Сабақтағы оқу үшін бағалау Пол Блэк пен Дилан Уильям өздерінің «Қара жәшік ішінде» атты көпке танымал



жүктеу 283,04 Kb.
Pdf просмотр
бет7/8
Дата24.12.2017
өлшемі283,04 Kb.
#5654
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8

«Қара жәшік» ішіндегі жұмыс 

13-бет 


сабағының  тапсырмасы  -  мысалы,  өлең  жазу  –  көп  жағдайларда  әртүрлі  нұсқа  болуын 

көздейді.  Алайда,  тіпті  осындай  тапсырмалардың  өзінде  тұрақты  компонент  бар  –  мысалы, 

грамматикалық  және  жанрлық  ережелерді  сақтау.  Математика  бойынша  тапсырмаларға 

келер  болсақ,  олар  негізінен  бір  ғана  дұрыс  жауап  күтеді,  бірақ  күнделікті  проблемаларды 

шешу үшін математиканы қолдану ашық бағалауға әкелуі мүмкін. Сондықтан, оқытудың екі 

нысаны үшін де кез келген пәнде қолдануға болатын белгілі бір ережелер қажет. 

 

Осы  айырмашылықтарға  қарамастан,  тәжірибе  баланың  бойында  дамыған  негізгі 



дағдылар барлық пәндерде қолданылатындығын көрсетті. Жобаға қатысқан жаратылыстану 

пәнінің бір мұғалімі өз әріптестеріне біз талқылаған тәсілді өз тәжірибесінде қолданғандығы 

жөнінде айтып беріп, одан кейін бұл тәжірибенің барлық пәндерге тарағандығын көрген: 

  

Сурет  және  актерлік  шеберлік  мұғалімдері,  технология  мұғалімі  де  оларды  жиі 



қолданады  (кей  кездері  түрлі  жауапты,  ұзақ  мерзімді  жобаны  көздейтін  немесе 

оқыту  бағдарламасымен  қатты  шектелмеген  тапсырмалармен  жұмыс  жүргізеді). 

Алайда, ағылшын тілінің мұғалімі бүгін маған келіп, айтты: «Кеше таңғажайып күн 

болды.  Бүгін  мен  оны  өзімнің  8-сынып  оқушыларыммен  жүргізуге  тырыстым.  Ол 

менің  қолымнан  келді.  Ешқандай  қол  көтерусіз,  ойлануға  жеткілікті  уақыт  берілді. 

Мен  жыл  бойы  ауыз  ашпаған  балалардан  таңқаларлық  жауаптар  алдым.  Олар 

барлығы  өз  ойларын  ортаға  салуға  тырысты  және  олардың  жауаптарының  сапасы 

тамаша  болды.  Ұзақ  уақыт  бойы  сабақ  беріп  жүрсем  де,  алғашқы  рет  сабақ  беру 

әдісімді өзгертуден жаңа бір сезімге бөлендім». - Джеймс, TwoBishops мектебі. 

 

Уәждеу және өзіндік қадыр-қасиет 

 

Оқу  –  тек  қана  танымдық  үдеріс  емес:  ол  адамды  тұтасымен  тартып  алады. 



Оқушының  ынтасын  арттырып  отыру  қажет  екені  анық.  Әдетте  баға,  алтын  жұлдыз  және 

сыйлық  сияқты  сыртқы  марапаттар  оны  ынталандырудың  ең  жақсы  жолы  сияқты 

қабылданады. Алайда, бұл ұйғарымды жоққа шығаратын дәлел бар.   

 

Оқушылар  белгілі  бір  жетістікке  жететініне  сенімді  болса  тапсырманы  орындауға 



құлшыныс  білдіреді.  Егер  де  сабақ  жарыс  деп  қарастырылатын  болса,  онда  жеңімпаз  да, 

жеңіліс  тапқан  да  болатыны  түсінікті,  сондықтан  бұған  дейін  жеңіліс  тапқандар  тізімінде 

болған  оқушылар  талпынуға  тырыспайды  да.  Осылайша,  мұғалімдердің  алдында  тұрған 

міндет  –  кейбіреулер  табысты  болып,  ал  басқалар  шамалы  нәтижеге  қол  жеткізетініне 

қарамастан,  барлық  оқушыларды  бірдей  ынталандыра  білу.  Бұл  мәселені  шешуде 

орындалған  тапсырма  туралы  түсініктемелердің  маңызы  зор.  Көптеген  зерттеушілер  осы 

тұжырымды қолдайды. Бірнеше мысал келтіре кетейік: 

 



Оқушыларға түсініктемелер «сендерге оқуда көмектеседі» делінсе, олар «сендердің 

тапсырманы  қалай  орындағандарың  бізге  сендердің  қаншалықты  ақылды 

екендеріңді,  қандай  баға  алатындарыңды  көрсетеді»  деп  айтылған  оқушыларға 

қарағанда  көп  біліп  алады.  Нашар  оқитын  оқушылар  үшін  бұлардың 

айырмашылығы зор

11



 

Баға алатын оқушылар бұдан өздерін басқалармен салыстыру амалын көреді (жеке 



қызығушылық);  ал  тек  қана  түсініктеме  алған  оқушы  бұдан  жақсартуға 

бағытталған  көмекті  сезінеді  (тапсырмаға  деген  қызығушылық).  Соңғысы 

алғашқыларынан асып түседі

12



 

Бәсекелестік  жүйеде  үлгерімі  нашар  оқушылар  өзінің  үлгерімінің  нашар  болуын 

«қабілетінің»  жеткіліксіздігімен,  ал  үлгерімі  жақсы  оқушылар  өзінің  талпыныс, 

күш-жігерімен  байланыстырады.  Тапсырмаға  бағдарланған  жүйеде  үлгерім 

жұмсалған  күштің  нәтижесі  деп  саналып,  оқу,  әсіресе  нашар  үлгеретін 

оқушылардың оқуы жақсарады

13





 

Түсініктемелерді  зерттеуге  жан-жақты  шолу  жүргізу  оның  үлгерімді  60  пайызға 

жақсартатынын көрсетті. Пікірлер пайдасыз болған жағдайларда, ол пікір жай ғана 

пайымдау немесе қалай жақсартуға болатынын көрсетпейтін бағалау ғана болған

14




«Қара жәшік» ішіндегі жұмыс 

14-бет 


 

Жалпы  алғанда,  мадақтау  немесе  бағалау  түріндегі  пікір  тапсырмаға  деген 

қызығушылыққа  қарағанда,  жеке  қызығушылықты  арттырады.  Ол  оқушылардың  назарын 

талпынудың  маңызды  екендігіне  аударудың  орнына,  олардың  «қабілетіне»  аударады, 

осылайша  нашар  үлгеретін  балалардың  өз  күшіне  деген  сенімін  талқандап,  «сырттан 

таңылған дәрменсіздік» проблемасына әкеледі

15

. Ал не істеу керектігі туралы түсініктемелер 



балаларға  өздерінің  оқуларын  жақсарта  алатындықтарына  сенім  ұялатады.  Мұндай  пікір 

оқушылар  тарапынан  күш  жұмсау  арқылы,  мұғалімдер  тарапынан  сол  күшті  жұмсауға 

ынталандыру арқылы оқуды жақсартуға ықпал етеді

16



    

Шығармашылық идея: Оқуға ден қою 

Жоба  аясындағы  біздің  эксперименттеріміз  мұғалімнің  негізгі  мақсаты  оқушының 



оқуын  жақсарту  екенін  түсіну  қажеттігін  көрсетті.  Бұл  мақсатқа  қол  жеткізу  сабақтарды 

жоспарлауды қайта қарап, мұғалімнің өзінің де, оқушының да оқу үдерісін қолдаудағы рөлін 

өзгертуге дайын болуын көздейді.   

 

Оқу ортасы: Негіздері және жоспарлар 

 

Сабақта оқытуды жақсарту үшін алдын ала мұқият дайындық талап етіледі. 



 

Бұған дейін оқыту туралы ойым менің кәсіби даму жолымда пайда болған және оған 

ықпал ететін кез келген мәселені шеше алуым үшін мен идеялар мен стратегияларды 

ойлап  таба  аламын  дегенге  саятын.  Қазір  мен  сабақтардың  мазмұнын  барынша 

мұқият  ойластырамын.  Менің  «Мен  нені  оқытпақпын  және  оқушылар  не  істейді?» 

деген ойым «Мен бұны қалай үйретемін және оқушылар нені білулері тиіс?» деген ойға 

ауысты. - Сюзан, Waterford мектебі. 

 

Мұғалім  көрегендігінің  мақсаты  –  өз  жұмысын  жақсартатындай  етіп  жоспарлау. 



Мысалы, сұрақтар мен сабақтарды жоспарлау оқу мақсатына сай келуі тиіс. 

 

Қалыптастырушы  жаттығулардың  алдында  сұрақтарды  құруға  жеткілікті  уақыт 



жұмсамаған  екенмін.  Өз  жұмысымды  талдау  барысында  оның  соншалықты  нашар 

екендігіне  көзім  жетті.  Сұрақтарды  уақыт  өткізу  үшін  пайдаланғанымды, 

оқушылардың тарапынан мұқият ойлануды талап етпейтін сұрақтарды қойғанымды 

анықтадым. Оқушылармен, әсіресе оқуда қиындықты көп сезінетіндерімен әңгімелесу 

барысында оларды тақырып туралы ойландыратын, оқу барысында алға қадам басуға 

мүмкіндік беретін сұрақтарды қойған дұрыс. – Дерек, Century Island мектебі.  

 

Мұғалімнің  диалог  барысында  немесе  жазбаша  жұмысқа  түсініктеме  беру  кезінде 

беретін жауаптарының сапасы туралы да ұмытуға болмайды. Дұрыс түсініктеме оқушыларға 

жоғары сапалы жұмыстың қандай болатынын ұғындырып, өз жұмысының сапасын жақсарту 

үшін  не  істеу  қажеттігі  туралы  жөн  сілтеуі  қажет.  Сонымен  бірге,  кері  байланыс 

оқушылардың дағдылары мен тиімді оқыту стратегияларын жақсарта алады. 

Осы  орайда  тағы  бір  үлкен  проблема  бар.  Оқу  ортасы  оқушылардың  оқу 

тапсырмаларын орындауға барынша қарқынды тартылуына ықпал ететіндей етіп «құрылуы» 

тиіс.  Бұл  жерде  оқушылардың  ойлану  үдерісі  басты  назарға  алынып,  ол  ойлану  үдерісі 

мейлінше ашық болуы, яғни дыбысталуы тиіс. Мұғалімдердің бірінің айтуы бойынша: 

  

Белгілі  бір  кезеңде  оқыту  үдерісіне  өзімнің  қандай  үлес  қосатынымнан,  оқушының 

үлесі  қандай  екеніне  көбірек  көңіл  бөлуге  ауыстым.  Оқушылардың  оқу  тәжірибесіне 

өзгеріс  енгізу  тәсілдерінің  бірі  оларды  мейлінше  көп  ойлануға  жетелеу,  түрткі  болу 

Баға алған оқушылар бұдан өздерін басқалармен салыстыру амалын 

көреді; ал тек қана түсініктеме алғандар жақсаруға бағытталған 

көмекті сезінеді. Соңғысы алғашқысынан асып түседі. 




жүктеу 283,04 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау