9-Тақырып: «Шоттар жүйесі және екі жақты жазу»
Сабақтың мақсаты: бухгалтерлік есептің «шоттар» және «екі жақты жазу» элементтеріне түсінік беріп, олардың есептегі маңызын ашу. Активті және пассивті шоттардың құрылысын меңгеру, бухгалтерлік өткізбе құрудың логикалық сызбасын ұғыну.
Дәріс сұрақтары:
Шоттар және олардың құрылымы, шоттарды жабу тәртібі.
Екі жақты жазу және шоттар корреспонденциясы.
Екі жақты жазу , оның мәні және маңызы.
Шоттар жоспары.
Негізгі түсініктер: шоттар, активті шот, пассивті шот, уақытша шоттар, тұрақты шоттар, транзиттік шоттар, екі жақты жазу, шоттар корреспонденциясы, бухгалтерлік өткізбе, жалпылаушы шоттар, талдамалық шоттар, шоттар жоспары.
Дәріс мазмұны:
Шоттар құрылымы, шоттарды жабу тәртібі.
Әрбір кәсіпорында көптеген шаруашылық операциялар жасалады, олар құжаттарда көрініс табады. Оның үстінде кәсіпорында әртүрлі шаруашылық операциялардың барлығын баланста тіркеуге мүмкіндік бермейді. Бірақ шаруашылық қызметтің нәтижелерін бағалау қолда бар шаруашылық қаржысын ескеру және баланстағы барлық өзгерістерді бақылау үшін барлық құжаттар бухгалтерлік баланста қабылданып топтастырылады. Мұндай топтастыру балансты дамыту үшін ашылатын бухгалтерлік есептің шотында жасалынады. Шоттар-қажетті деректер алу мақсатымен ағымдағы есепті топтау және объектілерді бақылау тәсілі болып табылады. Оларды құралдардың әрбір түрін, олардың құралу кездерін және процесті есепте қабылданған топтастыруға сәйкес есепке алу үшін баланс баптарын дамыту ретінде ашады. Шоттарда есеп ақшалай өлшеммен жүргізіледі, олар активтер, капитал, міндеттемелер, сонымен қатар кірістер мен шығындарды есептеуге ашылады. Кейбір бухгалтерлік шоттарда қалдықтар болады. Актив шоттары кәсіпорынның шаруашылық құралдардың немес мүлкін есепке алады. Бұл шоттар бойынша қалдықтар баланстың активінде бейнеленеді. Ал капитал және міндеттемелер шоттары шаруашылық құралу көздерін есепке алуға арналған. Бұл шоттар бойынша қалдық пассивте бейнеленеді. Шоттардың әрқайсысы (активті және пассивті) 2 бөліктен тұрады: Дебет және Кредит. Бұл сөздер латын сөзінен шыққан. Дебет-берешек, кредит-сену дегенді білдіреді.
Кәсіпорынды оперативті басқару үшін белгілі бір кездегі шаруашылық ресурстары туралы бухгалтерлік баланс беретін мәліметтер жеткіліксіз. Шаруашылық кызмет пен жоспарлы тапсырмаларды орындауды бақылау үшін шаруашылық құралдарының жекелеген түрлерінің қозғалысын, олардың шығу көздерінің өзгеруін, шаруашылық процестердің және т.б. нәтижелерін күнделікті білу қажет. Шоттардың кемегімен есептің бір текті обьектілерін, сондай-ақ ағымдағы бақылау экономикалық топтастыруды жүзеге асырады. Шоттағы жазбалар ақшалай түрде жүргізіледі. Әрбір жекелеген шотта есепке алынған объектінің бастапқы жағдайы, кейіннен оның өзгеруі (шаруашылық операциясы туғызған ұлғайту мен азайту) тіркеледі. Бұл экономикалық біртекті құралдар құралы мен олардың шығу көздерінің, шаруашылық іс-әрекет процестері мен қорытындыларының жаңа жағдайын кез келген сәтте анықтауға мүмкіндік береді.
Шоттар баланспен байланысты. Активтің немесе МКМ-нің әрбір бабына сол атаудағы тиісті шот ашылады.
Бухгалтерлік есептің шоттары баланстықжәне операциялық болып бөлінеді. Операциялықтар қаражат айналымының кейбір фазаларына байланысты жекелеген немесе біртекті шаруашылық процестерін есепке алады.
Өзгерістерді (қаражаттың ұлғаюы немесе азаюы) бейнелеп көрсету үшін шот екі бөлікке бөлінеді.
Бухгалтерлік есептің барлық шоттары активтік және пассивтік болып бөлінеді.
Айдың басында шоттар алдағы айдың балансы негізінде ашылады. Шот ашу – қалдықты (салъдоны) ай басына жазу. Активті шоттарда сальдо дебет бойынша, ал пассивте - кредит бойынша жазылады.
Шоттарда ағымдағы ай ішінде жазылатын сома айналымдық деп аталады. Дебеттік бөлімде жазылатын сома дебеттік айналымдар, ал кредиттегі – кредиттік айналымдар деп аталады.
Ай соңындағы қалдық былайша есептелінеді:
1. Активті шоттар Ст=Сб(Д-т)+Айн (Д-т)-Айн(К-т).
2.Пассивтік шоттар Ст=Сб(К-т)+Айн (К-т)-Айн(Д-т).
Активті шоттардағы қалдық - дебеттік, пассивтіктегілер - кредиттік.
Активті шоттардың ұлғаюы дебет бойынша, ал азаюы - кредит бойынша жазылады.
Пассивті шоттардың ұлғаюы кредит бойынша, ал азаюы – дебет бойынша жазылады.
Шоттар бойынша түпкілікті қалдық негізінде жаңа бухгалтерлік баланс жасалады
Есеп тәжірибесінде актив, капитал және міндеттемелер шотында әртүрлі өзгерістер болуы мүмкін, яғни шоттардың азаюы немесе кобеюі. Осы өзгерістерді көрсету үшін шоттардың дебеті мен кредиті қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |