Химиялық қасиеттері.
Көмірсутектердің галоген туындыларының реакцияға түсу қабілеттілігі өте жоғары. Оның негізінде галоген атомының орнын басқа атом немесе әртүрлі радикалдар басады.
Орынбасу реакциясы.
1. CH3 – CH2І + КОН CH3 – CH2ОН + КІ
2. CH3 – CH2І + NН4 CH3 – CH2 NН2 + НІ
3. CH3 – CH2І + НІ CH3 – CH3 + І2
Айырылу реакциясы.
кон (спирт)
CH3 – CH2Br CH2 CH2 + КВr + Н2О
Жұмыстардың орындалу реттілігі
1 – тәжірибе.
Негізгі реакция:
KBr + H2SO4 = KHSO4 + HBr
C2H5OH + HBr = C2H5Br + H2O
C2H5OH + HBr + H2SO4 = C2H5Br + KHSO4 + H2O
№
|
ұғымдар
|
тапсырмалар
|
жаттығулар
|
Үлестірмелі материалдар
|
1
|
Көмірсутек-тердің галоген туындылары
|
Анықтама беру
Физикалы
қасиетттері
Неліктен
электрондар
галогенатомына
ығысады?
|
|
|
2
|
Изомер
|
Изомер дегеніміз не?
|
Көмірсутектердің галоген туындыларының изомерлерін жазыңдар.
|
1.Бромбутан
Хлорбутан
2.Бромпропан
Хлорпропан
3.Бромгексан
Хлоргексан
4.Бромпентан
Хлорпентан
|
3
|
номенклатура
|
Номенклатура неше түрге бөлінеді?Х.Р.Т
|
Рационалды атау бойынша атаңдар
|
Атобы
А)СН3-СНСІ –СН3
СН3
ı
Ә)СН3 – СНВr-СН- СН-СН3
ı
С2Н5
Б)СН2СІ-СН-СНСІ-СН3
I
СН3
В тобы
А) СН2СІ -СН-СН3
I
СН3
Ә) СН3-С-СН2-СН2-СН2J
⁄ \
СН3 СН3
Б)СН3 СН3
I ı
СН-СНСІ-СН
I ı
СН3 СН3
С-тобы
А)СН3-СНСІ-СН-СН3
I
СН2-СН3
Ә))СН2СІ-СН-СНСІ-СН3
I
СН3
Б)СН2-СН-ССІ-СН3
I ı ı
СН3 СН3 СН3
Д-тобы
А)СН3-СН-СН-СН2СІ
I ı
СН3 СН3
Ә)СН3
I
СН-СНСІ-СН3
I
СН3
Б)СН2СІ-СН-СНСІ-СН3
I
СН3
|
4
|
Формула
|
формулала нешеге бөлінеді?м.э.қ
|
Құрылымдық формулаларын жазыңдар.
|
А) 1.2 дихлорбутан
1-хлор-2метилпропан
2.3 дибром -2.3 диметилпентан
Ә)1.3дихлорбутан
2хлор 2метил пропан
2.3 дибром-2.3 диметилгексан
2.3дибром 3этилпентан
Б)1-хлор бутан
1хлор 3метил пентан
2.4 дибром-2.3диметил пентан
2.3дибром 4этилгексан
В)2хлор бутан
1хлор 4метилгексан
1хлор2метилпропан
2.2дибром-3этилпентан
|
5
|
Алынуы
|
Көмірсутектердің галогентуындылынаалу
|
1)Галогеналкилдерді алкандардан галогендеп алыңдар
2)Алкендерге галогендер қосылғанда көмірсутектердің дигалоген туындылары алыңдар
3)Спирттердің гидроксил тобын галогенге алмастырып,галогеналкилдер алыңдар.
4)Алкендерге галогенсутек молекуласын қосып,моногалоген туындыларын алыңдар
|
С2Н6+СІ2→
С3Н8+Вr2→
CН4+СІ2→
Н2С=СН2+СІ2→
Н2С=СН-СН3+СІ2→
Н2С=СН-СН2-СН3+Вr2→
С3Н7ОН+НСІ→
С4Н9ОН+НСІ→
С2Н5ОН+НСІ→
Н2С=СН2+НСІ→
Н2С=СН-СН3+НСІ→
Н2С=СН-СН2-СН3+НВr→
|
6
|
Химиялық қасиеттері
|
Химиялық қасиеттері
|
Мүмкіндік беретін реакция теңдеулерін жаз
|
1. СН3СН2СН3→ СН3СН2СІ→СН3СНСІ2→ С2Н2→СН3СОН
2. 2.СН4→ СН3І→
С2 Н6→
С2 Н5СІ→С3Н8
3. СН3СН3→ СН3СН2Вr→
С2 Н4→С2 Н5ОН
+СІ2 +Nа +Br2 +Nа
4. СН4→ А→В→С→Д
+АІСІ3
→Е
|
7.
|
Қолданылуы
|
Тест
|
|
|
Жұмыстың барысы: Көлемі 500мл дөңгелек түптң колбаға спиртті құяды. Оған 35 мл суды құйып, үстіне араластыра және салқындата отырып, аз – аздан күкірт қышқылын тамызады. Барлық қоспаны үй температурасына дейін салқындатып үстіне ұнтақталған бромд калийді салады. Колбаға дефлегматор орнатып, оны ұзын Либих мұздатқышпен жалғайды. Мұздатқышқа аллонж жалғанады. Аллонждың екінші жағын ішіне мұзды су құйған қабылдағыш колбаға батырады. Себебі, бромды этильдің қайнау температурасы өте төмен болғандықтан ауада тез ұшып кетуі мүмкін. Сондықтан мөлшерін жоғалтпау үшін бөлінген бромды этилдің мұзды судың астында жинайды. Содан кейін колбаны қабылдағыш колбаға ауыр май тәрізді сұйықтың айдалуы біткенге дейін қыздырады.
Егер реакциялық колбадағы қоспа көпіршіп көтерілсе, қыздыруды тоқтатып көпіршіктің басылуын күтеді. Реакция біткеннен соң қабылдағыш колбаның ішіндегі көлемі сәйкес бөлгіш варонкасына құйып, бромды этильді судан бөледі. Бромды этил төменгі қабатында. Бромды этил құйған колбаны тұз бен қардың қоспасына салып салқындатып үстіне концентрленген күкірт қышқылын тамшылатып, бөлек қабат түзілгенше құяды. Түзілген қышқыл қабатын бөлгіш варонкасымен бөледі. Егер алынған ыдыстардың бөрі құрғақ болса күкірт қышқылынан кейін құрғатудың қажеті жоқ. Егер алынған колба құрғақ болмаған болса, онда қосымша құрғатылады. Ол үшін бромды этилге хромды кальцидің бірнеше түйіршігін тастайды, сонда 30 – 40 минуттан кейін бромды этильді құрғақ айдау колбасына құйып су жылытқыш ымен қыздырып айдайды. Қабылдағыш колбаны мұзьен мұздатып отыру керек. Бромды этил 34 - 40⁰ аралығында айдайды. Шығымы 45 г. Бромды этил – түссіз, иісі эфир тәріздес. Ауада аздап сарғаяды, себебі бром бөлінуі мүмкін. 100г. Суда 20⁰С 0,914г ериді.Спиртте және эфирде жақсы ериді.
Осы әдіспен бромды пропил, бромды изопропил алуға болады.
Тест
1.Галогеналкилдердің бастапқы мүшелері қандай?
А)газ ә)сұйық зат б)қатты зат
2.Хлороформның формуласы қандай?
А)СН2СІ Ә)ССІ4 Б)СНСІ3
3.Бензол хлормен әрекеттескенде қандай өнім түзіледі?
А)хлорбензол ә)Хлорметан б)Хлорфенол
4.Гербицидтер дегеніміз не?
А)Өсімдіктерді зиянкес жәндіктерден қорғайтын заттар
Ә)арамшөптермен күресте қолданатын заттар
Б)Саңырауқұлақ ауруымен күресетін заттар
5.Инсектицидтер дегеніміз не?
А)Өсімдіктерді зиянкес жәндіктерден қорғайтын заттар
Ә)арамшөптермен күресте қолданатын заттар
Б)Саңырауқұлақ ауруымен күресетін заттар
6. Фунгицидтер дегеніміз не?
А)Өсімдіктерді зиянкес жәндіктерден қорғайтын заттар
Ә)арамшөптермен күресте қолданатын заттар
Б)Саңырауқұлақ ауруымен күресетін заттар
7.Галогеналкилдер қандай реакцияға түсе алады?
А)орынбасу,айырылу,тотығу
Ә)қосылу,айырылу,қосылу
Б)полимерлену ,орынбасу,қосылу
8.Жер бетіне қауіп төндіретін ,озон қабатын бұзатын қосылыс
А)дихлорэтан ә)Фреон б)Тефлон
Жеке тапсырмалар
1. Бромды этилді алуда қандай реактивтерді пайдаланады?
2. Бромды этилді алуда қандай құрал-жабдықтарды пайдаланады?
3. Бромды этилді қандай реакциялардың көмегімен алуға болады?
Есеп беруді рәсімдеу талаптары
Есеп мынадай ретте жасалынады.
1) жұмыстың аты, нөмірі және жүргізілген мерзімі (айы, күні)
2) жұмыстың мақсаты
3) құрал жабдықтар
4) химиялық реакциялардың теңдеулері пайдаланылған аспаптардың сызбанұсқасы, таблицалар, есептеулер, нәтижелері кесте қисық түрінде кескіндеу.
5) қорытынды
Сабақты бақылау түрі: Зертханалық жұмыс есебін қорғау
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
Негізгі әдебиеттер:
1. Дюсебаева, М.А. Органикалық заттар мен материалдарды талдау әдістері Алматы 2017ж.
2. Бейсебеков, М.Қ. Органикалық химия [Мәтін] = Биоорганикалық химия элементтерімен: Оқулық / М.Қ. Бейсебеков, Ж.Ә. Әбілов.- Алматы: Қазақ университеті, 2019ж.- 338б.-
3. Бажықова, К.Б. Алифатты қосылыстардың органикалық химиясы [Мәтін]: Оқу құралы / К.Б. Бажықова.- Алматы: Қазақ университеті, 2016ж.- 364б
4. Жаналиева Р.Н. Химические и физико-химические методы анализа. Астана.,изд-во Фолиант, 2018г.
5.А.И.Ниязбаева, Г.В.Абрамова "Химиялық эксперимент: техника және әдістемесі" оқу құралы Алматы 2012ж.
Қосымша әдебиеттер:
6. Мадыханова К,С., Журхабаева Л.А. Руководство к малому практикуму по органической химии- ЮКГУ им. М.Ауэзова 2001г.-62с.
Достарыңызбен бөлісу: |