ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІНІҢ АНАТОМИЯЛЫҚ-ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Жүйке жүйесі ішкі ағзаның барлық мүшелері мен жүйелерінің қызметіне жағдай жасап, сыртқы ортамен байланыстырады. Бірақ ол бала туылғанда басқа жүйелермен салыстырғанда толық жетілмеген. Жаңа туылған баланың жүйке жүйесінде бірнеше морфологиялық ерекшеліктер қатар түзейді.
Морфологиялық ерекшеліктері
Баланың бас миы дене салмағының 1/8 бөлігін (ересекте 1/40 дене салмағының) құрайды
Ми қатпарлары ме қыртыстары жеткілікті дамымай, ми тканінде су көп болады
Жүйке жасушалары болғанымен олар бір-бірімен дұрыс байланыспаған, өсінділері аз. Жасушалары – 10-12 жаста жетіліп аяқталады
Жұлын миы жақсы жетілген
Жұлын миы ересек адамдармен салыстырғанда ұзынырақ, сондықтан люмбальді пункция төменірек жасалады
Физиологиялық ерекшеліктері
Жаңа туылған нәресте шартсыз рефлекстерімен дүниеге келіп, ішкі ағзаны айналадағы ортаға қалыптастыра бастайды
Жаңа туылған нәрестеде примитивті және синальды рефлекстер болады, олар 4 айынан соң жойылуы керек. Ал егер осы мерзімнен сонда сақталса, онда бала ағдзасында патологиялық белгі бар болып есептеледі:
Робинсон (ұстау) рефлексі - баланың алақанында саусақ салсақ, оны қатты ұстап алады;
Моро (құшақтау) рефлексі – бала жатқан үстелдің бас жағынан қатты ұрса, ол құшағын жаяды, сосын қолын қайта орнына әкеледі.
Бауэр (еңбектеу) рефлексі – баланы етбетімен жатқызып, аяқтарын қолымызбен тақап тұрсақ, бала еңбектеу қимылын жасайды;
Бабкин рефлексі – баланың алақанын бас бармақпен қатты басқанда, ол аузын ашып, басын алға бүгеді
Бала 1 жасқа толарында ми қабығы функциясының жетілуіне қарай қоршаған ортаның ықпалымен онда шарты рефлекстер пайда болады: (дабыл) – жүйенің дамуы – есту, көру, иіс сезу, жанасу, дәм сезу мүшелерінің дамуына байланысты. Баланың ақылының даму мен оның орталық нерв жүйесінің толысуының маңызды көрсеткіші екінші сигналды (дабыл) жүйесінің қалыптасуы – сөйлеу, 2-3 айда – гуілдейді, 6 айда – былдырлайды, 1 жаста – 8-10 сөз, 2 жасында 200-300 сөз біледі, 3 жасында – 1200-1300 сөз айта алады.
Баланың нерв – психикалық және физикалық дамуын сипаттайтын маңызды көрсеткіш қозғала білуінің дамуы мен соған сәйкес мінез-құлқының жетілуі болып табылады. Жаңа туылған нәрестенің денесі дәрменсіз болады, ол басын ұстап тұра алмайды, қозғалыс-қимылы орынсыз, ретсіз болады.
1 айда – Бала ойыншықтарға көзін тоқтатады, жылы сөздерге көңіл аударып күледі
2 айда – Бала жылжып жатқан заттарды бақылайды, дыбыстарға көңіл бөледі, көп күледі
3 айда – Қозғалмай тұрған заттарға қарайды. Іліп қойған ойыншықтарды қолымен ұстауға тырысады
4 айда – Бала анасы мен әкесін таниды, ойыншықтарды қолдарына алып, ұзақ уақыт ұстайды
5 айда – Бала бөгде адамдарды жатырқайды. Атын атап шақырса қарайды
6 айда – Бала қасық пен кесені ұстап тамақ жеуге және су ішуге тырысады, отырады, сөйлейді, алғашқы буындарды «ба», «ма» деп айта алады
7 айда – Ойыншықтарды оңай ұстап лақтыра алады, еңбектейді
8 айда – Бала отырады, еңбектейді, үстелді ұстап, жағалап жүре алады
9 айда – Балалармен ойнайды, үстелді жағалап жүреді, тез еңбектейді
10 айда – Сұраған заттарды алып келеді, кеседен өзі ішеді, қасықпен жейді
11 айда – Алғашқы дербес жүреді, «мама», «бер», «ал» деген оңай сөздерді айта алады
12 айда – Көптеген сөздердің мағынасын, «болмайды» деген сөзді түсінеді, 10-15 сөзді айта алады, өзі жүреді, ойнайды
Достарыңызбен бөлісу: |