Сабақтың тақырыбы : Жасушаның ашылу тарихы. Сабақтың мақсаты: Жасуша жайлы түсінік беру, жасушаның маңызын түсіндіру



жүктеу 0,64 Mb.
бет1/4
Дата28.12.2019
өлшемі0,64 Mb.
#25228
түріСабақ
  1   2   3   4

Күні айы бекітемін
Сабақтың тақырыбы: Жасушаның ашылу тарихы.

Сабақтың мақсаты:1.Жасуша жайлы түсінік беру, жасушаның маңызын түсіндіру.

2. Оқушылардың шапшаңдығын, тез ойлауын, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

3.Жауапкершілікке, табандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, электронды плакаттар.

Сабақтың әдісі: көрнекі баяндау

Сабақтың барысы:1 ұйымдастыру.

2Жаңа сабақты түсіндіру.



§3. Жасушаның ашылу тарихы. Ұлғайтқыш құралдар

 

Тірі ағзалардың ортақ белгісі – денесі жасушадан (клеткадан) тұрады. Кез келген тірі ағзаның тіршілік белгілерін сақтайтын ең кіші құрылымдық бөлшегі – жасуша. Көлемі кіші болғанымен, мыңдаған қосылыстар, жүздеген заттар жасушада ұдайы түзіліп, реакция тізбегіне қатысады. Жасушада тірі ағзаларға тән зат пен энергия алмасу, органикалық қосылыстардың түзілуі, өсу, көбею, тыныс алу жүреді.



Жасушаның ашылу тарихы микроскоптың шығуына байланысты. 1590-1610 жылдардың аралығында оптика шеберлері голландиялық әкелі-балалы Янсендер жарық микроскобын ойлап тапты. Микроскоп шыққаннан кейін өсімдік жасушасын зерттеу мүмкіндігі туды.

1665 жылы алғаш рет ағылшын ғалымы Роберт Гук өсімдік қабығының жұқа кесіндісін микроскоппен қараған. Ол майда ұяшықтарды көріп, оны жасуша деп атаған. Әдетте біз жасушаны жай көзбен көре алмаймыз. Оның мөлшері миллиметрдің мыңнан бір бөлігімен өлшенеді. Өсімдіктер мен жануарлар дүниесінде денесі бір ғана жасушадан тұратын өте қарапайым ағзаларды біржасушалылар дейді. Біржасушалылар көпжасушалы ағзалар сияқты тіршілік етеді.

 

 

Микроскоптың құрылысы



 

Микроскоп (грекше: «микро»– ұсақ, «скопэ»– қараймын) – өте ұсақ заттарды 100-ден 2 000 есеге дейін үлкейтіп көрсететін күрделі құрал (1-сурет).

Микроскоптың негізгі бөлігі – үлкейтіп көрсететін әйнектері бар көру түтігі. Көру түтігінің жоғары жағына 2 линзасы (әйнек) бар окуляр (латынша: «окулус»– көз) кигізілген. Төменгі жағына бірнеше линзасы бар объектив (латынша: «объектум» – зат) орналасқан. Көру түтігінің екі жағында бұрандасы бар. Бұранда арқылы көру түтігі жоғары көтеріп, төмен түсіруге болатын тұтқаға (штативке) бекітіледі. Көру түтігінің дәл астында ортасы тесік заттық үстелше орналасады. Заттық үстелшенің астында жарық қабылдайтын айналмалы айнасы бар. Микроскоптың барлық бөлшектері орнықты тұру үшін табанға бекітіледі. Затты тек жарықтың көмегімен көретіндіктен жарық микроскобы деп аталады.

Көретін затты неше есе үлкейтетінін білу үшін окуляр мен объективте жазылған сандарды бір-біріне көбейтеді. Мысалы, окулярда 15´ , ал объективте 40ґ болса, 15ґ40 = 600 есе үлкейтеді.

 

Микропрепарат дайындау

 

Микроскопқа қажетті құрал-жабдықтар: заттық әйнек (заттық шыны), жабын әйнек, су, сапты ине, тамызғы (пипетка). Кез келген затты микроскоппен қарау үшін алдымен препарат (микропрепарат) дайындайды. Ол үшін заттық шыныға тамызғымен 1-2 тамшы су тамызып, оған көретін затты салады. Үстін жабын шынымен жауып, заттық үстелшеге орналастырады да микроскоппен қарайды. Көретін затты еш уақытта сусыз қарауға болмайды. Өсімдік жасушасының ішкі құрылысын микроскоппен қарауға ең ыңғайлысы пияздың мөлдір қабығы – пияз өңі. Препарат жасауға аршылған пияз аламыз (2-сурет). Оның шырынды қабатының дөңес жағынан жұқа мөлдір қабықшасын сылып аламыз. Препаратты микроскоппен қарағанда, бір-біріне тығыз орналасқан ұзынша пішінді жасушалар көрінеді. Жасушаның қабықшасы, цитоплазмасы мен ядросы анық көрінеді. Судың орнына йодтың судағы әлсіз ерітіндісін тамызса, ядросы қоңыр түсті болып айқын көрінеді.

 

Микроскоппен жұмыс істеу тәртібі:

1. Микроскоппен отырып қана жұмыс істеу керек. Оны үстелдің шетіне (5-8 см қашықтықта) орнықты етіп қояды. Жұмыс істеп болғанша микроскопты орнынан қозғамайды. 2. Қарайтын заттың дайын препаратын микроскоптың зат үстелшесі ортасындағы тесікке дәл келтіріп орналастырады.

3. Қозғалмалы айна арқылы заттық үстелшедегі препаратқа жарық түсірілуі тиіс (жарықтың түскен-түспегенін окулярға қарап бақылайды). 4. Бұрандамен зат анық көрінгенше көру түтігін ептеп қана жоғары немесе төмен қозғайды. Объективпен көретін заттың ара қашықтығы мөлшермен 1 см-дей болғанда, зат анық көріне бастайды.

5. Жұмыс істеп болған соң микроскопты қабына салу қажет. 6. Микроскопты түрлі химиялық реактивтермен қатар қоюға болмайды, бөлек таза шкафта сақталады.

Микроскоптан басқа майда затты (3-5 есе) сәл үлкейтіп көрсететін, құрылысы қарапайым құрал – ұлғайтқыш қол әйнегі (лупа). Оның негізгі бөлімі – екі жағы бірдей дөңес шыны (линза). Пайдалануға ыңғайлы болу үшін шынының айналасы құрсауланған, қолмен ұстайтын сабы бар. Ұлғайтқыш әйнектің сабынан ұстап, заттың бейнесі анық көрінгенше затқа біресе жақындатып, біресе алыстатып қарайды.

Ұлғайтқыш қол әйнегінен күрделірек тұтқалы ұлғайтқыш әйнек болады. Ол затты 10-25 есе үлкейтеді. Тұтқалы ұлғайтқыш әйнектің де табаны (микроскоптікіндей), зат қоятын үстелшесі (тұтас тұнық әйнектен жасалған), қозғалмалы айнасы бар. Көру түтігін қозғайтын бұрандасы болады. Қарапайым көру түтігінің бір жағы – окуляр, екінші жағы – объективі. Затты көру тәртібі микроскоптағыдай.

 

Қорытынды.



 

А 1. Жасушада қандай процестер жүреді? 2. Ұлғайтқыш құралдардың түрлерін атап, айырмашылығын талдап көрсетіңдер. 3. Микроскопқа қажетті жабдықтарды атаңдар.

В 1. Микроскоптан негізгі бөліктерін атап, орналасқан жерін көрсетіңдер.

2. Көру түтігінде қандай бөлшектер орналасады? 3. Окуляр мен объективтің құрылысын, айырмашылығын айтып беріңдер.

С 1. Орналасу ретіне қарай микроскоптың бөлшектерін жатқа айтып беріңдер. 2. Жасушаның ашылу тарихының себептері, ашқан ғалымдар. 3. Микроскоппен қарау үшін микропрепаратты қалай дайындайды?

  №1-зертханалық жұмыс.

Ұлғайтқыш әйнектің және микроскоптың құрылысымен танысып, жұмыс істей білу.

Көрнекіліктер: микроскоп, қол және тұтқалы әйнектер (лупа), аршылған пияз, тамызғы (пипетка), сапты ине, қысқыш (пинцет) зат және жабын шынылар, өткір ұстара, су.

 

Орындалатын тапсырмалар:

1. Штативті (тұтқалы) ұлғайтқыш қол әйнек пен микроскоптың құрылысын салыстырып қарау. 2. Микроскоптың бөліктерінің орналасуымен танысып қалай аталатынын білу. 3. Микроскопқа керекті құрал-жабдықтармен танысып, қалай пайдалану керектігіне зер салу. 4. Препарат дайындауды және оны микроскоппен қарауды үйрену (жаттығу).

  Атқаратын қызметіне қарай микроскоп бөлімдерінің аттарын кестеге толтырыңдар.

 


Микроскоптың бөлімдері

Атқаратын қызметі




Жарық түсіру




Көзбен қарау




Көру түтігін қозғау




Затты қарау




Көру түтігінің бекітілген жері




Қарайтын затты орналастыру




Микроскоптың барлық бөлімдері бекітілген тірегі




Үлкейтіп көрсететін әйнектер орналасқан бөлімі

 

Күні айы бекітемін
Сабақтың тақырыбы: Өсімдік жасушасының құрылысы
Сабақтың мақсаты:. Жасушаның маңызды бөліктермен таныстырып , оладыңатқаратын қызметтерін түсіндіру.

2. Оқушылардың шапшаңдығын, тез ойлауын, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

3.Жауапкершілікке, табандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі:аралас

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, электронды плакаттар.

Сабақтың әдісі: көрнекі баяндау

Сабақтың барысы:1 ұйымдастыру. 2. үй тапсырмасын тексеру

3Жаңа сабақты түсіндіру.



Денесі бір ғана жасушадан тұратын (мейлі өсімдік я жануар болсын) ағзаларда әр жасуша өз алдына жеке ағза болып есептеледі. Көп жасушалы ағзадағы бір жасуша ағзаның кішкене бір бөлшегі ғана. Өсімдік жасушасының құрылысымен толық танысу үшін препаратты қайта жаңартып, микроскоппен қарайық. Препараттан пішіні төрт бұрышты, ұзынша, бір-бірімен тығыз орналасқан көп жасушалар көрінеді. Жеке бір жасушаның құрылысы – жасуша қабықшасы, цитоплазма, ядро, пластидтер және вакуоль Жасуша қабықшасы жасушаның сыртын қаптайды. Ол өте тығыз, қалың, қатты, ыстық суда, басқа да қосылыстарда ерімейтін мықты болады. Қабықша – жасунықтан (целлюлоза) тұрады. Қабықшаның өте жұқарған жерін – саңылау деп атайды (саңылау тесік емес, тек салыстырмалы атауы). Саңылау арқылы, біріншіден, бір жасуша мен екінші жасуша арасында өзара су, газ, зат алмасады. Екіншіден, бір жасушаның цитоплазмасы екінші жасушаның цитоплазмасымен байланысады. Қабықша жасушаға белгілі пішін және мықтылық қасиет береді. Ішкі бөліктерін зақымданудан, кеуіп кетуден қорғайды.

Цитоплазма (грекше «цитос» – жасуша; «плазма» – сұйықтық) – жұмыртқаның ақуызына ұқсас мөлдір, желім тәрізді созылмалы қоймалжың тірі зат. Цитоплазманың құрамында 60-90% су, 10-20% нәруыз, 2-3% май, 1% бейорганикалық заттар бар. Жасушаның тіршілігіне қажетті денешіктер (органоидтар) цитоплазмада орналасады. Жасушада жүретін барлық күрделі тіршілік әрекеттеріне қатысады. Цитоплазмада жасушадағы зат алмасудың көпшілігі жүзеге асады. Ол үздіксіз қозғалыста болады. 

 Ядро – цитоплазмаға қарағанда тығыз әрі сыртында 2 қабат қабықшасы бар. Цитоплазманың ішінен пішіні өте анық байқалады. Жасуша қабықшасындағыдай ядро қабықшасында да өте жұқарған (саңылау) жерлері көп. Саңылаулары арқылы цитоплазма сұйықтығымен өзара ұдайы байланысып зат алмасады. Әрбір тірі жасушаның тіршілігі ядро мен цитоплазманың тіршілік әрекетіне байланысты. Ядро жасушаның көбеюіне қатысады.



Пластидтер – тек өсімдік жасушасына ғана тән денешіктер (4-сурет). Бұлар бактериялар мен саңырауқұлақтарда болмайды. Құрамында болатын бояғыш заттардың түсіне қарай пластидтер – хлоропластар, хромопластар, лейкопластар деп 3-ке бөлінеді.

Хлоропластар өсімдікке жасыл түс береді. Өсімдіктің барлық жасыл мүшелерінде кездеседі. Хлоропласта жасыл пигмент – хлорофилл бар. Органикалық зат түзуге қатысады.

Хромопластар гүл күлтелеріне, күзгі жапырақтарға, піскен жемістерге, жемтамырларға қызыл, сары түс береді.

Лейкопластар – өсімдіктің тұқымында, тамырында, түйнегінде кездесетін түссіз, ұсақ денешіктер. Олар өсімдікте қоректік қор жинауға қатысады.

Вакуоль – цитоплазмада орналасады, сыртында қабықшасы бар іші шырынға толы болатын бөлігі. Жасуша шырынының жиналуына байланысты біртіндеп пайда болады. Шырынның құрамындағы органикалық қышқылдар, витаминдер, тұздар жасушаның қоректенуіне жұмсалады. Вакуоль жасуша ішіндегі сұйықтықтың қысымын реттейді. Егер қысым өзгерсе, өсімдік қурап қалады. Вакуоль сулы ортаны қалыптастырады. Ол улы заттарды ыдыратады.

СЫНЫПТА ОРЫНДАЛАТЫН ТАПСЫРМАЛАР

 Атқаратын қызметіне байланысты тұсына жасуша бөліктерінің атын жазып, кестенің бос орнын толтырыңдар.

 


Жасушаның құрылысы (бөліктері)

Атқаратын қызметі

1.

Жасушада жүретін барлық тіршілік әрекеттеріне қатысады.

2.

Жасушаны қоректендіреді, жасуша ішіндегі сұйықтықтың қысымын реттейді.

3.

Органикалық зат түзуге, қор жинауға қатысып өсімдікті түрлі түске бояйды.

4.

Көбеюге қатысады.

5.

Жасуша бөліктерін зақымданудан қорғайды.

 

ҚОРЫТЫНДЫ : А 1. Пияздың мөлдір өңінен жасаған препараттан жасушаның анық көрінген бөліктерін атаңдар. 2. Жасуша қабықшасының атқаратын қызметі қандай? 3. Саңылау дегенді қалай түсінесіңдер, оның қызметі қандай?

В 1. Цитоплазманың қасиеті және оны неге тірі зат дейді? 2. Ядроның цитоплазмаға қарағанда айырмашылығы және жасушаға не үшін қажет? 3. Вакуоль қандай қызмет атқарады?

С 1. Тек өсімдіктерге тән денешіктерді атап, оның түрлерінің қайда кездесетінін сызбанұсқа (схема) немесе кесте сызып толтырыңдар. 2. Жасуша қабықшасының қасиетін талдаңдар. 3. Оқулықтың «біліміңді тексер» айдарында берілген кестені толтырыңдар.

 

Үйге тапсырма §



Күні айы бекітемін
Сабақтың тақырыбы: №2-зертханалық жұмыс.

Пияз қабықшасының өңі мен бөлме өсімдіктерінің жапырағының көлденең кесіндісін микроскоппен қарау.

Сабақтың мақсаты:. Жасушаның маңызды бөліктермен таныстырып , оладыңатқаратын қызметтерін түсіндіру.

2. Оқушылардың шапшаңдығын, тез ойлауын, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

3.Жауапкершілікке, табандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: аралас түрі:зертханалық

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, электронды плакаттар.

Сабақтың әдісі: көрнекі баяндау

Сабақтың барысы:1 ұйымдастыру. 2. үй тапсырмасын тексеру

3Жаңа сабақты түсіндіру.


2-зертханалық жұмыс.

Пияз қабықшасының өңі мен бөлме өсімдіктерінің жапырағының көлденең кесіндісін микроскоппен қарау.

 Орындалатын тапсырмалар:

1. Пияз қабығының өңінен жасалған препараттың микроскоптағы көрінісінің суретін дәптерге салу, жасуша пішініне көңіл аудару.

2. Жеке жасушаның бөліктерінің атын жазып, оқулықтағы суретпен салыстырып талдау.

3. Бөлме өсімдігі жапырағының жұқа көлденең кесіндісінен препарат жасап, жасыл пластидтердің пішіні мен түсіне көңіл аудару (жапырақтары түксіз өсімдіктер алынады). Тіпті жапырақ өңін азғана жұмсағымен сылып алып қараса пластидтер көрінеді.

 

 



Ескерту: Көрнекілікке қосымша кез келген бөлме өсімдіктері алынады (хлорофилді көру).

Күні айы бекітемін
Сабақтың тақырыбы: Ұлпалар

Сабақтың мақсаты:. Жасушаның маңызды бөліктермен таныстырып , оладыңатқаратын қызметтерін түсіндіру.

2. Оқушылардың шапшаңдығын, тез ойлауын, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

3.Жауапкершілікке, табандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі:аралас

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, электронды плакаттар.

Сабақтың әдісі: көрнекі баяндау

Сабақтың барысы:1 ұйымдастыру. 2. үй тапсырмасын тексеру

3Жаңа сабақты түсіндіру.



Ұлпалар

Шығу тегі, құрылысы, атқаратын қызметі ұқсас жасушалар тобын ұлпа дейді. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің ұлпаларынан мүшелер, ал мүшелерден ағза түзіледі:

 

жасушалар тобы → ұлпа → мүше → ағза



 

Өсімдіктердегі ұлпалардың түрлері: түзуші, жабын, негізгі (қоректік және фотосинтездеуші), тірек, өткізгіш және бөліп шығарушы (6,7-суреттер).



1. Түзуші ұлпа (меристема, грекше «меристос» – бөлінетін, бөлуші) барлық ұлпалардан бұрын түзіледі. Сабақтың, тамырдың ең ұшына орналасқан түзуші ұлпа жасушалары ерекше болады: өте ұсақ, қабықшасы жұқа, вакуольдері де ұсақ, ядросы жасушаның дәл ортасына орналасады. Ұдайы бөлінуге қабілетті, бір-бірімен тығыз жанасқан тірі жасушалардан тұрады. Түріне қарай түзуші ұлпалар өсімдіктің әр жерінде (сабақ, тамыр ұшында, жас жапырақтың негізінде және т. б.) кездеседі. Жасушалары ұдайы бөлінетіндіктен өсімдік өседі, бүршік жарады. Бітеу гүлдер ашылады, тұқымнан жаңа өсімдік өсіп шығады. Өсімдіктердің ұзарып өсуі, ағаштың жуандауы, жас жапырақтардың үлкеюі түзуші ұлпаға қатысты. Сылынған қабық пен сынған ағаштарды қайта қалпына келтіреді. Тек түзуші ұлпаның жасушалары ғана бөлінуге қабілетті. Басқа ұлпалардың барлығы осы ұлпадан түзіледі.

2. Жабын ұлпа өсімдік мүшелерінің сыртын қаптап, кеуіп кетуден, сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан сақтайды. Жабын ұлпа өң, тоз, қыртыс деп бөлінеді.

Өң жасушалары тірі, бір-бірімен тығыз жанасқан. Алғаш өсу кезінде гүлдің бөлімдерін, жапырақты, жемісті, сабақты және тамырды сыртынан қаптап тұрады. Өсімдіктің сыртындағы түктері өңнің өсіндісі. Өң өсімдік мүшелері суды артық мөлшерде буландыруынан, зақымдануы нан қорғайды.

Тоз – көп жылдық өсімдіктерде өңнің орнын басатын қабат. Жасушалары алғашында тірі болғанымен, біртіндеп қабықтары қалыңдап, қоңырлау түсті өлі жасушаларға айналады. Бұл – су мен улы газдарды, жылуды, дыбысты ішке өткізбейтін, шірімейтін тығыз көп қабатты болады.

Қыртыс – ең соңынан түзілетін қабат. Ағаш діңдерінде, бұтақтарында, тамырларында жаңа қабаттар пайда болып қыртыс түзіледі. Қыртыс жасушалары өлі болғанымен тереңіректегі, тірі жасушалар бөлініп, діңнің көлденеңін ұлғайтады. Қыртыстың сыртқы қабаты «жыртылып» біркелкі тегіс болмай сайлы, қабыршақты кедір-бұдырлы болады. Мұны (емен, қарағаш, шаған) жуан ағаштардың қабығынан көруге болады. Қалың қыртыс ағаш діңдерін өрттен, температураның күрт ауысуынан, күн сәулесінің күйдіруінен, зиянды микробтардан қорғайды. Қыртыс жыл сайын тоздың пайда болған жаңа қабаттарынан қалыңдай береді.

3. Негізгі ұлпа. Өсімдіктердің барлық мүшелерінде кездесетіндіктен негізгі ұлпа деп аталады. Барлық ұлпалардың ішінде де болады. Жасушалары тірі, пішіндері атқаратын қызметіне қарай домалақ, цилиндр, эллипс тәрізді әр түрлі. Жасуша қабықшасы жұқа, цитоплазмасы қабықшаны астарлай орналасады. Жасушааралық кеңістіктері өте кең болады. Атқаратын қызметіне байланысты негізгі ұлпалар – фотосинтездеуші, қор жинаушы, су жинаушы, ауа жинаушы деп бөлінеді.

 


 


 






Фотосинтездеуші ұлпа жасушаларының қабығы жұқа, жасушааралықтары кең, хлоропластары көп болады. Хлоропластары бір-біріне кедергі жасамайтындай белгілі ретпен орналасады. Бұл ұлпада өсімдікті органикалық заттар және энергиямен қамтамасыз ететін фотосинтез реакциясы жүреді. Қор жинаушы ұлпалар өсімдік сабағында, пиязшығында, жапырағында, жемтамырында, тамырсабақта кездеседі. Қор жинаушы ұлпада нәруыздар, көмірсулар, майлар және т.б. артығы қорға жиналады. Энергияға бай қосылыстар өсу кезінде қорға жиналып, өсімдіктің өсуі мен дамуына жұмсалады.

Су жинаушы ұлпаның жасушаларының қабығы қалың, ірі болады. Вакуолінде желімтек, созылғыш заттар бар, ол ылғалды сақтап тұрады. Су жинаушы ұлпа шырынды (кактус, бозкілем, семізот, алоэ, агава) және сортаң (тұзы көп) жерде өсетін өсімдіктерде (сораң, сарсазан) болады. Алоэ суды шырынды жапырағына, кактус өркеніне (сабағына) жинайды.

Жасушалар арасындағы кеңістіктер ауаға толы болады. Іші ауаға толы жасушалар әсіресе сулы және батпақты жерде өсетін өсімдіктерде кездеседі. Олар ұлпаларды оттегімен қамтамасыз етеді. Су өсімдіктерінің жапырақтарын көмірқышқыл газымен байытып, суда қалқуын жеңілдетеді.

 


жүктеу 0,64 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау