Слайд-1
Ес формалары мен түрлерін жіктеу үшін бірнеше негіздемелер баршылық. Бұл жағдайда естің жекелеген түрлері үш негізгі өлшемдерге сәйкес жіктеледі:
1) іс- әрекетте үстемдік ететін психикалық белсенділіктің сипаты бойынша есті қозғалыс, эмоциялық, бейнелік және сөздік-логикалық ес деп бөледі
2) іс - әрекет мақсаттарының сипаты бойынша ырықсыз және ырықты ес деп бөледі
3) материалды есте қалдыру және есте сақтау ұзақтығы бойынша қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді және жедел ес деп бөледі.
Қозғалыс ес - бұл әртүрлі қозғалыстар мен олардың жүйелерін есте қалдыру, есте сақтау және қайта жаңғырту. Естің басқа түрлеріне қарағанда естің осы түрі анық адамда анық кездеседі. Кейбір адамдар өзінде қозғалыс есінің барлығын байқамайды. Естің бұл түрінің ерекше мәні зор, қозғалыс есі әртүрлі тәжірибелік және еңбек дағдыларын қалыптастыру үшін негіз болып табылады. Жақсы қозғалыс есінің белгілеріне адамның дене жағынан шыныққандығы, еңбекке шеберлігі «алтын қолдары» жатады.
Эмоциялық ес- бұл бастан кешкен сезімдер есі. Жағымды немесе жағымсыз сезімдер ізсіз жойылып кетпейді, ол белгілі жағдайда есте қалады және қайта жаңғыртылады.
Бейнелі ес- бұл дүниедегі заттар мен құбылыстардың бұрын қабылданылған бейнелерін есте сақтау және қайта жаңғырту. Бейнелік ес көру, есту, сипау сезу ,иіс, дәм сезу болып бөлінеді. Көру және есту естері дұрыс дамыған адамдардың бәрінде анық аңғарылады, ал сипай сезу, иіс және дәм естері кәсіби қызметтің әр алуан түрлерімен байланысты (мәселен, тамақ өнеркәсібінің дегустаторларында немесе көру,есту мүшелерінен айырылған адамдарда байқалады.)
Кейбір адамдар өте анық байқалатын бейнелік есті меңгереді.Мұндай есті эйдетикалық ес (эйдос-грек сөзі, қазақшалағанда бейне деген мағынаны білдіреді) деп атайды. Сөздік-логикалық ес-ойлауды есте қалдыруда және қайта жаңғыртуда аңғартылатын ес. Сөздік –логикалық естің мазмұны біздің ойымыз болып табылады. Ойлау тілсіз өмір сүрмейді, сондықтан да ес тек қана логикалық делінбей, сөздік логикалық деп аталады.
Іс-әрекеттің мақсатына қарай есті ырықсыз және ырықты деп бөледі. Ырықсыз ес дегеніміз автоматты түрде адам тарапынан ешқандай күш салмай, алдына арнайы мнемикалық міндет қоймай материалды есте қалдыру мен қайта жаңғыртуды айтады.
Материалды есте қалдыру және есте сақтау ұзақтығы бойынша қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді және жедел ес деп бөлінеді.
Қысқа мерзімді ес- материалды белгілі аз кезеңге есте сақтайтын шектеулі ес. Қысқа мерзімді естің ұзақтығы үлкен емес (бірнеше секунд немесе минут), бірақ қазір ғана қабылданған заттар мен құбылыстарды дәл қайта жаңғырту үшін жеткілікті үрдіс.
Ұзақ мерзімді ес- салыстырмалы түрде қабылданған материалды есте сақтаудың ұзақтығымен және беріктігімен сипатталады. Ұзақ мерзімді ес ақпаратты есте сақтаудың ұзақ мерзіміне қарай есептеледі.
Жедел ес деп қысқа мерзімді ес пен ұзақ мерзімді естің аралығындағы (аралық жағдайда) есті айтамыз. Ол алдын ала анықталмаған мерзім бойы материалды есте сақтауға есептелген.
Слайд-2
Ес үрдістері
Ес үрдістері бірнеше түрге бөлінеді: Есте қалдыру, есте сақтау, қайта жаңғырту, тану және ұмыту.
Есте қалдыру. Естің іс әрекеті есте қалдырудан басталады. Есте қалдыру басқаша айтқанда бекіту деп аталады. Біз әр уақытта белгілі бір нәрсені есте сақтаймыз, сол сияқты қабылдаймыз және ойлаймыз. «Уақытша жүйелік байланыс, - деп жазды И.П.Павлов, -жануарлар дүниесі мен біздің өзімізде іске асатын әмбебап физиологиялық құбылыс. Ол сонымен қатар психологтар ассоциация деп атайтын психикалық құбылыс...»
Есте қалдыру механикалық және мағыналық болып бөлінеді. Механикалық есте қалдыру негізінен есте қалдыратын материалды бекітудің сыртқы байланыстары мен жекелеген бөлімдерінің арасындағы байланыстарға негізделеді. Механикалық есте қалдырудың негізгі шарты қайталау болып табылады. Мысалы, егер бірнеше рет қайталаса, олардың арасында ассоциация қалыптасады, бұл жердегі байланыс (ассоциация) бірінен соң бірін механикалық түрде қайталағандықтан болады.
Механикалық есте қалдыру – бұл материалдың жекелеген бөліктерін олардың арасындағы мағыналық байланысқа сүйенбей, бір ізді есте қалдыру.
Мағыналық есте қалдыру- ойлау үрдісімен тікелей байланысты, мағыналық есте қалдыру, материалдық мазмұнын түсінуге, оның бөліктерінің арасында болатын логикалық байланыстарды саналы пайымдауға негізделеді. Мағыналық есте қалдыруға көмектесетін тәсілдердің бірі- материалды мағыналық топтау. Мағыналық топтау дегеніміз материалды бөліктерге бөлшектеу, әрбір бөлімдегі басты, маңыздыларын бөліп көрсету.
Мағыналық есте қалдырудың негізгі шарты- түсіну. Есте қалдыру ырықты және ырықсыз болуы мүмкін. Ырықсыз есте қалдыру- алдын ала ешқандай мақсат қойылмай, материалды алдын ала таңдап, есте қалдырудың қандай да бір тәсілдерін қолданбай іске асатын есте қалдыруды айтады.
Қайта жаңғырту
Қайта жаңғырту еріксіз және арнайы қайта жаңғырту деп екіге бөлінеді. Еріксіз қайта жаңғыртуда адам алдына мақсат қоймайды. Мұны іс-әрекеттің барысы туғызып отырады, қайта жаңғыртудың осы түрі көбінесе адамның үнемі айналысатын әрекетімен мазмұндас болады. Мысалы, музыкант мелодияларды қалай болса солай жаңғырта береді.
Арнайы қайта жаңғырту мақсат коюмен, ерік күшін жұмсаумен, арнаулы әдіс- тәсілдер қолданумен жүзеге асады.
Тану –қайта жаңғыртудың қарапайым түрі. Тану-бұрын қабылдаған және қайтадан кезіккенде көрінетін ес үрдістері. Тану адамдардың қабылдау саласындағы ерекшеліктеріне қарай түрлі дәрежеде көрінеді. Мысалы, біреу бір нәрсені қиналмай, тез және толық таниды, екінші біреу мұны мүлде тани алмайды, үшінші біреу шала таниды, ал төртінші біреу қате танитын болады. Объектіні дұрыс тану үшін адамдардың көзі төселіп үйренген, өмір тәжірибесі мол, бақылағыш болуы шарт. Ес процесінде болатын қателіктердің көпшілігі дәл, жетік тани алмаудан, ал дұрыс тани алмаудың өзі алғашқыда зер салып, жөнді қабылдай алмаудан болады.
Қайта жаңғыртудағы бұл қиындықтар сонымен қатар қазіргі сәтте қажеттіні қайта жаңғыртудың мүмкіншілігінің болмауы ұмыту болып табылады. Сондықтан ұмыту- есте сақтауға кері үрдіс емес, қайта жаңғыртуға кері үрдіс. Ұмыту толық болуы мүмкін, ондай жағдайда есте сақталған материалды немесе оның бөлігін көп мезгілге дейін қайта жаңғырта алмаймыз. Көп жағдайда ұмыту уақытша болады. Алғаш есте қалдырған материалды неғұрлым толық және дұрыс түрде қайта еске түсіруді реминисценция (латын сөзі- reminiscentia- қазақшалағанда еске алу, жаңғырту мағынасында қолданылады) деп атайды. Реминисценция терминін 1907 жылы серб ғалымы В.Урбанчич ұсынған.
Зейіннің (назар) түрлері мен сипаттамалары, зейінсіздік
( алаңғасарлық)
Адамның кез-келген іс-әрекеті зейін арқылы іске асып отырады. Барлық іс-әрекеттің негізгі шарты зейін болып табылады.
Назар немесе зейін деп –адам санасының қоршаған ортадағы белгілі заттар мен құбылыстарға белсенді бағытталуын айтады. Зейін- басқалардың ішінен адамды қоршаған көптеген заттар мен құбылыстарды бөліп көрсету.
Зейін қабылдау, түйсіктер, ес, қиял, ойлау сияқты ерекше психикалық үрдіс емес. Зейін басқа психикалық үрдістерде байқалады. Мысалы, біз бір нәрсені қабылдау үшін оған зейін қоямыз, еске сақтау үшін зейін саламыз, зейін салып ойлаймыз, әңгімелесеміз. Бас ми алабында ұйымдасқан қозу орталығы басқаларына үстемдік етеді, оны доминанта деп атайды, ал мидың қалған бөліктері индукция заңы бойынша тежеледі. Сонымен, доминанта деп бір уақытта адам санасына әсер еткен бірнеше тітіркендіргіштің ішінен біреуінің басқаларға үстемдік етуін айтады.
Зейін түрлері
Негізінен зейін екіге бөлінеді: еріксіз және ерікті. Кейбір психологтар еріксізді бейжай зейін, ал еріктіні белсенді зейін деп атайды.
Слайд-3
Достарыңызбен бөлісу: |