Сабақтың мақсаты: а Оқушыларға ананас туралы мағлұмат беру, қағаздан ананасты бүктеу әдісімен жасау ретін үйрету



жүктеу 152,8 Kb.
Дата25.11.2017
өлшемі152,8 Kb.
#1842
түріСабақ

Сулейменова Нурсулу Жанибековна,

Қ.Сәтбаев атындағы жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

ОҚО, Отырар ауданы

Тақырыбы: Ананас жасау

Сабақтың мақсаты: а) Оқушыларға ананас туралы

мағлұмат беру, қағаздан ананасты бүктеу әдісімен

жасау ретін үйрету.

ә) Оқушылардың танымдық

қызығушылықтарын, шығармашылық

ізденіс әрекеттерін дамыту.

б) Оқушыларды өзара түсінікке, бірін- бірі

құрметтеуге, ұқыптылыққа,

еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: топтық сабақ
Сабақтың әдіс- тәсілі: көрсету, түсіндіру, сұрақ- жауап, қорытындылау.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, суреттер.
Күтілетін нәтиже: - ананастың тропиктік өсімдік екенін біледі

- ананасты оригами тәсілімен (бүктеу әдісі) жасауды үйренеді

- пән бойынша дүниетанымы кеңейеді.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру

Бүгінгі сабағымыз жақсы, көтеріңкі көңіл- күймен бастау

үшін сендерді шаттық шеңберін құруға шақырамын.

Орнымыздан тұрайық,

Алақанды тосайық.

Алақанда жылулық,

Досымызға сыйлайық.


  • Ал, балалар, бір- бірімізге алақан жылулығын, әдемі қүлкімізді сыйлайық.


2.Өткен сабақ бойынша пысықтау жұмысын жүргізу.
Зымыран сұрақтар

1.Ашық хатты қандай қағаздан жасаймыз?

2.Ашық хатты кімдерге сыйлаймыз?

3.Ашық хатқа қандай тілектер жазамыз?


3.Пазыл арқылы топқа бөлу. (алма, алмұрт) суреттері

Екі топқа оқушылар өз қалаулары бойынша ат қою. Топтың ұранын айту. Топ басшысын сайлау.



  1. Сабақтың ұраны: Білім – таусылмас кен,

Өнер –өлмес мұра

Топқа бөлініп отырады.

Сабақ ережесін ескертемін.


  • Бірін-бірі тыңдау

  • Уақытты үнемді пайдалану

  • Ойды еркін айту

  • Бәсең сөйлеу




4. Жаңа сабақ

1.Қызығушылығын ояту

Сөзжұмбақ шешу

1.топ

1.Сырты қызыл, іші тәтті,

Татқан жанды таңырқатты.


2.Жол үстінде қу қазық,

Мергеншіге жол азық.


3.Ас атасы...
4.Алыстан қарасам аппақ,

Татып қарасам тәтті ақ


5.Іші аумаған жүгері,

Түрі- түсі алмадай.


6.Өзі кірді ашады,

Суға салса қашады.



2.топ

1.Үй үстінде ұсақ тас,

Алайын десем табылмас.


2.Қара ала тоны бар,

Аңдардың ол ұзыны,

Оны сен де танып ал.
3.От басында құмған,

Екі көзін жұмған.


4.Қабат-қабат қаптама,

Ақылын болса аттама.


5.Жыл мезгілі.
Сөзжұмбақ шешуі: ананас, жеміс


  • Балалар бүгін сабақта не туралы айтамыз.

Өткен сабақта баспасөз беттерінен, ғаламтордан ананас туралы мағұлмат жинақтау тапсырылған болатын.

Тапсырманы орындап келген бірнеше оқушы ананас туралы оқып береді.

Тақтадан жеміс түрлерінің суреттерін көрсету. Жемістердің адам ағзасына келтіретін пайдасы туралы түсіндіру. Жергілікті жерде өсетін жемістерге тоқталу.

Біздің елімізде экзотикалық жеміс ретінде белгілі болған ананасты танымайтын адам жоқ. Қонаққа барсақ та, қонақ күтсек те дастархан үстінен табылатын бұл жемістің дәмі тіпті бөлек әңгіме. Ал тарихы ше?

Ананастың тарихы. Ең алғаш рет еуропалықтар ананасты 1940 жылы Кариб аралдарынан әкелген. Колумб пен оның ізбасарлары ананасты Еуропаға әкеліп, мұндай климатта оны өмір сүре алмайды деп ойлады.

Көп жылдар бойы бұл тезбұзылғыш жемісті сән ретінде пайдаланып келді. Тіпті оны ауыздарына алып, дәмін де көрген жоқ. Үй иесінің қандай бақуатты екенін көрсетіп, тек дастархан үстіне сән үшін қойып қоятын болған. Қазір ананас жер шарының барлық тропикалық өңірлерінде өсіріледі.



Ананастың денсаулыққа қандай пайдасы бар?

100г ананастың шамамен 80 пайызы дәруменге толы. Әсіресе С дәрумені. Сонымен қатар жемістің құрамында жүйке жүйелері мен иммунды жүйелердің қалыпты жұмыс жасауына көмектесетін В1 және В6 дәрумендері де жоқ емес.Ананастың құрамында мынадай минералдар бар: (Ca )кальций, (K)калий (Cu)мыс, (Fe)темір, (Mg)магний, (P)фосфор және (Mn)марганец.Ананастың 100 грамында 50 ккал калория бар. Оның құрамында май болмағанымен, ас қорыту жұмысын жақсартатын жоғары мөлшерде жасұнық бар.


Ананасты қалай таңдау керек?

Ең ауырын таңдадыңыз. Ананастың ауырлағаны –оның толық піскені.

Кішкентай не үлкен ананасты бір-бірінен айыру оңай емес. Олардың иістері де, дәмдері де бірдей болады.
Қолдану алдында

Егер сіз сатып алған ананас әрі тәтті, әрі жұмсақ болғанын қаласаңыз, оны кеспей тұрып, бөлме температурасында 2 күн ұстаңыз.


Оқулықпен жұмыс

Ананас- ыстық жерде өсетін тропиктік өсімдік. Піскен ананасты 8-9 градус температурада 10-12 күнге дейін сақтауға болады. Температура 7 градустан төмен болса, ананас жемістері қарайып, су татып кетеді.10 градустан жоғары болған жағдайда жеміс тез пісіп кетеді де, дәмі бұзылады. Ананастың құрамында қант, С,В1 , В2 дәрумендері бар. Ананасты жаңа піскен күйінде де, сондай –ақ түрлі өңдеуден өткізіп те (шырын, компот ретінде) пайдалануға болады.

Бүгін ананасты жасау тәсілін үйренеміз. Ананасты құрастыру үшін өлшемі бірдей бөлшектер қажет, оны топтарға бөлініп, бірігіп жасаған дұрыс.



Қажетті материалдар мен құрал-жабдықтар: түрлі түсті қағаз, қайшы, желім, сызғыш, қалам, қылқалам.

Оқушылардың танымдық іс-әрекеттерін жетілдіру мақсатында жұмыс ретімен таныстыру.



Жұмыстың орындалу реті:

1.Сары түсті 7 бет қағаз дайында. Қағаздың бетін өлшемі 7х5 см болатын тіктөртбұрыштарға бөл. Сызық бойымен тіктөртбұрыштарды қиып ал.

2.Қиып алынған тіктөртбұрыштардан суретте көрсетілген ретпен ананасты құрастыратын ұсақ бөлшектерді дайында.

3.Бір үшбұрышты сары бөлшекке екі үшбұрышты сары бөлшекті кигізу арқылы жалғастыр. Бір-біріне біріктіру үшін желімді пайдаланған дұрыс.

4.Ананастың астыңғы бөлігін шахмат түрінде біріктіре отырып дөңгелекте. Ананастың келесі қатарларын осы тәсілмен тұрғыз.

5.Алты жасыл түсті қағаздан 7х5 см өлшемдегі тіктөртбұрыштар қиып ал. Үшбұрышты бөлшектерді дайындап, жапырақ пішініне келтіріп, бөлшектерді бір- біріне кигіз.

6.Дайын болған ананасқа жапырақтарын біріктір.

Ескерту: Тіктөртбұрыштың өлшемін 10х7 см етіп қиямыз.

Әдемі заттар адамды таң қалдырып, қуаныш сыйлайды, сендер де әдемі ананас құрастырып көріңдер.


5.Қауіпсіздік ережесі

1.Қайшымен жұмыс жасау кезінде сақтауға тиісті ережені еске салу.

2.Желіммен жұмыс жасап болған соң, қолды сабындап жуу керек.
Оқушылар топпен қағаздан ананасты жасау үшін қажет тіктөртбұрыштарды қиып дайындайды.Жұмыс жасау барысында жеке оқушыларға, топқа бағыт-бағдар беру, топта 1-2 оқушы тіктөртбұрышты қию қалған топ мүшелері үлгі бойынша қағазды бүктеу. Бүктелген бөлшекті біріктіру.
6. Ширату жаттығуы.

Тұрып ерте азанда,

Әжем қамыр иледі.

Біраздан соң қазанда,

Бауырсақтар биледі.

7.Постер қорғау.

1.Ананастың адам ағзасына қандай пайдасы бар?

2.Ананастан не жасайды?

3.Ананас қандай жеміс?

4.Ананасты тағы неден жасауға болады?

8. Кері байланыс. Екі жұлдыз, бір тілек

1. Не үйрендім?

2.Қандай қиындық болды?

3.Бүгінгі сабақта не ұнады?



9.Қорытынды:

1.Оқушылардың жұмысын топ бойынша бағалау



2.Тапсырма: Жемістер туралы жұмбақтар жаттау.

жүктеу 152,8 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау