«Қара жәшік»
ішіндегі жұмыс
7-бет
қарапайым тәсілін пайдаланып көруді ұйғардым. Мен 8-сыныптағы әрбір оқушымның
дәптерлерінің соңғы парағында түсініктеме парағын жүргіздім. А4 көлеміндегі
парақтың сол жақ бөлігі менің түсініктемелеріме, ал оң жағы оқушыларға арналды,
онда олар олардың жұмысты істегендігін көруге болатын парақтарға сілтеме
жасайды. Түсініктемелер шын мәнісінде маңызды бола бастады, ал жұмысты
тексеруге мен бір сағаттай ғана уақыт жұмсаймын. – Сиан, Cornbury Estate мектебі.
Түсініктемелерге назар аударудың көп жолдарын кездестірдік. Кейбір мұғалімдер
ұпай мен баға қоюды мүлде тоқтатса, кейбіреулері бағаны оқушылардың дәптерлеріне емес,
өздерінің жеке журналдарына қоя бастады, өзгелері ұпай мен бағаны оқушылар мұғалімнің
ескертпелерін орындағаннан кейін қоя бастады. Кейбір мұғалімдер өздерінің жұмысқа
қатысты жақсы түсініктеме бергеніне көз жеткізуге көп уақыт жұмсап қойып, содан кейін
жіберіп алған уақыттың орнын толтыру үшін олар басқа жүмыстарды бағаламайды, немесе
аптасына бір рет дәптерлердің бір бөлігін ғана тексереді, болмаса оқушыларды сол жерде
орындалуы тиісті тапсырмаларды тексеруге тартады.
Сабақтағы белгілі бір уақыт бөлігін жұмыстың таңдап алынған бөлігін көшіріп жазуға
арнау маңызды тәсіл болып саналады. Осылайша мұғалімнің қолдауымен түсініктемеге көңіл
аударылады. Мұндай тәжірибе оқушылардың сыныптағы және үй жұмысындағы
тапсырмаларға көзқарасын өзгертуі мүмкін.
Жобаға қатысушы мұғалімдер пайдалы түсініктеме құруға талпыныс жасаған кезде,
олардың көпшілігі оқушыларға берген тапсырмаларын қайта құру қажет екенін түсінді. Олар
көптеген тапсырмалардың оқушының тақырыпты түсінген/түсінбегенін анықтау үшін
пайдалы екенін, ал бірқатар тапсырмалар көп жағдайда ақпарат беруге бағытталғандығын
анықтады. Сондықтан кейбір жаттығулар алынып тасталып, қалғандары өзгертіліп, жаңадан
жақсартылған тапсырмалар қосылды.
Тұтастай алғанда, мұғалімнің түсініктемелерін жақсартуға бағытталған басты
идеяларды былайша жинақтауға болады:
ауызша жауап алумен қатар жазбаша тапсырмалар да оқушыларды дамытуға ықпал
етіп, оқып жатқан тақырыбының маңызды тұстарын түсінетінін көрсетулері тиіс;
түсініктемелер ненің жақсы орындалғанын, нені жақсарту керектігін және оны қалай
жақсартуға болатынын көрсетуі тіис;
оқушылардың түсініктемеге қатысты әрекет етуі бүкіл оқу үдерісінің бір бөлігі
ретінде көзделуі тиіс.
Бұл жердегі басты қорытынды мұғалімнің пікірі оқушыларды ойлануға мәжбүрлеуге
тиіс деген қорытынды болып табылады, тек сол жағдайда ғана ол тиімді болмақ. Мұндай
реформаларды жүзеге асыру мұғалімдер мен оқушылардың жазбаша жұмыстарға деген
көзқарасын өзгертуі мүмкін, оқушылардың жұмысын бағалау бәсеке немесе бірдеңенің
қорытындысын шығару сияқты сипатта болмай, негізінен білім алу барысындағы ерекше
сатыға айналады.
Өзара бағалау және өзін өзі бағалау
Оқушылар алда тұрған мақсаттың мәнін түсініп, оған қол жеткізу үшін не істеу қажет
екенін анықтай алған жағдайда ғана олар оқу мақсатына қол жеткізеді. Сондықтан оқу
барысында өзін өзі бағалаудың маңызы зор
6
. Оқушыларының бойында өзін өзі бағалау
дағдыларын дамытуға талпынған көптеген мұғалімдердің аңғарғаны: бұл реттегі ең бірінші
және ең күрделі мәселе – оқушыларды өз жұмысы туралы мақсат қою тұрғысынан ойлануға
мәжбүрлеу. Олар бұны қалай істеу керек екенін түсінгеннен-ақ, өз жұмыстарына шолу жасай
бастайды, сол арқылы оны өздері орындап, өздері бақылай алады. Басқаша айтар болсақ,
оқушылар метатанымдық деңгейде жұмыс істеу қабілетін дамытады.
Құрбы-құрдастарын бағалау өзін өзі бағалаудың маңызды бөлігі болып табылады.
Құрбы-құрдастарын бағалаудың пайдалы екендігінде сөз жоқ,
себебі оқушылар өз жұмысына
қатысты айтылған құрбыларының пікіріне құлақ асады. Ал оны мұғалім айтқан болса, олар
«Қара жәшік» ішіндегі жұмыс
8-бет
оқушыға сондай әсер етпеуі мүмкін. Құрбы-құрдастарымен бірге жұмыс істеу де маңызды,
себебі пікір алмасу оқушы күнделікті өмірінде қолданатын тілде жүреді, сонымен қатар
оқушылар мұғалімнің және емтихан алушының рөлін ойнай отырып білім алады
7
. Бір
мұғалім оқушының өз құрбы-құрдастарын бағалау туралы пікірімен бөлісті:
Өз жұмысына баға беріп (талқылау мен нақты нұсқау беру арқылы) бағалаған
сияқты, оқушылар басқаның жұмысын да бағалайды. Олар бұны үлкен адамдарша
ойланып істейді, бұл сөзсіз пайдалы тәжірибе болды. Оқушылар келесі сабақтың
басында сыныптас құрбылары үй тапсырмасын тексеретіндігін біледі. Сондықтан
барлығы үй тапсырмаларын жақсы орындайтын болды, тек сирек жағдайда ғана үй
жұмысын істей алмағандар кездесті. Олар өз сыныптастарының бірін оны тексеруді
сұрайтын болғандықтан, жақсы орындалған жұмыстары үшін мақтаныш сезінді.
Жауаппен келіспесе, ол бойынша ортақ келісімге келгенге дейін мұқият, ашық
талқыланады. – Элис, Waterford мектебі.
Мұғалімнің түсініктемесінің соңғы сөйлемінде басты мағына жатыр: оқушылар
түсініктемені түсінбеген кезде, олар мұғалімнен емес, өзінің құбысынан сұрайды. Оның
үстіне, бұл тәжірибе құрбы-құрдастарын бағалау ауыртпалығын оқушыға салуға
болатындығымен құнды. Мұғалім тыныш қана бақылап, болып жатқан жағдайға қарай тиісті
шаралар қабылдап отырады.
Біз құрбы-құрдастарын бағалауды жиі өткіземіз – бұл тәжірибенің өте пайдалы
екендігін айтқым келеді. Тақырып бойынша көптеген түсініксіз жайттар анықталып
жатады, үй тапсырмасын қарастырғанда соларды талқылаймыз. Одан кейін мен
сыныпты аралап оқушылармен жеке-дара әңгімелесе отырып, өзара бағалауға
көшемін. - Роуз, Brownfields мектебі.
Алайда, өзін өзі бағалау мұғалім өз оқушыларына, әсіресе үлгерімі нашар оқушыларға
осы дағдыны дамытуға көмектескен жағдайда жүзеге асады. Ол айтарлықтай уақыт пен іс-
тәжірибені талап етеді.
Балалар мен істеңдер деп сұраған істі орындау дағдыларын игермеген. Меніңше, бұл
ұзақ мерзімді жоспарда анағұрлым тиімді болмақ. Алайда бұл іске уақыт бөлсеңіз, ол
өзін ақтап шығады. Оның балаларды жауапкершілікті сезініп, іс-қимылында дербес
болуға ықпал ететін күші бар. – Том, Riverside мектебі.
Қарапайым және тиімді идея – оқушыларға «бағдаршам» түстерін пайдалану, өз
жұмысын жасыл, сары немесе қызыл түстермен бағалау тиісінше жақсы, орташа немесе
шамалы түсіндім дегенді білдіреді. Бұл белгілер оқушылардың өзіне берген бағасын
хабарлаудың қарапайым амалы болып табылады. Содан кейін оқушылардан өз пікірін
құрбы-құрдастарына ашық айтуды сұрап, өзара бағалау мен өзін өзі бағалауды
байланыстыруға болады. Бұлай байланыстыру олардың дағдыларын дамыту үшін қажет, ал
бұл екі тәсілді бір-бірінен бөлу өзін өзі тиімді бағалау дағдысын қалыптастыруға жол ашады.
Тағы бір жолы, алдымен оқушылардан жұмыстың белгілі бір кезеңінде өз
кестелерімен – «бағдаршам» түстерімен белгілеп отыруды сұрауға болады, соңында жұмыс
үшін жасыл, сары немесе қызыл түс қойғанын көтеру арқылы көрсетіп бағалайды. Мұғалім
«жасыл» немесе «сары» түстер бірлесіп бір-біріне проблеманы шешуге көмектесуі үшін
оларды жұпқа біріктіре алады. Ал «қызылдар» тобы өздерінің үлкен ақаулықтарын жою үшін
мұғаліммен «топтасады». Топтық жұмыс тиімді болу үшін оқушыларға оның барысында
өздерін қалай ұстау керек екенін түсіндіру керек, соның ішінде олардың бойына басқаларды
тыңдай білу және барлығын кезекпен істеу сияқты дағдыларды сіңіру қажет.
Оқушылардың пәнді түсінуге қатысты ойлары да алдағы сабақтарды жоспарлауда
қолданылуы мүмкін, олардың түсініктемелері мұғалімге қай салаға көбірек көңіл аудару