Сабақтарға арналған әдістемелік өңдеу ОҢТҮстік қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы



жүктеу 0,77 Mb.
бет4/6
Дата25.05.2018
өлшемі0,77 Mb.
#17793
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
1,2-дибром этан

Газ беру және газ шығару түтікшесі бар пробиркаға 5 мл бром құйылады. Пробирка түбіне шыны сынықтарын салады (сұйық броммен газды араласуын жақсарту үшін). Бромның үстіне 1см су қабаты құйылады (бромды буланудың арқасында ысырап болуын азайту үшін). Пробиркаға этилен жіберіледі.Реакция жылу бөлінумен жүреді, сондықтан пробирка салқын сумен мұздатылады. Пробирканы абай болып, бромды шығару түтікшесінен шашып жібермейтіндей етіп шайқап тұру қажет. Алынған бром толығымен этиленмен реакцияға түсіп, бром түссізденген кезде бромдау аяқталады. Шикізат күйіндегі дибромэтан бөлгіш шұңғымада сумен, зәрлі натрий ерітіндісімен және тағыда 1неше рет сумен жуылады.

Кальций хлоридімен құрғатылған соң кіші Вюрц колбасы арқылы айдалады.130—132° С та фракцияға жиналады.

Шығымы — 12-15 г (65-80%). Таза 1,2-дибромэтанның қайнау температурасы 131,5° С. Балқу температурасы 10° С. Сыну көрсеткіші п = 1,5379.


Әдебиеттер:

Негізгі:


1. «Руководство к лабораторным занятиям по органической химии» под редакцией Тюкавкиной Н.А. Медицина. Москва, 2003г., -С. 118-148.

2. «Руководство к лабораторным занятиям по органической химии» под редакцией Тюкавкиной Н.А. Медицина. Москва, 1985г., -С. 369-383.

4. Лабораторные работы по органической химии. Под редакцией проф.О.Ф.Гинзбурга, Москва 1970г., -С. 295.

5. Н.В. Васильева,Т. А. Смолина, В.К. Тимофеева. Органический синтез.

Москва 1986г., -С. 367.

Бақылау сұрақтары:


    1. Галогенкөмірсутек алу жолдарын жазыңыз.

    2. Көмірсутектердің галогендеу реакция механизмдерін жазыңыз.

    3. Галоген көмірсутектер үшін сапалық реакция.

    4. Бромбензолды,бромды этилді,1,2 –дибромэтанды алу тәсілін айтып беріңіз.


Сабақ№7

Тақырыбы: Ароматтық қатардағы электрофильді орынбасу реакциялары.

Мақсаты: Ароматтық қатардағы электрофильді орынбасу реакциялары туралы білімді қалыптастыру.

Оқыту мақсаты:

  1. Орынбасарлар әсерінен ароматты сақинадағы электрондық тығыздықтың таралуын анықтап білу.

  2. Арендерді галогендеу, алкилирлеу, ацилдеу реакцияларын білу.

  3. Бензол сақинасындағы орынбасарларды бағытталу реакциялары механизмін білу.



Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Арендер. Ароматты ядродағы электофильді орынбасу реакцияларына жалпы сипаттама.

  2. Моноядролы арендердегі электрофильді орынбасу реакциялары механизмі.

  3. Арендерді алкилирлеу, ацилдеу, галогендеу реакцияларының механизмі.

  4. Электронодонорлы және электронакцепторлы орынбасарлардың электрофильді орынбасу реакцияларына әсері.



Білім берудің және оқытудың әдістері: Семинар (Кіші топтарда жұмыс), бақылау

Әдебиеттер:

Негізгі:


1. «Руководство к лабораторным занятиям по органической химии» под редакцией Тюкавкиной Н.А. Медицина. Москва, 2003г., -С. 118-148.

2. «Руководство к лабораторным занятиям по органической химии» под редакцией Тюкавкиной Н.А. Медицина. Москва, 1985г., -С. 369-383.

4. Лабораторные работы по органической химии. Под редакцией проф.О.Ф.Гинзбурга, Москва 1970г., -С. 295.

5. Н.В. Васильева,Т. А. Смолина, В.К. Тимофеева. Органический синтез.

Москва 1986г., -С. 367.

Қосымша:

1. Патсаев Ә.К., Сейтембетов Т.С., Шитыбаев, Қ.Н. Дауренбеков «Биоорганикалық химия», оқу құралы, 2005 ж., -Б.4-39.

2. Патсаев Ә.К., Қ.Н. Дауренбеков «Биоорганикалық химияның тәжірибелік-зертханалық сабақтарына қолданба», оқу құралы, Шымкент, 2005 ж, -Б. 3-26

Бақылау сұрақтары:

1. Ароматты ядродағы электофильді орынбасу реакцияларын жазыңыз.

2.Арендердегі электрофильді орынбасу реакциялары механизмін жазып түсіндіріңіз.

3.Арендерді алкилирлеу, ацилдеу, галогендеу реакцияларының механизмін жазыңыз.

4.Электронодонорлы және электронакцепторлы орынбасарлардың электрофильді орынбасу реакцияларына әсері мысалда көрсетіп түсіндіріңіз және жазыңыз..



ІІ - кредит

Сабақ№1

Тақырыбы: Ацетилсалицил қышқылының синтезі.

Мақсаты: Ацетилсалицил (аспирин) қышқылын алу үшін қажетті ыдыстарды дұрыс дайындай білуі қажет.

Оқытудың міндеті:

1.Ацетилсалицил (аспирин) қышқылын алу үшін қажетті ыдыстарды дұрыс дайындау.

2.Ацетилсалицил қышқылын синтездеу.
Тақырып бойынша негізгі сұрақтар:
1. Салицил қышқылының құрылысы және химиялық қасиеттері.

2. Ацетилсалицил (аспирин) қышқылының химиялық қасиеттері.

3. Салицил қышқылының, ацетилсалицил (аспирин) қышқылының алыну тәсілдері.

Білім берудің және оқытудың әдістері: Семинар зертханалық жұмыс, бақылау
Зертханалық жұмыс
Ацетилсалицил (аспирин) қышқылын алу.
Реактивтер: Салицил қышқылы-12,5г.

Сірке ангидриді-9 мл.

Толуол-35 мл.

Ыдыстар: 100-200-мл колба, кері мұздатқыш, су моншасы, Бюхнер шұңғымасы, Бунзен колбасы.

Кері мұздатқышпен жабдықталған 200 мл-лік колбаға 12,5 г. салицил қышқылын, 9 мл. сірке ангидридін, 15 мл. толуолды салып, қоспаны су моншасында 4 сағат бойы қыздырамыз. Реакция біткен соң колбаны салқындатып, бөлінген аспирин кристаллдарын Бюхнер шұңғымасында тартып, толуолдың аз мөлшерімен шаямыз, сосын сірке қышқылының иісі кеткенше ауада кептіріп, сосын 35-400С кептіру шкафында кептіреміз. Препарат шығымы: 90 %


Әдебиеттер:

Негізгі:


1. «Руководство к лабораторным занятиям по органической химии» под редакцией Тюкавкиной Н.А. Медицина. Москва, 2003г., -С. 118-148.

2. «Руководство к лабораторным занятиям по органической химии» под редакцией Тюкавкиной Н.А. Медицина. Москва, 1985г., -С. 369-383.

3. Лабораторные работы по органической химии. Под редакцией проф.О.Ф.Гинзбурга, Москва 1970г., -С. 295.

4. Н.В. Васильева,Т. А. Смолина, В.К. Тимофеева. Органический синтез.

Москва 1986г., -С. 367.

Бақылау сұрақтары:

1.Ацетилсалицил (аспирин) қышқылын алу схемасын жазыңыз.

2. Ацетилсалицил (аспирин) қышқылын алуда қолданылатын реактивтерді атаңыз.
Сабақ№2
Тема: Ацилирлеу және алкилирлеу реакциясы: екіншілік бутилбензолды, сіркеэтил эфирін, хлорсірке қышқылының этил эфирін, ацетанилді синтездеу.
Мақсаты: Студент ацилирлеу және алкилирлеу реакциясын, екіншілік бутилбензол, сіркеэтил эфирін, хлорсірке қышқылының этил эфирін, ацетанилді синтездеуді білуі тиіс.

Оқыту мақсаты:


  1. Студентке ацилирлеу және алкилирлеу реакциясы туралы түсінік беру.

  2. Екіншілік бутилбензол, сіркеэтил эфирін, хлорсірке қышқылының этил эфирін, ацетанилді синтезін жүргізу үшін жұмыс орнын дайындау.

  3. Синтез жүргізуде қолданатын арнайы ыдыстарды және реактивтерді дайындау.

  4. Ацилирлеу және алкилирлеу реакциясы арқылы жүргізілетін органикалық қоспалардың синтез реакциясының схемасын оқып үйрену.


Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1.Алкилирлеу реакциясының механизімі.

2.Ацилирлеу реакциясының механизімі.

3. Бутилбензол, уксусэтил эфирін, хлоруксус қышқылының этил эфирін,



ацетанил синтезі.
Оқыту және сабақ беру әдісі: семинар, лабораториялық жұмыс, бақылау.

Втор-бутилбензолды алу:

       Формула:


    Негізгі реакция:


      Жанама реакция:


      Реактивтер, ыдыс және и прибор
Бензол ……………………………………..29 г, немесе 33 мл (0,37 моль)
Бутил спирт………………………… 11 г, немесе 14 мл(0,15 моль) 
Күкірт қышқылы, 85%-тік………………. 75 мл
Түбі дөңес, үш мойынды колба (500 мл)…..1
Либих тоңазытқышы ………………………….1
Қозғағыш……………………………………… 1
Тамызатын түтікше ……………………………1
Бөлетін түтікше …………………………..1
Фракциялы айдауға қолданылатын прибор …1
Қабылдағыш ……………………………………2

 1. Тоңазытқышпен, тамызатын, араластыратын түтікшемен жабдықталған 500 мл-лік түбі дөңес, үш мойынды колбаны сулы ваннаға орналастырамыз.


      2. Фракциялы айдауға арналған прибор

 
1- колба;2-дефлегматор;3-термометр;4-тоңазытқыш;5-алонж;6-қабылдағыш.

500 мл-лік түбі дөңес, үш мойынды колбаға 85%-тік 75мл күкірт қышқылын құяды, тамшылық түтікше арқылы 1 сағат жиі араластырып 70—80 °С су моншасында қыздырады, 33 мл бензол және 14 мл бутил спиртінен тұратын қосындыны тамшылатып қосады.

      1. Қышқылдың қатаң белгіленген концентрациясын сақтау керек, себебі ол өнімнің түзілуіне әсер етеді.

      2. Күкірт қышқылы мен бензол араласпайтын екі қабат түзіп қалмас үшін, қоспаны үнемі араластырып тұру қажет,

      3. Температураны қатаң бақылап тұру қажет, себебі 55 °С реакция баяу, ал 95 °С жоғарылағанда өнім сульфирленіп қалады. Қоспаны қосып болған соң араластыруды сол температурада 5 сағатқа дейін жалғастырады.

Бензолмен жұмыс істегенде абай болу керек, себебі бензолдың буы ұзақ әсер етсе бас ауру, шаршағыштық, ұйқышылдық тудырады. Реакция біткен соң реакциялық колба ішіндегі сұйықтықты ұзын түтікшеге құйып, жоғарыдағы көмірсутек қабатын алып тастап, сумен шайып, хлорлы кальцимен кептіреді. Одан соң түбі дөңес колбаға құйып фракциялы айдау жүргізеді, одан екі фракция түзіледі: 172 °С и 172—172,5°С. Соңғы фракция таза втор-бутилбензол болып табылады. Бөлінген втор-бутилбензол 9 г. втор-бутилбензол — қайнау температурасы 170—174 °С болатын сұйықтық; d204 = 0,8608 ÷ 0,8639; n20D = 1,4885 ÷ 1,4902.



Сіркеэтил эфирінің синтезі.

Мөлшері 100 мл айдағыш колбаға 15 мл спиртті құямыз, одан соң араластыра отырып оған тура сондай мөлшерде күкірт қышқылын қосамыз. Колбаны тамшылы түікшесі бар тығындымен жауып, тоңазытқышпен жалғастырып май монашада 140° қыздырамыз. Қыздыруды сеткада да жүргізуге болады, ол кезде тығындыға термометр орналастырып түбін сұйықтыққа батырып 110-120° қыздырамыз. Қыздырылған қосындыға тамшылы түтікше арқылы 30 мл спирт, 30 мл мұздай сірке қышқылының қоспасын құямыз. Құйылған сұйықтықты айдалыну арқылы бөлінген эфирдің жылдамдығымен бірдей құю керек. Реакция біткен соң қоспаға (сірке қышқылы бөлінгенше) натрийдің көмір қышқыл ерітіндісін қосып эфирдің жоғарғы қабатына батырылған көк лакмус қағазы қызарғанын тоқтатқанша араластырамыз. Натридің көмір қышқыл ерітіндісін жайлап қосу керек, өйткені сұйықтықтан бөлінген көмір қышқыл газы қатты көпіршиді. Қоспаны бөлетін түтікшеге құйып эфирді төменгі су қабатынан бөліп, спирт қоспаларынан айыру үшін 15 мл 50%-тік хлорлы кальциймен қосып араластырады. Эфирді бөліп алған соң оны сусыз натрий күкірт қышқылымен кептіріп, су моншасына салып айдайды.



     
СН3СООН  + С2Н5ОН = H2О    CH3COOС2Н5


жүктеу 0,77 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау