Сабақты бекіту сұрақтары:
1. Ақпарат деген сөзге қандай мағына бересіңдер?
2. Адам ақпараттың қандай түрлерін қабылдай алады?
3. Адам ақпаратты қалай және қайда сақтайды?
4. Адам ақпаратты өңдеуіне мысал келтір?
5. Адам ақпаратты қалай сақтайды?
Үйге тапсырма: Ақпаратты қорғау, вирусқа қарсы программалар.
Пән аты: Информатика
Сынып: 6
Күні__________________
Сабақтың тақырыбы: Практикалық жұмыс.
Сабақтың мақсаты: Ақпарат. Ақпараттардың алуан түрлілігі және оларды өңдеудің тәсілдері. Ақпарат саны, ақпарат өлшем бірлігі. Ақпарат қасиеті. Сандық, мәтіндік және графиктік ақпараттарды кодтау. Тақырыптары бойынша алған білімдерін бекіту.
Білімділік: Ақпарат және ақпараттың қасиеттері жайлы білімдерін қалыптастыру.
Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелікке,ұптылыққа,тиянақтылыққа үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін,логикалық-абстракциясын дамыту.
Сабақтың түрі: Практикалық.
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар:
компьютер, оқулық,жұмыс дәптері
Сабақтың өту барысы:1.Оқушыларды ұйымдастыру
2.Үйге берген тапсырманы тексеру
3.Практикалық тапсрмалар тарату
4.Тапсырмаларды тексеру
5.Үйге тапсырма
Өткен материалдарды қайталау сұрақтары:
Компьютерде ақпараттарды ұсыну тәсілдері қандай?
Сандық, мәтіндік және графиктік ақпараттарды кодтау қалай жасалады?
Кодтаудың турлері қандай?
ASCII дегеніміз не?
Кодтан шығару деген не?
Практикалық тапсырмалар:
Тапсырма 1. Сұраққа жауап бер. Мен үшін ақпарат деген бұл –
Ұғым
|
Жауаптар(+; - )
|
Мен бұрын білмеген жаңалықтар
|
|
Компьютердің жадысында сақталғандар
|
|
Қоршаған орта туралы мәлімет
|
|
Не нәрсені естісемде,көрсемде,сезінсемде
|
|
Не нәрсені радиодан, теледидардан хабарласа,хаттарда жазылса
|
|
Не нәрсе жазбаларда,кітаптарда,
фильмдерде,фотосуреттерде сақтағандар
|
|
Менің қоршауымдағы бәрлық өзгерістер
|
|
Менің қоршаған айналамдағы барлық заттар
|
|
Тапсырма 2. Кестені өзің алған ақпаратқа мысалдармен сол ақпарат алған көздерді жаз.
Ақпарат
|
Ақпарат көзі
|
|
Информатика сабағы
|
Тоққа қосылған үтікке қол тигізу қауіпті
|
Апаңның ескертуі
|
Тұратын уақыт болды
|
|
|
Бағдаршам
|
Қосындылардың орнын ауыстырғанмен олардың қосындысы өзгермейді
|
|
Тапсырма 3. Кестені толтыр.
Ақпарат қабылдау арнасы
|
Ақпарат қабылдау түрі
|
Сезім мүшелері
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Сезіну
|
Бейнелік- тері арқылы ақпарат алу
|
|
Тапсырмаларды тексеру.
Үйге тапсырма: Өткен тақырыптарды қайталау.
Пән аты: Информатика
Сынып: 6
Күні__________________
Сабақтың тақырыбы: Есептеу техникасының даму тарихы, электронды-есептеуіш машиналардың кезеңдері.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға есептеу техникасының даму тарихы, электронды-есептеуіш машиналардың кезеңдері туралы түсінік беру.
Білімділік: Оқушылардың есептеу техникасының даму тарихымен таныстыру.
Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелікке,ұптылыққа,тиянақтылыққа үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін,логикалық-абстракциясын дамыту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар:
компьютер, оқулық,жұмыс дәптері
Сабақтың өту барысы:1.Оқушыларды ұйымдастыру
2.Жаңа тақырыпты түсіндіру
3.Тапсырмаларды орындау
4.Сабақты бекіту
5.Үйге тапсырма
Жаңа түсініктер:
Есептеуіш техниканың даму тарихы
Есептеуіш техника дамымай тұрып адамдар қол саусақтарын,тастарды,ағаш таяқшаларды пайдаланды
Есепшоттың пайда болуы деректерге қарағанда Қытай немесе Египетте 2000-5000 жылдар шамасында балған.
