Type <тип аты> = array [<индекс типі>] of <элемент типі>;
Var <идентификатор, ...>:<тип аты>;
мұндағы array (жиым), of (-дан, -ден, -тан, - тен) – түйінді сөздер; [<индекс типі>] – real, integer базалық өзге кез келген стандартты тип, яғни индекстің типі ретінде шектеулі саналатын, логикалық және литерлік типтер пайдаланылады; <элемент типі> Құраушылар типі, яғни Паскаль тілінде пайдалануға болатын жиым элементтерінің типі.
Программада жиым пайдаланылатын болса, онда ол VAR айнымалы бөлігінде немесе TYPE бөлігінде қажет екені көрсетіледі. TYPE бөлігінде жиымның типі көрсетіледі де, однан соң айнымалы VAR бөлігінде осы типке жататын жиымдар немесе олардың тізімі көрсетіледі. Мысалы, программада нақты 40 элементтен тұратын А жиымы пайдаланылатын болса, онда оны тип бөлігінде былай сипаттайды:
Type m=array []1..40[ of real;
Var a,b,c,d: m;
мұның артықшылығы программада типі m болатын бірнеше жиым бір ғана жолмен сипатталып тұр.
Жиым типтер бөлімінде көрсетілмей, бірден айнымалылар бөлімінде былай да анықтала береді:
var <идентификатор, …>: array [<Индекс типі>] of
[<элемент типі>]
мысалдар:
type
Klass = (K1, K2, K3, K4);
Znak = array [1..255] of char;
Var
M1: Znak;{Znak типі типтер бөлігінде анықталмаған}
M2: array [1..60] of integer; {M2 жиымын тікелей сипаттау}
M3: array [1..4] of Klass;
Mas: array [1..4] of integer;
Lit: array [char] of real;
Ogr: array [5..15] of char;
Bol: array [boolean] of integer;
A: array [1..5] of real;
Aj: array [қаңтар, ..., желтоқсан] of integer;
Бірөлшемді жиымды көбінесе сызықты жиым дейді, оларды типі бөлігінде сипаттаудың тағы да бірнеше мысалын қарастырайық.
Type
S1 = array [1..n] of real;
S2 = array [1..M] of integer;
S3 = array [1..K] of char;
S4 = array [0..20] of boolean ;
Var A,B: S1;
L,G: S4;
C : S2;
D : S3;
Программада «индекс» және «индекс типі» ұғымдарын шатастыруға болмайды.
Индекс типі жиымды сипаттағанда пайдаланылса, индекс жиым элементтерін белгілеу үшін операторлық бөлікте пайдаланылады. Индекс өрнек, айнымалы немесе тұрақты түрінде берілуі мүмкін. Сондықтан да көбінесе жиымдарды индексті айнымалылар деп те атайды. Ал индексіз айнымалыларды жиымдардан ажырату үшін қарапайым айнымалылар деп атайды.
Паскаль тілінде жиымдарға =, <> және меншіктеу амалдарын қолдануға болады. Кесте. Ал жиым элементтері үшін олардың типіне сәйкес кез келген амал орындала береді.
Мысалы: А және В жиымдары былайша сипатталса:
VAR A, B: array [1..10] of real
онда пайдаланылған амалдар төмендегідей нәтиже береді.
Өрнек
|
Нәтиже
|
А = В
А <> В
А := В
|
А жиымының әр элементінің мәні В жиымының сәйкес элементінің мәніне тең болса, онда нәтиже ??? болады.
А жиымының ең аз дегенде бір элементінің мәні В жиымының сәйкес элементінің мәніне тең болмаса , онда нәтиже ?? болады.
В жиымының барлық элементтері А жиымының сәйкес элементтеріне айналады.
|
Жиым элементтері өрнектерде read, readln, write, writeln тәрізді операторлардың параметрі міндетін атқара отырып, циклдік операторларда пайдаланылады немесе айнымалыларға басқа мән меншіктеуге операнд (аргумент) ролін атқарады.
Мысалы, А жиымы элементтерін пернетақтадан енгізу үшін:
For I :=1 to n do
Read(a[i])
А жиымы элементтерін экранға шығару үшін
For I :=1 to n do
Write(a[i])
операторлары қолданылады.
Жаңа сабақты бекіту:
Жиым дегеніміз не?
Паскаль тіліндегі жиымдарды қалай түсінесің?
Жиымдар программа барысында қалай жазылады?
Қорытындылай келе бүгін біз жиымдар және Паскаль тіліндегі жиымдар туралы өттік. Олардың әрқайсысына тоқталып, сипаттадық. Енді бүгінгі тақырып бойынша қандай сұрақтарың бар?
Бағалау. Үй тапсырмасына және өтілген тақырып сұрақтарына жауап берген балалар бағаланады.
Үйге тапсырма «Жиымдар. Паскаль тіліндегі жиымдар» 125 – 130 беттерді оқып келу.
Сабақ аяқталды! Сау болыңдар!
Күні:
Сынып: 9
Сабақтың тақырыбы: Көпөлшемді жиымдар
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға көпөлшемді жиымдар туралы жалпы бірім беру. Алдыңғы тақырыппен ұштастыру.
Дамытушылық: оқушылардың қабылдау, есте сақтау, ойлау,қабілеттерін дамыту. Оқушыларды есепті жүйелі шығара білуге, тиянақтылыққа түйрету.
Тәрбиелік: оқушыларды компьютер сыныбында ереже сақтауға, мұғалімді мұқият тыңдауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі
Сабақтың типі: Аралас
Көрнекілігі: компьютер , карточка
Әдебиеттер: 1.9 сынып «информатика және есептеу техникасы негіздері»
Б.Бөрібаев, Б.Нақысбеков, Г.Мадиярова
2. 9 сынып «Есептер және жаттығулар жинағы»
Сабақтың жоспары:
1Ұйымдастыру кезеңі (2-3 мин)
2. Үй тапсырмасын сұрау (10-15 мин)
3.Жаңа тақырып өту (15-20 мин)
4.Жаңа тақырыпты бекіту ( 10-15 мин)
5.Сабақты қортындылау
А) бағалау (2-3 мин)
Б) Үйге тапсырма беру ( 2-3 мин)
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі. Сәлеметсіңдер ме балалар? Отырыңдар. Сыныпта кім кезекші? Сыныпта кім жоқ?
2. Үй тапсырмасын сұрау.үй тапсырмасын карточка тарату арқылы сұрау, әрбір карточкада 2 сұрақтан.
Карточка №1
Саналатын тип дегеніміз не?
Саналатын тип қалай сипатталады?
Карточка №2
Шектеуі тип дгеніміз не?
Шекеул тип қалай сипатталады?
Карточка №3
Жиым дегеніміз не?
Жиымның негізгі параметрлері.
Карточка №4
Инднкс дегеніміз не?
Жиымдарды сипаттау.
Карточка №5
Сызықтық және тіктөртбұрышты кестелер дегеніміз не?
Индекстік айнымалылар деп қандай жиымдар аталады.
3. Жаңа тақырып өту.
Егер жиым атауында бір ғана индекс болса, онда ол жиымды бірөлшемді, ал екі индекс болса – екіөлшемді және т.с.с n индекс болса, n - өлшемді жиым дейді. Бірөлшемдәі жиым вектор элементтері , ал екіөлшемді жиым мтрица бролып табылады.Жиым элементтері былай белгіленеді:
A[i], B[I,j], c[I,j,k] көпөлшемді жиым элементтерін белнгілеуге болады.
Типтер бөлімінде екіөлшемді жиым былай белгіленеді:
TYPE atau= array [1…n, 1…m] of <элементтер типі>;
Айнымалы бөлігінде осы типке жататын жиымдар көрсетілген.
VAR A,B: atau;
Мысалы,
Type T= array [1..4, 1…3] of real;
….
Var C,D: T;
Мұнда индекстер әр типте сипатталып, одан соң жиым элементтерінің базалық типі көрсетілген. Егер көпөлшемді жиым құратын кезде базалық тип ретінде басқа жиым алынса, онда сипаттау бөлігі былай жазылады:
Type vector= array[1…4] of integer;
Mssiva= array[1…4] of vector;
Var matr : massiv;
Егер программада жиымның бағанасы мен жолын бөліп жазу қажет болса, онда оны былай сипаттау қолайлы:
TYPE T1= array [1…M] of <элемент типі>;
T= array [1…N] of T1;
VAR B:T; A:T1;
мұнда алдымен бағана типі Т1 көрсетіледі де, одан соң ол жолдың типі арқылы матрицаның типі Т көрсетіледі. Айнымалылар бөлігінде екіөлшемді жиым – В және бірөлшемді жиым – А көрсетілген.
Екіөлшемді жиымды көбінесе айнымалы бөлігінде былай сипаттайды:
VAR В: array [1…N, 1…M ] of <элемент типі>;
Индекс типіне REAL , intger стандартты типтерден өзге типтердің барлығын пайдалануға болады, ал эллементтер типі үшін паскаль тіліндегі барлық типтерді қолдану мүмкіндігі бар.
Көпөлшемді жиымдармен жұмыс атқарғанда бір цикл операторының ішінде бірнеше цикл операторы болуы мүмкін. Мысалы жиым екіөлшемді болса, онда қайталау екі рет, ал үшөлшемді болса, онда қайталау үш рет т.с.с орындалады. Демек жиым элементерін экранға шығару үшін цикл операторын мынадай түрде орындайды:
For i:= 1 to n do
For j:= 1 to m do
Немесе экранға мәлімет шығару үшін
For i:= 1 to n do
Begin
Writeln;
For j:= 1 to m do
Write(B[I,j]:8:3)
Индекстері мен элементтерінің типтері бірдей жиымдардың бірінің мәндерін екіншісіне көшіру үшін , мысалы A:=D меншіктеу оператрын немесе цикл операторы арқылы былай орындау мүмкіндігі бар:
For i:= 1 to 4 do A[i]:=D[i];
Жиым элементтері компьютерде тізбектеле орналасады.төменгі индексті жиым элементі кіші адрестерде, жоғары индекстегі элементтер жоғарғы адрестерде сақталады. Көпөлшемді жиымдардың оң жақ шнткі индекстері бірінші болып өсіп отырады. Мысалы: A: array[1..5,1..5] integer жиымы берілсе, ол компьютер жадында адрестерінің өсуі бойынша былай орналасады:
A[1,1]
A[1,2]
…….
A[1,5]
A[2,1]
A[2,2]
Кітаптағы 136- 139 беттегі 1,2,3,4 мысалдары қарастырып, компьютерге енгізу.
4.Жаңа тақырыпты бекіту.
Кітаптағы 136- 139 беттегі 1,2,3,4 мысалдары қарастырып, компьютерге енгізу.
5.Сабақты қортындылау.
А) бағалау
Б) Үйге: кітаптағы 133-136 беттерді оқу.
Сабақ аяқталды.Сау болыңдар!
Карточка №1
Саналатын тип дегеніміз не?
Саналатын тип қалай сипатталады?
Карточка №2
Шектеуі тип дгеніміз не?
Шекеул тип қалай сипатталады?
Карточка №3
Жиым дегеніміз не?
Жиымның негізгі параметрлері.
Карточка №4
Инднкс дегеніміз не?
Жиымдарды сипаттау.
Карточка №5
Сызықтық және тіктөртбұрышты кестелер дегеніміз не?
Индекстік айнымалылар деп қандай жиымдар аталады.
Күні:
Сынып: 9
Сабақтың тақырыбы: Көмекші программалар
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға жалпы көмекші програмалар жацында түсінік беру. Көмекші программалардың негізгі құрылымымен таныстыру.
Дамытушылық: Ойлау қабілеттерін, қызығушылықтарын арттыру,өз беттерімен жұмыс істеу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік. Компьютер сыныбында қауіпсіздік ережесін таңдауға, берілген тапсырмаға жауапкеғшілікпен қарауға, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі
Сабақтың типі: Аралас
Көрнекілігі: таратпа материалдар
Әдебиеттер: 1.9 сынып «информатика және есептеу техникасы негіздері»
Б.Бөрібаев, Б.Нақысбеков, Г.Мадиярова
2. 9 сынып «Есептер және жаттығулар жинағы»
Сабақтың жоспары:
1Ұйымдастыру кезеңі (2-3 мин)
2. Үй тапсырмасын сұрау (10-15 мин)
3.Жаңа тақырып өту (15-20 мин)
4.Жаңа тақырыпты бекіту ( 10-15 мин)
5.Сабақты қортындылау
А) баға қою (2-3 мин)
Б) Үйге тапсырма беру ( 2-3 мин)
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі. Сәлеметсіңдер ме балалар? Отырыңдар. Сыныпта кім кезекші? Сыныпта кім жоқ?
2. Үй тапсырмасын сұрау.Бақылау жұмысын алу оқушыларды екі нұсқаға бөлу.
I – нұсқа сұрақтары:
1.Мәліметтердің саналатын типтері
2.Жиым дегеніміз не?
3.Жиымдар қалай сипатталады?
II – нұсқа
Міліметтердің шектеулі типтері
Жиым дегеніміз не?
Көпөлшемді жиымдар
3.Жаңа тақырып өту. Бүгінгі біз тіздермен «Көмекші программалар» деп аталатынжаңа тарау бастаймыз. Барлығымыз дәптер, кітаптарымызды ашамыз.
Компьютерде шығарылытын есептердің күрделенуіне байланысты программалардың көлемі өсіп, оларды жазу, оқу, түзету күннен күнге қиындап келеді. Осыған байланысты программа құруды, түсінуді, өзгертуді жеңілдететін тәсілдер жасалған, олар құрылымдық программалау деп аталады.
Программа адамның түсінуі мен қабылдауна ыңғайлы жүргізуге бағытталған тәсілдер жиынын құрылымдық программалау деп атайды. әрбір программа бөліктері бір- бірімен тығыз логикалық байланыста болады, оның бір жерінен екінші бір жеріне секіру болмауы тиіс.
Құрылымдық программалау – goto операторынсыз программалау болып саналады, яғни шартсыз көшу операторын пайдаланбау керек. Сол себепті программа бөліктері соларда көрсетілген тәртіп бойынша мәліметтерді өңдеу ережесін орындайтын логикалық құрылымдардан тұрады.негізгі логикалық құрылымдарға:
Сызықтық құрылым – программадағы операторлардың немесе олардың топтарының жазылу реттілігімен тізбектеле орналысуы;
Тармақталу – берілген шарттың орындалуы орындалмауына бойынша алдын ала көрсетілегн бірнеше мүмкіндіктің бірін таңдауды жүзеге асыратын басқару құрылымы.
Бұл құрылымның ең басы ерекшелігі – олардың орындалу алгоритмдерінің бір кіріс не тек бір кіріс сызығы болады.
Қазіргі кездегі программалау технологтясы «жоғарыдан төмен қарай» орындалатын әрекеттерді біртіндеп айқындау тәсілін кең пайдаланады. Осы технологияға сәйкес күрделі есептің белгілі бір бөлігі тәуелсіз шығаруға бролатын блок – қосалқы программа ретінде құрылуы тиіс. Осындай құрылымды күрделі программаны – сатылы түрде жинақталған тәуесіз қосалқы программалардан құруға болады.
Белгі бір ат қойып, жек программа түрінде бөлек жазылған, қажет кезінде оны қайталап пайдаланып отыруға болатын негізгі программаның арнайы бөлігін көмекші немесе қосалқы программа деп атайды.
Қосалқы программаны пайдалану:
Негізгі программаның көлемін кішірейту;
Негізгі программада пайдаланылған айнымалыларды қосалқы программада да пайдалану мүмкіндігін береді;
Қосалқы программаға берілген коппьютердің жедел жады көлемін ол орындалмай тұрғанда, бос ұя ретінде басқа мақсаттарға пайдалануға болады;
Қсалқы программаны пайдалану тәсілдері құрылымдық прогаммалау талаптарына сай келеді;
Қайталанатын әрекеттерді қайта жазып көшіруге көп уақыт кетірмеу үшін қосалқы программалар ретінде функциялар мен процедуралар қолданылады. Процедуралардың циклдерден айырмашылығы, олар программаның әр жерінде оператор тізбегі өзгермей, тек бір рет қайталанып отырады, яғни әр пайдалану кезінде бір рет қана орындалады.
Белгілі бір әрекеттерді орындау мақсатында алдын ала бекітілген аты бойынша шақырылып орындалатын программаның тәулсіз бөлігі процедура деп аталады. Процедура өрнектің аргумент мәні бола алмайды. Программада процедураның атын көрсету оның орындалуына себепші болады да, мұндай әрекет процедураны шақыру деп аталады.
Функция да процедура секілід орындалады, бірақ оның процедурадан екі айырмашылығы бар, олар: функия аты өрнектің аргумент ролін атқара алады,; функция орындалған соң, программаға тек бір ғана мән беріледі. Жұмысының нәтижесі тек бір ғана мән болатын процедкра функция деп аталады.
Процедура түріндегі қосалқы программа бірнеше оператор тізбегінен тұрады және оның жұмыс нәтижесі де бірнеше мән болуы мүмкін. Функция түріндегі қосалқы программа математикалық функциялар тәрізді бастапқы аргумент арқылы өрнек есептей отырып, нәтижесінде тек бір ғана мән береді.
Паскаль тілінің барлық процедуралары мен функциялары екіге бөлінеді: олар: стандартты және тұтынушы өзі анықтаған бейстандарт топтар. Стандартты процедуралар мен функциялар тілдің элементі ретінде өз аттары бойынша алдын ала анықталған түйінді сөздермен белгіленеді. Ал бейстандарт функциялар мен процедураларды әрбір программалаушы өзі жаңа атау беруі арқылы анықтайды да, олар орындалатын әрекеттерден тұрады. Барлық стандартты атауларды анықтау жолыы арнайы кітапханалық модульдерде көрсетілген, олардың да жүйелік өз атаулары бар.
4.Жаңа тақырыпты бекіту.
1. құрылымдық программалау дегеніміз не?Ол не үшін қолданылады?
2. қандай негізгі логикалық құрылымдар бар?
3.Қосалқы программа деп қандай прграмманы айтады?
4. процедура дегеніміз не?
5. функция деп нені айтамыз?
6. функцияның процедурадан қандай айырмашылығы бар?
5.Сабақты қортындылау.
Бағалау .Үйге: кітаптағы 140-142 беттерді оқу.
Сабақ аяқталды!Сау болыңдар!
Күні:
Сынып: 9
Сабақтың тақырыбы: Стандартты кітапханалық модульдер.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға жалпы көмекші програмалар жацында түсінік беру. Көмекші программалардың негізгі құрылымымен таныстыру.
Дамытушылық: Ойлау қабілеттерін, қызығушылықтарын арттыру,өз беттерімен жұмыс істеу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік. Компьютер сыныбында қауіпсіздік ережесін таңдауға, берілген тапсырмаға жауапкеғшілікпен қарауға, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі
Сабақтың типі: Аралас
Көрнекілігі: таратпа материалдар
Әдебиеттер: 1.9 сынып «информатика және есептеу техникасы негіздері»
Б.Бөрібаев, Б.Нақысбеков, Г.Мадиярова
2. 9 сынып «Есептер және жаттығулар жинағы»
Сабақтың жоспары:
1Ұйымдастыру кезеңі (2-3 мин)
2. Үй тапсырмасын сұрау (10-15 мин)
3.Жаңа тақырып өту (15-20 мин)
4.Жаңа тақырыпты бекіту ( 10-15 мин)
5.Сабақты қортындылау
А) баға қою (2-3 мин)
Б) Үйге тапсырма беру ( 2-3 мин)
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі. Сәлеметсіңдер ме балалар? Отырыңдар. Сыныпта кім кезекші? Сыныпта кім жоқ?
2. Үй тапсырмасын сұрау.Бақылау жұмысын алу оқушыларды екі нұсқаға бөлу.
3. Жаңа тақырып түсіндіру
Стандартты кітапханалық модульдер.
Паскаль тілінің кітапханалық модульдері бар. Олар: system, Crt, Dos, Graph, Graph3, Overlay, Printer, Турбо3 және турбо vision арнаулы кітапханасы. System модулі келісім бойынша іске қосылады, ал қалған программа құраушының өзі стандартты Uses түінді сөзі арқылы енгізеді.мысалы: Uses Crt, Dos, Printer.
Осы модульдердің әрқайсысының атқаратын қызметтеріне тоқталайық:
System – негізгі модуль, оның құрамындағы стандартты қосалқы программалар басқа барлық модульдердің жұмысын қамтамасыз етеді.
Crt – дисплей мен пернетақтаны басқарады;
Dos – Dos жүйесінің әр түрлі функцияларын орындау ісін жүзеге асырады;
Graph – қазір қолданыстан шыққан немесе сирек кездесетін CGA, EGA, VGA, HRC, IBM 3270, MCGA, ATT6300.
Graph3- Паскаль тілінің стандартты графикалық қосалқы программаларды пайдалануды қамтамасыз етеді.
Overlay – оверлейлік ( көлемді программаны шағын бөліктерге бөліп, қажет болғанда оны қайтадан біртұтас күйде жұмыс атқаратын қалыпқа келтіру) программаларды ұйымдастыру мүмкіндіктерін жасайды.
Printer – принтерде мәлімет басып шығаруды жылдамдатады.
Турбо3 – программаның паскаль 3.0 нұсқасымен сәйкетігін барынша үйлестіру ісіе атқарады.
турбо vision – тұтынушы интерфейсін жасайтын обьектіге бағытталған қосалқы прграммалар кітапханасы іске қосылады.
Ішкі функциялар мен процедуралар. Паскаль программаларында system стандартты кітапханалық модулі бірден автоматты іске қосылады да, ол Uses бөлігінде көрсетілмейді. Сондықтан оның құрамындағы ішкі стандартты процедуралар мен функцияларын пайдалануға болады.
Паскальда жазылуы
|
Аргумент типі
|
Нәтиже типі
|
Атқаратын қызметі
|
Арифметикалық функциялар мен процедуралар
|
Abs(x)
Arctan(x)
Cos(x)
Sin(x)
Exp(x)
Frac(x)
Int(x)
Ln(x)
pi
sqr(x)
sqrt(x)
random
random (i)
randomize
|
Real/integer
Real
Real
Real
Real
Real
Real
Real
Real
Real/integer
Real
word
|
Х-аргументінің типі
Real
Real
Real
Real
Real
Real
Real
Real
Х аргументінің типі
Real
Real
word
|
Аргументтің абсолюттік шамасы
Аргументтің арктангенсі
Аргументтің косинусы
Аргументтің синусы
Е-нің х дәрежесі
Х санның бөлшек бөлігі
Х санның бүтін бөлігі
Х санның натурал логорифмі
Pi= 3.141592653897932385
Х-тің квадраты
Х- тің квадрат түбірі
0 мен 0.99 арасынан кездейсоқ мәнін береді
0 мен I арасынан кездейсоқ сан мәнін береді
Кездейсоқ сандар генераторы базасын ауыстырады
|
Скалярлық функциялар мен процедуралар
|
Pred(s)
Succ(s)
Odd(i)
|
Реттелген тізім
Реттелген тізім
integer
|
Реттелген тізім
Реттелген тізім
boolean
|
Тип мәндері тізіміндегі s – тің алдындағы элемент мәні алынады
Тип мәндері тізіміндегі s-тен кейінгі элемент мәні алынады
Егер I тақ болса, функция мәні –true, ал I жұп болса-false.
|
Ескерту. Функциялардың жазылуындағы жүйелі жақша мен оның ішіндегі элемент міндетті түрде жазылмайды, оның бірде болып, бірде болмауы мүмкін.
|
Типтерді түрлендіретін функциялар
|
Chr (i)
Ord(s)
Round(x)
Trunk(x)
|
Byte
Real
Real
|
Char
longint
longint
longint
|
I реттік нөмірі бойынша символды анықтайды.
S типімен саналатын мәндері үшін реттік нөмірін анықтайды
Нақты санды бүтін санға дейін дөңгелектейді
Нақты санның бүтін бөлігін (x>=0) немесе одан 1- ге кіші мәнін (x<0) береді.
|
Программаларды басқаратын процедуралар
|
Delay(i)
Exit
Halt(n)
Runerror(i)
|
word
word
word
|
|
Программа орындалуын I мс-қа кідіртеді.
Орындалып жатқан блоктан сыртқы блокқа шығу
Програма жұмысын аяқтау, n- операциялық жүйеге берілетін программаны аяқтау коды.
Программа жұмысын аяқтап, I - қателік кодын беру.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |