Сабақтың тақырыбы: Киіз үйді безендіру Сабақтың мақсаты: Оқушыларға киіз үйдің макетін жасауды және безендіруді үйрету



жүктеу 167,5 Kb.
Дата21.11.2018
өлшемі167,5 Kb.
#22720
түріСабақ

Молдабекова Ләззат Тоқтарбайқызы

І. Кеңесбаев атындағыжалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

ОҚО, Созақ ауданы, Таукент кенті

Сабақтың тақырыбы: Киіз үйді безендіру

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға киіз үйдің макетін жасауды және безендіруді үйрету.

Білімділік: Қазақ халқының ежелгі тұрағы- киіз үй туралы мағлұмат беру. Киіз үй құрлысымен таныстыру.

Дамытушылық: Ұлттық қолөнерімізді жетілдіру, киіз үйді қағаздан жасап безендіру.

Тәрбиелік: Ұлттық қолөнерімізді құрметтеуге, тарихымызды білуге тәрбиелеу .

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, жеке үйрету, сұрақ-жауап, интерактивтік тақта, жұмбақ шешу.

Пәнаралық байланыс: Сызу, геометрия, сурет, тарих, әдебиет

Көрнекілігі: Плакат, Дайын бұйым, қағаздан сызба үлгісі, нұсқау карта.

Құрал-жабдықтар: Түрлі- түсті қатырмақағаз, қайшы, желім, сызғыш, циркуль, қалам

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй жұмысы

ІІІ. Жаңа сабақ

ІV. Сабақты бекіту

V. Сарамандық жұмыс

VІ. Қорытынды, бағалау

VІІ. Үйге тапсырма

І. Оқушыларға қауіпсіздік ережелері мен санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтауды есіне салу.

ІІ. Үй жұмысын тексеру

(сұрақтардың астына киіз үйдің суретін жасырылған жауабын айтқан кезде тақырып ашылады)

Өткен сабақты пысықтауға арналған сұрақтар.



  1. Құрақтың қандай түрлерін білесің?

  2. Жастықтың қандай түрлері бар?

  3. Ою-өрнектің түрлерін ата

  4. Дизайнер өнері қандай салаларда қолданылады?

  5. Дизайнер деген кім?

  6. Жапсырмалау деген не?

-Балалар біз суреттен не көріп тұрмыз? (оқушылар жауабы: Киіз үй)

- Міне біздің бүгінгі өтетін сабағымыз «Киіз үй. Киіз үйді безендіру» +

Қызығушылығын ояту. Жұмбақ шешу

Бір нәрсе шеңбер, іші қуыс,

Ол заттың сүйегі көп айқыш, ұйқыш.

Көзі бар жарқыраған төбесінде,

Жайса үлкен, жинағанда бірақ уыс

(киіз үй)

ІІІ. Жаңа тақырып:

Киіз үйдің екі мың жылдық тарихы бар. Көшпелі сақтарда ең алғаш киіз үйлерді арбаның үстіне тіккен. Жинамалы киіз үйлер көне түркілер заманында қалыптасқан. Киіз үй малшаруашылығымен айналысқан ата-бабаларымыз үшін ең қолайлы баспана болды. Киіз үйді тігу және жығу аз уақытты қажет етеді. Киіз үй киізден және ағаштан жасалынады. Ағаштан жасалған бөлшектерін сүйектері деп атайды. Киіз үй сүйектері- кереге, уық, шаңырақ, сықырлауық яғни есіктен тұрады.

Кереге-киіз үйдің негізгі қаңқасын құрайды. Кереге жиналмалы және жазылмалы болып келеді. Керегенің жеке бөліктерін қанаттары деп атайды. Керегенің ең ұзын ағашын ерісі, орташасын сағанақ, кішкентайын балашық деп атайды. Ертеде мансаптарына қарай 12,18,24 қанат үйлерді тіккен.

Шаңырақ-киіз үйдің еңсесін құрап тұтастырып тұратын күмбез. Шеңбер жасап тұратын ағашты қосу амалына ұқсас дөңес ағашты күлдіреуіш, күлдіреуіштер шашырап қалмас үшін беріктік ағаштардан тұрады. Шаңырақтың уық қадайтын көздері болады.

Уық-Шаңырақ пен керегені байланыстыратын иінді ағаш. Уық иіні, қары, қалам ұшы уық баудан тұрады.

Сықырлауық- киіз үйдің ағаш есігі. Ашып- жапқан кезде сықырлап тұрғандықтан сықырлауық деп атаған. Сықырлауық маңдайша, табалдырық, 2 босаға, жақтаудан тұрады.



Киіз үйдің сүйектері құрылып болған соң, сыртын киізбен жабылады.

  1. Туырлық-үйдің кереге бөлігін айналдыра жауып тұрады.

  2. Үзік-уық үстіне жабылады, үзік екі немесе үшеу болады.

  3. Түндік-шаңырақты жауып тұратын төрт бұрышты киіз.

Жабуларына байланысты; Ақ үй , боз үй, қара үй деп аталады.

-Балалар киіз үйдің қандай сүйегі біздің рәміздеріміздерімізде бейнелеген. Рәмiздiк тұрғыдан Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбаның негiзi — шаңырақ. Ол — елтаңбаның жүрегi. Шаңырақ — мемлекеттiң түп-негiзi — отбасының бейнесi. Шаңырақ — Күн шеңберi. Айналған Күн шеңберiнiң қозғалыстағы суретi iспеттi, Шаңырақ — киiз үйдiң күмбезi көшпелi түркiлер үшiн үйдiң, ошақтың, отбасының бейнесi.

Түндік — таза көк аспанын бейнелейді. Үш-санды айқыш-ұйқыш келген күлдреуіштер қазақтың үш жүздін бірлігі бекемдігін көрсетеді.

Шаңырақтан шыққан уықтар күн сәулелерін еске салады.

Негізгі бөлім:

Киелі қазағымның киіз үйі,

Маңдайша, босаға мен табалдырық.

Алты қанат кереге, қаламды уық,

“Шіркін-ай, қандай шебер жасады”-деп,

Көргенде таңдай қағып, қалам тұрып.

Біз бүгін киіз үйді қағаздан жасап үйренеміз.

Киіз үйдің жасалу реті:




Жасалу реті

Нобайы,сызбасы

1

Киіз үйдің төбесіне радиусы

R=2 см, R=11 см, R=12см









2

Киіз үйдің едені Q=20см, Q=19см






3

Киіз үйдің қабырғасы ұзындығы 60см, ені 9,5 см




4

Киіз үйдің төбесі мен еденін қиып дайындап аламыз.

16-конечная звезда 12




5

Киіз үйдің төбесі мен еденін, қабырғасын біріктіріп желімде.




6

Әр түрлі жолақ дайында, өзің қалаған ою түрлерін жапсырып безендір,шексіздік, яғни шеткі оюларды қолдану.




Дайын болған жұмыстар : Бағалау.

Сабақты бекіту: Қастеев Ә. « Өнерді таудың бұлағынан, Қойдың құлағынан,



Апамның киізінен , Арқардың мүйізінен үйрендім

Үйге тапсырма: Киіз үйді аяқтау
жүктеу 167,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау