тегалар. Көп жағдайларда бұл тілді білу де шарт емес, бәрін өздері-ақ жасап беретін арнайы редакторларды пайдалануға болады. Сондай редакторлардың бірі – кәдімгі Microsoft Word 2000. Әрине, Microsoft Word 2000 бет жасаудың маңызды құралы бола алмайды. Ол HTML-дың барлық мүмкіндіктерін пайдалана алмайды, мәтіннің көрінісі де онда браузердегідей емес және т.б.
Жаңа сабақты бекіту: Ол үшін балаларға жаңа сабақтан бірнеше сұрақтар қоя отырып сабақты аяқтаймын.
Үйге тапсырма: Pront Page редакторы. Жалпы мәлімет
Сабақты қорытындылау: Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген
білімдерін талдау, бағалау.
Пән аты: Информатика
Класы: 11«А»
Жаратылыстану- математикалық бағыт
І.Сабақтың тақырыбы: FrontPage редакторының мүмкіндіктері
ІІ.Сабақтың мақсаты:
а) Білімділігі: білімділікке, сауаттылыққа, ойлау ұшқырлығын дамыту
ә) Тәрбиелігі: икемділік қасиетімен шабытты болуға қалыптастыру
б) Дамытушылығы: оқушылардың ойлау қабілетімен қызығушылығын арттыру
ІІІ. Сабақтың түрі: аралас сабақ
ІV. Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, топтамалар, тест сұрақтары, т.б.
V. Оқыту әдістері: сөздік, көрнекі, практикалық
VI. Оқыту формалары: жеке, топтық, ұжымдық
VII. Пайдаланылған әдибиеттер: Н.Ермеков, М. Ермеков, С. Ноғайбаланова Информатика 10-11 сынып оқулығы, Балапанов Информатикадан 30 сабақ, Информатика негіздері журналы.
VIIІ.Сабақтың барысы:
а) ұйымдастыру
ә) сабақ сұрау
б) жаңа сабақ
в) бекіту
г) үйге тапсырма
д) қорытынды
Балалар, саламатсыңдар ма, біз өткен сабақта Деректер қоймасын құру
деп аталатын сабақты өттік. Үйге берілген тапсырма бойынша бірнеше оқушылардан сұрақтар қою арқылы үй тапсырмасын сұраймын.
Жаңа сабақ
Маңызды HTML редакторы деп Microsoft FrontPage-ні атауға болады. Бұл Интернетке арналған арнайы редактор және, бір жақсысы, ол Word-қа ұқсайды, сондықтан оны ұғыну сендерге қиынға соқпайды.
Microsoft FrontPage 2000 версияның (бұдан әрі FrontPage Редакторы) редакциялау мүмкіндіктері мол. Frontрage Редакторы HTML-ді бүге-шігесіне дейін білуді талап етпей-ақ, кәсіби сапалы беттер жасауға мүмкіндік береді. Егер бетті редакциялау барысында сөзді курсивпен ерекшелеу немесе тақырып түсін өзгерту қажет болса, Word-тағыдай мәтіннің қажетті фрагментін белгілеп, тиісті батырманы басыңдар – іс бітті. Frontрage HTML-дің тиісті кодын өзі генерациялайды.
Редактордың тамаша мүмкіндіктерінің бірі – оның беттерді WYSIWYG режімінде көрсете алатын қабілетінде. Бұл дегеніміз – олардың браузердегі көрінісі Редакторындағыдай болады деген сөз. Күні кеше ғана HTML кодтарында ұсақ-түйекке дейін қолмен сипаттап отыруға мәжбүр болып, нәтиже ойдағыдай болатынына үміттеніп қана қоятын едік. Ендігі жерде беттің Редакторында дұрыс көрінуіне ғана қол жеткізу жетіп жатыр. FrontPage Редакторында жұмыс істеуге өте ұқсайды. Мұнда да жартылай қара қаріп, курсив және астын сызу, маркерленген және нөмірленген тізімдер, операцияның қайталау және орындатпай сиықты стандартты батырмалар қолданылады. Редактор терезесінде мәтін енгізу дәл Word-тағыдай тексеруге болады. Редакторда кестелер және фреймермдер құру өте ыңғайлы. Редакторда кестелер және фреймдер құру өте ыңғайлы. Фреймдер жөнінде алдағы уақытта білеміз.
Редакторды іске қосу.
Редакторды іске қосу үшін мынадай әрекеттер тізбегін орындаңдар:
Пуск → Программы → Microsoft FrontPage
Іске қосқанда Редактор екі менюі бар терезені ашады. Терезенің жоғарғы бөлігінде көрінісі Office қолданбасының барлық терезелеріндегідей стандартты менюлер және инструменттер панельдері орналасқан. Сол жақтағы меню арнайы FrontPage үшін жасалған, бұл – жұмыс түрлері немесе режимдері менюі.
Standart(Стандартная), Fotmat (Форматирование), lmage(Рисование), Forms(Формы), Аdvanced(Дополнительно), Таble(Таблица) инструменттер панельдері View(Вид) менюі арқылы басқаруға және Word-тағыдай бұл панельдерді View(Вид) командасымен алып тастауға немесе қосуға болады.
Views сол жақ инструменттер панельдерін қарастырайық:
Page – бетті редакциялау экранның төменгі сол жақ бұрышында орналасқан үш қосымша беті бар құрамдас беттер редакторын шақыртады.
Normal (Обычный вид) – Бетті визуальды (Word-тағыдай жасау)
HTML (Код HTML) – HTML режимінде редакциялау
Preview (Предварительный просмотр) – Нәтижені браузердегідей қарау.
Үйге тапсырма
FrontPage редакторының мүмкіндіктері
Х. Сабақты қорытындылау
Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау, бағалау.
ХІ. Бағалау.
Пән аты: Информатика
Класы: 11«А»
Жаратылыстану- математикалық бағыт
І.Сабақтың тақырыбы: FrontPage редакторын пайдалану
ІІ.Сабақтың мақсаты:
а) Білімділігі: білімділікке, сауаттылыққа, ойлау ұшқырлығын дамыту
ә) Тәрбиелігі: икемділік қасиетімен шабытты болуға қалыптастыру
б) Дамытушылығы: оқушылардың ойлау қабілетімен қызығушылығын арттыру
ІІІ. Сабақтың түрі: аралас сабақ
ІV. Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, топтамалар, тест сұрақтары, т.б.
V. Оқыту әдістері: сөздік, көрнекі, практикалық
VI. Оқыту формалары: жеке, топтық, ұжымдық
VII. Пайдаланылған әдибиеттер: Н.Ермеков, М. Ермеков, С. Ноғайбаланова Информатика 10-11 сынып оқулығы, Балапанов Информатикадан 30 сабақ, Информатика негіздері журналы.
VIIІ.Сабақтың барысы:
а) ұйымдастыру
ә) сабақ сұрау
б) жаңа сабақ
в) бекіту
г) үйге тапсырма
д) қорытынды
Балалар, саламатсыңдар ма, біз өткен сабақта FrontPage редакторының мүмкіндіктері деп аталатын сабақты өттік. Үйге берілген тапсырма бойынша бірнеше оқушылардан сұрақтар қою арқылы үй тапсырмасын сұраймын.
Жаңа сабақ
Web-беттердің дизайнын тиімді ету шарттарының бірі – тақырыптарды дұрыс пайдалану. Ірі тақырыптардың көптігі беттеріннің оқылуын қиындатады, ал тақырыптарға кедей беттердің көрінісі жұпыны және оларға қабылдау қиын болады. Тақырыптар газет немесе журналдағыдай бетте берілген ақпаратты құрылымдауға көмектеседі. Сайтымыздың бір бетінің мысалында тақырыптарды пайдаланудың қарапайым үлгісін қарастырайық. Бетті сыныптастарына арнап Мой класс деп атайық. Бұл бетте біз оқушылар тізімін жасаймыз, соңында олардың меншікті беттеріне жасалған сілтемелер тіркеледі. Бұл тапсырманы орындау үшін келесі әрекеттерді іске асыру қажет:
1. File New Page командаларын орындап, Редакторда жаңа бет жасаңдар.
New диалогтық терезесінде Normal Page шаблонын таңдап, ОК батырмасын басыңдар. Редакторда сол жақ жоғарғы бұрышында жыпықтап тұрған меңзер орналасқан бос бет пайда болады.
Пішімдеу панеліндегі стильдер тізімінен Нeading 1(Заголовок 1) таңдандар. Беттің шапкасы тиісінше ,мысалы, бірінші дәрежелі тақырып сияқты ерекшеленіп тұруы керек. FrontPage Редакторында тақырып жаңа жолдан жеке абзац сияқты безендіріледі.
Енді Мой класс бетінің негізгі тақырыбын енгізіндер.
Оқушылардың аттарын енгізіндер. Меңзер жаңа жолға өтуі үшін ‹Enter›-ді басып, стильдер тізімінен Нeading3(Заголовок 3)таңдаңдар да, Александр есімді теріндер.
Енді 5-қадамды қайталай отырып, сыныптың қалған оқушыларының аттарын енгізіңдер.
Тізімде тақырыптардың алты дәрежесі аталғанын ескеру керек.4.7.-суретте тақырыптардың барлық алты дәрежесінің салыстырмалы өлшемдері көрсетілген.
Маңызды HTML редакторы деп Microsoft FrontPage-ні атауға болады.Бұл Интернетке арналған арнайы редактор және,бір жақсысы,олWord-қа ұқсайды,сондықтан оны ұғыну сендерге қиынға соқпайды.
Microsoft FrontPage 2000 версияның (бұдан әрі Frond-Page 2000 немесе жай ғана FrontPage Редакторы) редакциялау мүмкіндіктері мол.
FrontPage Редакторы HTML-ді бүге-шігесіне дейін білуді талап етпей-ақ , кәсіби сапалы беттер жасауға мүмкіндік береді.Егер бетті редакциялау барысында сөзді курсивпен ерекшелеу немесе тақырып түсін өзгерту қажет болса,Word-тағыдай мәтіннің қажетті фрагментін белгілеп, тиісті кодын өзі генерациялайды.
Қаласаңдар, тікелей Редакторда HTML кодын жазып,сол мезетте,браузерді іске қоспай-ақ , өз жұмыстарыңның нәтижелерін көрулеріңе болады.
Редактордың тамаша мүмкіндіктерінің бірі-оның беттерді WYSIWYG режімінде көрсете алатын қабілетінде (what you see is what you get-не көрсеңіз,соны аласыз).Бұл дегеніміз-олардың браузердегі көрінісі Редактордағыдай болады деген сөз.Күні кеше ғана HTML кодтарында ұсақ- түйекке дейін қолмен сипаттап отыруға мәжбүр болып, нәтиже ойдағыдай болатынына үміттеніп қана қоятын едік. Енді жерде,беттің Редакторда дұрыс көрінуіне ғана қол жеткізу жетіп жатыр.
Үйге тапсырма
FrontPage редакторын пайдалану
Х. Сабақты қорытындылау
Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау, бағалау.
ХІ. Бағалау.
Пән аты: Информатика
Класы: 11«А»
Жаратылыстану- математикалық бағыт
І.Сабақтың тақырыбы: FrontPage редакторының қосымша мүмкіндіктері:
а) Білімділігі: білімділікке, сауаттылыққа, ойлау ұшқырлығын дамыту
ә) Тәрбиелігі: икемділік қасиетімен шабытты болуға қалыптастыру
б) Дамытушылығы: оқушылардың ойлау қабілетімен қызығушылығын арттыру
ІІІ. Сабақтың түрі: аралас сабақ
ІV. Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, топтамалар, тест сұрақтары, т.б.
V. Оқыту әдістері: сөздік, көрнекі, практикалық
VI. Оқыту формалары: жеке, топтық, ұжымдық
VII. Пайдаланылған әдибиеттер: Н.Ермеков, М. Ермеков, С. Ноғайбаланова Информатика 10-11 сынып оқулығы, Балапанов Информатикадан 30 сабақ, Информатика негіздері журналы.
VIIІ.Сабақтың барысы:
а) ұйымдастыру
ә) сабақ сұрау
б) жаңа сабақ
в) бекіту
г) үйге тапсырма
д) қорытынды
Балалар, саламатсыңдар ма, біз өткен сабақта FrontPage редакторын пайдалану деп аталатын сабақты өттік. Үйге берілген тапсырма бойынша бірнеше оқушылардан сұрақтар қою арқылы үй тапсырмасын сұраймын.
Жаңа сабақ
Web-парақ жекек Web-құжат болып табылады. Бұл Web-парақтардың кәдімгі мәтіндік құжаттардан форматы өзгеше болады және олар HTML фарматында жазылады.Біз әрбір сервердің Бүкіләлемдік желде өзіндік адресі болатындығын білеміз. Сондай-ақ әрбір компьютердегі әрбір файлдың іздеу жолы деп аталатын өзінің адресі болатындығы бізге бұрыннан белгілі. Сондықтан интернеттің ақпараттық өрісіндегі әрбір құжаттың сол сервердегі файл адресі мен сервер адресінен тұратын адресі болады. HTML форматындағы Web-құжаттарды оқу үшін арнайы программаллар болуы керек.
Web-парақ жекек Web-құжат болып табылады. Бұл Web-парақтардың кәдімгі мәтіндік құжаттардан форматы өзгеше болады және олар HTML форматында жазылады.
Біз әрбір компьютердегі әрбір әрбір файлдың іздеу жолы деп аталатын өзінің адресі болатындығы бізге бұрыннан белгілі. Сондықтан интернетті ақпараттық өрісіндегі әрбір құжаттың сол серведегі файл адресі мен сервер адресінен тұратын адресі болады. HTML форматындағы Web-құжаттарды оқу үшін арнайы программалар болуы керек. Мұндай программаларды Web-құжаттарды оқуға арналған өте кең тараған программалар болып табылады. Web-құжаттарды оқу, олардың бірінен басқасына ауысуға мүмкіндік беру.
Үйге тапсырма
FrontPage редакторының қосымша мүмкіндіктері:
Х. Сабақты қорытындылау
Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау, бағалау.
ХІ. Бағалау.
Пән аты: Информатика
Класы: 11«А»
Жаратылыстану- математикалық бағыт
І.Сабақтың тақырыбы: Кестелермен жұмыс істеу. Кестелер.
а) Білімділігі: білімділікке, сауаттылыққа, ойлау ұшқырлығын дамыту
ә) Тәрбиелігі: икемділік қасиетімен шабытты болуға қалыптастыру
б) Дамытушылығы: оқушылардың ойлау қабілетімен қызығушылығын арттыру
ІІІ. Сабақтың түрі: аралас сабақ
ІV. Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, топтамалар, тест сұрақтары, т.б.
V. Оқыту әдістері: сөздік, көрнекі, практикалық
VI. Оқыту формалары: жеке, топтық, ұжымдық
VII. Пайдаланылған әдибиеттер: Н.Ермеков, М. Ермеков, С. Ноғайбаланова Информатика 10-11 сынып оқулығы, Балапанов Информатикадан 30 сабақ, Информатика негіздері журналы.
VIIІ.Сабақтың барысы:
а) ұйымдастыру
ә) сабақ сұрау
б) жаңа сабақ
в) бекіту
г) үйге тапсырма
д) қорытынды
Балалар, саламатсыңдар ма, біз өткен сабақта FrontPage редакторының қосымша мүмкіндіктері деп аталатын сабақты өттік. Үйге берілген тапсырма бойынша бірнеше оқушылардан сұрақтар қою арқылы үй тапсырмасын сұраймын.
Жаңа сабақ
Кесте – сайт құрағанда қолданылатын ең қуатты инструменттердің бірі. Кестелер басында құрылымдандырылған деректерді көрсету үшін қолданылады. Бірақ біртіндеп олар Web-беттерді құрастырудың қуатты әмбебап құралына айналды. Кестелер бетті онда элементтер орналасатын жеке аймақтарға бөлуге мүмкіндік береді. Нtml кестелері ұяшықтарының төңірегіндегі жақтаулар көрінуі де, көрінбеуі де мүмкін. Егер кесте бетті құрастыру үшін қолданылатын болса, әрине , көрінбейтін шекараны қолданған жөн, бірақ кейбір кездерде, егер әр түрлі үяшықтар үшін әр түрлі құюлар қолданылса, қызық нәтижелер алынады.
Кесте жолдар мен ұяшықтар бағандарынан тұрады, оларда мәтін суреттер кірістірілген кестелер болуы мүмкін. Ұяшық (СеІІ) – кілтті элемент, олардың жиынынан кесте тұрады. Ұяшық әрқашан тікбұрыш пішінінде болады,онда мәтін немесе суреттер болуы мүмкін. Кестенің әр ұяшығы шекаралар орнатады, онда қойылған деректер оларға қатысты тураланады. Егер материалды орналастыру үшін кесте ұяшығының көлемі жеткіліксіз болса, оның көлемін FrontPage автоматты түрде үлкейтеді. Ұяшықтарды бөліктерге бөлуге болады, олар да ұяшық деп аталады. Бірнеше көршілес ұяшықтарды біріктіруге де болады.
Кестенің жолы (Row) бір көлденең деңгейде орналасқан ұяшықтар жиынынан тұрады. Өз кезегінде, кестенің бағаны (Column) – бір тік деңгейдегі ұяшықтар жиыны. FrontPage жеке ұяшықтар үшін де, жолдар, бағандар, ерекгеленген ұяшықтар тобы үшін де, немесе тұтас кесте үшін де әртүрлі атрибуттар белгілеуге мүмкіндік береді. Мұндай атрибуттарға төмендегілер жатады:
ұяшық шекарасы
жиек стилі
ұяшықтың құюяның түсі
Бағандардың тақырыптары дербес объкт емес, бұл тек кесте дизайнының элементі, оны безендіру стилі кәдімгі ұяшықтардың стилінен өзгеше болады. Кестенің жоғарғы жолының ұяшығына біріктірілген мәтін оның тақырыбы бола алады. Жұмысты жеңілдету үшін FrontPage әр кестеге маркерлердің әмбебап жиынын қосады.
Сонымен біз қажетті құрылымдағы кестені жасадық. Енді оларды мәліметтермен толтырып көрейік. Кестелердің ең тамаша ерекшеліктерінің бірі – енгізілген мәтін ұяшықтың ішінде тура біз бүкіл құжаттың шегінде пішімдеп дағдыланғандай пішімделеді. Ұяшыққа енгізілген мәтін, егер оның ұзындығы бағанының енінен артық болса, автоматты түрде жаңа жолға ауысады.
Үйге тапсырма
Кестелермен жұмыс істеу. Кестелер.
Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау, бағалау.
ХІ. Бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |