Сабақтың міндеттері:
Білімділік: ақынның өмір жолы мен шығармаларынан хабар бере отырып, «Толқын» өлеңінің көркемдік ерекшелігін таныту, білімді дамыта отырып, танымдық қабілетін арттыру.
Дамытушылық: Мәнерлеп оқу дағдысын дамыту, өз пікірін еркін жеткізуге дамыту, шәкірттерді өзіндік ізденіс, шығармашылық жұмыстарына баулу .
Тәрбиелік: М. Жұмабаев секілді өз тілін, елін, жерін сүйе білуге тәрбиелеу,ақын өмірін үлгі ете отырып, азаматтыққа шақыру, әдебиетті сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың мақсаты: М.Жұмабаевтың лирик ақын екеніне көз жеткізіп, «Толқын» өлеңінің тақырыбы мен идеясын, құрылысы мен тәрбиелік мәнін талдай білу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ, шығармашылық – зерттеу сабағы.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, көрнекілік, талдау, мазмұндау, жаңа технологияның кейбір әдіс-тәсілдерін қолдану.
Сабақтың көрнекілігі: ақын шығармалары, ақын жайлы ұлылардың сөздері, қосымша материалдар, тірек сызба, слайдтар, электронды оқулық.
Достарыңызбен бөлісу: |