3-тапсырма. Денсаулыққа кері әсер ететін факторларды сипаттау.
Факторлар
|
Денсаулыққа әсерін анықтау
|
Қоршаған орта ластануы
|
адамға және табиғи экожүйеге зиянды әсер ететін физикалық-химиялық және биологиялық заттардың қоршаған ортаға нұқсан келтіруі. Табиғат құбылыстары мен заңдылықтарына қайшы келетін және оның қалыпты жағдайына нұқсан келтіретін сандық, сапалық және құрамдық өзгерістердің барлығы қоршаған ортаның ластануына алып келеді. Қоршаған ортаның ластануы кейде табиғат құбылыстары әсерінен, негізінен адам әрекетінен пайда болады. Қоршаған ортаның ластануы табиғи және антропогендік болып бөлінеді. Табиғи ластану күшті табиғи процестер салдарынан (жанартау атқылауы, сел жүру, топан су басу, өрт, т.б.), антропогендік ластану адамның шаруашылық іс-әрекетінің салдарынан қалыптасады. Антропогендік ластануға өндірістік, тұрмыстық қалдықтар мен әр түрлі улы заттардың қоршаған ортаға белгілі мөлшерден тыс шығарылуы, табиғи нысандарды орынсыз пайдалану жатады. Семей сынақ алаңында болған ядролық жарылыстар, Арал өңірінің экологиялық жағдайлары (қ. Арал экологиясы), т.б. қоршаған ортаға нұқсан келтірудің айқын мысалы болып саналады.
|
Дұрыс тамақтанбау
|
Ағзаның денсаулығына тұқым қуалаушылық, экология, зиянды әдет деген сияқты факторлар әсер ететіні анық, оған қоса дұрыс тамақтану да маңызды рөл атқарады. Зиянды тағамдардың залалы бірден байқалмаса да, уақыт өте келе міндетті түрде өзі жайлы сыр бере бастайды. Дұрыс тамақтанбау көптеген аурулардың тууына ықпал етеді.
Дұрыс тамақтанбау дегеніміз не?
Дұрыс тамақтанбау түсінігінің аясы кең. Бұған шамадан тыс тамақтану, зиянды тағамдарды жиі тұтыну, қатаң диеталар, аштық және т.б. кіреді. Сіз дұрыс тамақтанбай жүрсіз, егер:
- қарныңыз ашпаса да тамақ жейсіз;
- көп мөлшерде қант және құрамында рафинадталған қанты көп өнімдерді жиі тұтынасыз;
- қосымша өнімдері бар тағамдарды жиі тұтынасыз;
- тамақ жеу мәдениетін сақтамайсыз: дастарқан үстінде емес, теледидар немесе компьютер алдында тамақтанасыз;
- тым көп немесе тым аз тамақ жейсіз;
- жүріп бара жатып тамақ жейсіз;
- рационыңызға жемістер мен көкөністерді қоспайсыз;
- тұрақты азықтану тәртібі жоқ болғандықтан кейде түнде де тамақ жейсіз;
- диетаға жиі отырасыз.
Дұрыс тамақтанбаудың зияны
Аталған әр пункт денсаулыққа орасан зор зиян тигізіп, салдары жағымсыз болуы мүмкін. Ал ішек-қарын жолдары ауыратын адамдар үшін, балалар мен жүкті әйелдерге бұлай тамақтану тіпті жарамайды. Адам ағзасы жеткілікті түрде нәрлі заттарды алу үшін қарныңыз қатты ашқан кезде емес, аздап ашқан кезде тамақтану керек. Егер сіз стресстен тамақ жейтін болсаңыз немесе тәтті болғаны үшін, әдет бойынша тамақ жей берсеңіз, іште ауырлық пайда болып, асқазанда тым көп асқазан қышқылы құрылады, бұл гастрит немесе жараға әкеп соғады.
Шамадан тыс қант тұтыну ұйқы безіне салмақ түсіреді, бұдан ол көп мөлшерде инсулин бөле бастайды. Нәтижесінде бұл процесс бұзылып, қант диабеті белең алады.
Сонымен қатар тым көп мөлшерде тәтті тұтыну семіздік пен кариеске ұрындырады.
Көп мөлшердегі ащы тағамдар ағзадағы сұйықтықты бөгеп, несеп тас ауруы мен жүрек-тамыр жүйесі ауруларын тудырады.
Қосымша өнімдер көптеген тағамдардың құрамында болады. Олардың кейбіреуінің еш зияны жоқ, ал кейбірі аллергия тудырып, асқазан мен ішек ауруларының тууына сеп болады.
Қосымша өнімді тағамдардың мөлшерін азайту үшін орамадағы түрлі өнімдерді, чипстер, газдалған тәтті сусын, шұжық, дүкен бәліштерін азырақ сатып алыңыз.
Егер теледидар алдында, газет оқып отырып немесе интернеттен жаңалық оқып отырып тамақ жесе асқазан сөлі дұрыс бөлінбейді. Бұл да өз кезегінде асқазан мәселелерін тудырады. Жүріп бара жатып та тамақ жеу құпталмайды, өйткені қимыл-қозғалыс кезінде тағам дұрыс шайналмай, нәтижесінде тағам дұрыс қорытылмайды да ағзаға тағамның пайдалы заттары сіңбейді.
Егер қатаң диеталар ұстанып, аз тамақ жесе, ағзаға дәрумендер жетіспейтін болады. Ал бұл жалпы денсаулық үшін өте маңызды.
Жемістер мен көкөністер адам рационында елеулі орын алуы керек. Бұл авитаминоз, ішек микрофлорасының бұзылуының алдын алады.
Егер адамның тұрақты тамақ ішу режимі болмаса, ағза асқазан сөлін қашан бөлуі керектігін білмей, әрдайым ауыр күйде болады, бұл да асқазан мен ішек ауруларының тууына әсер етеді. Түнде тамақ жеу құпталмайды, өйткені ас қорыту жүйесіне демалыс қажет
|
Тұқым қуалаушылық арқылы берілетін аурулар
|
Тұқым қуалайтын аурулар - ата-аналарынан ұрпақтарына берілетін аурулар. Тұқым қуалайтын аурулар гендік, хромосомалық және геномдық мутациялардың әсерінен генетикалық материалдың өзгеруіне байланысты қалыптасады. Генетикалық жіктеу бойынша тұқым қуалайтын аурулар:
моногендік;
хромосомалық;
мультифакторлық (полигендік) болып бөлінеді.
Моногенді аурулар генетикалық ақпарат жазылған құрылымдық гендердің мутацияға ұшырауынан туындайды. Бұл аурулардың ұрпақтарға берілуі Г.Мендельдің тұқым қуалау заңдылықтарына сәйкес жүретіндіктен мендельденуші тұқым қуалайтын ауру деп аталады. Моногенді түрі аутосом.-доминантты (арахнодактилия, брахидактилия, полидактилия, т.б.дерттер), аутосом.-рецессивті (екі, кейде үш немере ағайынды некелескен адамдар арасында жиі кездеседі; агаммаглобулинемия, алкаптонурия, т.б. дерттер) және жыныстық Х- және У-хромосомалармен тіркескен (генге байланысты еркек ауырады, ал ауруды әйел адам тасымалдайды; гемофилия, т.б. дерттер) тұқым қуалайтын аурулар болып бөлінеді.
Хромосомалық аурулар геномдық (хромосомалар санының өзгеруі) және хромосомалық (хромосомалар құрылысының өзгеруі) мутацияларға байланысты қалыптасады. Жиі кездесетін хромосома ауруларының қатарына трисомиялар жатады. Бұл кезде хромосома жұптарының бірінде қосымша 3-хромосома пайда болады. Мысалы, Даун ауруында аутосом. 21-жұп бойынша трисомия болса, Патау синдромында 13-жұпта, Эдварс синдромында 18-жұбында болады. Гаметогенезде мейоздық бөлінудің бұзылуына байланысты әйелдерде жыныстық Х – хромосомалардың біреуі болмаса, Шерешевский-Тернер синдромы, керісінше бір хромосом артық болса – трипло-Х (ер адамдарда Клайнфельтер) синдромының қалыптасуына әкеледі. Жасы 35-тен асқан әйелдердің бала көтеруінде нәрестелердің хромосом. аурумен туу қауіптілігі жоғары болады.
Мультифакторлық аурулар бірнеше геннің мутацияға ұшырауы мен өзара әрекеттесу нәтижесінде, ауруға бейімделуі артқан кезде және қоршаған орта факторларының әсеріне байланысты туындайды.
Мұндай ауруларға:
подагра;
қант диабеті;
гипертония;
асқазан және ішектің ойық жарасы;
атеросклероз;
жүректің ишемия ауруы, т.б. жатады.
Тұқым қуалайтын аурулардың бұл түрінің пайда болу себебі әлі толықтай анықталған жоқ. Тұқым қуалайтын ауруларды клиникалық жіктеу патологиялық өзгерістерге ұшыраған органдар мен жүйелер бойынша жүргізіледі. Мысалы, жүйке және эндокриндік жүйенің, қан айналым жүйесінің, бауырдың, бүйректің, терінің, т.б. органдардың тұқым қуалайтын аурулары деп жіктеледі. Республикада тұқым қуалайтын ауруларды анықтау, емдеу жұмыстарымен неврология, терапия, хирургия клиникалар мен ауруханалар айналысады.
|
Денсаулық сақтау шараларының төменгі сатыда болуы
|
|
Зиянды заттарды қабылдау
|
Темекі тарту,
Алкогольді қабылдау,
Есірткі қабылдау,
Уытты заттарды қабылдау,
Ойынға тәуелділік,
Шопингомания - «таңылған дүкенге тәуелділік»,
Компьютерге тәуелділік,
Теледидарға тәуелділік,
Sms-тәуелділік,
Құмар ойындармен әуестену,
Бас тарта алмаушылық,
Кешігу,
Ұмытшақтық,
Тырнақты тістеу, т.б. әдеттер.
Темекі тартудың зияны
Никотиннің адамға әсері - аса жағымсыз. Никотин тәжірибеде барлық органдарға әсер етеді, бірақ орталық жүйке жүйесіне, жүрек-қантамырлық, эндокриндік жүйелерге әсері тым жоғары.
Никотин инсульт пен жүрек ауруларына әкелетін тамыр асклерозының өсуіне себеп болады. Никотин тромбтардың пайда болуына себеп болады, канцерогенді (обырдың (рак) өсуіне себеп болатын) әсерге ие. Адам ағзасына тигізетін зиянды әсерінің ең қауіптісі - бұл, келер ұрпақта тек дами беретін жасушаларды мутацияға ұшырататын қабілеті бар.
Никотиннің ағзаға енетін негізгі жолы - бұл өкпе. Никотин және оның басқа компоненттері демді ішке тарту кезінде темекі түтіні кеңірдектен, қолқадан өтіп, альвеоларға түсіп, ол жақтан қанға сіңеді. Бір тартқаннан 8 секундтан соң никотин миға түседі, оның концентрациясы тек темекі тартып болған соң 30 минуттан кейін төмендейді. Никотиннің негізгі метаболизм (алмасу) процессі бауырда, бүйректерде және өкпеде өтеді.
Темекі тартпайтындар темекі тартатындардың ортасында болғанда, темекі тартатын адамдарға қарағанда обырға ұшырау қаупі 20% жоғары және егер де отбасында, пәтерде көп темекі тартылса, темекі шекпейтіндерде обырға ұшырау қаупі 70% артады. Ата-анасы темекі тартатын балалар тыныс ауруларымен, ата- анасы темекі тартпайтын балаларға қарағанда 2 есе көп ауырады.
Никотин жүйке жасушалары үшін өте уытты. Никотиннің аз дозасы өте қысқа уақытта ми қыртысының қозғыштығын күшейтеді, сосын жүйке жасушаларының қызметін басады, олар бірте-бірте әлсіреп, ақыл-ой қызметі мен мидың басқа да функцияларын төмендетеді. Қозу мен тежелу процесстерінің бұзылуы неврозға тән симптомдарды тудырады, олар қатты бас ауруларымен, ашушаңдық, дисфория, жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуі, ұйқысыздық, бас айналу, абыржулық, саусақтардың дірілдеуімен білінеді. Сонымен, темекі тарту қажеттілігі рақаттану үшін емес, невроз симптомдарын өшіру үшін туындайды.
Никотин жүрек жұмысын жеделдетеді, қантамырларды тарылтады, қан қысымын көтереді. Никотин әсерінен жүрек қызметінің, асқазан, ішек қызметі бұзылуы, т.б. басталады.
Никотин ми тамырларын тарылтатындықтан ми қанмен оттегіні жеткіліксіз алады, сондықтан темекі тартушының ақыл-ой қызметі бұзылады. Темекі тартқанда жүйке жүйесінің перифериялық бөлімі де зардап шегеді, бұл ауырсынулармен, аяқ- қол сезімталдығының (шаншулар, ұю) бұзылуымен білінеді.
Темекі тарту қатты жөтелге, тыныс алудың қиындауына әкелетін қақырықтың пайда болуына себеп болады. Әсіресе таңертеңгі жөтел азапты келеді. Әдетте, темекі тартушыларда қарлыққан, дөрекі дауыс қалыптасады, бұл әйелдер үшін тым жаман.
Алкогольдің зияны
Ең әуелі, алкоголь миға қауіпті, өйткені, басқа органдарға қарағанда концентрациясының аса көп бөлігі осы жерде шоғырланатындықтан миға аса қауіп туғызады. Алкоголь ми қабығының бұзылуына, ұюына және басқа бөлімдерінің бұзылуына әкеледі.
Алкоголь ас қорыту органдарына: өңеш, асқазан, ұйқы бездеріне жағымсыз әсер етеді. Мұнда алкогольдің адам ағзасына әсері, ас қорыту органдарының жасушаларының ішкі қабығының бұзылуына және зақымдануына, тканьдарының
күйіп, солуында; асқазан сөлін шығаратын бездердің атрофияға ұшырауында; инсулин шығарушы жасушалардың жойылуында көрінеді. Бұл, өз кезегінде, қоректік заттардың сіңу процессінің бұзылуына әкеліп соғады, ас қорыту ферменттерінің бөлінуінің азаюы, асқазанда тамақтың іркілуіне әкеледі. Сонымен, алкогольдің денсаулыққа әсері, іштегі күрт ауырсынулармен, асқазан мәселелері, гастрит, қант диабеті, панкреатит, асқазан обыры ауруларымен білінеді.
Асқазан мен ішектен алкоголь қанға түседі және мұнда алкогольдің адам ағзасына жағымсыз әсері жалғасады. Алкоголь, адам қанының жасушалары - эритроциттердің бұзылуына себеп болады. Осының нәтижесінде деформацияланған қызыл қанды денешіктер оттегіні өкпеден тканьдарға (көмірқышқыл газын кері) тасымалдауға, сонымен қатар, басқа да бірқатар функцияларды орындауға қабілетсіз болады. Осының салдарынан алкоголь тұтынушы адам жүрек-қантамыр жүйелерінің ауруларына: ишемиялық ауруларға, атеросклерозға, аритмияға ұшырайды.
Алкогольдің денсаулыққа әсері, сонымен қатар, қандағы қант реттелуінің бұзылуында болады. Бұл қауіпті зардаптарға: диабетті жағдайларға, тамырлар мәселесіне, жүйке жүйесі мен мидың жұмысының бұзылуына әкеліп соғуы мүмкін.
Жүрек-қантамырлар жүйесі үшін жастар арасындағы көп тараған зиянсыз сусын болып саналатын - сыраны көп мөлшерде тұтыну қауіпті. Бұл өгіз жүрекке әкеліп соғады - оны тағы да сыралық деп атайды, бұл жағдайда жүректің көлемі үлкейіп, көбірек жиі жиырылуға бейім болады. Осыдан - әртүрлі аритмиялар, қан қысымының көтерілуі пайда болады.
Алкогольдің денсаулыққа әсері жүйке жүйесінде де білінеді, соның салдарынан, психикалық уланулардың орталықтарының параличі: зейін мен есте сақтау, қоршаған ортаны қабылдау, ақыл-ой дамуы, ойлау, есірткіге тәуелділіктің пайда болуы, адамның дағдарысқа ұшырау мәселелері.
Алкогольдің алдында, әсіресе бауыр қорғансыз болады. Алкогольдің әсерінен бауыр жасушалары жойылады - олардың орнында тыртық пайда болады, ол бауыр функцияларын орындай алмайды, бұл көптеген зат алмасу бұзылуларына әкеліп соқтырады.
Алкогольдің денсаулыққа әсерінің нәтижесінде көп тараған бауыр ауруы - бауыр циррозы. Көп жағдайда адамдар одан қайтыс болуы мүмкін.
Ақыр соңында, алкогольдің көп дозасы алкогольдік комаға, ажалды нәтижеге әкеліп соқтырады.
|
Санитарлық- гигиеналық ережелерді сақтамау
|
Санитарлық – гигиеналық талаптар. Тамақты дайындау кезінде оған ағзаға зиянды ауру тудыратын микробтар түсіп, тамақтан уланып қалмау үшін санитарлық – гигиеналық талаптарды сақтау керек.
Бөлмелер мен жабдықтарға қойылатын талаптар.
1. Асүй бөлмесі таза болуы қажет. Ылғал шүберекпен үнемі сүртіп отыру керек.
2. Таза ыдысты жабық шкафта немесе жабық сөрелерге қою керек.
3. Тамақ қалдықтарын қақпағы бар шелекке салып, дер кезінде шығарып отыру қажет.
Тамақ дайындайтын адамға қойылатын талаптар.
1. Тамақты алжапқыш тағып дайындау керек.
2. Қолды тазалап жуу керек.
3. Шашты жинап, орамал тағу керек.
Тамақты жасауға қойылатын талаптар.
1. Мерзімі өтіп кеткен азық - түліктерді пайдаланбау керек.
2. Азық - түлікті бөлуге, турауға жеке - жеке тақтайлар қолданылады.
3. Тамақ әзірлеу алдында азық - түлік мұқият жуып, тазалайды және турайды.
4. Тотығатын металдан және сыры кеткен ыдысты пайдалануға болмайды.
|
Адамда стресс жағдайының жиі болуы
|
қатты күйзелу, абыржу, мөлшерден тыс ширақтылық деген сияқты бірнеше мағынаны қамтитын жалпылама сөзбен айтылған адамның ерекше күйі.
Ғылымға ең алғаш осы ұғымды енгізген канадалық физиолог Ганс Селье. Оның анықтамасы бойынша, стресс - өте жағымсыз әсерлерге жауап ретінде туған организмнің қалыпсыз бейімделу әрекеттерінің жинағы. Адамның жеке ерекшеліктеріне, мінезіне, жоғарғы жүйке әрекетінің типтеріне орай стрестің бірнеше түрлері байқалады.
Стресс үш кезеңнен тұрады:
|
Достарыңызбен бөлісу: |