Сабаққа қойылатын негізгі талаптар. Сабақты жоспарлау және мұғалімнің оны дайындау кезеңдері



жүктеу 38,67 Kb.
бет3/4
Дата02.11.2022
өлшемі38,67 Kb.
#39984
түріСабақ
1   2   3   4
9 тапсырма мет.обуч

Мұғалімнің сабаққа дайындалуы

Сабаққа дайындық барысындағы мұғалім әрекетінің алгоритмі


1. Сынып оқушыларының ерекшелігін есепке алу. Сынып деңгейі. Оқушылардың пәнге қызығушылығы. Сыныптың жұмыс қарқыны. Білім, білік, дағдының қалыптасуы, әр түрлі жұмыс әрекетіне қарым - қатынас, оқу жұмысының әр түріне, сонымен қатар дәстүрден тыс жұмыс түрлеріне қатысы, оқушылардың жалпы тәртібі
2. Жеке ерекшеліктерді есепке алу: жүйке жүйесінің типі, тіл табысушылығы, көңіл - күйінің өзгеруі, эмоционалдығы, оқушылардың жаңа материалды қабылдауына басшылық жасауы, көңіл - күйдің төмендеуін жеңе білуі; өз білімі мен біліктілігіне сенімділігі,.
3. Сабақты жақсы өткізуге мүмкіндік беретін ережелерді сақтау.
1) Сабақтың тақырыптағы, тақырыптың жылдық курстағы орнын анықтау, сабақтың жалпы міндеттерін бөлу; 2) Сабақ тақырыбына қатысты үш түрлі: ғылыми, ғылыми - көпшілік, әдістемелік кітаптарды таңдап алу, олардың мазмұнымен танысу; 3) Оқу бағдарламасын қарап шығу, түсіндірме хатты қайта оқу, берілген тақырып бойынша стандарт талаптарын оқып шығу, сабаққа байланысты мұғалімнен не талап ететінін анықтау; 4) Оқулық материалын еске түсіру, тірек білім, білік, дағдыны бөліп алу; 5) Сабақ міндеттерін нақтылау, басты міндетті бөліп алу, оны оқушыларға түсінікті, олар қабылдай алатындай етіп тұжырымдап жоспарға жазу; 6) Сабақта оқушы нені түсінуі керек, нені есте сақтау керек, нені біліп, сабақтан нені үйренуі керектігін анықтау; 7) Оқушыларға қандай оқу материалын, қандай көлемде, қандай мөлшерде баяндау керектігін, жетекші идеяларды дәлелдейтін қандай қызықты деректерді келтіруге болатынын анықтау; 8) Сабақ міндеттеріне сәйкес сабақ мазмұнын жіктеп алу, жаңа білім, білік, дағдыны қалыптастыратын, жаңа материалды игертетін тиімді тәсілдерді таңдап алу; 9) Оқушылардың дәптерлері мен тақтада не және қалай жазылатынын ойластыру; 10) Сабақты тұтас құбылыс ретінде қарастыра отырып, көзделген сабақ барысын сабақ жоспарына жазу.
Сабақты жоспарлау және мұғалімнің оны дайындау кезеңдері

1. Бөлім немесе тақырып бойынша сабақтар жүйесін жасау, құрастыру;


2. Бағдарлама негізінде, әдістемелік құралдар, оқулық және қосымша әдебиеттер бойынша сабақтың үш мақсатын анықтау;
3. Сабақтағы оқу материалының тиімді мазмұнын анықтау, оны бірқатар тірек бөлімге бөлу, дидактикалық өңдеу;
4. Сабақта оқушы түсініп, есте сақтауы тиіс негізгі материалды бөліп алу;
5. Сабақтың оқу міндеттерін тұжырымдау;
6. Сабақ құрылымын жасау, оның типін, тиімді әдістер мен тәсілдерін анықтау;
7. Пәнаралық байланыс пен сабақта оны пайдалану әдістерін анықтау;
8. Сабақтың барлық кезеңдеріндегі, әсіресе стандартты емес жағдайларындағы оқушы мен мұғалімнің барлық іс - әрекетін жоспарлау;
9. Сабақтың дидактикалық құралдарын таңдау;
10. Техникалық оқу құралдары мен құрал - жабдықтарды тексеру;
11. Мұғалімнің тақтаға сызып, жазатындары мен оқушылардың тақтада немесе дәптерлерінде орындайтын ұқсас жұмыстарын жоспарлау;
12. Сабақтағы оқушылардың өзіндік жұмысының түрі мен тиімді көлемін анықтау;
13. Үйде және сыныпта алған білімді бекіту, білімді жинақтау және жүйелеу түрі мен әдісін таңдау;
14. Білім, білік, дағдысы олардың қалыптасу деңгейіне сәйкес әдістермен тексерілетін оқушылардың тізімін жасау, үй тапсырмасының түрі мен көлемін анықтау;
15. Сабақты қорытындылау түрін ойластыру;
Аралас сабақ

Үй тапсырмасы бойынша нұсқаулық және тәжірибеде оларды қолдану, жаңа сабақты бірінші бекіту, жаңа материалды баяндау, үй тапсырмасының орындалуы және ертерек оқылған материалдармен білімдерін тексеру, ұйымдастыру бөлімі: өзіне келесі элементтерді қосу, күрделі құрылымдағы сабақтар осы үлгіде болады.


Оқушыларды жаңа материалды қабылдауға дайындау, үй тапсырмаларының орындалуын; оқушылардың дағдыларын және іскерлігін; өткен материалдармен білім деңгейін сұрау жолымен бағалау және әшкереленген білім нәтижесін тексеру. Тексеруде және білім бағасына қабылданады:
жеке ауызша жауап алу;
карточкамен жауап алу;
жазбаша жауап алу;
тақтада жауап алу;
басқа да жауап алу жолдары және тапсырма шешімі
Алынған білімді жинақтау және қайталау сабақ.

Пәнді бөлу немесе осындай сабақ түрі тақырыпты оқығаннан кейін өткізіледі.


Оның белгілері болып табылады:
- тапсырманың берілуі және проблема құрылымы;
- жұмыс қорытындысының бағасы және жауап қорытындысы;
- қортынды өткізу; қатені түзету;
- үй тапсырмасының нұсқаулық бойынша орындалуы
Сабақта білім, дағды, шеберлік қолдану

Сабақтың осы түріне кіргізіледі:


- Ұйымдастыру бөлім;
- білім мақсатын түсіндіру және анықтау;
- алдыда оқылған материалдармен байланысты айқындау;
- орындалған жұмыс бойынша нұсқаулық;
- оқушылардың өздік жұмысы;
- оның қортынды бағасы;
- үй тапсырмасы бойынша нұсқаулық.
Оқушының өздік жұмысы - сабақты оқытуда негізгі әдіс. Сабақта білімділік, іскерлік және дағды пайдалану пән бөлімі немесе тақырыпты оқып білудің аяқталуында қолданылады. Бұл өткен білім бойынша тәжірибелік дағды және теориялық материал біліміне ереже сияқты тексеру өткізілмейді.
Дағды және шеберлік өндіру, білімді бекіту сабағы
- ұйымдастыру бөлім;
- сабақ мақсатына түсінік және анықтама;
- оқушы білімін жаңғырту;
- алдыңғы жұмыстың мазмұнымен байланысты;
- оның орындалуы туралы нұсқаулық және тапсырма мазмұнын хабарлау;
- оқушыға оқытушылардың жетекшілігімен өздік жұмыс;
- орындалған жұмысқа баға және жинақтау;
- үй тапсырмасының орындалуы бойынша нұсқаулық.
Еңбек, оқушылардың өздік жұмысы осындай сабақта оқытудың негізгі әдісі болып табылады. Оқушы тапсырма шешеді, есептеулерді орындайды, басқа материалдармен және кітаппен өзі жұмыс істейді.

жүктеу 38,67 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау