4 слайд.
Сыртқы қазнақты өндеудегі технологиялық процесстердің бірі, қозғалатын бұрандаойғышпен өндеу процесі. Мұнда өздерін көріп отырғандай қозғалатын бұрандакескіш пен өндеу процессі көрсетілген, яғни бұранкескіш артқы топайға орнатып, дайындаманы патронға бекітеміз. Жону алдында дайындаманы орталықтандыру қажет. Атрқы топайды дайындамаға сәл жақындатып, жону процессі жүреді, қозғалатын бұрандакескіш өз бетімен алға қарай қозғалып өнделеді.
5,6 слайд.
Әрбір бұрандаойғышта аспаптық болат таңбасы мен бұранда белгісі таңбаланады. Бұрандаойғыш жинақтарының біріншін, екіншісін және үшіншісін бір-бірінен айыру үшін бұрандаойғыштың сағасында балдақты сызық ізікшелердің сәйкес сандары жазылған. Гайкаларда бұрандаларды ою үшін ұзын заборлы конусы бар сомынды бұрандаойғыштар қолданылады
Бұрандаойғыш өнделген тесік осі бойына дәл бағытталу үшін оны теңселмелі өздігінен суырылатын құралбілікке конусты сағамен орнатылады, ал бұрандаойғыш тесікке енгізіледі және артқы тұғыр тегершігінің айналуына жеңісі беріледі.
6,7 слайд.
Дайындаманың айналып жатқан кезінде бұрандаойғыш тесікке енгізіледі және артқы тұғыр тегершігінің айналуына жеңісі береді. Бұрандаойғышты центрмен қысынқырайды, ал айналтұтқаны тақтайшаға тірейді. Бұрандаойғыш пен тақтайша бірге қозғалады, сонда қисаю болмайды; бұрандаойғыштың сынуы мен бұрандалардың ақау қаупін жояды.
8 слайд.
Гайкалы таңбалаушымен өндеу, өте тиімді процесстерге жатады, өйткені мұнда минутына 5-6 бөлшек өндеуге болады. Мұндағы өндеу ерекшелігі таңбалаушы патронға орнатылады, ал дайындама артқы топайға бекітіледі.
3.2 Жаңа материалды бекіту.
Қазір балалар жаңа материалды бекіту мақсатында «Құпия қапшық» ойының өткіземін. Ойын ережесі: мен қазір әр бригададан төрт баладан ортаға шақырамын. Олар менім қолымдағы кезекпен қолдарын салып оның ішіндегі затты қолына ұстап қандай затты ұстағаның айтады. Сосын оның сырттына алып шығып көрсетеді. Ал,дұрыс жауапты басқа бригаданың балалары айтады. Сонымен ойынды бастаймыз.
3.3 Енбекті қорғау және қауіпсіздік ережесін тексеру.
Рахмет. Енді осы құпия қапшықтан шыққан аспап, құрылғыларды қолдана отырып, станокта бұрандаларды өндейміз. Сонымен өндірістік жұмысқа кіріспес бұрын қауіпсіздік ережесін есімізге түсіреміз. Қазір мен сендерге өндірісте кездесетін жағдайлар көрсетілген суреттерді беремін, ал сендер тез арада қауіпсіздік ережесі бойынша қандай талаптар орындалмағаның немесе керсінше орындалғаның жазасындар.
3.4 Практикалық бөлім
а) Жұмыс орындары бойынша бөлу
б)Жұмыс орындағы нұсқау
Жақсы. Қазір нұсқаушы шеберіміз Виктор Алексеевичпен сендерге бұрандакескішпен және бұрадаойғышпен өндеудің жаңа тәсілдерін көрсетеміз сосын сендер өздерін орындайсындар. (өндірісітік цехта жұмыс)
ІV. Қорытынды – бағалау кезені
4.1 Қорынтынды нұсқаулық
Ал, енді бүгінгі тақырыбты қандай қандай деңгейде игергендерінді көрейік.
а) қазір мен сендерге кесте таратамын. Сендер тез арада толтырындар. Сосын әр бригада дан оқушылады тұрғызып сұраймын. Рахмет өте жақсы.
б) Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?
в) Бүгінгі сабақтан өздерінге не алдындар?
4.2 Оқушыларды бағалау (1 минут)
а) белсенділік таблосын пайдалана отырып женіңпаз топты анықтап, үздік бағамен марапаттау.
4.3 Үй тапсырмасы
а) бүгінгі сабақтың тақырыбы бойынша 10 тестік тапсырмаларын дайындап келу.
Достарыңызбен бөлісу: |