Мұғалімнің аты-жөні
|
Неткалиева Гульмира Бисеновна
Сыныбы 7a сынып
|
Сабақтың атауы
|
Рационал өрнектерді көбейту және бөлу тақырыбына есептер шығару
|
Сілтеме
|
Математика 7 сынып. Ә.Н.Шыныбеков слайдтар, сабақ жоспары
|
Жалпы мақсаты
|
Оқушылардың өткен сабақта алған білімдерін толықтыра отырып, бүгінгі сабақпен сабақтастыра отырып бекіту.Теориялық білімдерін тереңдету және жүйелеу, математикалық тілде сөйлеу қабілеттерін қалыптастыру. Өздігінен қорытынды шығаруға машықтандыру, пәнге деген қызығушылығын және белсенділігін арттыру. Сенімділікке, ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, ұжымдыққа тәрбиелеу.
|
Міндеттер
|
Оқушылардың алған білімдерін толықтыру.
Тақырып бойынша ой-қорытындылар жасау.
Күнделікті өмірде қолдана білу, мәндерін ажырата білу.
|
Мұғалім үшін оқу нәтижелері
|
Оқуға бағыт-бағдар беру.Жұпта жұмыс істеу арқылы тақырыпты бекітіп шығу. Оқушылардың өздерін және достарын бағалау мүмкіндіктерін жасау.
Қысқаша көбейту формулаларын меңгере отырып білім негізін қалау.
|
Сабақтың түрі, әдіс тәсілдері
|
Білімді жүйелеу және жалпылау сабағы. Өз беттерімен , жұптық жұмыс,диалогтық оқыту, АКТ –ны меңгеру, сұрақ-жауап, талдау, қорыту, деңгейлеп оқыту
|
Сабақтың көрнекілігі
|
Видеопроектор, тақырыпқа сай слайдтар, фотоаппарат, үлестірме парақтар, топтық таспсырмалар жазылған топшамалар, бағалау парағы.
|
Күтілетін нәтиже
|
Оқушылар қысқаша көбейту формулаларын меңгереді, күнделікті қоршаған ортадан мысалдар келтіре алады. Есептерді шығара алады.Өздерін және сыныптастарын бағалай алады.
|
Ұйымдастыру кезеңдері
|
Сәлемдесу.Оқушыларды сабаққа психологиялық дайындау.
Оқушылар жұптасып отырады.
Бағалау парағын түсіндіріп кетемін.
Бағалау критерийі:
1.Білімділігі
2.Ойлау жылдамдығы
3.Математикалық тілі
4. Жұппен жұмыс жасауы
5.Жеке жұмыс жасауы
|
Сабақтың барысы 33 мин
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Оқушылармен үйге берген тапсырманы тексеру.
Ой –қозғау
3 мин
|
Үй тапсырмасын өзін өзі тексеру .Слайдпен
Оқушылар жұптасып бір-бірінің дәптерлерінен үй жұмысын тексереді. Үй жұмысының дұрыс жауабын алдарына беремін.
Сигналдық карточка арқылы.
/Шығарылған үй тапсырмасы бар парақ/
1. Сәйкестендіру:
– Сабақты жаңа тақырыпты меңгеруге кажетті, бұрын өтілген материалды еске түсіру үшін «Қайталау – оқу анасы» дегендей, сәйкестік тест өткізіледі.
– Балалар, алгебралық бөлшектерге амалдар қолданған кезде ең көп қолданатын қандай формулалар?(қысқаша көбейту формулалары)
«Қайталау – оқу анасы»
Бірінші бағанда қысқаша көбейту формулалары жазылған. Ал оқушылар бағанның сол жағында тұрған формулалардың дұрыс жауабын тауып, бағдарша арқылы көрсетеді(ержесін тұжырымдайды.
Қысқаша көбейту формулаларын қайталау
Бағанның сол жағындағы өрнекке оң жағындағы бағаннан тең өрнекті тап : СЛАЙД №2
1. a2-b2=
|
1. a3-3a2b+3ab2-b3
|
2. (a-b)2=
|
2. (a-b)(a+b)
|
3. (a+b)2=
|
3. (a-b)(a2+ab+b2)
|
4. (a-b)3=
|
4. a2-2ab+b2
|
5. (a+b)3=
|
5. (a+b)(a2-ab+b2)
|
6. a3-b3=
|
6. a2+2ab+b2
|
7. a3+b3=
|
7. a3+3a2b+3ab2+b3
|
Оқушы сәйкестендіруді орындап , кестені толтырады, оны оқушылар жұптасып бір-бірін тексеріп , қорытындысын кагазға жазады.
Дұрыс жауабы:
2. «Ой қозғау» топтастыру стратегиясы.
Тақтада алгебралық бөлшектерге байланысты 9 есеп шығару жолымен жазылып тұрады, ал оқушылар бұл есептердің дұрыс шығарылғанын ғана табулары керек. Дұрыс берілген тапсырманы тақтаға шығып орындайды(бағалау парағына мұғалімнің айтқан бағасы қойылады)
2. 3.
|