Сабақтың тақырыбы: Білім күні. Бейбітшілік сабағы Сабақтың мақсаты



жүктеу 4,22 Mb.
бет4/16
Дата18.12.2017
өлшемі4,22 Mb.
#4707
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

ІІІ .Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

Үй жануарларын таныстыра отырып, түсіндіру. Еңбек етуге баулу. Малдың қасиеттері, пайдасы, оларды күту,туралы түсініктерін кеңейте түсу. Үй жануарларын танып білу.


ІҮ. Жаңа сабақ:

а) Үй жануарлары туралы түсінік беру.

ә) Үй жануарларының атын атап, дауысты дыбыстарды анықтау.
Сергіту сәті.

Еркiн ұста денеңдi,

Тарсылдатпай едендi

Орнымыздан тұрып ап

Жүгiрейiк бiр уақ.

Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.

Аяқты алға созайық

Тiк көтерiп, қозғайық.

Тым сылбыр да болмайық

Алға қарай озбайық.

Бiр, екi, үшi, бiр, екi, үш.
Ү. Жаңа білімді бекіту:

-Үй жануарларының пайдасы.

-Үй жануарлары деп аталу себебі не?
б) Дыбыстық талдау жасау:

Мына сөздерде қанша дыбыс бар? Жылқы, Түйе. Сиыр.Қой. Ешкі.



д) Дәптермен жұмыс
ҮІ .Сабақты қорытындылау:

Бүгін біз сендермен құстар,үй құстары туралы білдік.

Дидактикалық ойын: «Таптым, таптым.»М...с...қ, ...т. б...т... , қ...з... , қ...л...н, л..қ, б...з...у.

Пәні: Сауат ашу

Күні: 12.09.2015

Сабақтың тақырыбы:Көкөністер.Жеміс-жидектер. Дауыссыз дыбыстар

Сабақтың мақсаты: Көкөніс,жеміс-жидектермен таныстыра отырып, қайда өсетіндігі, пайдасы туралы түсіндіру. Тазалыққа үйрету , салауаттылыққа баулу. Дәрумендер осы жемісте екенін жете білу.

Сабақтың көрнекілігі: Суреттер.

Оқыту әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап.

Сабақтың мазмұны.

І .Ұйымдастыру.

Оқушыларды түгендеу

Зейінін сабаққа аудару.
Психологиялық дайындық

Шырылдады қоңырау

Біз сабақты бастаймыз

Партамызға отырып

Өзара көз тастаймыз

Жаңа білім алуға

Алға қадам жасаймыз
ІІ .Өткен сабақты еске түсіру:

-Үй жануарларының қандай түрлерін білесіңдер

- Малдың пірі не?

-Үй жануарларының пайдасы қандай?


ІІІ .Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

Көкөніс,жеміс-жидектермен таныстыра отырып, қайда өсетіндігі, пайдасы туралы түсіндіру. Тазалыққа үйрету , салауаттылыққа баулу. Дәрумендер осы жемісте екенін жете білу.


ІҮ. Жаңа сабақ:

а) Көкөніс, жеміс-жидек туралы түсінік беру.

ә) Жемістер туралы оқушылардың білетінін анықтау.-Жемістер қайда өседі?-Сендер жемістерді білесіңдер ме?

б)Алма, алмұрт, шие, жүзім, қарақат,алхоры т.б.


Ү. Жаңа білімді бекіту:

-Балалар, қане кім әңгімелеп береді?

-Сендердің бақта қандай жемістер өседі?

-Жемістерді қысқа қалай сақтайды?


Сергіту сәті.

Еркiн ұста денеңдi,

Тарсылдатпай едендi

Орнымыздан тұрып ап

Жүгiрейiк бiр уақ.

Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.

Аяқты алға созайық

Тiк көтерiп, қозғайық.

Тым сылбыр да болмайық

Алға қарай озбайық.

Бiр, екi, үшi, бiр, екi, үш.
-Одан біз қандай пайдалы жағын қажетімізге жаратамыз?

-Көкөністер қайда өседі?

-Көкөністерді ата?
д) Дәптермен жұмыс

№1 Жазу дәптерлеріндегі тапсырмаларды үстінен бастырып үйренеді.


ҮІ. Сабақты қорытындылау:

Бүгін біз сендермен көкөністер, жеміс-жидектер туралы білдік? Дидактикалық ойын: «Таптым, таптым.» ..лм..., ...р...к,



Пәні: Математика

Күні: 08.09.2015

Сабақтың тақырыбы: Заттардың екі тобын салыстыру

Сабақтың мақсаты: Заттар топтарын әр түрлі тәсілмен салыстыру.Ұқыптылыққа баулу. Сәйкес нәтижені білдіретін сөздерді енгізу мән- мағынасын түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер

Оқыту әдісі: Түсіндіру. Сұрақ-жауап.

Сабақтың мазмұны:



І. Ұйымдастыру:

Оқушыларды түгендеу.

Зейінін сабаққа аудару.
Психологиялық дайындық

Ойға толсын санамыз,

Бестік болсын бағамыз.

Баласындай бір үйдің,

Тату болсын арамыз.
ІІ. Білімді бекіту.

1. Салыстыру (беттестіріп.)

2. Бөліктермен(неше бөліктен тұратынын анықтау)

3. Сызғыштың көмегімен анықтау.


ІІІ. Мақсат қою: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау
ІҮ. Жаңа сабақ:

а) Артық, кем, сонша ұғымын түсіндіру.


Сергіту сәті

Орнымыздан тұрамыз,

Алақанды ұрамыз.

Бiр отырып, бiр тұрып,

Тез шынығып шығамыз.
Ү. Жаңа білімді бекіту.

а) Шахмат тастары. Ағы қанша болса, қарасы сонша.(5)

ә) Волейбол ойнап жүрген балалардың ұлы қанша болса, қызы сонша. б) 0-4---5 1-уі кем,немесе 1-уі артық Ұшақ-(5 ) қанша болса,асық сонша.(5)

Тікұшақ қанша болса, машина сонша.


Дәптермен жұмыс:

№1 математика дәптеріндегі суреттерді бояп, сызбалардың үстінен бастырып үйрету.


Сабақты қортындылау:

Бүгін біз қандай математикалық ұғыммен таныстық?


Пәні: Математика

Күні: 09.09.2015

Сабақтың тақырыбы: Кеңістікке бағдарлау

Сабақтың мақсаты: Заттардың кеңістікте орналасу қалпын анықтау туралы түсінік беру. Оқушыларды ұқыптылыққа баулу. Танымдылық қабілетін арттыру.

Сабақтың көрнекілігі суреттер

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру.

Сабақтың мазмұны:



І .Ұйымдастыру:

Сабаққа назарын аудару.


Психологиялық дайындық

Ойға толсын санамыз,

Бестік болсын бағамыз.

Баласындай бір үйдің,

Тату болсын арамыз.
ІІ. Мақсат қою: Тақырыбын, мақсатын хабарлау.

Заттардың кеңістікте орналасу қалпын анықтау туралы түсінік беру. Оқушыларды ұқыптылыққа баулу. Танымдылық қабілетін арттыру.


ІІІ. Жаңа білімді меңгерту:

а) Сыныптағы орналасқан заттарды кеңістікте орналасуына қарай анықтау.

ә) Оқушыны алды –артында және онымен қатар отырған оқушылардың есімін атату.

б) Оқулықпен жұмыс:

1. Сурет бойынша жұмыс (жоғарыда- төменде, оң жақта-сол жақта орналасқан заттарды анықтау.)

2. Көшеде, мектеп ішінде жүру тәртібін білу.

3. Үстел үстінде, астында орналасқан заттарды анықтау.
Сергіту сәті

Орнымыздан тұрамыз,

Алақанды ұрамыз.

Бiр отырып, бiр тұрып,

Тез шынығып шығамыз.
б) Оқушыларды бір-бірінің алдына, артына, оң жағына , сол жағына тұрғызу.

в) Дәптермен жұмыс.

№1 математика дәптеріндегі суреттерді бояп, сызбалардың үстінен бастырып үйрету.
Ү. Білімді бекіту: Орналасу кеңістігін анықтау. Оқушы туралы өлең жаттау

Күннің нұры шуақты, Сергітеді денемді.

Құрдастарым сияқты, Оқушымын мен енді
ҮІ. Сабақты қорытындылау:

Біз сендермен заттың кеңістікте орналасуын анықтадық, қолдану тәртібін білдік.



Пәні: Математика

Күні: 10.09.2015

Сабақтың тақырыбы: Уақытты бағдарлау

Сабақтың мақсаты: Уақыт аралығы жайында түсіндіру .Оқушыларды ұқыптылыққа, тазалыққа баулу. Адамгершілік тәрбие беру. Сана сезімін оята отырып, ой-өрісін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі суреттер

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру.

Сабақтың мазмұны:



І. Ұйымдастыру:

Түгендеу, партаға дұрыс отыру.

Сабаққа назарын аудару.
Психологиялық дайындық

Ойға толсын санамыз,

Бестік болсын бағамыз.

Баласындай бір үйдің,

Тату болсын арамыз.
ІІ. Өткен сабақты еске түсіру.

1. Жоғарыда- төменде, оң жақта-сол жақта орналасқан заттарды анықтау.

2. Көшеде, мектеп ішінде жүру тәртібін білу.

3. Үстел үстінде, астында орналасқан заттарды анықтау.


ІІІ. Мақсат қою: Тақырыбын, мақсатын хабарлау.

Уақыт аралығы жайында түсіндіру .Оқушыларды ұқыптылыққа, тазалыққа баулу. Адамгершілік тәрбие беру. Сана сезімін оята отырып, ой-өрісін дамыту.


ІҮ. Жаңа білімді меңгерту:

а) Сурет бойынша әңгіме құрату.

Мен таңертең төсектен тұрамын. Төсегімді жинаймын.Содан кейін беті-қолымды жуамын.Ертеңгі асымды ішемін.Содан соң мектепке барамын. Сабақтан келген соң түскі тамағымды ішемін. Түстен кейін алдымен мамама үй жинауға көмектесемін.Біраздан соң сабағыма дайындаламын.Кешке қарай біраз ойнаймын. Кешкі тамағымды ішіп, жуынып, ұйықтаймын.

ә) Адамдардың күндізгі, түнгі жұмыс істеу уақыты туралы түсінік беру.


Сергіту сәті

Орнымыздан тұрамыз,

Алақанды ұрамыз.

Бiр отырып, бiр тұрып,

Тез шынығып шығамыз.
Ү. Білімді бекіту

а)-Көктемде тұқым себуге дайыдайтынын бәріміз білеміз. Күн жылына бастаған кезде қарбыз тұқымын септік.(әрі қарай оқушылар жалғастырады).

1.Себілген тұқым өнеді.

2. Содан кейін көгере бастайды.

3. Содан кейін гүлдеп түйін тастайды.

4. Одан кейін біртіндеп үлкейеді, жазда толысады.

5. Күзде піседі, жетіліп піскен қарбыз жиналады.

ә) 3 сурет. Құлпынай көктеп жапырағы қаулаған сәт.

Құлпынай гүл шашты. Құлпынай түйін салды.

б) Дәптермен жұмыс.

№1 математика дәптеріндегі суреттерді бояп, сызбалардың үстінен бастырып үйрету.
ҮІ. Сабақты қорытындылау:

Біз сендермен уақыт аралығы жайлы мағлұмат алдық.



Пәні: Математика

Күні: 11.09.2015

Сабақтың тақырыбы: Реттік санау. Нешінші?

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды реттік қатынастармен таныстыру.Ұқыптылыққа баулу, адамгершілік тәрбие беру. Санның реттік мәнімен таныстыру.нәрселердің қандай ретпен саналғанын анықтауға болатынын көрсету.

Сабақтың көрнекілігі: Суреттер.

Оқыту әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап.

Сабақтың мазмұны.

І. Ұйымдастыру.

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.


Психологиялық дайындық

Ойға толсын санамыз,

Бестік болсын бағамыз.

Баласындай бір үйдің,

Тату болсын арамыз.
ІІ. Өткен сабақты еске түсіру:

Бұрын-кейін математикалық терминінің уақыт аралық мәнін мағынасын айту.


ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

Оқушыларды реттік қатынастармен таныстыру.Ұқыптылыққа баулу, адамгершілік тәрбие беру. Санның реттік мәнімен таныстыру.нәрселердің қандай ретпен саналғанын анықтауға болатынын көрсету.


ІҮ. Жаңа сабақ:

а) Балаларды қатарға тұрғызып,

1-ші болып келе жатқан кім?

2-ші болып келе жатқан кім?

Одан кейінгі кім?

3-ші, 4-ші кім?

Барлығы қанша бала?
Сергіту сәті

Орнымыздан тұрамыз,

Алақанды ұрамыз.

Бiр отырып, бiр тұрып,

Тез шынығып шығамыз.
Ү. Оқулықпен жұмыс:

1-сурет. -Балалардың қайсысы бірінші болып келе жатыр? -Одан кейінгі екінші болып келе жатқан кім? - Ең соңында кім келе жатыр?

2-сурет. 1 Алма ағашы қайтті? Одан кейін....? Күзде ше? Қыста алма ағашының жапырақтары түгел түсіп қалды?

3-сурет. Ең алғаш рет балалар мектепке келді? Автобустың қай есігінен мінеміз? (артқы)

4-сурет. Сол жақта бірінші болып қандай үй тұр? т.б.

Сергіту сәті.


ІҮ. Жаңа білімді бекіту.

1. Санауға жаттығу.

2. Қанша? нешінші? деген сұрақтарды салыстыру.
3. Дәптермен жұмыс.

№1 математика дәптеріндегі беннелерді атай отырып бояп, сызбалардың үстінен бастыру.


ҮІ. Сабақты қорытындылау:

Бүгін біз сендермен реттік қатынас туралы білдік.



Пәні: Математика

Күні: 07.09.2015

Сабақтың тақырыбы:Кіріспе
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың әдебиеттік оқу, математика, дүниетану пәндері бойынша жыл бойы алған білімдерін тексеру, пысықтау. Ой - өрісін, ойлау, есте сақтау қабілеттерін, тіл байлығын дамыту. Сауатты жазуға, дұрыс сөйлеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: сөздер, сандар, суреттер.
Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру.
Оқушыларды сабаққа даярлау
Психологиялық дайындық
Ақыл - ойын дананың
Ана тілден аламын.
Ана тілім ардақты
Ақ сүтіндей анамның,- дей келе, « әдебиеттік оқу» не үйрендік, не білдік? соған тоқталайық.

І. Сұрақтарға жауап алу
1. Сөз неден құралады?
2. Сөйлем неден құралады?
3. Дыбыс пен әріптің айырмашылығы қандай?
4. Дыбыстар неше топқа бөлінеді және қандай болып бөлінеді?
5. Қазақ алфавитінде неше дыбыс және неше әріп бар?
6. Сөздегі буын санын қалай анықтаймыз?
7. Тасымал не үшін қажет?
8. Заттың атын білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қойылады?
9. Бас әріппен жазылатын сөздерді білесің бе?
10. Заттың қимылын білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қойылады?
11. Заттың сынын білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қойылады?
12. Заттың санын білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қойылады?

ІІ. Шығармашылық жұмыс.(ауызша)
Қатар ара жарысамыз.
1 қатар - Заттың атын білдіретін сөзі бар бір сөйлем айт.
2 қатар - Заттың сынын білдіретін сөзді қатыстырып бір сөйлем айт.
3 қатар - Заттың санын білдіретін сөзі бар сөйлем айт.

Тапсырма.
Оқушы.......... оқушы..... оқушы
Гүл......... гүл..... гүл
Ағаш.......... ағаш..... ағаш
Жаңбыр.......... үй..... парта
«Кім жүйрік?» ойыны


Сергіту сәті

Жолдарыңа үңіліп,

Екі бақа жүгіріп,

Секіреді, бақ-бақ,

Ағаштарды аттап.

Олар ерте тұрады,

Беті-қолын жуады.

Оңға-солға шайқалып,

Бақылдайды ән салып.

Судан шіркей табады,

Өсіп үлкен болады.

Бақ-бақ, нақ-нақ,

Біздер айттық тақпақ.


ІІІ. Мақал - мәтелдер айтып үйрету
1 қатарға Отан туралы.
2 қатарға оқу - білім туралы. Туған жер
3 қатарға еңбек туралы. Жақсы жаман туралы.

IV. Өлеңді мәнерлеп айту.
1. Тарту.
2. Кел, балалар, оқылық!
3. Адам болам десеңіз.

Қорытындылау.
- Бүгінгі сабақта нені үйрендік?

Пәні: Логика негіздері

Күні: 07.09.2015

Сабақтың тақырыбы: «Не өзгерді?»

Сабақтың мақсаты:

Балаларға сандарды немесе саннан санды азайтқанда не өзгергендігін айтып түсіндіру. құрастыра білуге үйрету. Танымдық қабілеттерін дамыту. Ұқыптылыққа, тәртіпті болуға тәрбиелеу.



Сабақтың түрі: аралас

Көрнекілігі: санау материалдары

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ- жауап, ойын, көрнекілік
Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру

Оқушыларды сабаққа даярлау


ІІ. Білімді жан-жақты тексеру

« Шапшаң қимылдайық» ойынын ойнату арқылы білімдерін тексеру
ІҮ. Білімді қабылдауға дайындау
Ми гимнастикасы

Ширату.

Бір жылда неше ай бар?

Екінші , жетінші айды ата

Барлық бұрыштары бірдей төртбұрыш?

Метр қандай өлшем бірлігі?

Сағат ше?

Килограмм ше?

Ойнайтын балалардың бір бөлігі?


Ү. Жаңа білімді меңгерту

№ 1 Суретті қара, әр фигурада неше үшбұрыш бар?

Жауабы: 1де 5, 2 де 12

№2 Суреттеең жоғары ұшып келе жатқан ұшақты- көк, ал ең төмен ұшып келе жатқан ұшақты жасылмен бояу.


Көңілді үзіліс

Музыка ырғағымен би қозғалысын жасау.

№3 Сәйкес сөзді тап

Жауабы: қалың-жұқа, ащы-тұщы, ұзын-қысқа, көп-аз.
Мойын бұлшық еттеріне арналған жаттығулар.
№4 Серіктің бойы Беріктен биік, ал Берік Дарханнан аласа. Балалардың атын жазу. Берік, Серік, Дархан.

№5 графикалық диктант


Графикалық жұмыс

Бастапқы нүктеден1 тор жоғары, 1 тор жоғары солға қиялап, 1 тор жоғары, 1 тор оңға, 1 тор төмен, 3тор оңға, 1 тор жоғары, 1 тор оңға, 1тор төмен,1 тор оңға,1 тор жоғары, 1 тор оңға, 1 тор төмен, 1 тор оңға, 1 тор жоғары ,1 тор оңға, 1 тор төмен, 1 тор төмен қиялап солға,1 тор төмен . Хан сарайы



ҮІ. Білімді бекіту

Оқушыларды мадақтау



Пәні: Музыка

Күні: 07.09.2015

Сабақтың  тақырыбы:  Музыка суреттейді.

Сабақтың  мақсаты

Білімділік  мәні :   Оқушыларға  музыка мен ортаның тығыз байланысын таныстыру

Дамытушылығы:  Шығармаларды естей отырып, суреттей білуге үйрету.                                                    

Тәрбиелік  мәні : Табиғатты, туған  жерін аялауға тәрбиелеу 

Сабақтың түрі: саяхат сабақ 

Сабақтың типі:Жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың  әдісі:     Жаңа  сабақ түсіндіру , әңгімелеу, шығармашылыққа  баулу . 

Пәнаралық  байланысы:   Музыка әдебиеті , тарих, сурет

 

Сабақ жоспары: 

Ұйымдастыру кезеңі.

Жаңа сабақты түсіндіру .

                                          Сабақтың  барысы:

  Балалар, біздер музыкалық аңыз әлеміне саяхатқа шығамыз. Музыканы тыңдау және әнді айту үшін шығарманың мазмұнын біліп алу керек.

Қазақ жерінің әсем табиғатын, тұрмыс-тіршілігін бейнелейтін, суреттейтін музыкалық шығармалар көптеп кездеседі. Музыка әлемі музыкалық және шулы дыбыстардан тұрады. Шулы дыбыстарға табиғи құбылыстар, машинаның гүрілі т.б дыбыстар жатады.  Табиғат пен музыка  бір- бірімен тығыз байланысты.Музыкалық шығармалардан табиғаттың бейнелі суреттемелерін байқауға болады.Қазақ жерінің кең даласын, жазық жерін, табиғатын көп күйшілер суреттей білген. Осындай күйдің бірі Құрманғазының «Сарыарқа» күйі.

 

Дәптермен жұмыс: гимн тыңдау.

Гимн — бұл дыбыстық рәміз, әлеуметтік-саяси бірігуде және еліміздегі азаматтарды этномәдени бір тұрпаттылықта айтарлықтай мағына береді.«Гимн» терминінің өзі гректің «gimneo» сөзінен алғанда «салтанатты ән» дегенді білдіреді.


Кез-келген халықтың тарихында музыкалық шығармалар бар, ол тарихтың белгілі бір уақытында халықтың гимні болған. Осындай ән қазақ халқында да бар. Ол Жоңғар шапқыншылығы кезіндегі қазақ халқының ауыр тауқыметін көрсетуге арналған «Елім-ай» әні, оны ХVІІІ ғасырдың атақты батыры, ақын-сазгер Қожаберген жырау Толыбайұлы жазған.
Қазақстан Ресей империясының құрамында болған кезде қазақтардың бірыңғай әнұраны болмады. Қазақтарды ұлт-азаттық көтерілістерге қарсы қайсар ерлікке рухтандыратын ақындар мен жыраулардың жеке әндері ғана болды.
Тәуелсіздік алғаннан кейін қазақтардың бірнеше ұрпақтарының көпғасырлық арманы — азаттық пен зайырлылықты бейнелейтін жаңа әнұранын әзірлеу қажеттігі туындады. 
Қорытындылау

Сөзі: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев



Алтын күн аспаны, 
Алтын дән даласы, 
Ерліктің дастаны, 
Еліме қарашы! 
Ежелден ер деген, 
Даңкымыз шықты ғой. 
Намысын бермеген, 
Қазағым мықты ғой!
Қайырмасы: 
Менің елім, менің елім, 
Гүлің болып егілемін, 
Жырың болып төгілемін, елім! 
Туған жерім менің – Қазақстаным!
Ұрпаққа жол ашқан, 
Кең байтақ жерім бар. 
Бірлігі жарасқан, 
Тәуелсіз елім бар. 
Қарсы алған уақытты, 
Мәңгілік досындай. 
Біздің ел бақытты, 
Біздің ел осындай!
Қайырмасы: 
Менің елім, менің елім, 
Гүлің болып егілемін, 
Жырың болып төгілемін, елім! 
Туған жерім менің – Қазақстаным!

 

1.Музыка әлемі қандай дыбыстардан тұрады?

2Музыкалық дыбыстар дегеніміз не?

3.Шулы дыбыстар дегеніміз не?

 

Үйге тапсырма

Қазақстанның Мемлекеттік Рәмірдерінің бірі Гимн (Әнұранын) жаттау




Пәні: Еңбекке баулу

Күні: 11.09.2015

Сабақтың тақырыбы: Табиғи материалдардан аппликация жасау. Жапырақтардан аппликация жасау. «Бет-бейнесі бар жапырақтар». «Көжек» аппликациясын жасау

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды табиғи материалдың түрлерімен таныстыру. Табиғи материалдардан жасалатын бұйымдарды көрсету арқылы оқушылардың жан- жақты білімдерін дамыту. Оқушыларды ұқыптылыққа, реттілікке баулу.

Сабақ типі: Аралас.

Сабақ әдіс түрі:

Сабақ көрнекілігі: табиғи материалдар шөп, жапырақ, бүр, жаңғақ. т.б.
Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

- Оқушыларды сабаққа даярлау.


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Үлескідегі жұмыс.

Қай айда жапырақтар өте көп түседі?

Күзгі жұмыстарға қандай құралдарды пайдаланады?


ІІІ. Жаңа материалдармен таныстыру:

Бүгінгі өтетін сабақтың тақырыбы: Табиғи материалдар түрі.

Табиғи материалдарға нелер жатады?

Табиғи материалдардан қандай бұйымдар жасалынады?


Оқушыларға тақырыпты түсіндіріп, мақсатын айта кетем.

Табиғи материалдардан аппликация жасау. Жапырақтардан аппликация жасау. «Бет-бейнесі бар жапырақтар». «Көжек» аппликациясын жасау


IV. Жаңа сабақ.

Табиғи материалдар: шөп, жапырақ, бүр, жаңғақ түрлері, құс қауырсыны, ұсақ тас, бұтақ көкөніс және ағаш жатады. Ағаш тамыры мен бұтақтарының пішіні әр түрлі болады. Кейде олардың пішіні аңға ұқсап кетеді.Байқадыңдар ма?


V. Практикалық бөлім

Жапырақтан қоянның бейнесін жапсыру





1. Басы.

2. Құлақтары. (2).

3. Денесі.


  1. Қолы. (2).

  2. Аяқтары. (2).


VI. Қорытынды бөлім:

Оқушылардың жасаған жұмыстарынан класс көрмесін ұйымдастыру.


VII. Үйге тапсырма беру.

Табиғи материалды жина.


VIII. Бағалау.

Пәні: Еңбекке баулу

Күні: 12.09.2015

Сабақтың тақырыбы: Өсімдіктерден жасалған аппликациялар. Үлгі бойынша аппликация жасау

Сабақтың мақсаты:

Жапырақтан құрамақ жасау. Жұмыстың орындалу реті жайлы түсінік беру Қауіпсіздік ережесін сақта. Ұқыптылыққа тәрбиелеу



Сабақ типі: Аралас.

Сабақ әдіс түрі:

Сабақ көрнекілігі: табиғи материалдар шөп, жапырақ, бүр, жаңғақ. т.б.
Сабақтың мазмұны

І. Ұйымдастыру:

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.


ІІ. Мақсат қою:

тақырыбын таныстыру, мақсатын хабарлау.Жапырақтан құрамақ жасау. Жұмыстың орындалу реті.

Жапырақтан құрамақ жасау. Жұмыстың орындалу реті жайлы түсінік беру Қауіпсіздік ережесін сақта. Ұқыптылыққа тәрбиелеу
ІІІ. Жаңа сабақ:

Жапырақтан құрамақ жасау.

Жұмыстың орындалу реті.

1.Кептірілген жапырақтардан әдемі аппликация құрауға болады. Аппликация – қағаз бен матаның бетіне қағаз, мата қиықтарын, табиғи материалдарды бекіту.

2. Жұмыстың орындалу реті жайлы түсінік беру.

3. Қауіпсіздік ережесін сақтай білуге баулу.


Практикалық жұмыс.

Жапырақтардан «Көжектің» бейнесін жапсырмалау.


ІҮ. Білімді бекіту:

Көжектің аппликациясын құрауға қандай материалдарды пайдаландың?

Аппликация деген не?

Көжектің бейнесі неше жапырақтан тұрады?

Қандай ағаш жапырақтарын пайдаландың?
Ү. Сабақты қорытындылау:

Біз нені үйрендік?




Пәні: Қызықты грамматика

Күні: 08.09.2015

Сабақтың тақырыбы: Ауызекі және жазба тілде сөйлеу туралы ұғым. Астана-

Қазақстанның астанасы.


Сабақтың мақсаты:Ауызекі және жазба тілде сөйлеу туралы түсінік беру.

Ой өрісін, есте сақтау, байланыстырып сөйлеу дағдысын арттыру.

Көркем де сауатты жазуға баулу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: тақырыптық суреттер, қима қағаз
Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, талдау, ізденіс, комментарий.
Пәнаралық байланыс: ана тілі
Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.

Класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, олардың назарын сабаққа аудару.


II. Ой қозғау.

Адамдар бір – бірімен қалай байланыс жасайды?

Тіл арқылы, сөйлеу арқылы

Бейнетаспамен жұмыс
IV. Мақсат қою кезеңі

Ауызекі және жазбаша сөйлеу туруалы түсінік беру.

Нан

Олай болса бүгінгі сабағымызда ауызекі және жазбаша сөйлеу туралы әңгімелейміз


V. Жаңа тақырып

А а әрпін көркем жазу

Тіл –сөйлеу құралы.

Ауызша әңгіме

Суретпен жұмыс

Астана-Қазақстанның астанасы деген тақырыпқа ауызша әңгіме құрау

Рөлдік ойын Кім жылдам?

Өз бетімен жұмыс

Досыма хат жазбаша сөйлеу
VI. Жаңа материалды пысықтау

VII. Бекіту кезеңі
Пәні: Бейнелеу өнері

Күні: 09.09.2015

Сабақтың тақырыбы:

Суретшілердің көркем шығармаларындағы алуан түрлі реңктер.


Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Реңк атаулары жайлы терең мағлұмат беру,

оқушылардың білімдерін қалыптастыру.
ә) Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін, өздігінен білім алып,

ізденімпаздық жүйелілеу қасиеттерін, жұмыс істей алу

дағдыларын дамыту.
б) Тәрбиелілік: Оқушыларды тез ойлауға, ойын жүйелей білуге, ізденуге,

нақтылыққа тәрбиелеу.


Сабақтың көрнекілігі: Бояу түрлері, түрлі қарындаштар, көркем суретті альбомдар, дидактикалық құралдар.

Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  4. Тапсырмаларды орындау.

  5. Сабақты бекіту.

  6. Үйге тапсырма.


Сабақтың барысы:

Түс реңктерінің өз атаулары бар. Кейбір реңктердің атаулары көкөніс, жеміс-жидектердің атауларымен байланысты болады: шие, шабдалы, таңқурай, шалқан, жаңғак, сәбіз, т.б. Кейбір реңктер гүлдердің атымен аталады. Мына суреттердегі реңктердің түсін ата. Олардың қандай сөздерден шыққанын айт. Гүлдер мен жемістерге байланысты тағы қандай реңктерді атай аласың?



Сонымен қатар реңк атаулары табиғи заттардың, минералдар мен металдардың атымен де аталады: құм, теңіз толқыны, коралл, күміс, алтын, мырыш, кобальт, малахит түстес, т.б. Мына суреттердегі түс реңктерін қалай атауға болады? Қандай түс реңктерінің атауларын білесің, есіңе түсір. Көбірек түс реңктерінің түсін атауға тырыс. Ол атаулардың қайдан шыққанын анықта. Палитрада алуан түрлі күз реңктерін шығаруға тырыс.

Суретші көркем шығарма салған кезде көптеген түстер мен реңктерді қолданады. Сондықтан оның жұмысындағы түстер гаммасы өте бай әрі әсерлі болады. Мына шығармада қай түстің реңктері басым? Қандай реңктер көбірек - жылы ма, әлде суық па? Бірнеше реңктерді ата.


жүктеу 4,22 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау