Сабақтың атауы Төле бидің төрелігі Мақсаты Күтілетін нәтиже Сабақтың жабыдығы



жүктеу 15,85 Mb.
бет75/114
Дата20.05.2018
өлшемі15,85 Mb.
#15130
түріСабақ
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   114

Тексерілді: 02.03.2016ж

Әдебиеттік оқу

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

А.Тоқмағанбетов Түлік туралы сабақ




Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Сабақтың жабыдығы

Түрі

Білімділік: «Түлік туралы сабақ» өлеңімен таныстыра отырып, өлеңді мәнерлеп оқуға машықтандыру. Төрт түлік малдардың атауларымен таныстыру.
Дамытушылық: Оқушылардың ақыл-ойын, есте сақтауын, қиялын, зейінін, тіл байлығын, сөздік қорын, мәнерлеп оқу дағдысын дамыту.
Тәрбиелік: Төрт – түлік малды күтіп бағуға, қамқорлық жасауға, еңбексүйгіштікке, үлкендерге көмек беруге тәрбиелеу.
Әдіс – тәсілдері: Хабарлау, сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу, баяндау, талдау.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Көрнекілігі: Асқар Тоқмағамбетовтың портреті, флипчарттар, кесте қағаздар.




Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,



Оқып білім аламыз.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.




Қызығушылықты ояту


І. Қызығушылықты ояту.
Психологиялық дайындық.
Қатар-қатар тізіліп,
Оқушыға лайық
Қолымызды жіберіп
Түп-түзу боп тұрайық.
Жақсы оқып сабақты
Әдеп сақтау сәніміз
Отыруға нақпа-нақ
Дайындалдық бәріміз
1 – қатар жай отыр,
2 – қатар тез отыр,
3 – қатар сен де отыр.
Сабақ бастар кез боп тұр.
ІІ. Үй жұмысын сұрау.
Класс оқушыларын 3 топқа бөлу. Әр топта 3 оқушыдан. Үйге жеке – жеке оқушыларға тапсырма берілген болатын, сол тапсырмалар бойынша үй тапсырмасын сұрау.
1 – тапсырма: Мамытбек Қалдыбаевтың «Үлек» әңгімесінің мазмұнын сұрау.
2 – тапсырма: «Менің ботам» тақырыбына өлең құрастыру.
3 – тапсырма: «Ақ бота» тақырыбына әңгіме құрастыру.
ІІІ. Үй жұмысын бекіту.
1. Үлектен адамдар неге қорқады екен?
2. Шығармада үлектің қандай пайдасы әңгімеленген?
3. Түйе малынының төлі қалай аталды?
4. Түйенің пайдасы қандай?
ІV. Автор туралы мағлұмат.
АСҚАР ТОҚМАҒАМБЕТОВ (1905 – 1983) – ақын жазушы.
Қазіргі Қызылорда облысы Тереңөзек ауданында дүниеге келген. Ташкент политехникалық техникумын, Мәскеу Баспа институтын бітірген. Ұлы Отан соғысына қатысқан. «Лениншіл жас» («Жас алаш»), «Ленин жолы»(қазіргі «Сыр бойы»), «Социалистік Қазақстан» («Егемен Қазақстан»), «Қазақ әдебиеті» газеттері мен «Ара» журналында әр түрлі қызметтер істеген. Қазақстан Жазушылар одағының Шымкент, Қызылорда облыстары бойынша жауапты хатшысы болған. Алғашқы өлеңдер жинағы «Еңбек жыры» деген атпен 1928 жылы шыққан. Асқар Тоқмағамбетов ақындық жолының алғашқы кезеңінде Отан қорғау, интернационализм тақырыбына арналған шығармалар жазған. Отан соғысы жылдарында жауынгерлердің майдандағы ерліктерін, халықтар достығы, соғыстан кейінгі жылдарда бейбіт өмір тынысын өз шығармаларына арқау етті. Асқар Тоқмағамбетов қазақ поэзиясында поэма жанрын дамытуға елеулі үлес қосқан ақын. Оның поэмаларын тақырыбы, түрі жағынан төрт топқа бөлуге болады: ауыл өмірі («Хат», «Бақыт кілті», «Қаскелең», «Өмірге жол», «Агроном көктемі»т. б.); елімізге еңбегі сіңген тарихи адамдарға арналған («Батыр Әли», «Ақын тағдыры», «Кремль сақшысы» т. б.); елді, жерді қорғау, отансүйгіштік, ерлік тақырыбы («Ажалды жеңген алыптар», «Батырлар дастаны», «Уборщица» т. б.); халықтардың достығы тақырыбы («Берлин көшесінде», «Испания», «Қараңғы түнде», «Рейн жағасында» т. б.). Ақын поэмаларында қазақ халқының күрес жолындағы өмірі («Қара қыз», «Қанды жазу», «Терең толқын») мен кеңес адамдарының тыныс-тіршілігі («Күзетте», «Дария сыры», «Балдақты Оспан», т.б.) суреттелген. «Ақын тағдыры» поэмасын Сәкен Сейфуллиннің азаматтық, ақындық келбетін ашуға арнаған. Ақынның «Біздің Сәуле», «Тап қорғаны», «Буденный маршы», «Бір, екі, үш», «Қош аман бол», «Күт мені», «Сүйген жарға», тағы басқа лирикалық өлеңдері әнге арналған. Таңдамалы шығармаларының жинақтары жарық көрген. Асқар Тоқмағамбетов проза жанрында да жемісті еңбек етті. Ыбырай Жақаев өмірін бейнелеген «Қыран тұғырдан ұшады»
(О.Бодықовпен бірге), Сыр өңірі қазақтары тұрмысынан жазылған «Сыр диқаны», «Асыл азамат», «Әке мен бала», «Қарбаласта», Қазан төңкерісі қарсаңындағы ауыл өмірін суреттеген «Ақмоншақ» повестерін жазды.
Асқар Тоқмағамбетов -ХІХ ғасырда өмір сүрген қазақ ақындары туралы жазылған «Жыр күмбезі» атты тарихи романның авторы. Драматургияда «Екі заң», «Семафор ашық», «Әзірет Сұлтан» атты пьесалар мен «Маржан», «Бәріміз де сондай болсақ» атты киносценарийлер жазған. С.Айнидің «Құлдар» романын қазақ тіліне аударған.
Қазан төңкерісі, 1-дәрежелі Отан соғысы, үш мәрте Еңбек Қызыл Ту ордендерімен, бірнеше медальдармен марапатталған.
V. Жаңа сабақты түсіндіру.
1. Мұғалімнің түсіндіре отырып мәнерлеп оқып беруі.
Төрт түлікҚой – қозы Жылқы – құлын Ешкі – лақ Сиыр - бұзау
VІ. Флипчартпен жұмыс.
Жылқы – Құлын Жабағы (6 айдан 1 жасқа дейінгісі)
Тай (1 жастан асқаны) Құнан (2 жастан асқаны)
Дөнен (3 жастан асқаны) Бесті (5 жастағысы)
Алты жасар
Түйе атаулары:
Нар ( жалғыз өркешті)Нарбота ( жаңадан туған төлі)
Нартайлақ (1 жастан асқаны)
Түйе: Айыр (қос өркешті) Бота (жаңадан туған төлі)
Тайлақ (1 жастан асқаны)
Қой атаулары:
Қой, Қозы, Марқа, Кепе, Тоқты, Саулық, Бойдақ қой (ұрғашы), Құнан қой, Дөнен қой. Ісек (еркегі), Қошқар
Ешкі атаулары:
Ешкі, Лақ, Марқа лақ, Теке, Серке (Меркеш), Шыбыш, Туша (ұрғашысы)
Сиыр атаулары:
Сиыр, Бұзау, Баспақ, Қашар.
Бұқа (еркегі), Тана, Бұқашық
VІІ. Оқулықпен жұмыс.
2. Оқушылардың іштей оқуы.
3. Дауыстап рөлге бөліп оқу.
VІІІ. Сөздікпен жұмыс
Сөзуар – сөзшең
Жобалауы - ойынша
Даурықты – таласты. (Шешімін таба алмады)
ІХ. Сабақты бекіту.
Оқушыларға жеке – жеке кеспе қағаздар беру.
Малдар Төлдері Атаулары
Қой Қозы Сиыр Жылқы Түйе
Х.Сабақты бағалау.
Жүйрік екен аттары
Аяңдамай желеді.
«5» қоямын мен оған
Бірінші орында келеді.
Білмей қалған жерлерін
Мықтап ойға тоқиды
Бүгін «4-ке» оқыса,
Ертең «5-ке» оқиды.
Айтқанына
Көңіліміз толмады
Сабаққа дайындалмай келіпті
Онысы дұрыс болмады.
ХІ.Үйге тапсырма Өлеңді жаттауСмайликтерді өзі қалаған нұсқаға 03.03.2016ж жабыстырады.




Мағынаны тану





Ой толғаныс

Үйге тапсырма

Бағалау

Кері байланыс












у










Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады






Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

К. Сауғабаев Нан туралы өлең




Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Сабақтың жабыдығы

Түрі

Білімділік: нанның дастарханға қалай келетінін, оған адамдардың еңбегі сіңетінін түсіндіре отырып, қасиетті тағамымыз нанды қастерлеуге, қадірлеуге үйрету.
Дамытушылық: оқушылардың мәнерлеп оқу, ауызша, жазбаша баяндау дағдыларын дамытып, сөздік қорларын байыту, өзіндік ой - пікірлерін айта білу дағдыларын жетілдіру, шығармашылық қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: нанды үнемдеп жұмсай білуге, еңбек адамдарын сыйлауға, жинақылыққа, ұқыптылыққа, еңбек ете білуге тәрбиелеу. кәсіптік бағдар беру.
әдісі: сұрақ - жауап, түсіндірмелі, әңгімелеу, иллюстративті, өз бетінше, шығармашылық
технологиясы: дамыта оқыту
түрі: кіріктірілген
типі: жаңа білімді меңгерту




Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,



Оқып білім аламыз.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.




Қызығушылықты ояту

- Ата – аналардың бақытты болып, балалардың жүзінен күлкі кетпеуі үшін біз нені қолдауымыз керек? (бейбітшілікті)
- Ол үшін біздің еліміз неге бай болуы керек? (Әрине астыққа, дәнге)
- Еліміздің дәнге бай екенін өзіміздің қай рәмізімізден көре аламыз? (Елтаңбамыздан)
- Онда не бейнеленген?
- Бидай масағы бейнеленген.
- Бидайдан не алынады балалар? (Ұн)
Мұғалім түсіндірмесі
Бидай - астық тұқымдасына жататын ең маңыздық тағамдық дәнді дақыл. 100 грамм нанды жесе, адам денесіне 70 гр қант, 9 гр белок, 1 гр май сіңіреді. Бидай тамыры жерді тыңайтуға көмектеседі. Сабағынан үйлердің төбесін жауып, қағаз картондар дайындап, ыдыстар тоқуға болады.
V. Жаңа сабақ
Біздің бүгінгі өткелі отырған тақырыбымыз да нан туралы болмақ.
- Нанның қасиеттілігі туралы 3 - 4 - сыныптарда қандай тақырыптар мен өлеңдермен таныстық. (естеріне түсіру, ойларын тыңдау)
Нан туралы түсіндіру (слайд, нан өнімдері)
2. Авторы К. Сауғабаев туралы өмірі мен шығармаларына тоқталып өту.Кәрім Сауғабаев 1941 жылы 20 қазанда Қарағанды облысы, Егіндібұлақ ауданының Едірей ауылдық кеңесінде дүниеге келген. 1964 жылы Қарағанды педагогикалық институтын, 1972 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін сырттай оқып бітірген. Балаларға арналған өлеңдері 1972 жылы кітап болып басылып шығады. 1973 жылдан Егіндібұлақ аудандық «Ленин туы» газетінің редакторы болып жұмыс жасаған. Шығармалары: Мойындау. Өлеңдер «Жазушы»1972ж; Көктем келді, алақай, Өлеңдер «Жалын»1977ж: Ақша қар. Өлеңдер. «Жазушы»
1980ж; Балқан таудың басында. Өлеңдер. «Жазушы»1982ж. Үлкендерден үлгі аламыз. Өлеңдер. «Жазушы»1983ж жарық көрген.
3. Мұғалімнің өлеңді мәнеріне келтіре жатқа оқуы.
4. Өлеңнен түсінген ойларын ортаға салу. (слайдтан нан түрлеріне тоқталу және «Ас атасы - нан» көрмесі бойынша көрсету)
ҮІ. Оқулықпен жұмыс
1. Шумақ бойынша оқыту(7 - 8 оқушыға оқыту)
2. Жекелеген оқушыларға оқыту
3. Әр шумақ бойынша талдау жасау
4. Оқушылардың пікірлерін тыңдау.
ҮІІ. Сұрақтар мен тапсырмалар бойынша жұмыс жасау - Нан - өмір, неге?
- Дән - ән емес пе, дән - нәр емес пе, неге? (жалғастырып жаз)




Мағынаны тану




Ой толғаныс

Дәптермен жұмыс
І қатар
Бір дән жолда жатса, еңкейіңдер, көтеріңдер.
Себебі..........
ІІ қатар. Нансыз тыныштық болмайды. Себебі.........
ІІІ қатар. Нанның дастарханға қалай келетінін сызба арқылы көрсету.
Шығармашылық тапсырма
1. Нанды қастерлей білейік (эссе)
2. Өлең құрастыр (нан, нанды қастерлеуге, дихан еңбегін бағалауға байланысты жаздыру және оқыту)
Х. Сабақты бекіту
1. Мақал – мәтелдер.
2. Тыйым сөздер
3. Өлең




Үйге тапсырма

Өлеңді оқу

Күнделіктеріне жазып беремін




Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.




Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады




жүктеу 15,85 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   114




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау