Сабақтың тақырыбы: Адам болам десеңіз



жүктеу 0,87 Mb.
бет2/4
Дата07.12.2017
өлшемі0,87 Mb.
#3521
түріСабақ
1   2   3   4

Абай-қазақ халқының ұлы ақыны, данышпан ойшылы. Абайдың

шын аты –Ибрагим.Абай Құнанбайұлы 1845 жылы тамыздың оныншы жұлдызында туып, 1904 жылы шілденің алтыншы жұлдызында қайтыс болған.

Абай Семей облысы Абай ауданының Шыңғыс тауының бауырындағы Қасқабұлақ деген жерде туған.

Абайдың әкесі Құнанбай бай адам болған. Абайдың анасы Ұлжан –ақылды, мейірімді кісі болған екен, Абайды әжесі Зере тәрбиелеген. Ол Ибрагимді еркелетіп «Абай » деп атаған.

Қос ана қазақтың ертегі , аңыз-жырларын көп білген Абайға кішкене кезінен әңгімелерді қызықтыра айтып, оның санасына құя білгенү

Абай ауылында Ғабитхан деген татар молдасынан 3-4 жыл сабақ алады.Әкесі Абайдың зеректігін байқаған соң оны Семейдегі Ахмет-риза медресесіне оқуға береді. Сонда жүргенде өз бетімен орыс тілін үйренеді.

Абай 12 жасынан бастап өлең жаза бастайды..Өз өлеңдеріне 20-дан астам әндер шығарған үлкен сазгер.

Абай үлкен аудармашы Лермонтов, Крылов өлеңдерін қазақшаға аударған.

Абай атамыздың шығармаларындағы ең өзекті мәселе жастар мәселесі, оның ішінде оларды білім алуға, оқуға ,еңбекке, мәдениетке шақыру жетекші орын алады. «Интернатта оқып жүр», «Әсемпаз болма әрнеге», «Ғылым таппай мақтанба» өлеңдері.


Өлеңді оқымас бұрын сөздікпен жұмыс жүргізіледі.

Рақым-адамның өзге кісіге жасайтын жақсылығы, көмегі.

Қанағат- барға риза болу.

Бекер мал шашпау-қолда бар дүниесін, ақшасын, мал-мүлкін дұрыс пайдалана алмау.

Ғылым таппай мақтанба,

Білім таппай баптанба- дегендегі орын деп отырғаны –алған білімді, үйренген ғылымды жұмсайтын орын.Ақын ғалым мен адам болу екеуінің тамыры бір дейді.Ғалым болудың басты шарты- не нәрсе болсын ақылға салу, ақылың сенген нәрсеге ғана сену.

Бес жаман істе адамның бойындағы жағымсыз қасиеттерді сынға алады.

Өсек-біреуді сыртынан кінәлу, жала жабу, сөз тасығыштық. Осы арада сұрақ қоя отырып балалардың пікірін білемін, сөйлетемін.

Өтірік-бұған өтірік сөзді шын деп ант еткен, азған адамда жатқызады.Осы арада сұрақ қоя отырып балалардың пікірін білемін, сөйлетемін.

Жаман қылықтардың бірі –мақтаншақ, даңғойлық.Ондай адамдар өзін мақтауды сүйетін, басқалардың алдында білімді, жағымды болып көрінгісі келетін бөспе, сөз құмар. Осы арада сұрақ қоя отырып балалардың пікірін білемін, сөйлетемін.

Адамның бойына біткен жаман қылықтардың ең жағымсызы еріншектік.(мысал келтіру).

Бекер мал шашу-қолда бар қаржы мен мал-мүлкін дұрыс пайдалана алмау, өз пайдасын білмеу,сырт көзге жомарт болып көрінуге тырысатын мақтаншақ адамды айтады. Осы арада сұрақ қоя отырып балалардың пікірін білемін, сөйлетемін.

Шығармашылық жұмыс.


  1. Өрге баспас сөз өтірік. (Өтірік сөз өрге баспас)

  2. Түбі –қорлық ұрлық,ұрлық.

  3. Ертеңі таусылмас еріншектің

  4. Жалқау жатады, белшеден қарызға батады.

Ал, жаман қасиеттерге қарама-қарсы Абай атамыздың өлеңіндегі бес жақсы қасиетті тыңдайық.

Талап –талаптың ішіндегі ең негізгісі- бұл бір өнерді таңдап , содан нәтиже шығару, болашаққа талпыну.

ЕңбекАбай атамыздың пікірі бойынша ерінбей еңбек еткен адамның жетпейтін арманы болмайды.

Терең ой- адамды жануарлардан айырып тұратын екі қасиетті Абай атамыз өте жоғары бағалаған.Оның біріншісі-ақыл-ой, екіншісі сөз.

Қанағат-барға риза болу, місе тұту.

Рақым- адамның өзге кісілерге жасайтын жақсылығы, мейірімі, көмегі.(толық түсінік беру)

Жаман қасиеттерден бойымызды аулақ ұстап, жақсы қасиеттерді бойымызға сіңірсек келешекте Отан сүйер азаматболып шығарымыз сөзсіз.
Кітаппен жұмыс

«Адам болам десеңіз» өлеңін оқушыларға мәнерлетіп оқытамын.





10

10

20

20

30

30

  1. Абай жолы романының авторы кім?

  2. Желсіз түнде жарық-ай өлеңін әуенімен орында.

  3. Адам болуға кері әсер беретін қасиеттерді ата?

  4. Адам болу үшін қандай қасиеттерді бойға сіңіру керек.

  5. Білім және еңбек туралы мақал-мәтел айт.

  6. С
    урет бойынша әңгімеле.




жүктеу 0,87 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау