Сыныбы: 7 «Ә» Мұғалімі: Тлеубердина А.С.
Сабақтың тақырыбы: Ақпараттық тасымалдауыштар.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға ақпаратты жазу мен оқу, иілгіш және компакт дискілер сияқты ақпарат тасушылар туралы түсінік беру, CD-R/RV, DVD-R/RV жұмыстарымен таныстыру, хабардың ақпараттың көлемін есептеуге үйрету, білімдерін тиянақтау, жалпылау;
Дамытушылық: Оқушылардың компьютерлік білімдерін көтеру, ойлау қабілетін дамыту;
Тәрбиелік: Оқушыларды өздігінен жұмыс істеуге және адамгершілікке баулу
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі
Сабақтың көрнекілігі: экран, компьютер, флипчарт, жұмыс дәптері
Сабақтың барысы:
Дидактикалық
кезең
|
Тәсіл
|
Мұғалім үшін тиімділігі
|
Оқушы үшін тиімділігі
|
Күтілетін нәтиже
|
І . Ұйымдастыру кезеңі
|
Сұрақ қою
|
Оқушылардың қызығушылығын тудыру
|
Пәнге деген қызығушылығының пайда болуы
|
Мотивацияның пайда болуы
|
II.Жаңа сабақты түсіндіру
|
Баяндау
|
Оқушылардың білімдерін толықтыру
|
Жаңа ақпарат алуы
|
Танымдық қызығушылығының тууы
|
ІІI. Репродуктивтік деңгейдегі тапсырмаларды орындау
|
Есеп шығару
|
Алған білім-білік дағдыларын қалыптастыру
|
Ойды жинақтау мүмкіндігі
|
Алған білімдерін тез ойлап, жеткізу
|
ІV.Алгоритмдік деңгейдегі есептерді шығару
|
Практикалық жұмыс
|
Білім, біліктерін есеп шығаруда қолдану
|
Білімдерін жинақтайды
|
Өмірлік тәжірибеде қолдану
|
V. Үйге тапсырма, бағалау
|
Оқушылар өздері жинаған ұпай сандарына байланысты өздерін бағалайды
|
Оқушыларды бағалау тиімділігі
|
Оқушы өз қызметін бағалауға үйренеді
|
Оқушы еңбегі бағаланады және үйге тапсырма беріледі
|
Дискета - көлемі үлкен емес, қажет ақпаратты жазып алып, тұрақты тұрде сақтауға болады. Дискеттердің диаметрі 3,5 дюйм, сыйымдылығы 1,44 Мбайт. Дискета мынадай негізгі компоненттерінен тұрады:
1. Тығыздығы жоғары идентификатор
2. Жұмыс алаңын қорғау пердесі
3. Жазудан қорғау терезесі
4. Дискеттің таңбашасы
Компакт-дискі. Компакт-дискіні лазерлік дискі деп те атайды. Оның сыйымдылығы өте үлкен.
CD-R компакт-дискілеріне басқа жаңа ақпараттар жазуға немесе ақпараттарды қайта жазуға болмайды.
CD-RW дискілеріне ақпаратты жазуға, қайта жазуға болады. (R – recordable – жазатын, EW – ReWritable – қайта жазу) болып келеді. CD-R, DVD-R-ге ақпаратты тек бір рет қана жазуға, ал CD –RW, DVD –RW дискілеріне көп рет жазуға болады.
Компакт-диск неден тұрады?
-түрлі түсті сурет
- мөлдір пластик
- Желім қабаты
-шағылдыратын қабат (алтын немесе алюминий)
Флешка - жинақтауыштар және жады карталары. Ақпаратты сақтау үшін ең қолайлы контейнер болып табылады.
Хабардың ақпараттық көлемі деп - хабардың ұзындығын, яғни хабарды жазу үшін пайдаланылған символдар санын айтады.
1 байт мәтіндік, сандық, дыбыс немесе графикалық ақпараттың бір белгісін кодтауға жеткілікті.
1 кбайт = 1024 байт
1 Мбайт = 1024 Кбайт
1 Гбайт = 1024Мбайт
Биыл Ұлы Шоқанның туғанына 175 жыл толды.
4+1+3+1+8+1+8+1+3+1+3+1+5+1=41
Жауабы: 41символ, 41байт, 328бит
Әрбір оқушыға жұмыс дәптері беріледі.
I нұсқаның дәптері.
І деңгей
Берілген сөйлемнің ақпараттық көлемін анықтаңдар.
Қазақстанның жеті кереметінің бірі – домбра.
«Мен жастарға сенемін» деп Мағжан атамыз айтқандай, ел намысын қолдан бермеу – біздің міндетіміз.
1 байт =
1 Кбайт (килобайт) = 1024 байт
1 Мбайт (мегабайт) =
1Гбайт (гигабайт) =
ІІ деңгей
Информатика оқулығында 240-дей бет бар, бір бетте 38 жол, ал жолда 71 символ бар. Сыйымдылығы 1,44 Мбайт дискетке оны орналастыруға бола ма?
ІІІ деңгей
Практикалық жұмыс.
1 қатар.
Компьютерді жүктеңіз.
Жұмыс үстеліндегі «7 сынып» құжатындағы «ДИСКЕТА» атты файлды ашып, сұрақтарға жауап бер.
«7 сынып» құжатының атын «7Ә сыныбы» атына өзгерт.
«7 «Ә» сыныбы» құжатын ақпарат тасымалдаушы флешкаға көшір.
2 қатар.
Компьютерді жүктеңіз.
Жұмыс үстеліндегі «7 сынып» құжатындағы «ДИСК» атты файлды ашып, сұрақтарға жауап бер.
«ДИСК» атты файлды ақпарат тасымалдаушы флешкадағы «7Ә сыныбы» құжатына көшір.
3 қатар.
Компьютерді жүктеңіз.
Жұмыс үстеліндегі «7 сынып» құжатындағы «ДИСК» және «ДИСКЕТА» атты файлдарын ашып, сұрақтарға жауап бер.
Ақпарат тасымалдауыш флешкадан «7Ә сыныбы» құжатын ашып, жауаптарын тексер.
Дұрыс болған жағдайда, «Жарайсындар» атты файлды іске қос.
Бағалау парағы
Аты-жөні __________________________________________________
І деңгей
(3 тапсырма 2 ұпайдан, барлығы 6 ұпай)
|
ІІ деңгей
(10 ұпай)
|
ІІІ деңгей
(3 тапсырма 5 ұпай, барлығы 15 ұпай)
|
Ұпай саны
|
Баға
|
1
|
2
|
3
|
1
|
1
|
2
|
3
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
25-31 ұпай «5»
18-24 ұпай «4»
10-17 ұпай «3»
II нұсқа
І деңгей
Берілген сөйлемнің ақпараттық көлемін анықтаңдар.
Қазақстанның жеті кереметінің бірі – Күлтегін ескерткіші.
Туған жер – алтын бесік, мақтанышың. Осы сөздерді естігенде әр адамның ар-намысы оянуы керек.
1 байт =
1 Кбайт (килобайт) = 1024 байт
1 Мбайт (мегабайт) =
1Гбайт (гигабайт) =
ІІ деңгей
Информатика оқулығында 200-дей бет бар, бір бетте 38 жол, ал жолда 68 символ бар. Сыйымдылығы 1,44 Мбайт дискетке оны орналастыруға бола ма?
ІІІ деңгей
Практикалық жұмыс.
1қатар.
Компьютерді жүктеңіз.
Жұмыс үстеліндегі «7 сынып» құжатындағы «ДИСКЕТА» атты файлды ашып, сұрақтарға жауап бер.
«7 сынып» құжатының атын «7Ә сыныбы» атына өзгерт.
«7Ә сыныбы» құжатын ақпарат тасымалдаушы флешкаға көшір.
2қатар.
Компьютерді жүктеңіз.
2. Жұмыс үстеліндегі «7 сынып» құжатындағы «ДИСК» атты файлды ашып, сұрақтарға жауап бер.
«ДИСК» атты файлды ақпарат тасымалдаушы флешкадағы «7Ә сыныбы» құжатына көшір.
3қатар.
Компьютерді жүктеңіз.
Жұмыс үстеліндегі «7 сынып» құжатындағы «ДИСК» және «ДИСКЕТА» атты файлдарын ашып, сұрақтарға жауап бер.
Ақпарат тасымалдауыш флешкадан «7Ә сыныбы» құжатын ашып, жауаптарын тексер.
Дұрыс болған жағдайда, «Жарайсындар» атты файлды іске қос.
Бағалау парағы
Аты-жөні __________________________________________________
І деңгей
(3 тапсырма 2 ұпайдан, барлығы 6 ұпай)
|
ІІ деңгей
(10 ұпай)
|
ІІІ деңгей
(3 тапсырма 5 ұпай, барлығы 15 ұпай)
|
Ұпай саны
|
Баға
|
1
|
2
|
3
|
1
|
1
|
2
|
3
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
25-31 ұпай «5»
18-24 ұпай «4»
10-17 ұпай «3»
«ДИСК» құжатындағы сұрақтар:
Диск дегеніміз не?
Ақпарат қандай өлшем бірлікпен өлшенеді?
1 Кбайт неше байтқа тең?
CD-R қызметі қандай?
Флешка дегеніміз не?
«ДИСКЕТА» құжатындағы сұрақтар:
Дискета дегеніміз не?
Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі қандай?
4 байт неше битке тең?
CD-RW қызметі қандай?
Флешка дегеніміз не?
Достарыңызбен бөлісу: |