Қатыспағандар:
Бөлім тақырыбы
|
Батырмен сұхбат
|
Сабақтың түрі
|
Жаңа сабақ
|
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары
|
7.Ж4.Тақырып бойынша мәліметтерді жинақтап, презентация түрінде ұсыну.
|
Сабақтың мақсаттары
|
Барлық оқушылар
Тақырып бойынша мәліметтерді біледі
Көптеген оқушылар
Тақырып бойынша мәліметтерді жинақтап, презентация түрінде ұсынады
Кейбір оқушылар
Тақырып бойынша тірек сөздерді біледі, слайд жасай алады
|
Бағалау критерийлері
|
Тақырып бойынша мәліметтерді жинақтай алады;
презентация құра алады
|
Тілдік мақсаттар
|
Пән лексикасы және терминология: презентация, тақырып
Диалог және айтылым үшін қажетті сөз тіркестер: тігу, пішу, мата таңдау, моделін жоспарлау, өлшеу, түсін таңдау, үтіктеу, безендіру, түйме қадау т.б
|
Пәнаралық байланыс:
|
қазақ әдебиеті
|
Ұлттық құндылықтар
|
Өзіңе және қоршаған ортаға деген сыйластық: әлеуметтік бейімделу және өз мәдениеті мен тіліне деген құрмет сезімін білдіреді.
|
Мектеп құндылықтары
|
Өзіңе және қоршаған ортаға деген сыйластық; оқушылардың өз бетімен білім алуына қажетті дағдыларды қалыптастыру, Отансүйгіштікке тәрбиелеу
|
Осыған дейін меңгерілген білім
|
7.А4. Шығармадағы кейіпкерлерге автор берген мінездеменің тілдік құралдарын талдау
|
Жоспар
|
Жоспарланатын уақыт
|
Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер
|
Дереккөз
дер
|
Сабақтың басы
10 минут
|
Ұйымдастыру.
Сабақ мақсатын таныстыру
Қызығушылықты ояту.
Сынып қабырғаарына суреттер ілінеді. Оқушылар слайда ұсынылған сөздерді пайдалана отырып, сынып қабарғасында ілінулі тұрған суреттер бойынша ой айтады. Сабақ тақырыбын болжайды. Түсініксіз болған сөздерді сыныптастар бір-біріне түсіндіреді.
Тігу, пішу, мата таңдау, моделін жоспарлау, өлшеу, түсін таңдау, үтіктеу, безендіру, түйме қадау т.б
Нұршайықов Әзілхан (1922-2011 жж.) - жазушы, Ұлы Отан соғысына қатысушы.
Семей облысы (қазіргі Шығыс Қазақстан), Жарма ауданы, Келінсүйегі жерінде дүниеге келген.
С. М. Киров атындағы ҚазМУ-дың филология факультетін аяқтайды, «Социалистік Қазақстан» газеті редакторының орынбасары, «Қызыл ту» Павлодар газетінің редакторы, "Қазақ әдебиетi" әдеби газетінің бас редакторы қызметтерін атқарады.
40-тан астам кітап пен очерктің авторы: «Алыс ауданда» (1956), «Тың астығы» (1958), «Ертіс жағасында» (1959), «Жомарт өлке» (1960), «Махаббат жыры» (1964), «Әсем» (1966)повестері,«Махаббат қызық, мол жылдар» (1970, 1972, 1973)романының,«Батырдың өмірі» (1969), «Тоғыз толғау» (1977) повестері, «Ақиқат пен аңыз» (1976, 1978)роман-дилогиясының, «Мен және менің замандастарым»мемуарлық кітабының авторы.
Қазақстанның Халық жазушысы, Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтың, А. Фадеев атындағы Халықаралық әдеби сыйлықтың лауреаты, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының мүшесі, соғыс ардагері болған Әзілхан Нұршайықов 3-дәрежелі Даңқ (1944), «Құрмет белгісі» (1956), «Халықтар достығы» (1984), 2-дәрежелі Отан соғысы (1985), «Парасат» (2005), «Отан» (2010) ордендерімен, «Ержүректілігі үшін» (1943), «Жауынгерлік ерлігі үшін» (1944), «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» (1945), «Варшаваны азат еткені үшін» (1945) медальдарымен марапатталған.
|
Достарыңызбен бөлісу: |