Сабақтың тақырыбы: Білім күні. Бейбітшілік сабағы Сабақтың мақсаты



жүктеу 4,22 Mb.
бет14/16
Дата18.12.2017
өлшемі4,22 Mb.
#4707
түріСабақ
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

ҮІ. Сабақты қорытындылау:

Бүгін біз сендермен қанша саны және цифрымен таныстық?


ҮІІ. Үйге тапсырма. Бағалау

Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Математика

Күні: 01.10.2015

Сыныбы: 1 «ә» сынып

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Қосу және азайту.

Сабақтың мақсаты: Қосу және азайту таңбаларымен таныстыру (+)және(-) таңбаларын енгізу арқылы қосу және азайту амалдарын жазуды үйрету. Ұқыптылыққа баулу. Қосу және азайту амалдары ұғымын қалыптастыра отырып, олардың негізінде топтарды біріктіру және ажырату екенін көрсету.

Сабақтың көрнекілігі: Таңбалар, цифрлар.

Оқыту әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың мазмұны.

І Ұйымдастыру.

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.


Психологиялық дайындық

Ойға толы санамыз

Бестік болсын бағамыз

Баласындай бір үйдің

Тату болсын арамыз
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
ІІІ Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

Қосу және азайту таңбаларымен таныстыру (+)және(-) таңбаларын енгізу арқылы қосу және азайту амалдарын жазуды үйрету. Ұқыптылыққа баулу. Қосу және азайту амалдары ұғымын қалыптастыра отырып, олардың негізінде топтарды біріктіру және ажырату екенін көрсету.


ІҮ Жаңа сабақ:
а) Үлестірмелі материалдардың көмегімен 1+1 деп жазып, 2-1 түсіндіру.
ә) Оқулықпен жұмыс: Сурет бойынша 1+1, 2-1 жазуын түсіндіру. 1 шаршыға тағы 1 шаршыны қосқанда 2 шаршы болады. 1+1=2 1 дөңгелекке 1 дөңгелекті қосқанда 2 дөңгелек болады. 1+1=2 2 дөңгелектен 1 дөңгелекті алып тастаса,1 дөңгелек қалады. 2-1=1




Сергіту сәті

Орнымыздан тұрамыз

Алақанды ұрамыз

Бір отырып, бір тұрып

Тез шынығып аламыз
Ү. Жаңа білімді бекіту.
1) Бір бала сабаққа ерте келді.Одан кейін тағы бір бала келді. Қанша бала болды.
2) Дәптермен жұмыс
«+».»-«таңбаларын қандай жағдайда қолдану керектігін түсіндіріп торқөздерге қажет сандарды жазу.




Ұзындығын салыстыру.

ҮІ. Сабақты қорытындылау:

Бүгін біз сендермен +,- таңбаларын қандай жағдайда пайдаландық?


ҮІІ. Үйге тапсырма. Бағалау

Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Математика

Күні: 02.10.2015

Сыныбы: 1 «ә» сынып

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: 2 санының құрамы . Сандарды салыстыру. 23 бет

Сабақтың мақсаты: 2 санының 2 бірліктен тұратынын , қосудың нәтижесін белгісін пайдаланып жазуды, 2 ден 1-ді азайтқанда 1 шығатынын түсіндіру. Ұқыптылыққа баулу. Теңдік , теңсіздік ұғымын қалыптастыру. Сана сезімін ой-өрісін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: Таңбалар, цифрлар.

Оқыту әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың мазмұны.

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.


Психологиялық дайындық

Ойға толы санамыз

Бестік болсын бағамыз

Баласындай бір үйдің

Тату болсын арамыз
ІІ. Өткен сабақтан алған білімін тексеру.

1-2 сандарын тақтаға жазғызып, таңбаларды сұраймын.


ІІІ. Үй тапсырмасын сұрау

2 санын қалай шығарып алдық. Саны неше бірліктен тұрады?


ІҮ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

2 санының 2 бірліктен тұратынын , қосудың нәтижесін белгісін пайдаланып жазуды, 2 ден 1-ді азайтқанда 1 шығатынын түсіндіру. Ұқыптылыққа баулу. Теңдік , теңсіздік ұғымын қалыптастыру. Сана сезімін ой-өрісін дамыту.


Ү. Жаңа сабақ:
а) Демонстрациялау арқылы түсіндіру.

-Сол қолымда неше дәптер бар?

-бір.

-Оң қолымда неше дәптер бар?



Сол қолымдағы дәптерді оң қолыма қосып ұстап, біз не істедік?

-Көк дәптерді ,қызыл дәптерге қостық. Оны амал таңбаларын қолданып жазып көрейік: 1+1=2 Осылай 2-1=1 теңдігін де түсіндіремін. ә) 2- ні 2- мен, 2 мен 1-ді, 1 мен 1-ді салыстырып,салыстыру ережесін тақтаға жазу. 2=2 2>1 1=1 1<2` теңдік ,теңсіздік таңбасымен таныстыру.


Оқулықпен жұмыс:










1-2 сурет бойынша 1+1, 2-1 жазуын түсіндіру.

салыстыру. 2>1 1<2 Бұлар теңсіздіктер

2=2 1=1 Бұлар теңдіктер.
4.Өлше салыстыр. Суретке қарап жұмыс
Сергіту сәті

Орнымыздан тұрамыз

Алақанды ұрамыз

Бір отырып, бір тұрып

Тез шынығып аламыз
ҮІ. Сабақты қорытындылау:

Бүгін біз сендермен <, >, = таңбаларын қандай жағдайда пайдаландық?


ҮІІ. Үйге тапсырма. Бағалау

Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Дүниетану

Күні: 28.09.2015

Сыныбы: 1 «ә» сынып

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Күндіз, түн, түн тынысы

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға айналадағы дүние туралы түсініктерін   кеңейте түсу. Логикалық ойлау қабілетін, есте сақтауын, сөздік қорын                        қалыптасу. Табиғатты  сүюге, оны қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, айналадағы заттар.

Оқыту әдісі: түсіндіру, көрсету,сұрақ-жауап.

Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың барысы:

І .Ұйымдастыру  кезеңі:

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Үйге берілген тапсырмаларға дайындық.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

-Балалар, үйге қандай тапсырмалар берілді?

Кім айтады?

- Табиғат құбылыстары туралы кім, не айтады?

- Табиғи заттар мен адам қолымен жасайтын заттарға нелер жатады?
ІІІ Өткен сабақты пысықтау:

а) -Табиғатты нелер құрайды?

- Табиғат құбылыстарына нелер жатады?

-Табиғат нешеге бөлінеді?

-Тірі табиғатты ата.

-Өлі табиғатты ата.

-Суреттегі табиғат заттарын ата.

-Адам қолымен жасалатын заттарды ата.

-Күн қай сағатта шығады?

Күн қай сағатта батады?

ә) Күннің шыққан кездегі, күннің батардағы көрінісін әңгімелеу.

«Күн жарық, жылы.         Түн қараңғы салқын.»


ІҮ Жаңа сабақ: Оқулықтағы, «Күндіз», «Түн», «Түн тынысы » тақырыптарымен таныстыру. -Балалар, осы тақырыптар бойынша кім, өз ойын айтады? Күндізгі тіршілік, Түн, түн тынысы тақырыптарын кім қалай түсінеді? Және оларды қалай сипаттауға болады? -Күн мен түннің ерекшелігі неде?
Сергіту сәті: «Күн және түн» ойынын ойнату.
Ү Оқушы білімін бекіту:Біз сіздермен «Күн. Түн. Түн тынысы» тақырыптарын оқи отырып, оның қасиеиттерімен таныстық. Енді сол тақырыптарды суретпен бейнелесек қайтеді?
ҮІ Қорытындылау:

-Балалар, бүгін біз сендермен не жайында білдік?

Нені бейнеледік?

Күн мен түннің ерекшелігін кім айтады


VII . Үйге тапсырма,бағалау.

Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Бейнелеу өнері

Күні: 30.09.2015

Сыныбы: 1 «ә» сынып

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Жылы және салқын түстер.
Сабақтың мақсаты:
білімділігі: Жаңа сабақты түсіндіре отырып, түстер, жылы және суық түстер жайлы білімдерін жетілдіру.
дамытушылығы: Көркем ойлау, көркем өнерді қабылдау сезімдерін дамыту, шығармашылыққа баулу.
тәрбиелілігі: Еңбек сүйгіштікке, ұқыпты таза жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: аралас
Сабақтың көрнекілігі: Сабақ тақырыбы жазылған қағаз, түстік шеңбер суреті, жылы және суық түстерге арналған натюрморттың кезеңдерге бөлінген суреті, «Ғажайып кемпірқосақты боя» атты сұрақтар, жылы және суық түстерге арнап салынған бірнеше суреттер, акварель, гуашь, қылқаламдар, плакат қағаздары, тағы басқалар.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі:
Сыныпта кезекші кім?

Сыныпта жоқ оқушы бар ма?

Сабақты бастамас бұрын сабаққа қажетті құрал жабдықтарымызды алып сабаққа әзір отырайық.

ІІ.Жаңа сабаққа даярлық.
Ертегіге барар жолда
Бақыт құсын табарсың.
Суретіңнің бояулары-
Мың құбылған жарасым.

Бізде одан көріп тұрмыз
Жаңбырда да бір барын.
Бізде одан көріп тұрмыз, 
Желде де бір түс барын.

Бізде одан сезіп тұрмыз
Түсін бүкіл әлемнің.
Бізде одан сезіп тұрмыз, 
Тыныштығын бар елдің.
Міне, балалар мен оқыған бұл өлеңнен нені аңғардыңдар? Бұл өлеңде табиғаттағы кездесетін бояу түстері, желде де, суда, бүкіл әлемде бояу түстерінсіз ештеңе білінбейді де сезілмейді де екен. Олай болса бүгін біз сабағымыздың түстер, жылы және суық түстер жайлы өтетінімізді ескертемін. Жылы және суық түстер жайлы кеңінен мәлімет ала отырып, жылы түсте натюрморт орындауымыз керек.

ІІІ.Жаңа сабақ.
Табиғат қоршаған ортадағы сұлулық бояу нақышымен қымбат. Олардың көркі ең алдымен түрлі-түстің реңіне байланысты айқындалады. Табиғатта кездесетін түстер негізінен негізгі үш түске бөлінетінін білеміз.Осы үш түсті араластыру арқылы қосымша түстер алынады. Ал қосымша түстердің өзі жылы түстер және суық түстер болып бөлінеді. Жылы түстерге қызыл, сары, қызыл сары түстер жатады. Ал суық түстерге көк, көгілдір, жасыл түстер кіреді.

Реңк - бұл бір түстің бірнеше түрге түрленуі. Әрбір бояу түстерінің көптеген реңктері болады. Егер кез келген түстер реңктерінде сары немесе қызыл түс басым болса, онда реңктер жылыға жатады.
Табиғаттың төрт мезгілінде де осы түстердің, яғни жылы және суық түстердің барлығын көруге болады. Мысалы: алтын күз мезгілін алсақ, жылы түстерді табуға болады. Бұл кезде айнала қоршаған өсімдік әлемі сары түске, қызыл түске еніп, сұлулық мекеніне айналады.
Ал, қыс мезгілін алсақ айнала аппақ қар, көгілдір мұз суық ауа-райы барлығы қатқыл, қатал көрініс тауып суық түске енеді.
Кемпірқосақтың түстері қалай орналасқан?
Бұл сұраққа жауап ретінде кемпірқосақты бояп көрейік.
Кемпірқосақ түсінен жеті түрлі түсті көруге болады. Олардың үшеуі-негізгі түс, ал қалған төртеуі-солардың қоспасынан алынған түстер.
Міне біз табиғаттағы жылы және суық түстерді жайлы біршама мәлімет алдық деп ойлаймын.

Сурет салу

Балалар енді сурет альбомымызды ашып мына тақтадағы суретті салайық

Бұл суретті жана айтып өткендей натюрморт дейміз.

IV.Қорытындылау.
1.Кескіндеме деген не?
2.Қатені түзет: Кескіндеменің басты әсерлегіш құралы-штрих, бояу дақтары.
3.Артық сөздерді алып таста:«Негізгі түстер: қызыл, сары, көк, жасыл».
4.Негізгі түстерді анықта:

V.Сабақты бағалау.
Оқушылардың білімі бағаланып, жұмыстары талқыланып, сәтті шыққан жұмыстарды бағалау.

VІІ.Сабақты бекіту.
- Сабақ аяқталды, 
Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Еңбекке баулу

Күні: 02.10.2015

Сыныбы: 1 «ә» сынып

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Ұсақ тастардан қадам құрастыру

Сабақтың мақсаты: Табиғи материалмен жұмыс істеудің әдіс-тәсілімен таныстыру. Ұқыптылыққа баулу. Шеберлік өнерін дамыту.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың көрнекілігі: үлгі шаблон

Сабақтың әдіс-тәсілі: топтық, сұрақ-жауап

Сабақтың мазмұны

І. Ұйымдастыру:

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.


ІІ. Мақсат қою:

Тақырыбын таныстыру, мақсатын хабарлау.

Табиғи материалмен жұмыс істеудің әдіс-тәсілімен таныстыру. Ұқыптылыққа баулу. Шеберлік өнерін дамыту.
ІІІ. Жаңа сабақ:

а) Табиғи материалдар таңдап алу.


ә) Қадамның атқаратын қызыметімен таныстыру.

б) Қадам жасау үшін:.

Табиғи материалдар: Емен жаңғағы.Терек бұтағы.Жаңғақ.

Жаңғақ қабығы.Түрлі түсті қағаз. Қатырма қағаз.
ІҮ. жаңа білімді бекіту:

-Қадам құрастыру үшін не қажет?

-Қадам жасағанда қандай түсті және қандай түрлі тастар қолдандыңдар?
Ү. Сабақты қорытындылау:

Біз сендермен не жасауды үйрендік?



Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Еңбекке баулу

Күні: 03.10.2015

Сыныбы: 1 «ә» сынып

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Тасбақа пішінін құрастыру.

Сабақтың мақсаты: Табиғи материалмен жұмыс істеудің әдіс- тәсілімен таныстыру. Тасбақа пішінін құрастыру. Танымдық қабілеттерін дамыту. Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың көрнекілігі: үлгі шаблон

Сабақтың әдіс-тәсілі: топтық, сұрақ-жауап
Сабақтың мазмұны

І .Ұйымдастыру:

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.


ІІ. Мақсат қою:

Тақырыбын таныстыру, мақсатын хабарлау.Тасбақа пішінін құрастыру.



Табиғи материалмен жұмыс істеудің әдіс- тәсілімен таныстыру. Тасбақа пішінін құрастыру. Танымдық қабілеттерін дамыту. Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу
ІІІ. Жаңа сабақ:
1.Ермексаздан тасбақаның басы мен аяғын мүсіндеу.


2.Тасбақаның басы мен аяғын оның денесіне ( жаңғаққа)жапсыру. Көзін жасау.


3. Қауіпсіздік ережесін ескерту.
жүктеу 4,22 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау