Қорытынды:
1. Гүлшоғыр дегеніміз не?________________________________________________________
______________________________________________________________________________
2. Жай гүлшоғырынан күрделі гүлшоғыр несімен ерекшеленеді?_______________________
______________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________
Ой дамыту
Танымдық ойындар
«Гүл-дүние көркі» десек қателеспейміз. Гүлдердің де біздер сияқты жаны бар. Олар адамға үлкен пайда келтіреді. Кейбір гүлдер қоршаған ортаға жағымды. Энергия бөледі. Әр адамның өзінің сүйікті гүлі болады. Гүл адамды эстетикалық ляззатқа бөледі. Қазақ халқы қызды гүлге теңеген. Жақсылықта гүл силау-үлкен құрметтің белгісі.
Гүлдер, гүлдер, көп гүлдер,
Қызыл гүлдер, көк гүлдер.
Жайнар кезім келді деп...
( Т. Молдағалиев.)
Кім білмес қыр аруы қызғалдақты,
Өң беріп көркейтеміз әрбір бақты.
Сәні деп өмірімнің, көңілімнің,
Сый етіп, мені жігіт қызға арнапты.
(Оразақын Асқар)
Сауалнама
Сендер қандай түсті гүлді ұнатасындар?
Қызыл – белсенділік пен өмірлік күш қуаттың белгісі. Бұл түсті батыл, табанды, ерік жігерлі адамдар ұнатады. Олар қызба, әсершіл, қызу қанды келеді. Негізінен олар жетекшілер.
Қызғылт – жалынның түсі, негізінен ол адамдар ыстық қанды болып келеді. Олар жарқын, айрықша адамдар. Көптің ішінде ерекшеленіп тұрады. Жұрттың назарын өзіне аударып алады. Алға қойған мақсаттарына жету жолында өмірлерін қиюға әзір.
Сары – жылу мен жарықтың түсі. Бұл адамдар көпшіл, достыққа берік, еркіндікке талпынғыш. Ол бәрінен де өз еркіндігін биік қойып, әр түрлі шектеулерді жек көреді. Көңіл күй тез өзгергіш, оптимист адам.
Алқызыл – нәзік жанды ұяң жандардың түсі. Осындай адамдар туралы жұрт өмірдің тек жақсы, жарқын жақтарын ғана елеп ескеріп, қараңғы тұстарын ескергісі келмейді. Аузын ашса жүрегі көрінетін кіршіксіз, табиғи болмысты биязы және әдемі заттар мен жайлылықты сүйетін адам. Оған сезімталдық нық сенімділік қасиеттері де тән.
Ақ – шаттықтың түсі ақ түсті ұнататындар өте әсершіл қызба келеді, тез еліктегіш. Мұндай адамдар кейде өзінің ықпалында қалады, кейде ол өзгенің ықпалында да кетеді. Оларға өздерін демеп бағыттап отыратын сенімді достар ауадай қажет.
Көк – адамдар арасындағы жақсы қарым-қатынасты ең жоғары бағалайтын адамдар. Олар достықты бағалап, ал махаббатты бәрінен жоғары қояды. Олар зұлымдықты, салқынқандықты, араздықты ұнатпайтын ақтілекті жандар.
ІV. Бекіту.
Сонымен балалар бүгінгі біз гүлшоғырлары мен олардың биологиялық маңызы тақырыбын өттік. Табиғатта гүлдердің түрлері өте көп, олар саналуан. Гүлдер бізді әсемдікке ізгілікке тәрбиелейді. Елбасының халыққа жолдаған «Жасыл ел» бағдарламасын орындау жолында өз үлесімізді қосуымыз қажет. Ол үшін сыныптағы бөлме өсімдіктерін күтіп баптап, аялап отыруымыз керек. Мектеп, өз үйіміздің айналасын көгаландыру жасыл желекке айналдыруға ат салысу бәріміздің парызымыз.
Үй тапсырмасы. Гүлшоғырлар, биологиялық маңызы.
Сабақ: 24
Тақырыбы: §26. Жемістер
Сабақтың мақсаты:
Білімдік: Жемістердің құрылысын, олардың бір-бірінен ерекшеліктерін ажырата білу
Дамытушылық: Жемістердің көптүрлілігін, кездесетін жерлерін және бұрыннан білетін білімдерін кеңейту
Тәрбиелік: Оқушыларды әсемдікке, сұлулыққа, табиғатты қорғай білуге тәрбиелеу
Сабақтың әдісі: аралас (жеке, топтық, топтастыру)
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
1. Жынысты көбеюге гүлдің қай бөлімдері қатынасады?
2. Тозаңдану деген не, оның қандай түрін білесіңдер?
3. Бунақденелілермен тозаңданатын өсімдіктердің негізгі ерекшеліктері қандай?
4. Өсімдіктер жел арқылы айқас тозаңдануға қалай бейімделген?
5. Ұрықтану қай кезде жүреді?
6. Ұрықтану жолын түсіндіріңдер.
Желмен және бунақденелілермен айқас тозаңданатын өсімдіктерге тән
түсініктемелердегі белгілердің рет санын тиісті орнына жаз:
1.Тозаңдары құрғақ, майда, жеңіл, өте көп. 2. Гүл күлтелері ашық реңді. 3. Аталық жіпшелері ұзын, төмен қарай иіліп сәл ғана қимылға тербеліп тұрады. 4. Гүлдері аңқыған хош иісті. 5. Гүлдері реңсіз. 6. Гүлдеріндегі шірнеліктерінен тәтті шірне бөледі. 7. Аналық аузы ірі, түкті. 8. Гүлдерінде иіс болмайды. 9. Тозаңдарының ең сыртқы қабығы қалың, тікенкеті, ілмешекті, бүртікті, өсінділері болатындықтан тегіс емес. 10. Гүлдері көбінесе жай гүлсерікті. 11. Гүлдері қос гүлсерікті, пішіндері алуан түрі. 12. Гүлінде шірнеліктері болмайды.
ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі
Достарыңызбен бөлісу: |