Есепшот Ресей де 16-17 ғасырларда пайда болған
17 ғасырдың аяғында шотландиялық Джон Непер логорифм түсінігін енгізді.логорифм кестесін құрды.
1761 ж.Ағылшын Д.Робертсон логорорифм сызғышын жасады. Мұндай идеяны Иссак Ньютон ұсынған.
1642 жылы француз математиці Блез Паскаль 19 жасында дүние жүзінде бірінші рет қосу машинасын жасады.
1694 ж неміс математиці Лейбниц Паскаль механикалық есептеу машинасын арифмометрі құрды.Есептеуіш техниканың XIX ғасырдан қарқындап дами бастады.
1833 жылы алғашқы есептеуіш автоматтың авторы Чарлз Бэббидж аналитикалық машинаның жобасын жасады.Он казіргі кезде компьютердің атасы деп атайды.
Дүние жүзі бойынша алғашқы 1846 жылы Бэйббидж машинасына бағдарлама жасаушы Ада Лавлейс бірінші бағдарламалаушы деп аталынған.
XIX ғасырдың соңында американдық Герман Халлериат есепші перфарциялық машинасын құрды.Холлериат 7 жыл бойы пайдаланылды. Холлериат есепші-перфорациялық машинаны жасайтын фирманың негізін қалады. 1944 американ математигі Говард айкен Горвард Марк-1 автоматты есептеуіш машинасын құрды.Бірінші электронды машиналар 1946 жылы Пенсильван университетінде ENIAC деп аталды, 1949 жылы EDSAC машинасы құрастырылды.
ЭЕМ буындары:
Бірінші буында – бірінші электрондық машиналар 1940-195 жылдар
Екінші буынға 1955 жылдан бастап, жартылай өткізгіштер, таранзисторлар пайа бола бастады.
Үшінші буынға – интегралдық негізінде құрылған ЭЕМ-дер.
Қазіргі кездегі компьютерлер төртінші буынға жатады.
Бесінші буындағы компьютерлер әлі шыққан жоқ.
Сабақты бекіту сұрақтары:
1. бірінші электронды-есептеуіш машина қалай аталған? Ол қай жылы жасалды?
2. Марк-1 машинасы қандай элементтерде жатады?
3. Бұрынғы Кеңестер Одағында бірінші ЭЕМ қай жылдары жасалды? Оны кім жасады?
4. ЭЕМ буындарын атаңдар. Олардың бір-біірнен йырмашылығы неде?
5. Қазіргі дербес компьютерлер қай буынға жатады?
Үйге тапсырма:
Есептеуіш техниканың даму тарихы.
Пән аты: Информатика
Сынып: 6
Күні__________________
Сабақтың тақырыбы: Алгоритм жəне оның атқарушылары.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға алгоритм жəне оның атқарушылары туралы түсінік беру.
Білімділік: Оқушылардың есептеу техникасының даму тарихымен таныстыру.
Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелікке,ұптылыққа,тиянақтылыққа үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін,логикалық-абстракциясын дамыту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар:
компьютер, оқулық,жұмыс дәптері
Сабақтың өту барысы:1.Оқушыларды ұйымдастыру
2.Жаңа тақырыпты түсіндіру
3.Тапсырмаларды орындау
4.Сабақты бекіту
5.Үйге тапсырма
Жаңа түсініктер:
Анықтама. Алгортим- берілген есептің шығару жолын реттелген амалдар тізбегі түріне келтіру.
Алгоритм құруға мысалдар: Жолдан өту ,қалааралық телефонмен байланысу, қазынаны іздеу, т. б. келтіруді ұсынуға болады. Күн тәртібі, шай қайнату, үй тапсырмасын орындау, компьютерде ойнау, футбол ойнау, шахмат ойнау, т. б. алгоритмдерді талдап мысал келтіруге болады.
Мысал: Студент болу үшін алгоритмнің мынадай қадамдарын орындау керек:
1. Орта мектепті бітіріп ,аттестат алу.
2. Ұлттық бірыңғай тест бойынша сынақ тапсыру.
3. Тест қорытындысы бойынша жиныған балл көрсетілген құжаттардың конкурсқа тапсыру .
4. Конкурстан өту.
Алгоритмнің қасиеттері:
1. Айқын,дәл өрнектелуі.
2. Үзіктілігі.
3. Нәтижелілігі.
4. Жалпыламалығы.
5. Формалды орындалуы.
1. Алгоритмнің айқын, дәл өрнектелу қасиеті. Алгоритмде келтірілген әрбір іс-әрекет мағынасы айқын, нақты анықталып, орындаушыға түсінікті болуы тиіс. Алгортмде тек көрсетілген қадамдар ғана орындалады. Есеп шығару жолы бірмәнді анықталғандықтан орындаушы алгоритм командаларын ойланбай орындауына болады.
2. Алгоритмнің үзіктілік қасиеті. Алгоритм орындау процесі бірнеше қадамнан тұрады. Алгоритм аралық нәтиже беретіндей бірнеше ықшам бөліктерге, ал олар қадамдарға бөлінеді, әр қадам өз кезегінде жеке әрекеттерге жіктеледі.Бір қадамда бір немесе бірнеше әрекет орындалады. Бұл әрекеттерсаны шектеулі болуы тиіс. Алдыңғы әрекеттің қорытындысы келесі әректтің керекті мәліметі ретінде қолданылады. Орындаушы алғашқы әрекетті аяқтамай, келесіге көше алмайды.
3. Алгоритмнің нәтижелілік қасиеті. Кез келген алгоритм белгілі бір уақыт ішінде қандай да бір нәтиже беруі тиіс. Алгоритм орындалып болғанда есептің шешуін немесе шешуі жоқ деген нәтиже беруі қажет. Әрбір алгоритмде бастапқы деректер болады, алгоритм орындалып болғанда нәтиже шығады.Мысалы, сандарды қосу алгортмі үшін қосылғыштардың мәні- бастапқы деректер, нәтижесі - қосынды болады. Кейде алгоритмнің бірнеше қадамы қайталана беріп нәтиже бермейді. Ондай алгоритм циклден шықпайтын, нәтижесіз болғандықтан қайта құру қажет .
4.Алгоритмнің жалпыламалық немесе ортақтық қасиеті.
Белгілі бір алгоритм жеке есепті ғана емес, оған ұқсас басқа да есептер ді шешуге мүмкіндік беруі тиіс. Берілген мәліметтерге қатысты нәтиже ғана өзгеше болады. Мысалы, квадрат теңдеуді шешу алгоритмі кез келген a,b,cмәндері үшін құрылады. Ал берілген бұрыштың синусын анықтау алгоритмі кез келген алғашқы бұрыш аргументі арқылы оның (sin) нақты мәнін есептеуге мүмкіндік береді, т. с. с.
5.Алгоритмнің формалды орындалуы.
Орындаушы алгоритм мағынасын,есептің қойылуын түсінбегенмен, әр команданы (әрекетті) орындай отырып, дұрыс нәтиже алады. Алгоритм қадамдарында көрсетілген әрекеттерді дұрыс орындау үшін, әрбір әрекет орындаушыға түсінікті болуы қажет. Мысалы, х санын квадратта дегенді төменгі сынып оқушылары түсінбейді, ал оны х санын х санына көбейт деп айтса, онда бұл айтылғанды олар орындай алады. Демек, алгоритм белгілі бір орындаушыға (адамға, адамдардың білім деңгейіне, машинаға т. б.) арналып құрылады.
Орындаушы алгоритм командаларын орындай отырып, өзі атқарып отырған істің мән – жайына көңіл аудармай - ақ белгілі бір нәтиже ала алады, яғни орындаушы формалды әрекет етеді. Алгоритмнің бұл маңызды ерекшелігін оның формалды орындалуы деп аталады. Бұл қасиет алгоритмнің орындалуын компьютерге жүктеуге мүмкіндік береді.
Бекіту: Жаңа сабаққа байланысты сұрақ жауап беру
Сабақты қорытындылау: Жаңа сабақты түсіндіріп, оқушылардың біліміне сәйкес бағалау
Үй тапсырмасын беру: Алгоритм ұғымы. Алгоритмнің қасиеттері.
Бағалау
Пән аты: Информатика
Сынып: 6
Күні__________________
Сабақтың тақырыбы: Алгоритмді жазу пішімі, блок-схемалар.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға алгоритмді жазу пішімдері.
Білімділік: Оқушылардың есептеу техникасының даму тарихымен таныстыру.
Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелікке,ұптылыққа,тиянақтылыққа үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін,логикалық-абстракциясын дамыту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар:
компьютер, оқулық,жұмыс дәптері
Сабақтың өту барысы:1.Оқушыларды ұйымдастыру
2.Жаңа тақырыпты түсіндіру
3.Тапсырмаларды орындау
4.Сабақты бекіту
5.Үйге тапсырма
Жаңа түсініктер:
Алгоритмнің өрнектелу жолдары:
табиғи тіл арқылы жазу;
белгілі бір түйінде сөздер- терминдер (псевдокодтар – жасырын кодтар) арқылы қысқаша тізбекті түрде жазу, мұны қарапайым алгоритмдік тіл деп те айтады;
графиктік түрде (блок – схема арқылы) жазу;
программалау тілдерінде жазу.
Атқаратын қызметіне қарай блоктар негізгі және көмекші болып бөлінеді.Негізгі блоктарға өңдеу (процесс, арифметикалық амал ), шартын тексеру (логикалық),енгізу және шығару блоктары жатады. Көмекші блоктарға алгоритмге түсініктеме беру, алгоритм басы, соңы және байланыс сызықтары жатады.Орындалатын амалдар мүмкіндігінше блоктардың ішіне жазылады.
Блок – схема құруда келесі ережелер сақталуы қажет:
блок – схеманың басын және соңын міндетті түрде көрсететін блок болуы керек;
блок – схемада бірімен – бірі қосылмаған блоктар болмауы тиіс;
блоктар орындалу реті бойынша тізбектеле орналасуы қажет;
арифметикалық амалдарды орындайтын блоктардың бір ену, бір шығу сызығы, ал шарттың орындалуын тексеретін ромб түріндегі логикалық блоктың бір ену, екі шығу сызығы болуы қажет.
Ал алтыбұрышты фигурамен берілген цикл басы блогының екі кіру және екі шығу сызығы болады.
Мысалы, y = a + b формуласы бойынша есептеу алгоритмінің схемасы
Алгоритмді бастау блогы;
а мен b мәндерін енгізу;
y = a + b өрнегін есептеу;
y = мәнін басуға шығару;
алгоритмді аяқтау.
Бекіту: Жаңа сабаққа байланысты сұрақ жауап беру
Сабақты қорытындылау: Жаңа сабақты түсіндіріп, оқушылардың біліміне сәйкес бағалау
Үй тапсырмасын беру: Алгоритмді жазу пішімі, блок-схемалар.
Бағалау
Пән аты: Информатика
Сынып: 6
Күні__________________
Сабақтың тақырыбы: Алгоритм типтері: сызықты алгоритмдер.
Білімділік: Оқушыларды сызықты алгоритмімен таныстыру.
Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелікке,ұптылыққа,тиянақтылыққа үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін,логикалық-абстракциясын дамыту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар:
компьютер, оқулық,жұмыс дәптері
Сабақтың өту барысы:1.Оқушыларды ұйымдастыру
2.Жаңа тақырыпты түсіндіру
3.Тапсырмаларды орындау
4.Сабақты бекіту
5.Үйге тапсырма
Жаңа түсініктер:
Анықтама. Алгоритмдер блоктардың өзара байланысуына қарай үш құрылымға – сызықтық, тармақтық және циклдік түрлерге бөлінеді.
Сызықтық немесе тізбекті алгоритм. Сызықтық алгоритм өрнектелуіне қарай тізбектелген командалардан,ал блок схемалары бір сызық бойына орналасқан тізбекті блоктардан тұрады.
Әрекеттердің тізбектей орындалуын сипаттайтын алгоритм сызықтық алгоритм деп аталады.
Тамақтану алгоритмін блок схема түрінде кесіндеңдер.
Үй жұмысын дайындау алгоритмін блок схема түрінде кесіндеңдер.
y=x2+5 есебін есептеу алгоритмін блок схема түрінде құру.
Бекіту: Жаңа сабаққа байланысты сұрақ жауап беру
Сабақты қорытындылау: Жаңа сабақты түсіндіріп, оқушылардың біліміне сәйкес бағалау
Үй тапсырмасын беру: Тақырыпты оқу.
Бағалау
Пән аты: Информатика
Сынып: 6
Күні__________________
Сабақтың тақырыбы: Алгоритм типтері: тармақталу алгоритмі.
Білімділік: Оқушыларды тармақталу алгоритмімен таныстыру.
Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелікке,ұптылыққа,тиянақтылыққа үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін,логикалық-абстракциясын дамыту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар:
компьютер, оқулық,жұмыс дәптері
Сабақтың өту барысы:1.Оқушыларды ұйымдастыру
2.Жаңа тақырыпты түсіндіру
3.Тапсырмаларды орындау
4.Сабақты бекіту
5.Үйге тапсырма
Жаңа түсініктер:
2. Тармақталу алгоритмдері. Алгоритмдердің есептегі белгілі бір шартқа тәуелді тармақталып бірнеше жолдарға бөліну тобы тармақталу алгоритмдері деп аталады.
Иә жоқ
Тармақталу алгоритмі. схемасының бұл түріне міндетті түрде шартты тексеру блогы кіреді. Ол ромб түрінде кескінделіп, басқа блоктармен 1 және 2 сызықтары арқылы байланысады.Тармақталу алгоритмдерінің толымды түрі екі серияның бірін ғана таңдауды іске асырады, мұнда берілген шарт тексеріледі, егер ол шарт орындалса, онда 1-серия жүзеге асырылып, содан кейін келесі амалдарға көшеді. Ал, кері жағдайда 2- серия атқарылып, содан кейін ғана алгоритм ары қарай орындалады.
Бекіту: Жаңа сабаққа байланысты сұрақ жауап беру
Сабақты қорытындылау: Жаңа сабақты түсіндіріп, оқушылардың біліміне сәйкес бағалау
Үй тапсырмасын беру: Тақырыпты оқу.
Бағалау
Пән аты: Информатика
Сынып: 6
Күні__________________
Сабақтың тақырыбы: Алгоритм типтері : циклдік алгоритмі.
Білімділік: Оқушыларды циклді алгоритммен таныстыру.
Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелікке,ұптылыққа,тиянақтылыққа үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін,логикалық-абстракциясын дамыту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар:
компьютер, оқулық, инт.тақта, жұмыс дәптері
Сабақтың өту барысы:1.Оқушыларды ұйымдастыру
2.Үй тапсырмасын тексеру.
3.Жаңа тақырыпты түсіндіру
4.Тапсырмаларды орындау
5.Сабақты бекіту
6.Үйге тапсырма
Үй тапсырмасын тексеру.
Оқушыларға сұрақтар қою арқылы үй жұмысын тексеру.
Жаңа түсініктер:
Көптеген алгоритмдерде белгілі бір әрекеттер тізбегі бірнеше рет қайталанып орындалып отырады. Математикада есеп шығару кезінде бір теңдеуді пайдаланып, ондағы айнымалы мәнінің өзгеруіне байланысты оны бірнеше рет қайталап есептеуге тура келеді. Осындай есептеу процесі бөліктерінің талап орындауын цикл деп атайды, ал қайталанатын бөлігі бар алгоритмдер тобы циклдік алгоритмдерге жатады. Циклдік алгоритмдерді пайдалану, оларды кейіннен программаларда цикл командалары түрінде қысқартып жазу мүмкіндігін береді.
Циклдік процесті қамтамасыз ететін алгоритм бөлігін қайталау командасы құрайды. Бұл команда алгоритмді жинақы етіп жазуға мүмкіндік береді.
Қайталау командасын алгоритмдік тілде жазу үшін әзірше (әзір), цикл басы (цб) және цикл соңы (цс) түйінді сөдері қолданылады: әзірше сөзінен кейін қолданылатын шарт, ал цикл басы мен цикл соңы түйінді сөдерінің арасына қайталанатын командалар жазылады. Мұнда да цикл басы мен цикл соңы түйінді сөздер арасындағы цикл аздап оңға ығыстырылып жазылады, олай ығыстыру қайталанатын командалардың орындалу реттігін түсінуді оңйлатады.
