Шаруашылық құрал-жабдықтар (активтер)
Олардың құралу көздері(міндеттемелер мен меншікті капитал)
Шаруашылық процестер мен шаруашылық операциялар
Бухгалтерлік есеп кәсіпорынның өндірістік шаруашылық қызметі барысындағы кәсіпорын қаржысының ауыспалы айналымын есепке алады. Ол дайындау, өндіріс, сату процесін қамтиды.
Қаржының сақталуы мен қозғалысын бақылайтын және шаруашылық қаржының ауыспалы айналым процесін оның көздерін ескеретін әдістері мен тәсілдерінің жиынтығы бухгалтерлік есеп есеп әдісінің негізгі элементтері болып табылады:
1. Құжаттау және түгендеу. Бұлар шаруашылық құралдарының көздері мен процестерін есептеу және бағал,бақылау.
2. Есеп объектілерінің құнын өлшеу тәсілі ретінде бағалау және калькуляциялау.
3. Шоттар мен екі жақты жазу шаруашылық операцияларын тіркеу және ағымдағы топтастыру ретінде қолданылады.
4. Баланс және есеп беру деректерін қорытындылау тәсілі ретінде қолданылады.
Шаруашылық қаржысы өлшенетін және жасалған операцияларды есепте бейнелейтін өлшеу бірліктерін есептік өлшемдер деп атайды. Олардың үш түрі бар.
1. Заттай өлшемдер.
2. Ақшалай өлшемдер.
3. Еңбек өлшемдері.
Бухгалтерлік есеп меншік түріне қарамастан барлық кәсіпорындарда жүргізіледі. Кәсіпорын – бұл мемлекеттің немесе жеке сектордың кез‑келген коммерциялық, өнеркәсіптік немесе шаруашылық субъектісі. ҚР 27.12.94 ж. Азаматтық кодексіне сәйкес заңды тұлғалар екі түрге бөлінеді:
-коммерциялық, мақсаты- табыс алу және оны қатысушыларына (акционерлеріне) тарату;
- коммерциялық емес‑ табыс алу мақсаты жоқ. Оларға табысты қатысушылар арасында бөлуге тыйым салынған. Олар кәсіпкерлік қызметпен айналыса алса да, алған табысын тек қызметінің мақсатына ғана жұмсай алады.
Бухгалтерлік есептің дамуы өзінен-өзі әр түрлі есеп тәжірибелерінің пайда болуына әкеп соқтырды. Әр түрлі елдердің экономикалық және сауда қатынастарының жүйелері қаншалықты ұқсамаса, олардағы бухгалтерлік есеп үлгілері мен әдістері де соншалықты ұқсас келмейді. 1966 жылы Г.Р. Хэтфилд бухгалтерлік есептің үш үлгісін аныұтап берді. Олар: британ‑американдық, континентальдық және оңтүстік-американдық.
Қорытынды.
Сонымен бухгалтерлік есеп ұйымның қаржылық жағдайын, ақпараттарын өлшейтін, өңдейтін, есептейтін және оны қажет етушілерге жеткізіп отыратын жүйе болып табылады. Өзінің тарихи дамуында шаруашылық есеп есептің үш түрінен тұратын жүйе ретінде қалыптасты. Бухгалтерлік есеп ғылым ретінде зерттеу объектілерінен тұрады, объектілерді есепке алудың әдісі және оның элементтері бар. Әлемде бухгалтерлік есептің әр түрлі экономикалық және саяси факторлардың әсерінен көптген үлгілері қалыптасуда.
Достарыңызбен бөлісу: |