Сандық көрсеткіштер - кәсіпорында орындалған қандайда бір шаруашылық үдерістерінің салдарынан болған өзгерістің сандық өлшемде қандай көһлемде өзгергенін сипаттайды.
Сапалық көрсеткіштер – кәсіпорындағы орындалған жұмыстың ж/е атқарылған қызметінің
соңғы нәтижелерінің экономикалық тиімділігін сипаттайды.
Сандық көрсеткіштерге мыналар жатады:
Өнеркәсіп саласында – өндірілген өнім көлемі, сатып алынған өндірістік қордың көлемі ж/е тағы басқалар.
Маркетинг ж/е сауда саласында – қөтерме ж/е бөлшек саудадағы тауар айналымының көлемі, тауар қорының көлемі ж/е т.б.
Қоғамдық тамақтану саласында – тауар айналымының көлемі, бұл өзі өндіретін өнімнің айналымынан ж/е сатылып алынған тауарлардың көлемінен қалыптасады.
Тасымалдау қызметімен айналысатын салаларда – жол аралығына қарай тасымалданатын адамдар мен жүктің саны,көлемі.
Құрылыс саласында – орындалған немесе пайдалануға тапсырылған құрылыс – монтаж жұмысының көлемі.
Достарыңызбен бөлісу: |