Сағымбаева Рауза Жайылханқызы
Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы
Ы Мұхамеджанов атындағы негізгі мектептің
математика пәнінің мұғалімі
Алгебра 8 сынып
Сабақтың тақырыбы: Квадрат үшмүше.Квадрат үшмүшені
көбейткіштерге жіктеу
Сабақтың мақсаты:
«Квадрат теңдеулер» тақырыбы бойынша алған білімдерін қорытындылауға және шығармашылық түрде бір жүйеге келтіруге жағдай жасау.
Сабақтың міндеттері:
♦ «Квадрат үшмүше»тақырыбы бойынша білім мен біліктерін бекіту және
бақылау;Тақырыпты тереңірек меңгеруге бағыт беру, проблемаларды анықтау және оның шешілу жолдарын таба білу, мақсатқа жете білу.Квадрат теңдеулерді шешудің тиімді тәсілдерін таңдай білу дағдыларын қалыптастыру.
♦ Жеке, жұппен, топпен ынтымақтастықта жұмыс жасай білуге дағдыландыру, тақырыптық диалог құра білу, бірін-бірі, өзін-өзі және топты бағалай білуге үйрету .
♦Ынтымақтастықта жұмыс жасауға, өз ойын еркін жеткізуге,ой-пікірімен бөлісе білуге, шығармашылыққа ұмтылдыру.
Көрнекіліктер және оқу әдістемелік жабдық:
компьютер,электронды оқулық;
оқушылар дайындаған презентациялар;
өзіндік жұмыс тапсырмалары;
жеке жұмыс тапсырмалары;
топтық жұмыс тапсырмалары,плакаттар
Қолданылған модульдер: СТО , топтық жұмыс, жұптық жұмыс, жеке жұмыс, бағалау.
Ұраны : «Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, білімің мен еңбегің екі жақтап ».Абай
Сабақтың түрі. Жаңа тақырыпты бекіту сабағы
Сабақтың жоспары:
1.Ұйымдастыру бөлімі.Психологиялық сәт(2 мин)
2.Ой толғау.Қайталау.(2мин)
3.Ауызша есептер.(3мин)
4.Жаңа тақырыпты меңгерту.Оқушылар дайындаған презентациялар.(7мин)
5.Жұптық жұмыс.(10 мин)
6.Топтық жұмыс. Есептер шығару және қорғау.(10 мин)
7.Сергіту сәті (2мин)
8. Тест жұмысы.жеке жұмыс.(5мин)
9.Қорытынды.Рефлексия.(2мин)
10. Үйге тапсырма.Бағалау.(2мин)
1.Ұйымдастыру. Психологиялық сәт. Ертеде елге танылған атағы дүйім жұртқа белгілі данышпан, ақылгөй өмір сүріпті. Оны көре алмаған бір қатігез кісі елге күлкі қылмақ ниетпен амал ойлап тауыпты. Көгалдан бір көбелек ұстап оны данышпанға апарып, қолымдағы зат тірі ме, өлі ме? деп сұрайды. Егер өлі десе ұшырып жіберемін, ал тірі десе сәл мыжып өлтіре салайын деп ойлайды. Осы оймен данышпанның алдына келгенде, данышпан оған ойланып қарап тұрып «Бәріде өз қолыңда» деген екен. Ендеше бүгінгі сабақта жетістікке жетуде сендердің өз қолдарыңда. Олай болса бәріңе сәттілік тілеймін. Оқушыларды 2 топқа бөлінеді. Топ мүшелері өз міндеттерін бөліп алады, бақылаушы қадағалап отырады.Топтардың жұмыс істеу ережесі бұрын құрылған, күнделікті сабақта пайдаланылады,тақтаға ілініп тұрады, топ мүшелері өздерінің атқаратын міндеттерін бөліп алады. Үйге берілген тапсырма- квадрат үшмүше туралы және оның пайда болуы жайлы тарихи деректерді тауып, презентация дайындап келу. Оларға «1», «2», деген белгілер беріледі.Столда әр топқа тапсырмалар берілген. Бақылаушы жұмысты ұйымдастырып, тапсырмаларды бөліп және жинап отырады.
Квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктеу тәсілдерін білу және есеп шығаруда тиімді қолдану.
II. Ой толғау сәті .Қазір біз алған білімдерінді пысықтау үшін жаңа тақырыпты ашу үшін өткен тақырыптарды қайталайық, не білетінімізді еске түсірейік.
Пысықтау сұрақтары:(жеке жұмыс)
1. Қандай теңдеу квадрат теңдеу деп аталады ?
2. Егер ах2 +вх+с=0 теңдеуіндегі в немесе с нөлге тең болса, онда ол теңдеулер қандай теңдеулер деп аталады ?
3. Квадрат теңдеуді шешудің қандай әдістерін білесіңдер?
Әдістері:
Екімүшенің квадратын айырып алу
Формула арқылы шешу
Виет теоремасын қолдану
Берілген жауаптарды қолданып, сөйлемді аяқта.
|
Жауаптары:
|
1 ax2+bx+c=0 теңдеу квадрат теңдеу деп аталады,егер...
2.Теңдеу келтірілген квадрат теңдеудеп аталады,егер...
3. Теңдеу толымсыз квадрат теңдеу деп аталады,егер...
5. ax2+bx+c=0 теңдеуінің екі түбірі болады,егер...
6. ax2+bx+c=0 теңдеуінің бір түбірі болады,егер...
7. ax2+bx+c=0 теңдеуінің түбірі болмайды,егер...
|
b=0
c=0 a=1
a=0
b≠0
а≠0
D=0
D<0
D>0
|
III. Ауызша есептер (топтық жұмыс)
1.Әр топта «артық» теңдеуді табыңдар.
I-топ II-топ
1) 2х²-х=0 1) х²-6х+5=0
2) х²-16=0 2) 9х²-6х+1=10х
3) 4х+х-3=0 3) х-2=0
4) 2х²=0 4) х²+7х+12=0
IV .Квадрат теңдеудің пайда болуы тарихына шолу (Мейірім)
V. Жаңа тақырыпты меңгерту.Оқушылар дайындаған презентациялар.
Сіздерге үйге тапсырма "Сандар сөйлейді" ойыны,квадрат үшмүше туралы презентация дайындап келуге тапсырма берілген болатын,сол тапсырманы орындап келген оқушылар тақтаға шығып,өз жұмыстарын қорғайды.(слайдтар)
1."Сандар сөйлейді" ойыны (Назерке)
2 Квадрат үшмүше анықтамасы.(Ардана)
3 Квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктеу формуласы (Перизат)
4.Мысал келтіру (Ақбота)
VI .Жаңа тақырыпты бекіту.Есептер шығарту.
№229 1) 2) І топтан 1оқушы , ІІ топтан 1оқушы тақтаға шығарады.
3) пен 4) ті топтағы нөмірленген оқушылар шығарады,бірін-бірі тексеріп бағалап, бағасын қояды.
VII. Сергіту сәті (2мин) Компьютерде.Оқушылардың назарын компьютерге бұру.
№231 1) 2) І топтан 1оқушы , ІІ топтан 1оқушы тақтаға шығарады.
3) пен 4) ті топтағы нөмірленген оқушылар шығарады,бірін-бірі тексеріп бағалап, бағасын қояды.
VIII. Жинақтау. Оқушылардың өзіндік жұмысы.
5 минутта орындап, жауаптарынды жауап парағына толтырамыз, сосын бір біріндікін ауыстырып, тексеріп, бағалаймыз.
Тест жұмысы 2 нұсқада берілген. Аяқтаған соң қатар отырған екі оқушы,жұмыстарын ауыстырып, бірін-бірі тексеріп бағалап, бағасын қояды. (формативті бағалау). Жауабы слайдта компьютерде
1-нұсқа
Квадрат теңдеуде а коэффициентін анықтандар.
7х - 5 - х² = 0
А)-1 В)-41 С) -5 Д) 7
2.7х²-19х+4=0 теңдеуінің түбірлерінің қосындысы неге тең?
а) 4/7; б) –4/7; с) –19/7; д) 19/7.
3.Теңдеуді шешіңдер: х²-0,09=0
А) 0,03 В)-0,3;0,3 С)-0,03;0,03 Д) шешімі жоқ
4.Теңдеуді шешіңдер: 3х² -8х+5=0
А) -1;3 В)-1;-1 С) 1; 1 Д) шешімі жоқ
Тест жұмысының жауаптары.
Сұрақтың нөмері
|
1
|
2
|
3
|
4
|
Жауапатары
|
|
|
|
|
Фамилия:
Баға:
2-нұсқа
Квадрат теңдеуде в коэффициентін анықтандар:
6+2х²-8х=0
А) 6 в) -8 с)2 д)8
2. 5х²+17х-6=0 теңдеуінің түбірлерінің қосындысы неге тең?
А)6/5 В)-6/5 С)-17/5 Д)17/5
3. Теңдеуді шешіңдер: 4х²-2х=0
А) 1; 2 В) 0; 2 С) 0; Д) 0; -
4.Теңдеуді шешіңдер: х²-7х+12=0
А) -4;3 В)4;-3 С)-4;-3 Д) 4;3
Тест жұмысының жауаптары.
Сұрақтың нөмері
|
1
|
2
|
3
|
4
|
Жауапатары
|
|
|
|
|
Фамилия:
Баға:
(уақыт болса №232)
IХ. Қорытынды. Рефлексия және сабақтың қорытындысы.
Міне сабағымыз аяқталуға жақындады. Сендер бұл сабаққа жақсы дайындалыпсындар, өз білімдерінді көрсеттіңдер және шығармашылықпен жұмыс жасадыңдар. Ал енді мен сендердің бүгінгі сабақ туралы пікірлерінді білгім келеді. Мына сұрақтарға жауап беріңдер.
Сендерге сабақ ұнады ма?
Қандай қиыншылықтар болды?
Үйге тапсырма.
IX. Бағалау.
Енді бүгінгі сабақта, жалпы осы өткен тақырып бойынша өздерінді бағалайсындар, «Бағдаршам» бойынша. Егер тақырыпты түсінбесен қызыл қағазды алып қызыл бағдаршамға жапсырасың, егер әлі де кейбір сұрақтарға көмек қажет болса сары қағазды алып, сары бағдаршамға жапсырамыз, ал егер тақырыпты жақсы түсінсеңдер жасыл қағазды алып, жасыл бағдаршамға жапсырамыз. Ал, кәне бағалаймыз.
Топ басшылары бағалау парақтарын таратады және жинап тапсырады.
Ынтымақтастықта жұмыс жасағандарына рахмет! Маған бүгін шығармашыл, белсенді еңбекқор оқушылармен жұмыс жасау өте ұнады. Алдағы өмірлерінде әруақыт жолдарың болып, алдарыңда тек қана жасыл шам ғана жанып тұратын болсын!
X. Үйге тапсырма №233. ІІІ тарау.§120>
Достарыңызбен бөлісу: |