірнеше ұқсас объектілермен қатар жүргізіледі. Дұрыс шешім таңдаудың мұндай тәсілі байқау және қатенің әдісі деп аталады.

Модельді уақыт факторына байланысты динамикалық және статистикалық деп екі топқа жіктеуге болады.



Статистикалық модель деп объект жөнінде алынған ақпараттың белгілі бір уақыт бөлігіндегі үзіндісін айтуға болады.

Динамикалық модель – уақыт барысындағы объектінің қасиеттерінің өзгерісін көрсету мүмкіндігін береді.

Модельдерді көрсетілу әдісіне қарай материалдық және ақпараттық болып екі топқа жіктеледі.



Материалдық модельді басқа сөзбен заттық немесе физикалық деп айтуға болады. Олар түпнұсқаның геометриялық және физикалық қасиеттерін көрсетеді. Материалдық модельдердің қарапайым мысалдарына балалар ойыншықтарын алуға болады.

Ақпараттық модельді қолмен ұстап, көзбен көре алмаймыз. Себебі, олар тек ақпараттарға ғана құрылады. Мұндай модельдер қоршаған ортаны ақпараттық жағынан зерттеуге мүмкіндік береді.  Ақпараттық модель дегеніміз – объектінің, процесстің, құбылыстың қасиеттері мен күйін сипаттайтын ақпарат жиынтығын және сыртқы әлеммен өзара байланыс болып табылады.

Ақпараттық модельге вербальдік модель жатады. Вербальдік модель дегеніміз – ойша немесе әңгіме түрінде жасалған ақпараттық модель.



Таңбалық модель деп арнайы таңбалармен, яғни кез келген жасанды тіл құралдарымен көрсетілген ақпараттық модельді айтады.

Геометриялық модель – графикалық пішіндер мен көлемді конструкциялар.

Ауызша модель – иллюстрацияны пайдаланып, ауызша және жазбаша сипаттаулар.

Математикалық модель – объект немесе процесстің әр түрлі параметрлерінің байланысын көрсететін математикалық формулалар.

Құрылымдық модельдер – схема, графиктер мен кестелер т.б.

Логикалық модель – ой қорытындысы мен шарттарды талдау негізге алынған іс-әрекеттерді таңдаудың әр түрлі нұсқалары көрсетілген модельдер.

Арнайы модельдер – ноталар, химиялық формулалар.

Кез келген жұмысты қолға алмас бұрын, берілгені мен соңғы нәтиже және орындалатын іс-әрекет кезеңдерін айқындап алу қажет. Модельдеу кезінде бастапқы зерттелетін объект – прототип болады. Модельдеудің соңғы кезеңі шешім қабылдау болып табылады. Модельдеу арқылы зерттелген модельдің жаңа объектісін құруға, бар объектіні жақсартуға немесе қосымша ақпарат алуға болады. Модельдеудің негізгі кезеңдері есептің қойылу шарты мен мақсатына қарай анықталады.



Сабақтың бекіту сұрақтары:

  1. Модель түрлері қалай бөлінеді?

  2. Моделдің қандай түрлерін білесің?

  3. Арнайы модельдер деген не?


Үйге тапсырма:

 

Модельдердің түрлері туралы оқу.



Пән аты: Информатика

Сынып: 6

Күні__________________

Тақырып. Бақылау жұмысы.

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

1. Білімділік: Оқушыларды ақпарат жəне ақпараттық үдерістер, алгоритмдеу жəне модельдеу туралы алған білімдерін тексеру.

2. Дамытушылық: Оқушылар логикалық ойлау қабілетін дамыту.

3. Тәрбиелік: Оқушыларды тәрбиелікке,ұптылыққа,тиянақтылыққа үйрету.

Құрал – жабдықтар, көрнекті құралдар:

Сабақ түрі: Бақылау.

Сабақ барысы. 1. Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу.



Сабаққа дайындықтарын тексеру

Бақылау.

І-нұсқа.

  1. Ақпарат дегеніміз не?Ақпарат қасиеттері.

  2. Алгоритмді жазу пішімі, блок-схемалар.

  3. Тармақталу алгоритмі дегеніміз не?

ІІ-нұсқа.

  1. Ақпарат дегеніміз не? Ақпарат саны, ақпарат өлшем бірлігі.

  2. Алгоритмді жазу пішімі, блок-схемалар.

  3. Сызықты алгоритм дегеніміз не?

Бекіту:

Сабақты қорытындылау: Оқушылардың орындаған тапсырмаларын тексеріп бағалау.

Үй тапсырмасын беру: Қайталау.

Пән аты: Информатика

Сынып: 6

Күні__________________
Сабақтың тақырыбы: Мəтіндік процессоры жайлы жалпы мағлұмат, программа интерфейсі, құжаттарды құру жəне сақтау. Мəтінді пішімдеудің негізгі əдіс-тəсілдері. Қаріп, абзацтар, шегіністер мен аралықтар.

Білімділік: Оқушыларды мәтіндік процессормен таныстыру.

Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелікке,ұптылыққа,тиянақтылыққа үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін,логикалық-абстракциясын дамыту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар:

компьютер, оқулық, инт.тақта, жұмыс дәптері



Сабақтың өту барысы:1.Оқушыларды ұйымдастыру

2.Үй тапсырмасын тексеру.

                                          3.Жаңа тақырыпты түсіндіру

                                          4.Тапсырмаларды орындау

                                          5.Сабақты бекіту

                                          6.Үйге тапсырма



Үй тапсырмасын тексеру.

Оқушыларға сұрақтар қою арқылы үй жұмысын тексеру.



Жаңа түсініктер:

MS WORD - мәтіндік құжаттарды дайындауға, түзетуге және қағазға басып шығаруға арналған Windows жүйесінің қосымша программасы.Ол-мәтіндік және графикалық информацияларды өңдеу барсында жүзден аса операциялды орындай алатын ең кең тараған мәтін редакторының бірі. 
Қазіргі компьютерлік технологияларда орындауға болатын кес келген операция бұл ортада жүзеге асырыла береді. Мысалы, басқа ортада дайындалған мәтіндік фрагменттер, кестелер, суреттер сияқты неше түрлі объектілерді байланыстыра отырып осы ортаға енгізуге болады. Жалпы, Word редакторында типография жұмысына керекті баспа материялдарын теруден бастап, олардың оригинал – макетін толық жасауға дейінгі барлық жұмыс орындалады. Мұндай құжаттар мен кестелерді көрікті етіп , безендіруге қажет көптеген дайын шаблондар , стильдер , жазылып бірден орындалатын ішкі макропрограмалар тілі , қарапайым графиктік бейнелерді салатын аспаптар және т. с. с. жетіп артылады. 
«Құжат ашу» сұхбат терезесiнiң мүмкіндіктері. 
«Құжат ашу» терезесінің тек бір функциясы ғана - файлдың аты мен орны белгілі болғанда оны ашу жолын қарастырады. Бірақ бұл сұхбаттасу терезісінің әрбір адамға берер біраз мүмкіндігі баршалық . 
Сонымен, «Құжат ашу» терезесінің (немесе оның Аспаптар тақтасы) қосымша мүмкіндіктері : 
- файл іздеуді жүзеге асыр ; 
- мәтіндік құжат ашу ; 
- файлды басқа орынға орналастыру; 
- файлды қиып алу ( алмасу буфері арқылы ) ; 
- файлдың көшірмесін алу; 
- жарлықты дйындау ; 
- файылды жою; 
- файл атын өзгерту ; 
- файл қасиеттерін қарап шығу; 
- файлды ашпай-ақ, оны жылдам қарап шығу; 
- файылдағы мәліметті тек оқу үшін ашу; 
- файлды қағазға басып шығару; 
- бумадағы файлдарды реттеу. 

Бос құжатты даярлау. 
Бірінші құжатты даярлау үшін «Кәдімгі» нұсқасын пайдаланайық. Бұл нұсқа кейін информация енгізетін, ал әзірге бос құжат терезесін ашарда қажет. Өйткені әзірше бұл құжатқа оның мәтінін форматтау немесе безендіру жөнінде арнайы талап қойылған жоқ. 
«Кәдімгі» нұсқасымен бос құжатты даярлау үшін: 
1. Файл → Даярлау (Файл → Создать) командаларын таңдап алу қажет. Мұның нәтижесінде «Құжат дайындау» сұхбат терезесі пайда болады. 
2. Сол терезеден «Кәдімгі» нұсқасын таңдап алып, ОК батырмасын басу керек. 
3. Осы әрекетті басқа жолмен де – Ctrl + N пернелерін немесе стандартты аспаптар тақтасында «Жасау» (Создать) батырмасын басу арқылы да іске асыруға болады. Осылардың нәтижесінде де «Кәдімгі» нұсқасына сәйкес жаңа құжат ашылады, бірақ мұнда экранға сұхбат терезесі шығарылмайды. 

Word редакторының негiзгi терезесi ондағы орналасқан Құжат 1 терезесiмен бiрге 1-суретте көрсетiлген. Word редакторына тән қосымша элементтердi қарастырып өтейiк:



Группа 94

1-сурет.WORD мәтіндік редакторының терезесі.
1 – тақырып қатары – жүйелік мәзір, құжат аты және терезені басқару батырмаларынан тұрады;

2 – мәзірлер қатары – Файл, Правка, Вид, Вставка, Формат, Сервис, Таблица, Окно және Справка мәзірлері орналасқан;

3 – Форматтау саймандар тақтасы;

4 – Стандартты саймандар тақтасы;

5 – көлденең сызғыш – құжаттың өрісі мен азат жолды реттейді;

6 – жұмыс аймағы – құжаттың негізгі мәтіні бейнеленеді;

7 – көлденең және тік жылжу белдеулері;

8 – құжат пішінінің режім түймелері;

9 – Сурет салу саймандар тақтасы;

10 – қалып-күй қатары.

MS Word мәтіндік редакторының Форматтау және Стандартты саймандар тақтасындағы батырмаларды әр қолданушы өз қалауынша өзгерте алады.



Сабақтың бекіту сұрақтары:

  1. Редакторда жаңа документ құру үшін қандай команда таңдау керек?

  2. Документті қалай ашады?


Үйге тапсырма:

 

Қайталау.



Пән аты: Информатика

Сынып: 6

Күні__________________
Сабақтың тақырыбы: Практикалық жұмыс.

Білімділік: Оқушыларды мәтіндік процессорында текст пен жұмыс бетін форматтау.

Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелікке,ұптылыққа,тиянақтылыққа үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін,логикалық-абстракциясын дамыту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар:

компьютер, оқулық, инт.тақта, жұмыс дәптері



Сабақтың өту барысы:1.Оқушыларды ұйымдастыру

2.Үй тапсырмасын тексеру.

                                          3.Жаңа тақырыпты түсіндіру

                                          4.Тапсырмаларды орындау

                                          5.Сабақты бекіту

                                          6.Үйге тапсырма



Үй тапсырмасын тексеру.

Оқушыларға сұрақтар қою арқылы үй жұмысын тексеру.



Тапсырмалар:

Тапсырма №1:

Адамның бойындағысының бәрі: жүзі де, киген киімі де, жаны да, ақыл ойы да әсем болуы керек. Адам тумысынан бір-бірінен сонша ерекше болып тумайды. Оны ақыл-ой, сана-сезім, істеген ісімен ерекше етеді. Адамда үш жақсы қасиет бар: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.

Сүйегі жоқ балық болмайтындай, кемшілігі жоқ адам да болмайды. Өз жанына көп үнілген адам өз кемшіліктерін түзете алады, бәрін білемін демейді, көкірек кермейді. Кішкентай адамдарға ұнағың келсе, кішкентай бол! Білімің, лауазымың қанша жоғарласа да кішіпейіл бол, аспанға қарама, адамға қара. Адам адамға жақсылық жасау үшін жаралған.

Тапсырма №2:

Адамның асыл қасиеттері

Ұлттың басты байлығы – халықтың асыл қасиеттері «Әкенің баласы болма, адамның баласы бол». Халық үшін еңбек ет. Өзің үшін ғана өмір сүру – озбырлық. Мал үшін таласпа, ар үшін талас. Жасырғаның жоғалады, бергенің оралады. Адамның ең асыл қасиеті – жақсылықта. Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың. Мінің көріп күлгенше, оны айтып түзе. Егер екі адам шын жауласса, екеуі де ақылсыз.



Тапсырма №3:

Адалдықтың белгісі

«Арамдыққа құл болма, адал болсаң әлсіздерді қинама. Жақсылыққа жамандық жолмен жетпес болар. Жамандық жамандықпен аяқталар» дейді. «Кішкентай адам тауда тұрса да кішкентай, алып орда тұрса да зор. Жақсы адам жатына да жақындай, жаман адам жақынға да жатындай. Қайырымдылықпен алмағанды қатыгездікпен ала алмайсың». «Жамандықты жақсылықтың атын жамылып істеуге жол жоқ болса, жамандық та дүниеде аз болар еді-ау»-дейді, тауып айтылған сөз емес пе? «Тауды биік демеңдер, талаптансаң шығарсың, жауды мықты демеңдер, ерлік қылсаң жығарсың». Тауымыз алға қойған мақсатымыз, ерлік – соған жеткізетін еңбек емес пе? Бұл жастарымызды еңбек етсін, мақсатына жетсін деп шақырып тұрғандай.



Тапсырма №4:

Әділдіктің белгісі:

Әділдік өмірге нандай қажет. Әділдік жоғалған кезде өмірді мәнді, сәнді ететіндей ештеңе қалмайды. Әділдік пен шындыққа қызмет етем деген адам да жалғыздыққа үйрене білуі керек. Адамшершілік қасиетсіз - әділдік жоқ. Дауыс алудың көптігі әділдіктің өлшемі бола алмайды. «Әділдік тілесе атаңның болсын айыбын айт». Адамдарға әділдікті үйрету үшін әлсіздіктің салдарын көрсету қажет. Егер күш пен әділдік біріксе, одан күшті ештеңе болмайды.



Үйге тапсырма:

 Қайталау.



Сабақты қорытындылау: Оқушылардың орындаған тапсырмаларын тексеріп бағалау.
Пән аты: Информатика

Сынып: 6

Күні__________________
Сабақтың тақырыбы: Нөмірленген жəне маркерлеген тізімдер. Бағандар.
Білімділік: Оқушыларды мәтіндік процессорында нөмірленген жəне маркерлеген тізімдер құрып үйрету.

Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелікке,ұптылыққа,тиянақтылыққа үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін,логикалық-абстракциясын дамыту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар:

компьютер, оқулық, инт.тақта, жұмыс дәптері



Сабақтың өту барысы:1.Оқушыларды ұйымдастыру

2.Үй тапсырмасын тексеру.

                                          3.Жаңа тақырыпты түсіндіру

                                          4.Тапсырмаларды орындау

                                          5.Сабақты бекіту

                                          6.Үйге тапсырма



Үй тапсырмасын тексеру.

Оқушыларға сұрақтар қою арқылы үй жұмысын тексеру.



Жаңа түсініктер:

Нөмірленген тізім құру үшін Басты менюінде Нумерациясын басу керек.


Маркерленген тізім құру үшін Басты менюінде Маркеры батырмасын басу керек.


Бағандар құру үшін Разметка страница бөлімінде Колонки батырмасын басу керек.



Сабақтың бекіту сұрақтары:

Практикалық тапсырма

Келесі мәтінді теріңдер:


Тапсырма 1:

  1. Мәтін бөлігін маустың сол жағы арқылы қалай көшіруге және жылжытуға болады?

  2. Мәтін бөлігін маустың оң жағы арқылы қалай көшіруге және жылжытуға болады?

  3. Мәтін бөлігін алмастыру буфері арқылы қалай көшіруге және жылжытуға болады?

  4. Құжат беттерін номерлеу үшін қандай команда орындау керек?

  5. Құжатта баспаға беру үшін қандай команда орындалады?


Тапсырма 2:

Сыныптың тізімін 2 бағанға жазыңдар.


Үйге тапсырма:

 Нөмірленген жəне маркерлеген тізімдер. Бағандар



Пән аты: Информатика

Сынып: 6

Күні__________________
Сабақтың тақырыбы: Беттердің параметрлері, жиек, алдын ала қарау, құжатты баспадан шығару.

Білімділік: Оқушыларды мәтіндік процессорында бет параметрлерін орнатып, баспадан құжатты шығарып үйрету.

Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелікке,ұптылыққа,тиянақтылыққа үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін,логикалық-абстракциясын дамыту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар:

компьютер, оқулық, инт.тақта, жұмыс дәптері



Сабақтың өту барысы:1.Оқушыларды ұйымдастыру

2.Үй тапсырмасын тексеру.

                                          3.Жаңа тақырыпты түсіндіру

                                          4.Тапсырмаларды орындау

                                          5.Сабақты бекіту

                                          6.Үйге тапсырма



Үй тапсырмасын тексеру.

Оқушыларға сұрақтар қою арқылы үй жұмысын тексеру.



Жаңа түсініктер:

Бет параметрлері диалогтық терезесі



 Ағымдағы жарияланымға арнап бет өлшемін өзгерту үшін, Бет параметрлері диалогтық терезесіндегі параметрлерді пайдаланыңыз. Қайта қолданылатын таңдамалы бет өлшемін жасау үшін, Бет үлгісі Таспа қойындысындағы Өлшем түймешігінде табылатын Жаңа бет өлшемін жасау диалогтық терезесін пайдаланыңыз.

 Бет параметрлері диалогтық терезесін ашу үшін:

  1. Бет үлгісі қойындысын таңдаңыз.

  2. Бет параметрлері диалогтық терезесін ашу түймешігін басыңыз.


Бет

Ені  - беттің енін енгізіңіз.

Биіктік  - беттің биіктігін енгізіңіз.

Жақтау арасы бағыттауыштары

Шеттерді бағыттауыштар жарияланымыңыздағы беттердің шеттері арасындағы бос орынның көлемін орнатады.

 ЕСКЕРІМ   Принтерде басылып шығарылатын парақ қағазыңыздың аумағы бойынша шектеулер болады. Көптеген принтерлер жақтау араларын қаншалықты кең етіп қойғаныңызға қарамастан қағаз жиектерін басып шығармайды. Жақтау араларын қойып, бетті жасағаныңызда, басып шығарғыңыз келген мазмұнның арнайы принтер үшін басылып шығатын аумақ ішінде қалатынына көз жеткізу керек.

Жоғарғы  - беттің жоғарғы шеті мен жарияланым арасындағы арақашықтық мәнін енгізіңіз. .

Сол жақ  - беттің сол шеті мен жарияланым арасындағы арақашықтық мәнін енгізіңіз.

 ЕСКЕРІМ    Егер Кітапша орналасу түрі ретінде таңдалса, атау Сыртқыболып өзгереді.

Төменгі  - беттің төменгі шеті мен жарияланым арасындағы арақашықтық мәнін енгізіңіз.

Оң жақ  - беттің оң жақ шеті мен жарияланым арасындағы арақашықтық мәнін енгізіңіз.

 ЕСКЕРІМ    Егер Кітапша орналасу түрі ретінде таңдасаңыз, атау Ішінен болып өзгереді.

Бет өлшемдерінің сыртындағы жарияланымның кез келген бөлігі басылып шықпайды.



Алдын ала қарау

Алдын ала қарау терезесі орналасу түрі мен таңдалатын шеттерді көрсетеді. Парақтың өлшемдері тікбұрыш ішіндегі ақ сызық болып көрінеді. Шеттерді бағыттауыштар парақ өлшемі сызықтары ішіндегі нүктелі көк сызықтармен көрсетіледі.

жүктеу 4,01 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау