І.Сабақтың тақырыбы: Деректер реляциялық қоймалары. Ms.Access компоненттері.
ІІ.Сабақтың мақсаты:
а) Білімділігі: білімділікке, сауаттылыққа, ойлау ұшқырлығын дамыту
ә) Тәрбиелігі: икемділік қасиетімен шабытты болуға қалыптастыру
б) Дамытушылығы: оқушылардың ойлау қабілетімен қызығушылығын арттыру
ІІІ. Сабақтың түрі: аралас сабақ
ІV. Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, топтамалар, тест сұрақтары, т.б.
V. Оқыту әдістері: сөздік, көрнекі, практикалық
VI. Оқыту формалары: жеке, топтық, ұжымдық
VII. Пайдаланылған әдибиеттер: Н.Ермеков, М. Ермеков, С. Ноғайбаланова Информатика 10-11 сынып оқулығы, Балапанов Информатикадан 30 сабақ, Информатика негіздері журналы.
VIIІ.Сабақтың барысы:
а) ұйымдастыру
ә) сабақ сұрау
б) жаңа сабақ
в) бекіту
г) үйге тапсырма
д) қорытынды
Балалар, саламатсыңдар ма, біз өткен сабақта Деректер қоймасын ұйымдастыру және оның терминологиясы деп аталатын сабақты өттік. Үйге берілген тапсырма бойынша бірнеше оқушылардан сұрақтар қою арқылы үй тапсырмасын сұраймын.
Жаңа сабақ
Соңғы уақытта деректер қоймасының ішіндегі ең көп тарағаны – реляциялық деректер қоймасы. Реляциялық деректер қоймасында ақпарат бір немесе бірнеше кестелерде сақталады. Кестелер арасындағы байланыс бір не бірнеше сәйкес өрістер арқылы жүзеге асырылады.
Реляциялық деректер қоймасында кестенің әрбір жолы бірегей. Жолдардың бірегейлігін қамтамасыз ету үшін кілттер қолданылады, олар кестенің бір не бірнеше өрістерінен тұрады. Кілттер тізбектелген түрде сақталады, бұл іздеу кезінде кестенің жазуларына тікелей қатынауды қамтамасыз етеді.
Реляциялық ДҚБЖ-нің негізгі ерекшеліктері:
Барлық деректер кесте түрінде сақталады.
Әртүрлі сипаттағы деректер түрлі кестелерде сақталады.
Қойма құратын кесте деректері арасында қарым-қатынас (реляцияның) беріледі
Әртүрлі кестелердегі ақпарат деректері жаңа сұратулар құру кезінде қолданылатын жаңа кесте түрінде бірігуі және ұсынылуы мүмкін.
МS Ассеss компоненттері.
МS Ассеss ақпаратты көрсету және сақтау үшін пайдаланылатын жеке компоненттерден тұрады. Олар: кестелер, пішіндер, есеп берулер, сұратулар, деректерге мүмкіндік беретін беттер, макростар және модульдер. Пішіндер мен есеп берулерді құру үшін конструкторлар қолданылады, сондықтан бұл компоненттер конструкторлық объектілер деп аталады.
Кесте деректер қоймасының негізгі болып табылады. МS Ассеss-те бүкіл ақпарат кестелерде беріледі.
Пішіндер пішін терезесінде кестелерді енгізу мен көру үшін қолданылады.
Есеп берулер деректер қоймасында бар ақпаратты бейнелеу үшін қолданылады.
Сұрату деректер қоймасынан ақпаратты алады, әлі мұнда деректер бірнеше кесте арасында бөлінген болуы мүмкін.
Үйге тапсырма
Деректер реляциялық қоймалары. Ms.Access компоненттері.
Х. Сабақты қорытындылау
Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау, бағалау.
ХІ. Бағалау.
Пән аты: Информатика
Класы: 11«А»
Жаратылыстану- математикалық бағыт
І.Сабақтың тақырыбы: Ms.Access 2000 мен жұмысты бастау.
ІІ.Сабақтың мақсаты:
а) Білімділігі: білімділікке, сауаттылыққа, ойлау ұшқырлығын дамыту
ә) Тәрбиелігі: икемділік қасиетімен шабытты болуға қалыптастыру
б) Дамытушылығы: оқушылардың ойлау қабілетімен қызығушылығын арттыру
ІІІ. Сабақтың түрі: аралас сабақ
ІV. Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, топтамалар, тест сұрақтары, т.б.
V. Оқыту әдістері: сөздік, көрнекі, практикалық
VI. Оқыту формалары: жеке, топтық, ұжымдық
VII. Пайдаланылған әдибиеттер: Н.Ермеков, М. Ермеков, С. Ноғайбаланова Информатика 10-11 сынып оқулығы, Балапанов Информатикадан 30 сабақ, Информатика негіздері журналы.
VIIІ.Сабақтың барысы:
а) ұйымдастыру
ә) сабақ сұрау
б) жаңа сабақ
в) бекіту
г) үйге тапсырма
д) қорытынды
Балалар, саламатсыңдар ма, біз өткен сабақта Деректер реляциялық қоймалары. Ms.Access компоненттері деп аталатын сабақты өттік. Үйге берілген тапсырма бойынша бірнеше оқушылардан сұрақтар қою арқылы үй тапсырмасын сұраймын.
Жаңа сабақ
Біз МS Ассеss 2000-мен жұмысты бастаймыз. Егер Windows ортасында жұмыс істеген болсаңыз, онда меню, саймандар панелі, диалог терезесі ұғымдарымен таныс боларсыз. МS Ассеssті іске қосу үшін келесі тәсілдердің бірін қолданасыз:
Ассеssті іске қосуды бастау үшін Windows жүйесіндегі Запуск батырмасын қолданыңыз
Ассеss-ті баптау аяқталған соң, қатты дискідегі С:\ Windows\Start-menu\Programs қапшығында Ассеss үшін іске қосу файлы құрылады. Бұл қапшықтағылар бастау менюінен шақырылатын Бағдарламалар(Programs) бағыныңқы менюінің элементтері болып табылады, сонымен қатар онда Ассеss-ті іске қосу командасы көрінеді.
Запуск (Start) батырмасын басыңыз және Microsoft Ассеss шақыратын командасы бар Бағдарламалардың бағыныңқы менюін ашыңыз. Бағдарламаны іске қосу үшін осы командада батырманы басыңыз.
Екі рет арқылы іске қосу қолайсыз болса, онда бағдарламаны жүктеу үшін екі рет басу тәсіліне көшіңіз.
Windows Explorer бағдарламасын іске қосыңыз және Ассеss орнатылған қапшыққа көшіңіз.
МS Ассеss-те саймандар панелі көптеген әртүрлі батырмалар жиынынан тұрады, олардың құрамы нақты саймандар панеліндегі қызметіне байланысты . МS Ассеss-ке бірінші рет кіргенде экранда «Деректер қоймасың деп аталатын саймандар панелі бар болады. Батырмалардың көпшілігі көбінесе меню командаларын таңдау немесе пернелер комбинацияларын басу арқылы жүргізілетін операцияларды орындауға арналған. МS Ассеss экранда саймандар панелін басқаруға, баптауға мүмкіндік береді.
Қалып-күй жолы басты менюдің төменгі жағында орналасқан. Жолдың сол жағында кесте немесе пішін өрістерінің сипаттамасы, жұмыс режимінің индикаторы және т.б. қажетті ақпараттар бейнеленуі мүмкін.
МS Ассеss саймандар МS панелі.
Аты
|
Атқаратын қызметі
|
Создать
|
Жаңа деректер қоймасын құрады
|
Открыть
|
Бар деректер қоймасын ашады
|
Сохранить
|
Ағымдағы объекті сақтайды
|
Печать
|
Құжатты баспаға жібереді
|
Предварительный просмотр
|
Құжатты алдын ала көру терезесін ашады
|
Орфография
|
Орфографияны тексереді
|
Вырезать
|
Ерекшеленген мәтінді немесе ерекшкленген объектілерді жояды және оларды буферге орналастырады
|
Копировать
|
Буферге ерекшеленген мәтіннің немесе ерекшеленген объектілердің көшірмесін ғана апарып салады
|
Вставить
|
Буфердің мазмұнын қояды. Бұл батырманың нақты іс-әрекеті жұмыс істеліп жатқан режимге байланысты
|
Формат по образцу
|
Таңдалынған объект үшін ағымдағы пішімді көшіреді
|
Отменить
|
Соңғы іс-әрекетті болдырмайды
|
Связи с Оffice
|
Microsoft Оffice-нің басқа қосымшаларымен байланысты жүзеге асырады
|
Анализ
|
Деректер қоймасының кестелері құрылымын және таңдалынған объектілердің шапшаңдығын талдайды.
|
Программа
|
Модульдің терезесін ашады
|
Свойства
|
Таңдалынған объектінің қасиеттер терезесін ашады/жабады
|
Схема данных
|
Кестелер арасындағы байланысты құрады және түзетеді
|
Новый объект
|
Деректер қоймасының жаңа объектісін құрады
|
Помощник
|
Көмекшіні шақырады
|
Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:
1. MS Access 2000 деген қандай программа?
2.Бұл терезеге қалай кіре аламыз?
3.Басқа программалардан айырмашылығы неде?
Үйге тапсырма
Ms.Access 2000 мен жұмысты бастау.
Х. Сабақты қорытындылау
Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау, бағалау.
ХІ. Бағалау.
Пән аты: Информатика
Класы: 11«А»
Жаратылыстану- математикалық бағыт
І.Сабақтың тақырыбы: Деректер қоймасын құру
ІІ.Сабақтың мақсаты:
а) Білімділігі: білімділікке, сауаттылыққа, ойлау ұшқырлығын дамыту
ә) Тәрбиелігі: икемділік қасиетімен шабытты болуға қалыптастыру
б) Дамытушылығы: оқушылардың ойлау қабілетімен қызығушылығын арттыру
ІІІ. Сабақтың түрі: аралас сабақ
ІV. Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, топтамалар, тест сұрақтары, т.б.
V. Оқыту әдістері: сөздік, көрнекі, практикалық
VI. Оқыту формалары: жеке, топтық, ұжымдық
VII. Пайдаланылған әдибиеттер: Н.Ермеков, М. Ермеков, С. Ноғайбаланова Информатика 10-11 сынып оқулығы, Балапанов Информатикадан 30 сабақ, Информатика негіздері журналы.
VIIІ.Сабақтың барысы:
а) ұйымдастыру
ә) сабақ сұрау
б) жаңа сабақ
в) бекіту
г) үйге тапсырма
д) қорытынды
Балалар, саламатсыңдар ма, біз өткен сабақта Ms.Access 2000 мен жұмысты бастау деп аталатын сабақты өттік. Үйге берілген тапсырма бойынша бірнеше оқушылардан сұрақтар қою арқылы үй тапсырмасын сұраймын.
Жаңа сабақ
МS Ассеss реляциялық деректер қоймасын басқару жүйесі болып табылады. Реляциялық деректер қоймасын – қазіргі уақытта едәуір кең тараған және ақиқат өнеркәсіптік стандарт. Реляциялық деректер қоймасында барлық деректер тікбұрышты кесте түрінде сақталады әрі деректер қоймасымен орындалатын барлық операциялар кестелерде қолмен жасалып беріледі.
МS Ассеssте деректер қоймасы ақпаратты еңгізу, сақтау, қарау, таңдау және басқару үшін арналған құралдар жиынынан тұрады. Бұл құралдарға кестелер, пішімдер, есеп берулер, сұратулар жатады.
МS Ассеssті іске қосқанда диалог терезесі ашылады, мұнда жаңа деректер қоймасын құру немесе бұрыннан барын ашу ұсынылады. Жаңа деректер қоймасын таңдандар және ОК батырмасын шертіндер.
Элемент
|
Қызметі
|
Журнал
|
Құрылған файлдардың соңғылары жайлы ақпаратпен қамтамасыз етеді
|
Рабочий
|
Қайта құрылғалы жатқан деректер қоймасының пиктограммасын Жұмыс столында орналастыруға мүмкіндік береді
|
Избранное
|
Интернетке деректер қоймасын жариялауға қолданылады.
|
Үйге тапсырма
Деректер қоймасын құру
Х. Сабақты қорытындылау
Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау, бағалау.
ХІ. Бағалау.
Пән аты: Информатика
Класы: 11«А»
Жаратылыстану- математикалық бағыт
І.Сабақтың тақырыбы: Кесте құру. Кесте құрылымының модификациясы
ІІ.Сабақтың мақсаты:
а) Білімділігі: білімділікке, сауаттылыққа, ойлау ұшқырлығын дамыту
ә) Тәрбиелігі: икемділік қасиетімен шабытты болуға қалыптастыру
б) Дамытушылығы: оқушылардың ойлау қабілетімен қызығушылығын арттыру
ІІІ. Сабақтың түрі: аралас сабақ
ІV. Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, топтамалар, тест сұрақтары, т.б.
V. Оқыту әдістері: сөздік, көрнекі, практикалық
VI. Оқыту формалары: жеке, топтық, ұжымдық
VII. Пайдаланылған әдибиеттер: Н.Ермеков, М. Ермеков, С. Ноғайбаланова Информатика 10-11 сынып оқулығы, Балапанов Информатикадан 30 сабақ, Информатика негіздері журналы.
VIIІ.Сабақтың барысы:
а) ұйымдастыру
ә) сабақ сұрау
б) жаңа сабақ
в) бекіту
г) үйге тапсырма
д) қорытынды
Балалар, саламатсыңдар ма, біз өткен сабақта Деректер қоймасын құру
деп аталатын сабақты өттік. Үйге берілген тапсырма бойынша бірнеше оқушылардан сұрақтар қою арқылы үй тапсырмасын сұраймын.
Жаңа сабақ
Кестелер деректер қоймаңыздың негізгі болып табылады, нақ соларда барлық деректер сақталады. Пішімді немесе есеп беруді құру алдында әуелі кестені құрып алуыңыз қажет.
Ассеss-те «кесте» термині нені білдіреді?
Кесте – бұл деректеріңізді сақтайтын объекті. Кестені құруда біртипті ақпараттан тұратын өрісті анықтаймыз. Мысалы : мекен-жай,аты немесе телефон нөмірі. Кестелер әрқайсысы белгілі бір мағынаны сипаттайтын жүздеген жазбалардан тұруы мүмкін. Мысалы : әрбір клиент жайлы жазба оның атын, мекен-жайын және телефон нөмірін қосады. Кесте режимінде кесте баған мен жолдан тұрады. Әрбір қатар – бұл жазба, ал әрбір баған - өріс.
Кестенің құрылымын айқындағаннан кейін, МS Ассеssте оны құруға кірісеміз. МS Ассеss-те кестені құру деректер қоймасы терезесінде жүзеге асырылады:
Өзіңіз құрған деректер қоймасының терезесін ашып, «Кестелер» категориясын таңдаңыз.
Деректер қоймасының терезесінде Создать батырмасын басыңыз.
«Жаңа кесте» диалог терезесі ашылады, оның оң жағында келесі атқарылатын жұмыстардың нұсқалар тізімі табылады:
● Кестелер режимі – кестелер режимінде жаңа кестені құруға мүмкіндік береді.
● Конструктор – кестелер конструкторында жаңа кесте құруға мүмкіндік
береді.
● Кесте шебері – шебер көмегімен жаңа кесте құруға мүмкіндік береді.
● Кестелер импорты – сыртқы файлдан ағымдағы деректер қоймасына кестелер импортын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
● Кестелермен байланыс – сыртқы файлдардан байланысқан кестелермен кестелер құруды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Деректер типтері.
Өріс атауы кестелер деректеріне сілтеме жасау үшін қолданылады. Сақталатын деректердің типін айқындауға деректер типі пайдаланылады. Өрістің деректер типі Деректер типі бағаны өрісінде еңгізіледі. МS Ассеss-те келесі типтердің деректері мүмкін болып табылады:
● Мәтіндік ● Логикалық
● Сандық ● МЕМО өрісі
● Ақшалай ● ОLЕ объектісінің өрісі
● Санауыш ● Гиперсілтеме
● Даталар/уақыттар ● Ауыстырулар шебері
Кесте құрылымының модификациясы.
Егер бірде-бір қате жібермей, кесте құрылымын сипаттаған болсаңыз, онда құрылған кестенің құрылымын сақтау қажет.Алайда құрылымды берерде қате жіберіп қоюыңыз мүмкін. МS Ассеss қателерді жөндеуге арналған құралдарды сізге ұсынады. Оларға жататындар:
● Өріс атауын және /немесе оның типін өзгерту.
● Қалып қойған өрісті қою.
● Қате енгізілген өрісті жою
● Кестедегі өрістердің жол тәртібін өзгерту.
Деректер қоймасына кіретін кестенің құрылымын модификациялау үшін деректер қоймасының терезесінде модификацияланатын кестені таңдап,
Конструктор батырмасын басыңыз.Экранда таңдалған кестенің құрылымынан тұратын конструктор терезесі ашылды.
Өрістер жолының тәртібін өзгерту
Айталық, бір өрісті қазіргі тұрған орнынан бірнеше өріске жоғары не төмен апарғыңыз келді. Мұны жасау үшін келесі әрекеттерді орындаңыз:
Өрістер аттарының сол жағында өрісті таңдау аймағы бар. Орын ауыстырғыңыз келген өріске сипаттама берілген жолға көшіп, осы аймаққа басыңыз. Бұл кезде жол түгелімен ерекшеленеді.
Енді өрісті таңдау аймағына тағы да басып, мауысты жібермеңіз. Мауыс меңзерінің астында, кішкентай үзік сызықпен сызылған тікбұрыш пайда болғанына көңіл аударыңыз.
Үйге тапсырма
Кесте құру. Кесте құрылымының модификациясы
Х. Сабақты қорытындылау
Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау, бағалау.
ХІ. Бағалау.
Пән аты: Информатика
Класы: 11«А»
Жаратылыстану- математикалық бағыт
І.Сабақтың тақырыбы: Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар
ІІ.Сабақтың мақсаты:
а) Білімділігі: білімділікке, сауаттылыққа, ойлау ұшқырлығын дамыту
ә) Тәрбиелігі: икемділік қасиетімен шабытты болуға қалыптастыру
б) Дамытушылығы: оқушылардың ойлау қабілетімен қызығушылығын арттыру
ІІІ. Сабақтың түрі: аралас сабақ
ІV. Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, топтамалар, тест сұрақтары, т.б.
V. Оқыту әдістері: сөздік, көрнекі, практикалық
VI. Оқыту формалары: жеке, топтық, ұжымдық
VII. Пайдаланылған әдибиеттер: Н.Ермеков, М. Ермеков, С. Ноғайбаланова Информатика 10-11 сынып оқулығы, Балапанов Информатикадан 30 сабақ, Информатика негіздері журналы.
VIIІ.Сабақтың барысы:
а) ұйымдастыру
ә) сабақ сұрау
б) жаңа сабақ
в) бекіту
г) үйге тапсырма
д) қорытынды
Балалар, саламатсыңдар ма, кесте құру құрылымының модификациясы деген тақырыпты өттік. Үйге берілген тапсырма бойынша бірнеше оқушылардан сұрақтар қою арқылы үй тапсырмасын сұраймын.
Жаңа сабақ
Өтілгшен сабақтарды тексеру мақсатында оқушыларға өзіндік жұмысқа тапсырмалар беремін.
Жаңа бос деректер қоймасын құрыңыз. Оған «Менің жеке таныстарым» атын беріңіз.
Достарыңыз, жақындарыңыз, туыстарыңыз жайлы ақпарат сақталатын болашақ кестенің құрылымын өңдеп , анықтаныз. Мысалы, МS Ассеss достарды туыстардан ажырату үшін, әрбір жазбада дос, туыс немесе таныс деп белгіленген «Қарым-қатынас» өрісін құруыңызға болады. Қалған өрістерді өзіңіз аңықтаңыз. Олардың шұғылданатын істері, жетістіктері немесе еңбекақылары туралы деректер сізді қызықтыруы мүмкін.
Егер кесте құрылымын анықтап алсаңыз, онда келесі қадамыңыз кестені құру болып табылады. Ол үшін «Конструкторды» қолданыңыз . Кестені құрып болған соң, оған ат меншіктеп, оны жабыңыз.
Енді, ерінбей, «Конструктор» терезесінде өзіңіз құрған кестені ашып, қайсыбір өрістерді жойыңыз да, оларды жаңа сияқты толықтырып қайта қосыңыз. Сосын олардың жүретін жолы ретін өзгертіңіз.
Үйге тапсырма
Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар
Х. Сабақты қорытындылау
Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау, бағалау.
ХІ. Бағалау.
Класы: 11«А»
Жаратылыстану- математикалық бағыт
І.Сабақтың тақырыбы: Көп кестелі деректер қоймасын жобалаудың
ерекшеліктері
ІІ.Сабақтың мақсаты:
а) Білімділігі: білімділікке, сауаттылыққа, ойлау ұшқырлығын дамыту
ә) Тәрбиелігі: икемділік қасиетімен шабытты болуға қалыптастыру
б) Дамытушылығы: оқушылардың ойлау қабілетімен қызығушылығын арттыру
ІІІ. Сабақтың түрі: аралас сабақ
ІV. Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, топтамалар, тест сұрақтары, т.б.
V. Оқыту әдістері: сөздік, көрнекі, практикалық
VI. Оқыту формалары: жеке, топтық, ұжымдық
VII. Пайдаланылған әдибиеттер: Н.Ермеков, М. Ермеков, С. Ноғайбаланова Информатика 10-11 сынып оқулығы, Балапанов Информатикадан 30 сабақ, Информатика негіздері журналы.
Достарыңызбен бөлісу: |