Сабақтың тақырыбы: Ана тілінің қызметі Сабақтың мақсаты: Білімділік



жүктеу 0,82 Mb.
бет1/11
Дата29.01.2020
өлшемі0,82 Mb.
#27572
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Сабақ жоспары

  1. Пән аты: Қазақ тілі.

  2. Сыныбы: 5



Сабақтың тақырыбы: Ана тілінің қызметі

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: оқушыларға қазақ тілінің қоғамдық қызметі мен маңызын нақты деректер келтіре отырып түсіндіру.

2.Тәрбиелік: оқушыларды ана тілді құрметтеуге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

  1. Дамытушылық: оқушылардың лингвистикалық дүниетанымдарын кеңейту.

Сабақтың типі: Кіріспе сабақ

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Сабақтың көрнекілігі: «Қазақ тілі энциклопедиясы».

Пәнаралық байланыс: Қазақ әдебиеті, әлеуметтану, тарих.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

2.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

3.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

4.Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен

мақсаты туралы хабарлау

ІІ. Кіріспе сабағын өткізу.

Ана тілі сол тілде сөйлейтін халықпен бірге өмір сүреді және сол халықтың өкілдері үшін қатынас құралы ретінде қызмет етеді. Тілінен айрылған халық өзіне тән барлық қасиетін жоғалтып, халық болудан қалады. Тіл ана тілі атануы үшін, ол күнделікті өмірде ұдайы қолданыста болуы керек.

Тілдің ең негізгі қызметі адамдардың бір – бірімен сөйлесу, бір нәрсе жайында пікір алысу үшін қызмет етуі. Екінші қызметі – адамдардың қоршаған орта жөніндегі өз ойларын тіл арқылы жеткізуі. Үшінші қызметі – адам өзінің бір нәрсе туралы көз – қарасын, күйініші мен сүйінішін, жақсы көру жек көру сезімдерін тіл арқылы білдіруі.

Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі. Қазіргі кезде дүние жүзінде шамамен 5651 тіл бар. Сөйлеушілерінің саны жағынан алғанда қазақ тілі осы тілдердің ішінде 70 – орынға ие болып тұр.



Жаттығулармен жұмыс. 1,2,3,4-жаттығуларды түсініп оқып, ауызша орындау.

Пікірталас ұйымдастыру.

І топ «Қазақ тілінің кешегісі»

ІІ топ «Қазақ тілінің бүгіні»

ІІІ топ « Қазақ тілінің болашағы»

ІV . Үй тапсырмасын беру.

«Қазақ тілінің болашағы» деген тақырыпта шығарма жазу.

V. Оқушылардың жауаптарын бағалау.
Тексерілді:

Мемлекеттік рәміздер-ұлттық мақтаныш
Сабақтың тақырыбы: Мемлекеттік рәміздер-ұлттық мақтаныш

Сабақтың мақсаты:Отан,Қазақстан,туған жер туралы түсініктерін кеңейту.

Қазақстан Республикасының рәміздері туралы түсініктерін қалыптастыру. Оқушыларды отансүйгіштікке,адамгершілікке,Отанына,халқына адал қызмет етуге,елінің Туын,Елтаңбасын,Әнұранын қастерлеуге,халқының тегін,тарихын білуге тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілі:сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі:ҚР-ның рәміздері, Президент портреті

Сабақтың барысы:

Жүргізуші:Сәлеметсіздерме, құрметті ұстаздар мен оқушылар!Бүгінгі біздің «Рәміздерім-мақтанышым» атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймын.

Оқушылар орындарынан тұрып, ҚР-ның Әнұранын орындайды.

Оқушы:

Батырлықтың уызына жарыған,

Ер түркіні байрағынан таныған.

Өзі ақын,өзі әнші халықта,

Кім айта алар болмаған деп Әнұран.

Оқушы: Гректің «гимн» сөзі қазақша «ұран», «ұран салу» деген ұғымды білдіреді. Басқа ұлттар секілді қазақ елінің де әрбір ру-тайпасының тайпа белгілері,жалауымен қатар,Әнұраны да болған. Елді жау шапқанда жер-жердегі сарбаздарды жинауға ат шаптырып,ұран салады,хабар береді. Кезінде сарбаздарға рух берген,жауға ұарсы ерлікпен күресе білуге жұмылдырылған.

Жүргізуші: Балалар, қазақ халқының «Бізді таныдыңдар ма?» деп, әлемге жар салған Әнұранның әнін жазған,сөзін жазғандар кімдер?


Оқулықпен жұмыс

5-жаттығу

І деңгей


Мәтінді тыныс белгілерін қойып көшіріп жазу

Қарамен жазылған сөйлемнің мәнін түсіндіріңдер.



7 – жаттығу

ІІ деңгей



  1. Мәтіндегі ойды түсініп оқыңдар.

  2. Адам өміріндегі тілдің орнын әңгімелеңдер

  3. Тіл, сөз туралы 2- 3 мақал ойлап жазыңдар.

8 –жаттығу.

ІІІ деңгей



  1. Төмендегі пікірлерді жаттап алыңдар.

  2. Айтылған пікірлердегі негізгі ойды анықтаңдар.

VІІ. Сабақты қорыту

  1. Бағалау

  2. Үй тапсырмасын беру

  • Әдеби тіл туралы түсінік.

9,10 –жаттығу.

Тексерілді:

Сабақ жоспары

1.Пән аты: Қазақ тілі.

2.Сыныбы: 5
Сабақтың тақырыбы: Әдеби тілдің ауызша және жазбаша түрлері

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Оқушыларға әдеби тілдің ерекшеліктері туралы түсінік беру.

2.Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу.

3.Дамытушылық:Оқушылардың әдеби тілдің ерекшеліктері туралы түсінктерін кеңейте отырып, сабақта қолданылған қосымша материалдар арқылы дүниетанымдарын кеңейту, талдау жұмыстары арқылы қисынды-ойлау дағдыларын дамыту.

Сабақтың типі: бекіту сабақ

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, талдау.

Сабақтың көрнекілігі: «Қазақ тілі» энциклопедиясы.

Пәнаралық байланыс: Қазақ әдебиеті

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

2.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

3.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

ІV. Жаңа сабаққа дайындық

1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу

2.Сабақ мақсатын түсіндіру

VІІ. Сабақты бекіту:

    1. Тапсырма.

Оқулықпен жұмыс

І топ

Өзің жазған шығарманы ата – анаңа оқып бердің делік. Осы жерде сен сөйлеудің қай түрін қолдандың? Неге?



ІІ топ

Телехабардағы диктор сөзін тыңдағанда, «Ұлан газетіне жарияланған мақалаларды оқығанда, біз тілдің қай формасын қабылдаймыз? Ойыңды дәлелде.



І деңгей

  1. Жазудың көркемдігі мен түсініктілігі не үшін қажет деп ойлайсыңдар?

  2. Жалпы, жазба тілдің қажеттілігі неде?

ІІ деңгей

  1. Төмендегі өлеңді оқып, жаттап алыңдар.

  2. Олар сөйлеудің қай түріне қатысты екенін дәлелдеп айтыңдар

  1. Көп сөйлеме.

  2. Сөйлеп тұрғанда есінеме.

  3. Аузыңа тамақ салып алып сөйлеме.

  4. Сөйлегенде тыңдап отырған серігіңе тым жақындама.

ІІІ деңгей

  1. Төмендегі әдеби тілге жалпайтын сөздердің астын сыз.

Қайың, бейқұт, асық, жасық, бейіс ас, жала, бышырлату, кәмбіл, кәрлен кесе, қазы, әдемі, қара ашытпа, қарақит, көл, шалқар, саңаржақ, саң, мұра, шақалақ, шақат ,ада қылу, дәптер.
Жаттығумен жұмыс

14-жаттығу

Жазба тіл бізге не үшін қажет?

Өз ойларыңды жазыңдар



Өзіндік жұмыс

Егер мен ғалым болсам (Эссе)



Мәтіндегі ойды еске түсіріңдер

VІІ. Сабақты қорыту

  1. Бағалау

  2. Үй тапсырмасын беру

  • Әдеби тілге жатпайтын сөздерді қолданып, қазақтың шешен билері туралы шағын мәтін құра.


Сабақ жоспары

1. Пән аты: Қазақ тілі.

2. Сыныбы: 5
Сабақтың тақырыбы: Мәтін

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушылардың ауызша және жазбаша тілін дамыту, әдеби тіл туралы алған білімдерін бекіту.

  2. Тәрбиелік: Оқушыларды сабақта қолданылған материалдар арқылы адамгершілікке, ізгілікке баулу, ана тілді құрметтеуге тәрбиелеу.

  3. Дамытушылық: Оқушылардың жазбаша және ауызша сөйлеу мәдениетін дамыту.

Сабақтың типі: жаңа сабақ

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі: баяндау, сұрақ-жауап, жаттығу, талдау.

Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты дидактикалық материал

Пәнаралық байланыс: Қазақ әдебиеті, тарих.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

2.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

3.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

ІV. Жаңа сабаққа дайындық

1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу

2.Сабақ мақсатын түсіндіру

V. Жаңа сабақ:

Мәтін – «байланысу, бірігу» деген мағынаны білдіретін сөз. Ол сөйлегенде, жазғанда пайда болады да, қажетті біртұтас ойды аяқтайды.

V І. Жаңа сабақ бойынша түсінігін тексеру:

    1. Тапсырма

І топ

16 – жаттығу

    1. Осы сөйлемдердің жиынтығын мәтін деуге бола ма?

    2. Қанша сөйлемнен құралған?

    3. Сөйлемдер бір – бірімен мағыналық жағынан байланыса ма?

    4. Мұнда неге сипаттама берілген?

    5. Бұл сөйлемдер жиынтығы жазып қалдырған зерттеу ме, әлде ауызша айтылған әңгіме ме?

ІІ топ

17 – жаттығу

  1. Мәтінге тақырып қойыңдар

  2. Тірек сөздерді табыңдар.

  3. Іле өзенін картадан көрсетіңдер.

  4. Бұл мәтін аңыз әңгімеге жата ма?

2. Тапсырма

І деңгей

  1. Түркі тілдес тілдерді ата

  2. Қазақ әдеби тілі және оның негізін салушылар турулы айт.

ІІ деңгей

  1. Төмендегі мәтінге грамматикалық талдау жаса

  1. Ап ашық күндерде де сахарада да аяқ астынан қара құйын шыға келді.

  2. Шаңды, шөп – желеңді бұрқырата үйіріп, бойына жинап алып,найзадай шаншылып,құйын жүйіткіп ауылға жөнеді.

ІІІ деңгей

  1. Әдеби тілге жатпайтын сөздерді айт және көркем шығармада әдеби тілге жатпайтын сөздерді жазушы неге қолданатынын түсіндір.

  2. Қазақ тілінің грамматикасын жазған кім?

VІІІ . Сабақты қорыту:

1.Бағалау.

2.Үй тапсырмасын беру:

  1. Мәтін туралы түсінік.

2. 18 -жаттығу

Тексерілді:

Сабақ жоспары

  1. Пән аты: Қазақ тілі.

  2. Сыныбы: 5


Сабақтың тақырыбы: Мәтіннің тақырыбы, құрылымы.

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушыларға мәтіннің тақырыбы, құрылымы туралы түсінік беру, берілген мәтін мазмұнымен таныстыру.

  2. Тәрбиелік: адамгершілік, ізгілік қасиеттерге баулу, ел тарихын қадірлеуге тәрбиелеу.

  3. Дамытушылық: Оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту, пікір айтуға дағдыландыру.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, талдау.

Сабақтың көрнекілігі: «Қазақ тілі» энциклопедиясы.

Пәнаралық байланыс: Қазақ әдебиеті, қазақстан тарихы.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

2.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

3.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

  1. Мәтін туралы түсінік.

2. 18 -жаттығу

ІІІ. Білім тексеру:

19 - жаттығу



Тапсырманы топ – топқа бөлініп орындау.

      1. Шоқан мен әжесі әдеби тілдің қай формасында әңгімелесті

      2. Мәтіндегі Шоқан мен әжесі әдеби тілдің көркемдігін танытатын қандай тапқыр сөздерді пайдаланғанын айтып беріңдер.

ІV. Жаңа сабаққа дайындық

1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу

2.Сабақ мақсатын түсіндіру

V. Жаңа сабақты түсіндіру:

Мәтіннің тақырыбы болады. Мәтін сөздерден, сөйлемдерден, абзацтардан тұрады.

Мәтін әр түрлі мазмұнға құрылады. Онда оқиғалар хабарланады, баяндалады,әңгімеленеді, құбылыстар сипатталады, суреттеледі.

Мәтінге газет – журна материалдары, өлең шумақтары, оқулықтағы ережелер және әр түрлі тақырыптағы сөйлесулер жатады.
VІ. Түсінік тексеру:

Сұрақ жауап

  1. Мәтіннің тақырыбы деген не?

  2. Мәтіннің құрылымы деген не?

VІІ. Жаңа сабақты бекіту:

Оқулықпен жұмыс:

20 – жаттығуды ауызша орындау.

21- жаттығуды тақтада орындау.

22 – жаттығуды жазбаша орындау.

VІІІ. Сабақты қорыту

1.Бағалау.

2. Үй тапсырмасын беру

Сөйлеу мәдениеті туралы өз ойларыңнан мәтін құрап келіңдер.



Тексерілді:


Сабақ жоспары

  1. Пән аты: Қазақ тілі.

  2. Сыныбы: 5


Сабақтың тақырыбы: Тіл ұстарту

Киелі сандар жайлы

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушылардың киелі сандар жайлы білімін кеңейту.

  2. Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, елжандылыққа тәрбиелеу.

  3. Дамытушылық: Оқушылардың лингвистикалық дүниетанымдарын кеңейту.

Сабақтың типі: бекіту

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі: баяндау, сұрақ-жауап, жаттығу, талдау.

Сабақтың көрнекілігі: «Жеті қазына» кітабы

Пәнаралық байланыс: әдебиет

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

2.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

3.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

4.Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен

мақсаты туралы хабарлау

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

Киелі сандарды атаңдар



ІІІ. «Сандар сөйлейді» ойыны

1.Үш жұртты ата

2.Үш арыс

3.Үш арсыз

4.Төрт құбыла

5.Төрт маусым

6.Төрт түлік

7.Бес қару

8.Бес ақыл,бес дұшпан

9.Жеті қазына

10.Жеті жұт

11.Жеті күн



ІҮ. «Ой қозғау»

Әлемнің жеті кереметін қалай түсінесіңдер?

Сендер үшін жеті керемет деген не?
Ү.Тізбек әдісі

Өткен тақырыптар бойынша сұрақтар .

Оқушылар тізбектелу арқылы сұрақтарға жауап береді
Өзіндік жұмыс

Киелі сандар қатыстырып мәтін құра


Үй тапсырмасы
Сөзжұмбақ құрастырып келу

Лексика дегеніміз не?

Сөздің тура және ауыспалы мағынасы

Көп мағыналы сөздер

Омонимдер

Синонимдер

Антонимдер

Табу

Эвфемизм мен дисфемизм

Көп мағыналы сөз бен омонимнің айырмашылығы

Мәтін дегеніміз не?

Синонимдік қатары бар сөйлем құра

Омонимі бар сөйлем құра

Жиырма антоним сөз айт

дисфемизмі бар сөйлем құра

Сабақ жоспары

  1. Пән аты: Қазақ тілі.

  2. Сыныбы: 5


Сабақтың тақырыбы: Сөз бен мағына

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушыларға сөз бен мағына туралы түсінік бере отырып, жаттығу жұмыстары арқылы бекіту.

  2. Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, еңбекке, татулыққа тәрбиелеу.

  3. Дамытушылық: Оқушылардың лингвистикалық дүниетанымдарын кеңейту, сөйлем талдау дағдыларын дамыту.

Сабақтың типі: Жаңа сабақты түсіндіру.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, талдау.

Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте

Пәнаралық байланыс: Қазақ әдебиеті.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

2.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

3.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

ІV. Жаңа сабаққа дайындық

1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу

2.Сабақ мақсатын түсіндіру

V. Жаңа сабақты түсіндіру.

Лексика – белгігі бір тілдегі сөздердің жиынтығы.

Сөздер заттар мен құбылыстардың аты, саны мен сапсы, қимыл – әрекеті сияқты алуан түрлі мағыналарды білдіреді.ал сөз қалай болса солай айтыла салған дыбыстардың тіркесі емес, жүйелі дыбыс қосындыларынан жасалады. Дыбыстар тіркесінде мағына болмаса, сөз де болмайды. Сөз мағынасымен тығыз байланысты.

VІ. Жаңа сабақ бойынша түсінік тексеру:


  1. « Лексика» деген сөзге түсінік беріңдер

  2. «Түсіндірме сөздіктен» мағыналы сөздер мен мағынасыз сөздерге он – оннан мысалдар жазыңдар.

VІІ. Жаңа сабақты бекіту:

  1. Оқулықпен жұмыс.

29 –жаттығу

Мәтіндегі толық мағыналы сөздер мен мағынасы толық емес сөздерді бөлек – бөлек теріп жазыңдар.



30 - жаттығу

Лексикалық мағынасы бар сөздерді теріп жазыңдар.



31 – жаттығу

Мына сөздердің құрамындағы дыбыстарды пайдалана отырып, лексикалық мағынасы бар сөздер құрап жазыңдар.



VІІІ . Сабақты қорыту:

1.Бағалау

2. Үй тапсырмасы:

1. Сөз бен мағына туралы түсінік.

2. 32 -жаттығуды орындау.

Сабақ жоспары


  1. Пән аты: Қазақ тілі.

  2. Сыныбы: 5


Сабақтың тақырыбы: Сөз мағыналарының сипаты

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Оқушыларға сөз мағыналарының сипаты туралы лингвистикалық білім беру.

2.Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, ұлтжандылыққа

тәрбиелеу.

3. Дамытушылық: Оқушылардың лингвистикалық дүниетанымдарын кеңейту, синтаксистік талдау жасау дағдыларын дамыту.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, талдау.

Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты үлестірмелі қағаздар.

Пәнаралық байланыс: Әдебиет.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

2.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

3.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

1. Сөз бен мағына туралы түсінік.

2. 32 -жаттығуды орындау.

ІІІ. Білім тексеру:

Өздік жұмыс

Жасыл, әсемпаз,үйірсек сөздерінің құрамындағы дыбыстарды пайдалана отырып, әрқайсысы бойынша бірнеше мағыналы сөз құраңдар.

ІV. Жаңа сабаққа дайындық

1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу

2.Сабақ мақсатын түсіндіру

V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Дыбысталу – сөздің сыртқы қабығы, мағына – сөздің ішкі мазмұны. Бірақ тілде мағынасын жоғалтқан сөздер де кездеседі. Мысалы: үшін, дейін, шейін, таман нақты мағынасы осы күнде жоғалған. Мұндай сөздер басқа мағыналы сөздермен тіркесіп қана қолданылады.

Ал осыған керісінше, сөздің ішкі мағынасы сақталып, дыбысталу түрі өзгеретін де жағдай кездеседі. Мысалы: елу днген сөздің бастапқы түрі елліг болған. Ол бірте – бірте мынадай өзгеріске түскен:

Елліг- еліг – елу.



VІ. Жаңа тақырып бойынша түсінік тексеру:

Үлестірме қағаздар бойынша жұмыс.
І деңгей

  1. Сөз неден құралады?

  2. Сөздің ішкі мазмұны дегенді қалай түсінесің?

  3. Жеке тұрғанда мағынасын жоғалтқан сөздерді жаз

ІІ деңгей

  1. Еңбек туралы мақал – мәтелдер жазып, толық мағыналы сөздердің астын бір, жеке тұрғанда мағынасын жоғалтқан сөздердің астын екі сыз.

ІІІ деңгей

  1. Төмендегі сөздер қандай мағына беріп тұр?

Туу! Ойбай! Құдай-ай! Обал – ай!

  1. Күз келді» деген тақырыпқа мәтін құра.

VІІ.Жаңа сабақты бекіту:

1. Оқулықпен жұмыс

33-жаттығу



Мәтінен тура мағынадағы сөздерді тауып жаз.

34 – жаттығу

Өз ана тіліңнің байлығы немесе жақсы қасиеттері туралы айтылған өзге халық пікірлерін тауып жазыңдар.

VІІІ . Сабақты қорыту:

1.Бағалау

2.Үй тапсырмасын беру.

1. Сөз мағыналарының сипаты туралы түсінік

2. 35 – жаттығу



Тексерілді:

Сабақ жоспары

  1. Пән аты: Қазақ тілі.

  2. Сыныбы: 5


Сабақтың тақырыбы: Сөз мағынасының өзгеруі

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушыларға сөз мағынасының өзгеруі туралы лингвистикалық білім беру.

  2. жүктеу 0,82 Mb.

    Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау