Сабақтың тақырыбы Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі-қазақ тілін оқып үйренеміз.Үш тілді білу-үлкен өнер



жүктеу 11,08 Mb.
бет171/185
Дата17.04.2023
өлшемі11,08 Mb.
#42189
түріСабақ
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   185
Каз яз 7 сынып Т2 КМЖ-2

Ұлы Отан соғысына қатысқан.
Соғыс кезінде жазушы‑майдангердің өлеңдері, әскери әңгімелері мен очерктері майдандық, республикалық және облыстық газет беттерінде жиі басылып тұрды.Әзілхан Нұршайықов еңбек жолын мұғалім болып бастаған. 1947-48 жылдары Семей обл. "Екпінді" (қазіргі "Семей таңы") газетінде тілші, жауапты хатшының орынбасары, 1948-49 жылдары "Қазақстан пионері" (қазіргі "Ұлан") газетінде бөлім меңгерушісі, 1949-53 жылдары "Социалистік Қазақстан" (қазіргі "Егемен Қазақстан") газетінде әдеби қызметкер, жауапты хатшының орынбасары, бөлім меңгерушісі, 1953-56 жылдары Павлодар обл. "Қызыл Ту" газетінің редакторы, 1956-61 жылдары "Социалистік Қазақстан" (қазіргі "Егемен Қазақстан") газетінің Павлодар облысындағы меншікті тілшісі, редактордың орынбасары, 1961 -63 жылдары "Қазақ әдебиеті" газетінің бас редакторы, "Социалістік Қазақстан" (қазіргі "Егемен Қазақстан") газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, 1968-73 жылдары Қазақ совет энциклопедиясы бас редакциясында бөлім меңгерушісі, 1973-79 жылдары ҚР Ғылым академиясының Әдебиет және өнер институтында ғылыми қызметкер болып істеген.
Көп жылдар Қазақстан Жазушылар одағы проза кеңесінің, жас әдебиетшілер кеңесінің төрағасы қызметін атқарған.
Әзілхан Нұршайықов шығармашылық жолын ақын және публицист ретінде бастаған. Өлеңдері мен очерк, публицистикалық мақалалары аудандық облыстық, республикалық баспасөзде және соғыс жылдарында майдан газеттерінде жарияланып тұрған.
Тың игерушілер өміріне арналған алғашқы очерктер жинағы "Алыстағы ауданда" 1956 жылы жарық көрген. Оның осы тақырыпқа арналған очерктер мен әңгімелер жинақтары "Тың астығы" 1958 жылы, "Ертіс жағасында" 1959 жылы, "Жомарт өлке" 1967 жылы жарияланды.
Жастардың өмірін, арманға толы ой-сезімдерін жан-жақты айшықтауға арналған лирикапық повестері "Махаббат жыры" (1964), "Әсем ( 1966), Отан соғысы жылдарындағы жауынгерлердің ерлігін паш еткен "Махмет Қайырбаев" (1967), "Батырдың өмірі" (1969), замандастарымызды интернационалдық рухта тәрбиелейтін "Тоғыз толғау"( 1977), "Невель түбінде" (1977), әдебиетіміздің белгілі қайраткерлерінің шығармашылық қабілетін сомдаған "Автопортрет" (1977), "Екі естелік" (1985) очерк, әңгіме, повесть жинақтары жарық көрді.Қалың көпшілікке етене жақын "Махаббат қызық, мол жылдар" романы (1970) мен "Ақиқат пен аңыз" роман‑дилогиясы (1973) жазушы шығар­ма­шы­лығының шырқау биігі саналады. Өлмес туындының алғашқысында жастардың қайнаған жастық өмірі туралы баяндалған, бұл роман оқырманның, әсіресе жалынды жастардың ерекше сү­йіп оқитын махаббат гимніне айналды. Ал екінші роман‑дилогиясы аты аңызға айналған ұлтымыздың ұлы тұлғасы, жауынгер жазушы Бауыржан Момышұлы ту­ралы жазылған. Осы "Ақиқат пен аңыз" роман‑дилогиясы үшін Әзілхан Нұршайықовқа 1980 жылы Қазақ КСР-інің Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атағы берілді.Орыс тілінде "Песня любви" (1965, 1975, 1982); "Истина и легенда" (1980), "Истина и легенда" (1982) және "Дорогой памяти" (1985) кітаптары жарық көрген. Ә. Нұршайықовтың "Ақиқат пен аңыз" роман-дилогиясы украин ("Дніпро", 1984) және чех (1985) тілдеріне аударылып жарияланды.

жүктеу 11,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   185




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау