«Қара жәшік»
ішіндегі жұмыс
3-бет
Оқыту барысындағы жетістік
Шетел ғылыми әдебиеттеріне жасаған шолуымызға сүйене отырып, тіпті олар
мемлекеттік міндетті тестілеудегі балдар сияқты көрсеткіштермен өлшенген күннің өзінде
де, күшті қалыптастырушы бағалау оқушылардың білімді игеру деңгейінің өсуіне жағдай
жасайтынына көзіміз жетті. Бізге белгілі болғаны, бастапқы кезеңде сыныпта және ұзақ
уақыт ішінде алуға болатын білімдердің деңгейінің кейбір көрсеткіштері болғаны маңызды.
Жобаға қатысқан әр мұғалім осы идеяларды жүзеге асыруда сыныпты өз қалауы бойынша
таңдайтын болғандықтан, біз әрқайсысымен мектепте қандай деректер алуға болатынын
талқылап, сондай-ақ әр мұғалім үшін «шағын эксперимент» жүргізу белгіленді.
Әр мұғалім өзі мен өзінің сыныбы үшін «нәтижелер өлшеуіші» қандай болатынын өзі
шешті. Оныншы сыныптағылар үшін, бұл – ұлттық мектеп бітіру емтиханын тапсыру
нәтижесінде алған бағалар (бұл емтихан орта мектепті аяқтау жөніндегі аттестат алу үшін 16
жаста тапсырылады). Сегізінші сыныптағылар үшін бұл – 14 жаста тапсыратын ұлттық
тестілеуде алған балдары немесе жеткен деңгейі. Қалған сыныптар үшін модуль бойынша
қорытынды бақылау жұмыстарының бағасынан бастап жылдық емтихан бағаларына дейін
түрлі бағалар пайдаланылды.
Жобаға қатысатын әр сынып үшін мұғалім салыстыратын екінші сынып таңдаған.
Кейбір жағдайларда бұл өткен жылдары (және кей жағдайда сол жылы) сол мұғалім сабақ
берген параллель сынып болған. Басқа жағдайларда біз басқа мұғалім сабақ беретін
параллель сыныпты пайдаландық немесе керісінше, онда сол мұғалім немесе басқа мұғалім
сабақ беретін параллель емес сынып таңдап алынды. Тестілейтін сынып пен салыстыру үшін
алынған сынып параллельді болмаған жағдайда біз «сапа» өлшеуішінің көмегімен алғашқы
білім деңгейіндегі болжамды айырмашылықтарды, мәселен, өткен жылдардағы емтихан
бағалары немесе басқа да қабілет өлшемдерін бақыладық.
Бұл дегеніміз әр мұғалім үшін жақсарту деңгейі әр түрлі тәсілдермен өлшенді деген
сөз. Мысалы, жобаға қатысатын оныншы сынып салыстырылатын сыныптан британ
оқушыларына арналған міндетті емтихандардың жарты балына озуы, ал басқа мұғалімнің
жобаға қатысатын сегізінші сыныбы оқу жылының соңындағы қорытынды емтиханда өзі
салыстырылатын сыныпты 7% озып шығуы мүмкін еді. Барлық нәтижелердің басын қосып,
тұтас бір қорытынды жасау үшін біз «әсердің стандартты мөлшерін» жалпы өлшем бірлігі
ретінде алуды ұйғардық. Оны есептеу үшін эксперименталды және салыстырмалы
топтардың балдары арасындағы айырмашылықты есептеп, содан соң ол санды стандартты
ауытқу мөлшеріне бөлдік (топтардың балдары арасындағы айырмашылықты өлшеу шамасы).
Толық деректері болған 19 мұғалім бойынша әсердің орташа мөлшері шамамен 0,3
стандартты ауытқуды құрады. Барлық мектеп бойынша осындай жақсарту орын алса, бұл
Көптеген мұғалімдер сыныпта оқушыларға білім алуға көмек беретін
диалогтерді жоспарламайды және өткізбейді.
ОҚУ ҮШІН БАҒАЛАУ
Оқу үшін бағалау – бұл басым міндеті оқыту мақсатын оқушыларды білім алуға
ынталандыратындай етіп құруды көздейтін кез келген бағалау. Сондықтан ол
әдеттегі
бағалаудан
ерекшеленеді,
әдеттегі
бағалау
бірінші
кезекте
құзыреттілікті растап немесе рейтинг жүргізу, бақылауға арналған. Мұғалімдер
мен оқушылар басқаларды не өзін бағалағанда түсініктеме ретінде пайдалана
алатын, болмаса өздері қатысатын оқыту үдерісін өзгерту үшін қолдана алатын
ақпарат берсе, бұндай бағалау қызметі оқуға көмектесе алады. Нәтижелері
расында да оқыту мен оқу қажеттілігін қанағаттандыру үшін қолданылса, мұндай
бағалау «қалыптастырушы бағалау» болмақ.
«Қара жәшік» ішіндегі жұмыс
4-бет
мектепті ұлттық көрсеткіштер кестесінің төменгі деңгейінен орташадан жоғары деңгейіне
дейін көтерер еді.
Осылайша, жақсы оқыту мен тестілеуден алынған жақсы нәтижелер арасында
теңгерімді тапқан мұғалімдер біз ұсынған идеяларды пайдаланып, өзінің оқушыларының
үлгерімін шын мәнінде жақсарта алатыны түсінікті болды.
Өзгеріс қалай жүреді
Біз сыныптағы жұмыс туралы басты қорытындыларымызды төрт атаумен шығардық:
жауап алу, жіктеуге негізделген кері байланыс, өзара бағалау және өзін өзі бағалау,
жиынтық қорытындыларды білім беру құралы ретінде пайдалану. Келесі беттерде
келтірілген көптеген
дәйексөздер педагогтер жазған мақалалардан алынған. Кепілді
құпиялылықты қамтамасыз ету мақсатында мұғалімдер мен мектептердің бүркеншік аттары
пайдаланылды.
Жауап алу
Көптеген мұғалімдер сыныпта оқушыларға оқуға көмек беретін диалогтерді
жоспарламайды және өткізбейді. Зерттеу көрсеткендей, сұрақ қойылғаннан кейін мұғалімдер
бір секундтай күтіп, содан соң жауап болмаса, басқа сұрақ қояды немесе ол сұраққа өздері
жауап береді
4
. «Күту уақытының» қысқа болуының салдарынан, ойланбастан, жылдам жауап
беруге болатын сұрақтардың, яғни жаттап алынған фактілерді айтып беруге негізделген
сұрақтардың ғана «күні туады». Демек, диалог үстіртін деңгейде жүреді. Педагогтердің бірі
өз ойын білдірді:
Мен жабық және ашық сұрақтар түріндегі әңгімеге көңілім толмады, ол менің
сабақты ойланбастан жүргізуімнің нәтижесі еді; мен дұрыс жауаптарды қабылдауға
еріне бастадым, кейде өзімді де, оларды да қинамау үшін, сыныптың үнсіз отырғанын
қалайтынмын...
Егер
«сұрақ-жауап»
ойдағыдай
өтпесе,
мен
сұрақты
ауыстыратынымды немесе оған өзім жауап беріп, болмаса бұл жауапты «анағұрлым
ақылды оқушылардан» алатынымды бәріміз біліп алдық. Сырттан келген бақылаушы
менің сабағымды көптеген ұйқылы көрермендер қоршаған шағын топтың талқылауы
түрінде көретін кездер де болды (әлі де бар ма екен?). – Джеймс, Two Bishops мектебі.
Бұл мәселені «күту уақытын» ұлғайту арқылы шешуге болады. Бірақ көптеген
мұғалімдерге бұл қиынға соғады, себебі оларға орнығып қалған әдеттерді бұзуға тура келеді.
Олар өзгерісімен, оқушылар да өзгере бастайды:
Сұрақ берілгеннен кейін «күту уақытын» ұлғайту менің алғашқы сұрақ қойылған соң
бірден бірдеңені «қосқым» келіп тұратын әдетімді жою қиын екенін растайды. Сұрақ
қойылғаннан кейінгі үзіліс «азапты» болды. Бұндай «өлі» кезең оғаш болып
көрінгенімен, оған табандылықпен төздім. Ойлануға көбірек уақыт алған соң
оқушылар олардан ойластырылған жауап талап етілетінін түсіне бастаған сияқты.
Қазір, өзімнің жауап алу стилімді өзгерткен бірнеше айлардан соң көптеген оқушылар
қосымша ишарасыз-ақ (қажет болса) жауап беріп, түсініктеме келтіретінін
байқадым. – Дерек, Century Island мектебі.
Бір педагог сыныпта «сұрақ-жауап» түріндегі диалогті пайдалануды жақсарту
әрекетінің жалпы нәтижелерін былай шығарған:
Жауап алу
Жалпы алғанда, менің сабақ оқыту стилім өзара іс-қимыл жасауға көбірек негізделе
бастады. Оқушыларға шешімді қалай табуға болатынын көрсетудің орнына, оларға
сұрақ қойылып, жауапты барлығы бірігіп талдауға уақыт беріледі. Менің сегізінші