|
Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдермен психологиялық тренингтер жинағы
|
бет | 5/95 | Дата | 09.04.2023 | өлшемі | 379,73 Kb. | | #42076 | түрі | Сабақ |
| Саба та олданылатын діс-т сілдермен психологиялы тренингтер ж10. «Пирамида тарихы» әдісі
Жолдың номерін сөздің саны білдіретін, «пирамидаға» сыйғызылған ерекше құрылым жатыр:
1) басты кейіпкердің аты (тақырыптың);
2) мінездеме немесе сипаттама;
3) әрекеттің орны (пайдалану);
4) проблема;
5) жағдайдың өрісін сипаттау;
6) проблеманы шешу үшін не қолданылды.
7) проблеманы шешу және ары қарай не болатынын болжау.
11. КАРТОЧКАЛАР ИЕРАРХИЯСЫ
Бұл тапсырма оқушыларға идеялар мен ақпаратты басымдығы бойынша орналастырып, неге бұлай орналастырғандарын дәлелдеп, талқы жүргізуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ осыған ұқсас «Гауһарлар иерархиясын» қараңыз.
Сыныпты жоспарлау
Оқушылар тақтаның немесе қабырғаның жанында жұмыс істейді. Немесе топтарға үстел басында жұмыс істеуге болады.
Жұмыс алгоритмі
Шағын топтардағы оқушыларға бірнеше карточка беріледі.
Оқушылар оларды маңыздылық/басымдығына қарай орналастырады. Оларды тігінен немесе қатарлап қоюға болады.
Бұдан кейін оқушылар сынып ішінде сұрақты талқылауды бастар алдында бір бірінің рейтингілерін салыстыра алады.
Осы тапсырманы орындағаннан кейін жауап алу жүргізу пайдалы болуы ықтимал.
Идеяларды одан әрі зерделеу үшін «Бес сұрақ» сияқты басқа әдістерді пайдалануға болады.
12. «Бес сұрақ» әдісі
Бұл әдіс ақпарат жинақтауға арналған, ол сондай-ақ оқушыларға мәселені терең зерделеуге немесе оны шағын тақырыптарға немесе тармақтарға бөлуге мүмкіндік береді. Бұл оқушыларға күрделі тақырыптарды түсінуге көмектеседі. Аталған әдіс іс-әрекетті жоспарлауға және мақсат белгілеуге ықпал етуі мүмкін әртүрлі мүмкіндіктерді қарастыруды көздейді. Ақпарат жинақтауға арналған тапсырмалар үшін осы әдіспен бірге «Идеялар тасқынын» мен «Стикерлер топтамасын» қолдануға болады.
Жұмыс алгоритмі
Үлкен қағаз бен маркер керек.
Оқушыларға «Қалай» немесе «Неге» деген сұрау есімдіктері қолданылатын сұрақтар қойылады.
Ұсыныстар оқу плакатында жазылады.
Мұғалімдер идеяларды дамытып, одан арғы идеяларды зерделеу үшін бір сұрау есімдігін пайдаланады.
Мұғалімдер идея/ұсыныс толық қарастырылғанша дейін бірдей сұрағы бар сұрақтарды пайдалануды жалғастыра береді.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|