Сабақтың мақсаты: «Қазақстан тарихы бойынша әңгімелер»


-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер



жүктеу 2,9 Mb.
бет13/15
Дата11.12.2017
өлшемі2,9 Mb.
#4001
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

5-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер

  • Сабақтың тақырыбы: § 52. Тың игеру

  • Сабақтың мақсаты:

    • Білімділік: оқушыларға тың және тыңайған жерлерді игеру, оның негізгі ерекшеліктері жайында жалпы мағлұмат беру, тың игерудің тарихи маңызын, нәтижесі мен салдарын түсінуге жағдай жасау.

    • Дамытушылық: тақырыптың негізгі мәселелерін меңгерту арқылы тарихи оқиғаларға жан-жақты баға бере білу дағдыларын қалыптастыру. Басты мәселелерді, себеп-салдарларды ажырата білуге үйрету, ойлау қабілеттерін дамытуға көмектесу.

    • Тәрбиелік: өткен оқиғаларға сыни көзбен қарау арқылы шығармашылық әрекетке тәрбиелеу, ез елінің тарихын құрметтеу сезімін оятуға көмектесу. Өткеннен тағылым алуға үйрету.

    • Сабақтың түрі: аралас

    • Әдісі: интерактивті

    • Пәнаралық байланыс: география

    • Көрнекілік: Қазақстан Республикасының картасы, тың игеру көрінісінің суреттері.

    • Сабақтың барысы:

    • I. Ұйымдастыру кезеңі.

    • II. Үй тапсырмасын сұрау.

    • Ұйымдастыру кезеңін өткізіп болғаннан кейін үй тапсырмасын сұрауға кірісемін. Өткенді қайталау мақсатында Ұлы Отан соғысына қатысты үш параграф бойынша оқушылардың білімін тексеремін. Онда алдын ала дайындаған тест тапсырмаларын қолданамын.

    • Тапсырма :

    • Фашистік Германияның КСРО-ға соғыс ашу жоспары (Барбаросса.)

    • Ұлы Отан соғысы басталған уақыт (1945 жылы 22-маусым).

    • Фашистік Германия КСРО-ны неше айдың ішінде басып алуды көздеді? (3-4 айдың ішінде).

    • Қазақстанда құрылған, Мәскеуді қорғауға қатысқан әйгілі дивизия (316-шы дивизия).

    • Ленинградты қорғауда кеудесін оққа тосып, ерлік көрсеткен батыр (Сұлтан Баймағамбетов).

    • Невель қаласы үшін болған шайқаста ерлікпен қаза тапқан батыр қыз (Мәншүк Мәметова).

    • КСРО-ның екі мәрте батыры, ұшқыш (Талғат Бигелдинов).

    • Ұлы Отан соғысында қаза тапкан КСРО азаматтарының саны (27 миллион) т.б.

    • Оқушылар жазып болған соң дәптерлерін жинап алып, жаңадан сұрақтар қоямын. Сұрақтар:

      • Ұлы Отан соғысының әлем тарихында және Қазақстан тарихында алатын орны.

      • Ұлы жеңістің тарихи маңызы.

      • Соғыс зардабы.

    • Оқушылардың жауабын тыңдаған соң, өткен тақырыптарға шолу жасап үй тапсырмасын қорытындылап шығамын да жаңа сабаққа кірісемін.

    • III. Жаңа сабақ.

    • Сабақтың тақырыбымен, жоспарымен және мақсатымен оқушыларды таныстырып өтемін.

    • Тақырыптың негізгі жоспары:

    • 1. Тың және тыңайған жерлерді игеру.

    • 2. Тың жерлерді игерудің нәтижесі.

    • Біздің еліміз осындай ірі астықты республика дәрежесіне қалай жетті? Оқушылар бұл сұраққа өз білгендерінше жауап береді.

    • Соғыстан кейінгі жылдары КСРО-ның ауыл шаруашылығы өте төмен дәрежеде болды. Коммунистік партияның алдында азық-түлік мәселесін тезірек шешу міндеті тұрды. 1954 жылы компартия «Тың және тыңайған жерлерді игеру» туралы шешім қабылдады. Жаңадан игерілуге тиіс тың жерлердің басым бөлігі Қазақстанда орналасты.

    • Қазақстанда тың игеру жүргізілген облыстар.

    • Алғашқы жылы Қазақстанда 6,5 мың га жер жыртылды. Ал тың игеру жылдары Қазақстанда барлығы 25 мың га жер жыртылған екен. Тың игеру үшін одақтас республикалардан көптеген адамдар келді. Олар мемлекет тарапынан көмек алып Қазақстан жерінде қалып қойды.

    • Мәтінмен жұмыс.

    • Параграфты оқушылармен бірге оқып шығып, төмендегі кестені толтырамын.

      • Тың және тыңайған жерлерді игеру нәтижесі




      • Жағымды (пайдасы)

      • Жағымсыз (зияны)





    • Тың игерудің пайдасы мен зиянын салыстыра отырып кестені толтырып шығамыз.

    • Қорытынды кезең

    • Сабақты бекіту мақсатында төмендегідей сұрақтар қоямын:

    • 1. Тың және тыңайған жерлерді игерудегі басты мақсат не болды?

    • 2. Неліктен тыңайған жерлерді игеру көбінесе Қазақстанда жүргізілді?

    • 3. Тың жерлерді игерудің пайдасын айт.

    • 4. Тың жерлерді игеру мал шаруашылығының дамуына неліктен кері әсер етті?

    • 5. Тың жерлерді игерудің экологияға тигізт ең зардабы қандай болды?

    • 6. Тың жерлерді игеру қазақ халқының ұлттык ерекшелігіне қандай зиян тигізді?

    • 7. Тың игерудің тарихи маңызы?

    • 8. Тың жерлерді игеру неліктен солтүстік және орталық облыстарда жүргізілді деп ойлайсың?

    • Оқушылардың берген жауабын басқа оқушыға толықтыртып отырамын. Барлық сұраққа жауап алғаннан кейін басты мәселелерге тоқтала отырып өткен сабақты қорытындылаймын.

    • Бағалау:

    • Үй тапсырмасы: § 52.

    • 5-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер

    • Сабақтың тақырыбы: § 53. Ғарышты игеру

    • Сабақтың мақсаты:

    • Білімділік: XX ғасырдың екінші жартысындағы адам баласының ғарышты игерудегі жетістіктері, оның ғылыми маңызы жайында оқушыларға білім беру.

    • Дамытушылық: тақырыпты оқыта отырып ғылыми жаңалықтардың маңызын түсіне білу қабілеттерін арттыру, ой-өрістерін, шығармашылық ізденістерін дамытуға көмектесу.

    • Тәрбиелік: ғылымға қызығушылықтарын арттыру, тақырыпты меңгерте отырып патриоттық, отаншыл тәрбие беру, ғарышкерлерге деген құрмет сезіміне тәрбиелеу.

    • Сабақтың түрі: аралас

    • Әдісі: интерактивті

    • Пәнаралық байланыс: география

    • Көрнекілік: Т. Әубәкіров, Т. Мұсабаев, Ю.А.Гагарин портреттері. Байқоңыр ғарыш айлағының және планеталар суреті.

    • Сабақтың барысы:

    • I. Ұйымдастыру кезеңі.

    • II. Үй тапсырмасын тексеру.

    • Ұйымдастыру кезеңін өткізген соң үй тапсырмасын тексеруге кірісемін.

    • Үй тапсырмасын мына бағытта әңгіме түрінде сұраймын:

    • Тың игерудің қажеттілігі.

    • Тың игерудің барысы.

    • Асыра сілтеушілік.

    • Тың игерудің тарихи маңызы.

    • Салдары.

    • Оқушылардың жауабын, пікірін тыңдап болғаннан кейін өткен тақырыпты, үй тапсырмасын қыскаша қорытындылаймын.

    • III. Жаңа сабақ.

    • Сабақтың тақырыбы мен жоспары тақтаға жазылады. Оқушыларға сабақтың мақсатын айтып беремін.

    • Тақырыптың жоспары.

    • 1. Ғарышқа алғашкы қадам.

    • 2. Қазақ ғарышкерлері.

    • 3. Ғарышты игерудің маңызы.

    • Сабақты оқушыларға сұрақ қоюдан бастаймын.

    • Ғарыш дегеніміз не? Оны қалай түсінесіңдер?

    • Оқушылардың ойын білгеннен кейін планеталар суретін көрсетіп жалпы ғарыштық кеңістік туралы қыскаша түсінік беріп өтемін.

    • Ары қарай жоспардың бірінші бөлімін ауызша баяндап беремін.

    • Бағыты:

    • Ғарышқа талпыныс.

    • Адам баласының алғаш рет ғарышқа ұшуы. Ю.А. Гагарин.

    • Байқоңыр.

    • Оқушыларға негізгі мәліметтерді дәптерлеріне жазғызамын.

    • Адам баласының алғаш ғарышқа ұшқан мерзімі - 1961 жылғы 12 сәуір.

    • Жоспардың екінші бөлімі жайында да осылай түсіндіріп өтемін.

    • Қазақстанның өз жерінде әлемде теңдесі жоқ ғарыш айлағы болса да көп уақыт ғарышқа ұшу қазақ баласына бұйырмады. Бұл әрине коммунистік саясаттың кесірі. Тек қана еліміз тәуелсіздік алған соң ғана мұндай мүмкіндікке қол жеткіздік.

    • Енді сол ғарыш көгіне самғаған қазақ азаматтары жайлы айта кетемін.

    • 1. Тоқтар Әубәкіров - 1991 жылы 2 қазанда алғаш рет ғарышқа ұшты.

    • 2. Талғат Мұсабаев - 1994 жылы 1 маусымда ғарышқа ұшты. Талғат Мұсабаев үш рет ғарыш көгіне самғады.

    • Олар жайлы оқушыларға қысқаша мәлімет беремін.

    • Жоспардың үшінші бөлімі бойынша оқушылармен пікір алысамын. Ғарышты игерудің маңызын аша отырып, қандай пайдасы бар екенін оқушылардан сұрап кетемін.

    • О. Сүлейменовтың «Адамға табын, жер енді!» поэмасын оқушыларға оқыту.

    • Қорытынды кезең

    • Сабақты бекіту мақсатында төмендегідей сұрақтарды қоямын.

    • 1. Ғарышты игерудің ғылымға тигізер пайдасы қандай деп ойлайсың?

    • 2. Қазақстанның ғарышты игеруге кандай мүмкіндіктері бар?

    • 3. Қазақ ғарышкерлері туралы не білесің? т.б.

    • Жаңа сабақтың негізгі мәселелеріне тоқтала отырып, тақырыпты қорытындылаймын. Ғарышты игерудің адам баласы үшін қаншалықты маңызды екеніне оқушылардың көзін жеткіземін.

    • Бағалау:

    • Үй тапсырмасы:

    1. 53-параграфты оқу.

































    • 5-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер

    • Сабақтың тақырыбы: §54. Қазақстанда ғылым мен өнердің дамуы./2 сағат/

    • Сабақтың мақсаты:

    • Білімділік: оқушыларға XX ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы ғылым мен мәдениеттің дамуы жайында мағлұмат беру, ғылыми-техниқалық прогрестің Қазақстан шаруашылығына тигізген әсерін анықтауға жағдай жасау. Қазақстанның ғылым, мәдениет және өнер саласындағы жетістіктерін анықтау.

    • Дамытушылық: тақырыптағы өзекті мәселелерге назар аударта отырып, нақты мәліметтерді ажырата білу дағдыларын қалыптастыруға жағдай жасау, шығармашылық әрекеттерін дамытуға көмектесу.

    • Тәрбиелік: ғылымның жетістіктері мен озық мәдени үлгілерді оқыта отырып, білімділікке, азаматтыққа, адамгершілікке тәрбиелеу, мәдени құндылықтарды үлгі түта білуге үйрету.

    • Сабақтың түрі: аралас

    • Әдісі: интерактивті

    • Пәнаралық байланыс: география

    • Көрнекілік: Қ. Сәтбаев, Ш. Айманов суреттері, Қазақстан картасы.

    • Сабақтық барысы:

    • I. Ұйымдастыру кезеңі.

    • II. Үй тапсырмасын сұрау.

    • Ұйымдастыру кезеңін өткізіп болған соң үй тапсырмасын сұрауға кірісемін. Алдымен оқушыларға өткен сабақты естеріне түсірулерін тапсырамын.

    • Өткен тақырыпқа байланысты төмендегідей сұрақтарды қоямын.

    • 1. Адам баласының ғарышты игеруінің маңызын айт.

    • 2. О. Сүлейменовтың «Адамға табын, жер енді!» өлеңінің мағынасы.

    • 3. Қазақстанның ғарышты игерудегі орны қандай болады деп ойлайсың?

    • 4. Байқоңыр ғарыш айлағының Қазақстан үшін маңызын көрсет.

    • Оқушылар өткен тақырыптан түсінгендері бойынша сұрақтарға жауап береді. Оқушылардың жауабын тыңдаған соң қысқаша өткен сабақты қорытындылап шығамын.

    • III. Жаңа сабақ.

    • Бүгінгі өткелі отырған сабақтың басты мақсатымен оқушыларды таныстырып өтемін. Сабақтың тақырыбы, жоспары алдын ала тақтаға жазылады.

    • Жаңа тақырыпты окыту жоспары:

    • 1. Қаныш Сәтбаев - ғұлама ғалым, академик.

    • 2. Қазақстан ғылымы.

    • 3. Қазақстан мәдениеті мен әдебиеті.

    • Жаңа сабақты оқытуда негізінен топтық жүйені пайдаланамын. Оқушыларды төрт топқа бөліп, алдарына бір-бір Қазақстан Республикасының шағын картасын, сонымен қатар бүгінгі сабаққа қатысты тарихи тұлғалардың (ғалымдар мен жазушылар, мәдени қайраткерлер) портреттерін үлестіремін.

    • Ортақ сұрақ қоямын.

    • Қаныш Сәтбаев кім?

    • Мәтінді оқи отыра балалар сұраққа жауап жазады. Тәрт топтан бір оқушыдан шығып ортақ жауаптарын оқиды. Мен ұпаймен бағалап отырамын.

    • Бұдан әрі Қ. Сәтбаев туралы қысқаша түсінік беріп өтемін.

    • Балалық шағы, өскен ортасы.

    • Ғылым жолындағы жаңалықтары.

    • Академик.

    • Келесі мәтінді де оқып шығып, топпен ақылдасып ой қорытуға бағыт беремін.

    • Әр топқа ірі ғылыми жетістіктер жайлы шағын әңгіме жазуға тапсырма беремін. Бес минуттай уақытта төрт топ шағын әңгіме жазып шығуы керек. Мазмұнына қарай ұпаймен бағалаймын.

    • Бұдан кейін келесі тақырыпшаларды түсіндіремін.

    • Түсіндіру бағыты

      • Ғылым

      • Мәдениет

      • Әдебиет

      • Тарихи ескерткіштердің

      • Ән-күй, театр, байқаулар

      • Жаңа әдеби ағымдар, жас

      • жаңаруы, озық технология,

      • мен фестивальдар, мерейтой

      • ақын-жазушылар, Ілияс

      • ғылыми энциклопедия, ғылыми конференция.

      • (Абай, Жамбыл, Қаныш және Түркістан қаласының

      • Есенберлин.



      • 1500 жылдығы), Қазақ





      • киносының дамуы.

      • Ш. Айманов.





























    • Үш топқа ғылым, мәдениет, әдебиет тақырыптарын таратып, арнайы тапсырма беріледі.

    • Тапсырма:

    • Топпен ақылдаса отырып басты ерекшеліктерді, жаңалықтарды жазып, ортақ қорытынды шығарамын. Ең соңында ұпай мен бағасын беремін.

    • Қорытынды кезең

    • Сабақты қорытындылау мақсатында әр топқа карточқалық сұрақтар беремін.

    • 1. Ғылыми жетістік деп нені айтады?

    • 2. Қазақстанда ғылымның дамуы қандай дәрежеде болды?

    • 3. Мәдениет пен өнердің дамуына баға бер. Өткен тақырыпқа шолу жасай отырып сабақты қорытындылаймын.

    • Бағалау:

    • Үй тпапсырмасы.

    • 1. 54-параграфты оқу.





    • Төртінші бөлімді қайталау үийн сұрақтар мен тапсырмалар.

    • 1. Қос үкімет қашан құрылды, ол кімдердің үкіметі болды? Кеңес үкіметі Қазақстанда қалай орнады?

    • 2. «Алаш» қозғалысының басшылары кімдер және олардың мақсаты не болды?

    • 3. Түрксіб темір жол құрылысы қалай салынды?

    • 4. Қазақстанда жаппай міндетті бастауыш білім қашан енгізілді және ол қалай жүргізілді?

    • 5. Ұлы Отан соғысы қашан, қалай басталды? Ұлы Отан соғысы жылдары бірнеше мәрте Кеңес Одағының Батыры атағын алған қандай батырларды білесіңдер?

    • 6. Ленинград пен Мәскеу үшін шайқаста ерлікпен шайқасқан батырлардың ерлігі туралы айтып беріңдер.

    • 7. Тыл жұмыскерлерінің Ұлы Жеңіске қосқан үлесі қандай?

    • 8.Тың және тыңайған жерлерді игеру идеясы неліктен қабылдаиды? Оның қандай жағымды және жағымсыз жақтары болды?

    • 9. «Ғарышты игеру» тақырыбы бойынша есте қалғандарын әңгімелеп айтып беріңдер.



























































    • 5-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер

    • Сабақтың тақырыбы: § 55. Қазақстан-Егемен мемлекет.

    • Сабақтың мақсаты:

    • Білімділік: оқушыларға КСРО-ның ыдырауы, Қазақстанның тәуелсіздік алуы жайлы мағлұмат бере отырып, нақты тарихи заңдылықтарды түсінуін қалыптастыру. Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің құрылуы жайындағы білімдерді меңгеру үшін жағдай туғызу.

    • Дамытушылық: тақырыпты оқыта отырып тарихи оқиғаның маңызын анықтай білу дағдыларын қалыптастыруға көмектесу, тарихи оқиғаларға баға бере білу қабілеттерін және жан-жақты ойлау қабілеттерін дамыту.

    • Тәрбиелік: өз елінің өткен тарихын құрметтеуге үйрету, Отан мен қоғам алдындағы жауапкершішк сезімін арттыруға көмектесу, Отанға, еліне деген сүйіспеншілік сезімін арттыру, патриоттыққа, азаматтық жауапкершілікке тәрбиелеу.

    • Сабақтың түрі: аралас

    • Әдісі: интерактивті

    • Пәнаралық байланыс: география

    • Көрнекілік: Қазақстан Республикасының саяси-әкімшілік картасы, Н. Ә. Назарбаевтың суреті.

    • Сабақтық барысы:

    • I. Ұйымдастыру кезеңі.

    • II. Үй тапсырмасын тексеру.

    • Ұйымдастыру кезеңін өткізген соң үй тапсырмасын сұрауды бастаймын. Үй тапсырмасын карточқалық сұрақтар арқылы тексеремін.

    • Сұрақтар:

    • 1. Қ. Сәтбаевтың Қазақстан ғылымындағы орнын анықта.

    • 2. Қазақстан мәдениетінің дамуының басты факторлары қандай?

    • 3. Қазақстанда өнер, әдебиет саласындағы қандай жаңашыл іс-әрекеттерді білесің?

    • Осындай проблемалық сұрақтары бар карточқаларға оқушылар жауап береді. Жұмыс дәптерлерін тексеруге жинап аламын. Өткен тақырыпқа шолу жасай отырып оқушылардың жауабын толықтырып, үй тапсырмасын қысқаша қорытындылап шығамын.

    • III. Жаңа сабақ.

    • Үй тапсырмасын тексергеннен кейін жаңа сабаққа көшемін.

    • Жаңа сабактың тақырыбы, жоспары алдын ала тақтаға жазылып қойылады.

    • Материалды түсіндіру жоспары:

    • 1. КСРО-ның ыдырауы.

    • 2. Қазақстанның тәуелсіздік алуы.

    • 3. Н. Ә. Назарбаев.

    • Кіріспе сөзде отар, тәуелсіздік, егемендік, одақ сөздеріне түсінік беріп оқушылардың дәптерлеріне жаздырамын.

    • Бұрынғы КСРО картасы мен Қазақстан картасын көрнекі құрал ретінде пайдаланумен қатар, салыстыра отырып сабақты түсіндіремін.

    • 1922 құрылған Еуразиядағы алып мемлекет КСРО-ның құрамында 15 одақтас ел болды. Одақ құрамындағы барлық республиқалардың өз бетімен қандай да бір мәселені шешуге құкығы болмады. Барлық билік тек қана Мәскеудің қолында болды. Әсіресе Қазақстанда жағдай барған сайын қиындай түсті. Қазақтар өз ана тілінен, салт-дәстүрінен айырылды. Көптеген қазақ мектептер жабылды. Сонымен қатар Қазақстан өз байлығына өз ие бола алмады. 1986 жылы желтоқсанда Алматыда алғаш рет жастар отаршыл империяның саясатына қарсы шықты. Олар басшылыққа қазақ азаматының келуін талап етті. Алаңға шыққан жастар қатаң жазаланып таратылды.

    • 1991 жылы КСРО өмір сүруін тоқтатты. Құрамындағы республиқалардың барлығы өз тәуелсіздіктерін жариялады.

    • 1991 жылы Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялап, жеке мемлекет болды. Әлем картасында жаңа Қазақстан Республикасы деген мемлекет пайда болды.

    • Қазақстан Республикасын бүгінде әлемнің 120-дан астам мемлекеті мойындаған. Еліміз көптеген мемлекеттермен дипломатиялық қатынас орнаткан.

    • Оқушылардан Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев туралы не білетінін сұраймын.

    • 1. Президенттің басты қызметі қандай?

    • 2. Н.Ә. Назарбаев жайында не білесіңдер?

    • Бұдан әрі ҚР Президенті Н.Ө. Назарбаев жайында қысқаша әңгімелеп беремін.

      • Н. Ә. Назарбаев 1940 жылы Алматы облысының Қарасай ауданы Шамалған ауылында дүниеге келген. Теміртау қаласында жоғары техниқалық оқу орнын бітірген. Мамандығы инженер-металлург. Еңбек жолын Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинатында қарапайым жұмысшы болып бастап, басшылық қызметтерге дейін көтерілген.

    • 1991 жылы 1 желтоқсанда алғаш Қазақстанда бүкіл-халықтық Президент сайлауы өтіп, көпшіліктің қолдауымен Н. Ә. Назарбаев Қазақстан Респубикасының Президенті сайланды.

    • Ата Заң бойынша Президент - татулық пен бірліктің кепілі. Халықаралық аренада Қазақстан атынан өкілдік етеді. Сонымен қатар Президент қарулы күштердід бас қолбасшысы болып саналады.

    • Қорытынды кезең

    • Сабақты қорытындылау мақсатында төмендегідей сұрақтар қоямын.

    • 1. КСРО ыдырауының алғы шарттарын ата.

    • 2. Қазақстан тәуелсіздікке қалай жетті деп ойлайсың?

    • 3. Қазақстан тәуелсіздігінің тарихи маңызы неде?

    • 4. Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің алға қойған мақсаты қандай деп ойлайсың?

    • 5. Президент Н.Ә. Назарбаевтың өмірі жайлы не білесің?

    • 6. Президент мемлекет үшін кім?

    • Оқушылардан жауап ала отырып бүгінгі такырыптың негізгі мәселелерін қамтып сабақты қорытындылаймын.

    • Бағалау:

    • Үй тапсырмасы: 55-параграфты оқу. Тәуелсіз Қаз. жайында шағын әңгіме жазу.

    • жүктеу 2,9 Mb.

      Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




    ©g.engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет
    рсетілетін қызмет
    халықаралық қаржы
    Астана халықаралық
    қызмет регламенті
    бекіту туралы
    туралы ережені
    орталығы туралы
    субсидиялау мемлекеттік
    кеңес туралы
    ніндегі кеңес
    орталығын басқару
    қаржы орталығын
    қаржы орталығы
    құрамын бекіту
    неркәсіптік кешен
    міндетті құпия
    болуына ерікті
    тексерілу мемлекеттік
    медициналық тексерілу
    құпия медициналық
    ерікті анонимді
    Бастауыш тәлім
    қатысуға жолдамалар
    қызметшілері арасындағы
    академиялық демалыс
    алушыларға академиялық
    білім алушыларға
    ұйымдарында білім
    туралы хабарландыру
    конкурс туралы
    мемлекеттік қызметшілері
    мемлекеттік әкімшілік
    органдардың мемлекеттік
    мемлекеттік органдардың
    барлық мемлекеттік
    арналған барлық
    орналасуға арналған
    лауазымына орналасуға
    әкімшілік лауазымына
    инфекцияның болуына
    жәрдемдесудің белсенді
    шараларына қатысуға
    саласындағы дайындаушы
    ленген қосылған
    шегінде бюджетке
    салығы шегінде
    есептелген қосылған
    ұйымдарға есептелген
    дайындаушы ұйымдарға
    кешен саласындағы
    сомасын субсидиялау