Хронологиялық тіркелімдер шаруашылық операцияларын жұмыстардың орындалу мен құжаттардың бухгалтерияға түсуіне қарай жазу үшін қолданылады. Мұндай тіркелімдер құжаттардың түгел сақталуы мен бухгалтериялық жазбалардың жоғалып кетнеуін бақылауды қамтамасыз етеді. Хронологиялық тіркелімге тіркеу журналын, шаруашылық операцияларды есептеу кітабын және тағы да басқаларды жатқызуға болады.
Жүйелік тіркелімдер шаруашылық операцияларын мазмұны бойынша топтап және бірыңғайлығын анықтау үшін қолданады. Бұларды бухгалтериялық шоттарды жүргізу тіркелімдері деп те атауға болады. Жүйелік тіркелімге бас кітапты жатқызуға болады. Пайдалану барысында әрбір синтетикалық шот үшін оның ішінен жеке бет ашылады.
Достарыңызбен бөлісу: |