Қала экологиясының адам денсаулығына әсері. Қазіргі кездегі адамның экологиялық ортасы – қала. Ол ең ірі және табиғи ортадан өзгеше, көптеген параметрлері бойынша экстремалды деуге болатын орта. Қалада техногенді қуаттың орасан зор концентрациясы жиналады. Дүние жүзінің қалаларында қазір ғаламшарымызды мекендейтін халықтың шамамен жартысы шоғырланған. Соңғы 45 жылда қала халқының саны 729 млн-нан 2540 млн. адамға дейін өсті, яғни 3,5 еседей, ал олардың халықтың жалпы санындағы үлесі 29-дан 44%-ға дейін артқан. Сонымен қатар, қалалардың іріленуі жүріп отыр. 1995 жылдың соңына қарай дүние жүзінде халқының саны 1 млн.-нан астам халқы бар 320 қала және 5 млн.-нан астам халқы бар 48 қала болған. Бірақ урбанизация (латын тілінен аударғанда urbanus - қалалық) процесі тек қала халқының немесе қалалардың мөлшері мен санының артуымен ғана шектелмейді. Сонымен қатар, бұл процесс қоғам өміріндегі қалалардың рөлінің артуынан, көптеген адамдардың өмір сүру салтының өзгеруінен де көрінеді. Қалалардағы адам экологиясына тән нәрсе - бұл табиғи экологиялық факторлардан оқшаулану болып табылады. Қажетті мөлшерде өсімдіктер, тірі топырақпен, сумен қамтамасыз етілген. Адамның биологиялық табиғаты мен оның табиғатқа қарсы іс-әрекетінің нәтижелері арасындағы қайшылық, әсіресе қала жағдайында шиеленісе түседі.
Қазіргі кездегі қала - күрделі әлеуметтік - экономикалық ағза. Ол демографиялық, экономико-географиялық, инженерлік - құрылыс, сәулеттік факторлардың әсерінен, қоршаған экономикалық кеңістік пен табиғи ортаның алуан түрлі өзара әсерлері нәтижесінде қалыптасады. Көбінесе, қалалармен қоғамдық процестің көптеген белгілерін байланыстырады. Бірақ, қала өркениеті -қолайлы жағдайлар, тұрмыстың жеңілдеуіне әкелгенмен, коммуникация тығыздығы, әр түрлі қажеттіліктерді қанағаттандыру мүмкіндіктері - тек барлық жағынан қолайлы орта емес. Қала ортасы адамның басты сапасы - оның денсаулығына қолайсыз әсер етеді. Атмосфераның, судың, азық-түлік өнімдерінің, күнделікті қажетті заттардың өнеркәсіп пен транснорттың қалдықтарымен ластануы, электромагниттік өріс, вибрация, шу, тұрмыстың химияландырылуы, гиподинамия, эмоциогенді қысым, дұрыс тамақтанбау, зиянды әрекеттердің кеңінен таралуы - осылардың барлығы қосылып адамның денсаулығын нашарлатады.
Салауатты өмір салты (СӨС) — бұл ең әуелі денсаулықты сақтауға және нығайтуға бағытталған сауықтыру жолындағы белсенді іс-әрекет. Адамның өмір салты өздігінен қалыптаспайды, ал салауатты өмір салты өмір сүру барысында мақсатты түрде қалыптасады. Қазіргі мәліметтер бойынша денсаулық 53-55%- ға салауатты өмір салтына тәуелді болады екен.
Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) анықтамасы бойынша, денсаулық дегеніміз- организмде аурудың не болмаса физикалық кемістіктің жоқтығы ғана емес, ол табиғи (физикалық), рухани және әлеуметтік толық аман-есендік. Академик В.П.Казначевтің жеке бас денсаулығы анықтамасы бұдан да толығырақ: «денсаулық дегеніміз, организмнің ұзақ өмір сүру барысында биологиялық және психалогилялық әрекеттері мен тиімді жұмыскерлігінің әлеуметтік белсенділігінің, сондай-ақ жас ерекшеліктеріне сәйкес дені сау ұрпақ жалғастыру қабілетінің сақталуы мен дамуы» Денсаулық- физикалық, рухани және әлеуметтік болып бөлінеді.
Физикалық саулық дегеніміз- адам организімінде функциялардың өздігінен реттелуі, функциялық үрдістердің келісімді өтуі, сыртқы орта әсерлеріне бейімделу қасиеттерінің жоғарғы дәрежелі жағдайда болуы.
Психикалық саулық дегеніміз- ауруды болдырмау, қайтсе де одан арылу «адам өмірінің мақсаты» болуын болжайды.
Әлеуметтік саулық дегеніміз- адамның әлеуметтік белсенділігінің, яғни жеке адамның айналадағы өмірмен біте қайнау дәрежесі.
Денсаулық, қалып (норма) деген ұғымдар бір-біріне ұқсас. Қалып – дені сау адам баласының бәріне бірдей тұрақты стандарт мақсат ететін үлгі болатындай денсаулықтың көрсеткіштері. Денсаулық жағдайын бағалау үшін жасқа байланысты жеке адамдардың қалып көрсеткіштері пайдаланылады. Жасқа байланысты қалып көрсеткішін анықтау үшін белгілі көрсеткіштің әрбір жастағы адам топтарының орташа көрсеткіші есептеліп шығарылады. Әрбір топта табылған орташа көрсеткішті қалып стандарт етіп алынады. Бірақта бір топқа кірген адамдардың көрсеткіштерінің бір бірінен айырмашылығы әжептеуір болуы мүмкін. Өйткені олардың жыныстық, кәсіптік, тұрған жерінің, өмір салтының т.б. айырмашылықтары болады. Осыған орай «қалып» деген ұғым «денсаулық» деген ұғым тәрізді әр адамның жеке басына ғана тән көрсеткіштері болмақ.
Күн тәртібі – іс - әрекеттерің мен міндеттеріңді, өз уақыттарыңды дұрыс ұйымдастыру. Дұрыс ұйымдастырылған күн тәртібі денсаулықты сақтаудың, міндеттерің мен мақсатыңа жетудің бірден бір кепілі.
Достарыңызбен бөлісу: |