Төменде қайталау командасы алгоритмдік тілде және графиктік түрде берілген.
Қайталау санының алдын ала белгілі және белгісіз болуына байланысты цикл екі түрге бөлінеді. Қайталау саны алдын ала белгілі цикл – арифметикалық цикл деп, орындалу саны белгісіз цикл - командалық (итерациялық) цикл деп аталады.
Арифметикалық цикл. Арифметикалық цикл ең қарапайым цикл болып табылады және практикада жиі қолданылады. Қайталану барысында цикл параметрі арифметикалық прогрессияның заңы бойынша тұрақты шамаға өзгеріп отырады. Алгоритм атқарылар алдында цикл параметрінің бастапқы мәні белгілі, осыдан кейінгі қайталану барысында цикл параметрі белгілі бір шамаға (қадамға) өзгере отырып, алдын ала берілген соңғы мәнге жетуі қажет.
Алгорим мен программа жазуды жеңілдету үшін циклдік алгоритмдер ықшамдалған түрде «модификатор» немесе «цикл басы» блогын пайдалану арқылы жазылады. Бұл программадағы арифметикалық циклдің өз командалары былай жазылады:
Интерациалық (қадамдық) цикл. Цикл орындалмас бұрын, оның қайталану саны белгісіз болған жағдайда, қадамдық циклді пайдаланады. Циклді аяқтау үшін белгілі бір шарт тексеріледі. Егер шарт орындалмаса, онда кайталану командасы атқарылады. Ал шарт орындалса, онда цикл қайталанбайды. Қадамдық циклді кескіндегенде модификатор қолданылмайды, себебінеше рет қайталанатынын алдын ала білмейміз. Енді қадамдық циклге мысал келтірейік.
Мысалы: Екі бүтін сан - а және b () берілсін. Бөлу амалын қолданбай а-ны b-ға бөлгендегі қалатын қалдықты табу керек.
алг қадамдық цикл (бүт а,b)
арг a, b
нәт а
басы
енгізу (а,b)
егер а>=b онда a:=a-b
бітті
шығару а
соңы
Мысал 2. Қайталану саны белгісіз болғандағы мына есепті қарастырайық.
Натурал сандардың тізбегі берілген дедік. Осын натурал сандардың тізбегі
1,2,3,4,... саны берілген К санынан үлкен болғанша цикл орындалу керек.
алг қадамдық цикл (бүт s,i,k)
арг s, i, k
нәт
басы
енгізу (k)
s:=0; i:=1;
s:=s+i;
егер s>k онда i:=i+1 әйтпесе
бітті
шығару i, s
соңы
Бұл есептің сызба-нұсқасы төменгі суретте кескінделген. Ол сегіз блоктан тұрады.
Жұмыс басында 2 блокта К-ға мән беріледі. Әрі қарай 3 блокта i айнымалысы 1 мәнін қабылдайды, осы 1 мәнінен бастап натуралды санау басталады да, әрі жалғаса береді. S айнымалысы осы сандардың қосындысы болады, қосындыны орындар алдында оның мәні 0-ге тең деп аламыз. Одан кейін теңдеу 5-ші блокқа көшеді. Бұл блокта S = S + i командасы орындалып, ұяшықтағы S және i айнымалыларының қосындысын орындайды да оның қосындысының мәні S -ке меншіктеліп, S ұяшығына сақталады. Біз басында S-тің мәнін 0-деп алған болатынбыз енді операция орындалғанан кейін S = 1 болады. S ұяшығыдағы алғашқы 0 мәнін өшіріп, оның орнына жаңа 1 санын сақтайды.
Мынаған назар аударайық: егер 3 блоктағы S = 0 операциясын орындамасақ, онда S + 1 қосындысын есептегуі қате болар еді. Өйткені ол жадына басында –ді сақтамас еді. Яғни санды 0-ге қосқанда санның өзі шығатынын ескеріп біз солай істейтін санағыш жасап отырамыз.
Достарыңызбен бөлісу: |