VІ. Түсінік тексеру:
Сұрақ жауап
1.Байдалы бидің жаназаға бара алмау себебі неде?
2.Уәлиханның бәйбішесі Айғаным Байдалы биге неге өкпеледі?
3.Айғанымға Байдалы биге айтқан сөзі?
VІІ. Жаңа сабақты бекіту:
1. Оқулықпен жұмыс.
Байдалы би Шоқанның атасы Уәлиханның үйіне неге келді?
Шоқан Уәлиханов кім?
Айғаным ханым қалай қарсы алады?
Байдалы би не деді?
Байдалы бидің көңіл айтқан шешендік сөзін тап.
Айғаным ханым өкпе – назын қандай сөзбен білдірді?
Би қалай жауап берді? Түсініп, оқып бер.
VІІІ.Сабақты қорыту:
1.Бағалау
2.Үй тапсырмасын беру.
1. Байдалы бидің көңіл айтуы туралы мазмұндау.
Сабақ жоспары
1. Пән аты: Әдебиет
2. Сыныбы: 5
3. Күні, айы, жылы: 18 қараша
4. Тоқсан: ІІ
5. Мұғалім: Р.Қалматаева
Сабақтың тақырыбы: Қазыбек би мен Бұқар жырау
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушыларды Қазыбек би мен Бұқар жыраудың шешендік сөздері туралы түсінік беру, оқушылардың білім көзқарасын жинақтап қорыту.
2. Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, елжандылыққа тәрбиелеу, ұлттық сананы қалыптастыру.
3. Дамытушылық: мәтінмен жұмыс істей отырып, баланың ойына қозғау салу, өз бетінше салыстыру, қорытынды жасай білуге үйрету.
Сабақтың типі: аралас сабақ.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілі: мәнерлеп оқу, әңгімелеу,талдау.
Сабақтың көрнекілігі: « Шешендік сөздер» кітабы
Пәнаралық байланыс: тіл, тарих,география.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
1. Байдалы бидің көңіл айтуы туралы мазмұндау.
ІІІ. Білім тексеру: Сұрақ жауап
1.Қаз дауысты Қазыбек би дегеніміз кім?
2.Қазыбек би қай ханның тұсында өмір сүрді?
3.Қаз дауысты Қазыбек би деп аталуының себебі неде?
4.«Ұят пен ар қымбат» тақырыбында ойтолғау жазу.
ІV Жаңа сабаққа дайындық
1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2.Сабақ мақсатын түсіндіру
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
1. «Қазбек пен Бұқар» мәтінінің мазмұнымен таныстыру.
Сонымен Қазыбек би қалай жауап берген екен?
Бір дегеніміз – бірлігі кеткен ел жаман
Екі дененіміз – егесіп өткен ер жаман.
Үш дегеніміз - үш бұтақты шедірден шошынған ат жаман.
Төрт дегеніміз – төскейге шыға алмаған кәрілік жаман.
Бес дегеніміз – белсеніп шапқан жау жаман.
Алты дегеніміз – аймағын билете алмаған адам жаман.
Жеті дегеніміз – жетем деген мақсатына жете алмаған жаман.
Сегіз дегшеніміз – серкесіз бастаған қой жаман.
Тоғыз дегеніміз – тойғаның.
Он дегеніміз – өткеніңіз, о дүниеге жеткеніңіз.
Қарт жырау бас бидің жауабына риза болыпты.
2.Сөздік жұмысын жүргізу.
Үш бұтақты шедір – аттың алдыңғы екі аяғымен артқы бір аяғын қосып салынатын тұсау. Шедір үш аяққа бірдей салынады.
Төскей – таудың қия беткейі, биіктеу баурайы.
3.«Бірлігі кеткен ел жаман» мәтінінің мазмұнымен оқушылардың өздері танысып шығады.
VІ. Түсінік тексеру: Сұрақ жауап
Бұқар жырау «бірден онға дейін санның мағынасын» Қазыбектен неге сұрады? Оның мағынасы қалай екен?
Қазыбек би шешен тілімен қалай жауап берді?
Мәтінмен жұмыс.
«Ішіне – сыртына» әдісін пайдаланып, екі мәтінді салыстырыңдар.
Ішіне :
«Қазбек пен Бұқар жырау»
|
Сыртына:
«Бірлігі кеткен ел жаман»
|
Төрт дегеніміз –төскеәге шыға алмаған кәрілік жаман.
|
Төрт дегеніміз- төсектен безген жас жаман.
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
VІІІ.Сабақты қорыту:
1.Бағалау
2.Үй тапсырмасын беру.
1. Қазыбек би мен Бұқар жыраудың шешендік сөздері туралы түсінік.
Сабақ жоспары
1. Пән аты: Әдебиет
2. Сыныбы: 5
3. Күні, айы, жылы: 21 қараша
4. Тоқсан: ІІ
5. Мұғалім: Р.Қалматаева
Сабақтың тақырыбы: Сырым мен Малайсары
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушыларды Сырым мен Малайсарының шешендік сөздері туралы түсінік беру.
2. Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, елжандылыққа тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту.
Сабақтың типі: аралас сабақ.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілі: мәнерлеп оқу, әңгімелеу,талдау.
Сабақтың көрнекілігі: « Шешендік сөздер» кітабы
Пәнаралық байланыс: тіл, тарих,география.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
1. Қазыбек би мен Бұқар жыраудың шешендік сөздері туралы түсінік.
ІІІ. Білім тексеру:
Сұрақ жауап
1.Бұқар жырау «бірден онға дейін санның мағынасын» Қазыбектен неге сұрады? Оның мағынасы қалай екен?
2.Қазыбек би шешен тілімен қалай жауап берді?
ІV Жаңа сабаққа дайындық
1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2.Сабақ мақсатын түсіндіру
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Сырым мен Малайсары
Сырым ат жалын тартып жас кезінде атақты Малайсары биден бата алуға келді.
Сырым жайласып отырғаннан кейін:
-«Үйіңнің алдында төбе болса, ерттеулі тұрған атпен тең, аулыңда ақылгөй қарт болса, жазып қойған хатпен тең», деуші еді. Сізге сәлем беріп, бата алғалы келдім, - депті.
Малайсары жүзі жадырап, шешіліп сөйлеп кетіпті:
-Жайыңа енді түсіндім, балам. «Кісі болар баланың кісіменен ісі бар, кісі болмас баланың кісіменен несі бар?»дейді халық. Топқа керіп сөз бастайтын, атқа мініп қол бала екенсің . «Асыл тастан, ақыл жастан» деген. Азуын алдырып, ақылын шалдырып отырған шалдан не сұрайсың? Бітпеген ісім көп...
-Ол қандай іс?
-Біздің Байұлының барымтаға барған бір жігітін Әлімнің кісілері өлтіргелі үш жыл болды. Сол ердің құны әлі жоқтаусыз... «Ердің құнын жастың жайсаңы не қартың шайтаны даулайды» дейді екен бұрынғылар. Қартайғанда қазымыр атанып, Әлімнің Ақсауыт биіне бара алмадым, жастан жайсаң шығып, ағасының құнын сұрай алмады. Ел арасы дүрдараз болып бүлініп барады, жапсарлас отырған ел бір – біріне қатынасудан, қыз алып, қыз беруден қалды.
-Онда, ата, осы тапсырмаңызды орындап келіп сөйлесейін!-деп Сырым аулына қайтып кетеді. Қасына елдің басты адамдарынан он шақты кісі ертіп, Әлім руының ақсақалы Ақсауыт бидің алдына келеді. Сырым Малайсары бидің айтқандарын жеткізеді. Сонда Ақсауыт би:
-Бала сөзіңе сендім. Байұлының бір жігіті біздің елдің малшыларынан жазым болуы рас еді. Ердің құны мың қой, үлесе келсе, үй басына бір қой. Бір қойдан Әлімнің үйі кедейленіп қалады деп жүргенім жоқ, жоқтаушысы кездеспей жүр еді. Іздеушісі болса, табылмас жоқ болмайды. Билігін өзіңе салдым, төрелігін айта ғой, - дейді.
-Бір қора қойдың бір жазғы төлімінен біз де Байұлын байытайын деп келгеніміз жоқ. Ағайын арасындағы қатынасты қалпына келтірейік деп келдік. Егер билікті маған берсеңіз, жорта емес, жортуылда маған «жазым» деп отырсыз ғой. Ерімнің құны жарты құн болсын және қой емес, қозы емес, елу жылқы болсын,-деген екен Сырым.
VІ. Түсінік тексеру:
Сұрақ жауап
1.Әңгімедегі басты кейіпкерлер кімдер?
2.Сендерге қай кейіпкерлер ұнайды? Неге?
3.Жағымсыз кейіпкер кім?
4.Неге ұнамайды?
5. Сырым атақты Малайсарының үйіне неге келді?
6.Малайсары Сырымға не деді?
7.Сырым қайда барды?
8.Сырымның әлімдерге қандай төрелік айтты?
VІІ. Жаңа сабақты бекіту:
Ертегіге ұқсайды өмірде болған адам
Қиял ғажайып ауыз әдебиетінің бір
әңгіме мейірімді түрі
VІІІ.Сабақты қорыту:
1.Бағалау
2.Үй тапсырмасын беру.
1. Сырым мен Малайсары мазмұндау
2. Түсінік жазу
Сабақ жоспары
1. Пән аты: Әдебиет
2. Сыныбы: 5
3. Күні, айы, жылы: 25 қараша
4. Тоқсан: ІІ
5. Мұғалім: Р.Қалматаева
Сабақтың тақырыбы: Қасиетті Құран Кәрім жайында
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: оқушыларға қасиетті Құран Кәрім жайында оқыта отырып, сөйлеу тілін дамыту.
2. Тәрбиелік: оқушыларды елжандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: оқушыларды ауызекі сөйлеуге , мәтінді дұрыс оқып түсінуге, сөздік қорын молайтуға, практикалық жұмысты бере отырып тіл дамытуға пайдалану.
Сабақтың типі: жаңа сабағы.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, әңгімелеу.
Сабақтың көрнекілігі: «Қазақ әдебиеті» энциклопедиясы
Пәнаралық байланыс: тіл, тарих.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
ІV Жаңа сабаққа дайындық
1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2.Сабақ мақсатын түсіндіру
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Қасиетті Құран Кәрім жайында
Құран – ислам дінінің ең негізгі, басты кітабы. Құранды 114сұре бар. Құран Кәрім аяттарын Алла тағала Жәбірейіл періште арқылы пайғамбарымыз Мұхаммед ҒалайҺсаламға 23 жыл ішінде әр түрлі тарихи оқиғаларға байланысты уаһи (хабар) түсірген. Мұхаммед – Алланың елшісі және жер бетіндегі пенделерге шарапатын тигізуші ең соңғы пайғамбар.Кейін екінші Халиф Әбубәкір Сыдық пайғамбарымыз Мұхаммедтің сахабасы Зейд ибн Сәбитке кезінде пайғамбарымыздан жаттап, ұғып алған адамдар арқылы құран аяттарын ел расынан жинауды тапасырады. Өйткені ол көп елдің тілін меңгерген, сауатты да білімді, пайғамбарымыздың сенімін ақтаған сахабаның бірі ғана емес, бірегейі еді.
VІ. Түсінік тексеру:
Сұрақ жауап
1.Құран Кәрім жайында не білесіңдер?
2.Құранда неше сүре бар?
3.Құран Кәрім адамды қандай болуға тәрбиелейді?
4.Мәтінді түсініп оқып, мазмұнын естеріңе сақтаңдар.
VІІ. Жаңа сабақты бекіту:
Біз бүгін сабақта: нені
Неге---------- үйрендік?
қалай
VІІІ.Сабақты қорыту:
1.Бағалау
2.Үй тапсырмасын беру.
1.Қасиетті Құран Кәрім жайында оқу, мазмұндау.
Сабақ жоспары
1. Пән аты: Әдебиет
2. Сыныбы: 5
3. Күні, айы, жылы: 28 қараша
4. Тоқсан: ІІ
5. Мұғалім: Р.Қалматаева
Сабақтың тақырыбы: Адам ата
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: оқушыларға адам ата туралы мәлімет беру,
2. Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, елжандылыққа, ұлтжандылыққа баулу.
3. Дамытушылық: оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту, пікірлесу, мәнерлеп оқу дағдыларын арттыру.
Сабақтың типі: аралас сабағы.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, әңгімелеу, түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі: «Қазақ әдебиеті» энциклопедиясы
Пәнаралық байланыс: тіл, тарих.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
1.Қасиетті Құран Кәрім жайында оқу, мазмұндау.
ІІІ. Білім тексеру:
Сұрақ жауап
1.Құран Кәрім жайында не білесіңдер?
2.Құранда неше сүре бар?
3.Құран Кәрім адамды қандай болуға тәрбиелейді?
ІV Жаңа сабаққа дайындық
1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2.Сабақ мақсатын түсіндіру
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Алла тағала күллі әлемді бір күнде жаратты. Адам баласы мен жан- жануарлар және бүкіл тіршілік өмір сүруі үшін бар қажетті нәрселерді пайда қылды.
Оннан әрі Алла тағала байтақ Жерді мекен тұтуға Адам атаны және оның ұрпақтарын жаратуды ойлады.
Алла тағала балшықтан Адам атаны – Сапиолланы жасады. Оған Алла тағала өзінің демінен дем үрледі, яғни жан берді. Соымен ол тірішілік тынысына ие кәдімгі адам болды.
Адам атаға жүгіну жайлы Алла тағала періштелерге әмір берді. Олар Алланың әмірі бойынша іззетпен келіп, Адам атаға бас иді. Бірақ ібіліс Алланың әміріне бағынбады. Адам атаға бас иуден бас тартты. Бұл қылық Аллаға шек келтіру еді.
Алла тағала ібілістің азғыруына орай, оған жаза берді.
-Бұл арадан қараңды батыр, - деді. –Сендей қуаландыға қарғыс, нәлет қамыты қиямет – қайымға дейін сенен алынбасын!
Ібіліс Алладан кеңшілік тілеп: «Адамзатқа қиямет – қайым болғанша тірі жүрсем» деп Аллаға жалбарынды.
-Сол күнге жетуіңе кеңшілік еттім ,- деді оған Алла тағала.
Алла тағала Адам атамен Хауа ана жұмақтағы жемістерді қалағанынша үзуге жеуге рұқсат етті. Десе де оның ішіндегі бір ағашқа жуымау жөнінде тыйым салды.
Ібіліс Адам атамен Хауа ананы әлгі ағаштың жемісін жеуге азғырда. Адам атамен Хауа ана ібілістің сөздеріне сеніп, тыйым салынған ағаштың алмасынан үзіп жеді.
Адам атамен Хауа ана Алланың әміріне қиғаштық істегендіктен, жұмақта тұрудан шектелініп, пәни дүниеге жөнелтіліп, жерді мекен тұтатын болды. Кім Алла меңзеген дұрыс жолмен жүрсе, Алланың әміріне құлақ асса, сол адам сайтанның азғыруынан қорықпайтындығын, кім Алланың әмірін қабыл алмай дұрыс жолдан тайса, сол тұрмыста таршылық тартып, теріс жолға түсетіндігін айтты.
VІ. Түсінік тексеру:
Сөздік жұмысы:
Алла – Ислам діні ұғымында күллі әлемді жаратушы.
Уаһи – хабар( Тек Жәбірейіл періште арқылы Мұхаммедке аян беріп, құлағына сыбырлап айтуы нәтижесінде ғана түсірілді).
Сахаба – пайғамбарымыздың әрдайым қасында жүріп, уағыздары мен соғыс жорықтарына қатысып, ислам дініне үлес қосқан серіктері.
Хафиз – құранды жаттап, үнемі есінде сақтаған адам.
Қари – құрашды жаттап, оны жеті түрлі қырағатқа салып оқушы адам.
Ғайып – көзбен крмесек те жүрекпен, иманмен сезінетін әлем, яғни ғайып әлемі.бұл жерде: періштелерге Алла тағала Адам атаны жаратпай тұрғанда, ол ғайп болып саналатын еді.
Сапиолла – Адам атаның шын аты.
Уасуаса – азғыру.
VІІ. Жаңа сабақты бекіту:
1. Оқулықпен жұмыс.
Адам атаны жаратудағы Алланың ойы қандай?
Періштелер неге уайымдады?
Адамда Алла қалай жаратты, оның тұңғыш есімі кім?
Адам ата мен Хауа ананы кім азғырды?
Алланың ібліске берген жазасын айт.
VІІІ.Сабақты қорыту:
1.Бағалау
2.Үй тапсырмасын беру.
1. Адам ата туралы түсінік.
Сабақ жоспары
1. Пән аты: Әдебиет
2. Сыныбы: 5
3. Күні, айы, жылы: 30 қараша
4. Тоқсан: ІІ
5. Мұғалім: Р.Қалматаева
Сабақтың тақырыбы: Сымайыл, Зәмзәм
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: оқушыларға Сымайыл, Зәмзәм туралы мәлімет беру,
2. Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, елжандылыққа, ұлтжандылыққа баулу.
3. Дамытушылық: оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту, пікірлесу, мәнерлеп оқу дағдыларын арттыру.
Сабақтың типі: аралас сабағы.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, әңгімелеу, түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі: «Қазақ әдебиеті» энциклопедиясы
Пәнаралық байланыс: тіл, тарих.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
1. Адам ата туралы түсінік.
ІІІ. Білім тексеру:
Сұрақ жауап
Адам атаны жаратудағы Алланың ойы қандай?
Періштелер неге уайымдады?
Адамда Алла қалай жаратты, оның тұңғыш есімі кім?
Адам ата мен Хауа ананы кім азғырды?
Алланың ібліске берген жазасын айт.
ІV Жаңа сабаққа дайындық
1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2.Сабақ мақсатын түсіндіру
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Сымайыл
Ибрахим әйелі Сараны және күңі Ажарды алып Палестинаға келді. Ибрахимнің әйелі Сара бала көтермеген еді. Сондықтан Сара өзінің адал күңі Ажарды некесіне алуды еріне ақылетіп айтты. Ибрахим әйелінің ақылын алды.
Арада көп өтпей Ажар ұл туды. Оған Сымайыл деп ат қойды. Бала өте зерек ақылды болып ержетті. Ибрахим бұған қатты қуанды. Бірақ Сараның өзегі қызғаныштан өртенді. Біркүні Сара күйеуіне:
-Сымайылды шешесімен бірге алыс жерге апарып тастауды өтінді.
Ибрахим әйелінің талабын құптады. Ибрахим ана мен бала екеуін құла далаға апарып тастайды. Әйелінің жылағанына да қарамастан:
-Бұл Алланың әмірі оған сөзсіз бойсұнуымыз керек деді ол.
-Алла бізді әсте қараусыз қалдырып қоймайды деді Ажар ақырында.
Ибрахим ботадай боздап келеді. Алайжа ол Пайғамбар ретінде мұндай айырылысу азабына шыдамақ керек. ол ана мен бала екеуіне жар бола көр деп Аллаға жалынды.
Зәмзәм
Ажар тағдырдың басқа салғанына көнді. Азықтары таусылған соң баланы емізуге сүті, беруге суы жоқ болғандықтан, бала шөлге шыдамай безек қақты. Бласының күннен күнге жүдегенін көрген ажар қатты қиналды. Жас нәоестенің жан тәсілім етуге айналғанын көргенде, оны құтқаруға шара таба алмай анасының мысы құрыды. Бала ақырын бір аяғын көтеріп, жерді түртіп қалды. Кенет оның өктесінің астынан бұрқылдап су шықты, тасты жарып мөлдір бұлақ ақты. Мұның өзі Алланың шапағаты еді. Әлгі су әби зәмзәм еді. Ол сол кезден бастап күні бүгінге дейін тоқтаусыз ағуда. Қажыға барушылар осы зәмзәмға келіп шөлдерін қандырады.
VІ. Түсінік тексеру:
Сұрақ жауап
1.Сымайыл өмірге қалай келді?
2.Сараның қызғаныш сезімін айт.
3.Ибраһимнің Сара өтінішін Алла өміріндей орындауы не себепті?
4.Ажар ананың зарын әңгімеле.
5.Алланың шексіз мейірімі туралы ойлан.
VІІ. Жаңа сабақты бекіту:
Оқушылардың ойларын дәлелдеу:
Әңгіме аты
|
Қазақ әдебиетінің түрі
|
Бастапқы кейіпкер
|
Жағымсыз кейіпкер
|
Жағымды кейіпкер
|
Ортақ қасиеттері
|
Сымайыл, Зәмзәм
|
Аңыз әңгіме
|
|
|
|
|
|
|
|
Қандай адам?
|
Қандай адам?
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Оқушылар таблицаны ойлана отырып толтырады және дәптерлеріне жазады.
VІІІ.Сабақты қорыту:
1.Бағалау
2.Үй тапсырмасын беру.
1. Сымайыл, Зәмзәм туралы оқу.
Сабақ жоспары
1. Пән аты: Әдебиет
2. Сыныбы: 5
3. Күні, айы, жылы:
4. Тоқсан: ІІ
5. Мұғалім:
Сабақтың тақырыбы: Әдеби ертегілер
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушылардың әдеби ертегілер туралы түсініктерін кеңейту.
2. Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, елжандылыққа тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту.
Сабақтың типі: жаңа сабақ.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілі: мәнерлеп оқу, әңгімелеу,талдау.
Достарыңызбен бөлісу: |