в) Теориялық сұрақтарға дайындалу кезінде қолдану үшін көрнекі құралдар (Атластардан алынған суреттер, электрондық микросуреттер). Қажет болса, масштабын ұлғайтыңыз!
1-сур. Өкпеден тыс және өкпеішілік ауа өткізу жолдары. Өкпенің респираторлық бөлімі. Оқулық [7], 580-б., 22-1-сур.
Мұрын қуысы
Ауыз-жұтқыншақ
Мұрын-жұтқыншақ
Жоғарғы
тыныс жолдары
Жұтқыншақ
Көмей-жұтқыншақ
Көмей
Кеңірдек
Оң жақ және сол жақ
басты бронхтар
Төменгі тыныс
жолдары
(кеңірдек-бронх ағашы)
Респираторлық бронхиола
Альвеолалық қапшық
Терминалдық бронхиола
ход
Капиллярлық тор
Альвеолалар
Респираторлық
бөлім - ацинус
2-сур. Мұрын қуысының тыныс алу аймағы қабырғасының кілегейлі қабығының гистологиялық құрылысы. Атлас [3], 428-б., 494-сур.
Кілегейлі бездің
шығарушы өзегі
Бұл сурет арқылы мұрын қуысы, мұрын жанындағы қойнауларының және мұрын-жұтқыншақ қабырғаларының гистологиялық құрылысының ұқсас-тығын түсінуге болады – қабырғалары бір ғана қабықтан – кілегейлі қабықтан тұрады. Суретте мұрын қуысы қабырғасының ерекшелігіне назар аударыңыз – кілегейлі қабығының меншікті табақшасында қуысы кең, қабыр-ғасы жұқа веналар - лакуналар орналасқан.
Бір қабатты көп қатарлы кірпікшелі эпителий, бокал
тәрізді жасушаларымен бірге
Меншікті табақшасы
Веналық
лакуналар
Кілегейлі қабық
Кілегейлі бездердің
ұштық бөлімдері
Веналық
лакуналар
Мұрын қалқасының гиалинді шеміршегі
1-тапсырма: Суретте бейнеленген веналық лакуналардың қалыпты
(физиологиялық) және патологиялық жағдайларда (мысалы,
ринит кезінде) ролі қандай?
2-тапсырма: Кілегейлі қабықтың эпителий жасушаларының, меншікті
қабықтың кілегейлі бездерінің ауа өткізу жолдарының осы
бөлімінің функцияларын жүзеге асыруда рөлі қандай?
3-сур. Кеңірдектің кірпікшелі эпителиінің жасушалары. Үш жасуша-ның апикалды бөлігінің электрондық микросуреті. ×8000. Атлас [1], 340-б., 533-сур.
1 – кірпікшелі эпителий жасушасының дисталды бөлімі; 2 - екі эпителий жа-сушаларының арасындағы шекара; 3 – жасушалар арасындағы бекіткіш табақ-ша; 4 – митохондриялар; 5 – жасуша кірпікшелерінің базалды денешіктері (кинетосомалары); 6 - жасушаның кір-пікшелері (Родин бойынша).
Көптеген кірпікшелердің толқын тәрізді қозғалысы кілегейдің (және сонымен бірге – оған жабысқан бөгде түйіршіктер мен микроорганизм-дердің) жылтылдағыш эпителийдің бетімен жұтқыншаққа қарай жылжуын қамтамасыз етеді.
4-сур. Ауа өткізу жолдарының мукоцилиарлы аппаратының сканир-ленген электрондық микросуреті. ×2500. Атлас [6], 392-б., 17-4-сур.).
Бұл микросуретте кірпікшелі эпителийдің апикалды бетін қаптаған муко-цилиарлы аппаратының үш өлшемді (көлемді) көрінісі көрсетілген.
Бокал тәрізді жасушалар
Кірпікшелі жасушалардың апикалды
полюсының кірпікшелері
1-тапсырма: Әрбір осы жасушалардың функцияларын, жылтылдағыш эпи-
телий құрамындағы олардың оптималды (оңтайлы) мөлшерлік
арақатынасы және оны бұзатын факторларды атап беріңіз.
Бұл арақатынас бұзылуының клиникалық салдары жайлы
ойлаңыз.
5-сур. Көмей (көлденең кесіндісі). Гематоксилин-эозин. ×56. Атлас [1], 340-б., 531-сур.
Бұлшық ет
Лимфоидтық фолликул
Дыбыс қатпарларының
бұлшық еттері
Көмейдің бездері
Дыбыс қатпары складка
Кілегейлі қабықтың меншікті табақшасы
Дыбыс саңылауы складка
Көп қатарлы жылтылдағыш эпителий
Көп қабатты жалпақ
мүйізденбейтін эпителий
Көмейдің шеміршектері
Бұлшық ет
Бұл суретте көмейдің қабатты мүше ретінде қабырғасының үш қабығын және олардың құрамдас құрылымдарын көре аласыз.
1-тапсырма: Көмейдің дыбыс қатпарының, басқа бөлімдерімен салыс-тырғанда, кілегейлі қабығының тіндік құрамының ерекшелігі қандай?
2-тапсырма: Көмейдің кілегейлі қабығының меншікті табақшасында эластикалық талшықтарының көп болуы және қабырғасында фиброзды-шеміршекті қабықтың болуы оның қандай функциясына қолайлы жағдай жасайды?
3-тапсырма: Көмейдің кілегейлі қабығының меншікті табақшасында ор-наласқан бездер, лимфоидтық фолликулалар қандай функцияны қамтамасыз етеді?
4-тапсырма: Суретте көрсетілген көмейдің қандай бөлігі, оның қандай тыныс алу емес функциясын қамтамасыз етеді? Бұл функцияны жүзеге асы-руға қатысатын оның қандай құрылымдары бар?
6-сур. Кеңірдек – трахея (көлденең кесіндісі). Гематоксилин-эозин. ×56. Атлас [1], 340-б., 532-сур.
Бұл суретте кеңірдектің қабатты мүше ретінде қабырғасының төрт қабығын және олардың кейбір құрамдас құрылымдарын көре аласыз. Кеңір-
дектің артқы қабырғасында шеміршектің ұштары бос (тұйықталмаған) екеніне және олар бір бірімен құрамында ТБЖ будалары бар тығыз талшықты пішінделмеген дәнекер тінмен байланысуына назар аударыңыз.
Кілегей асты негіз
Көп қатарлы жылтылдағыш эпителий
Кеңірдек безі
Шеміршек қабығы (перихондрий)
Шеміршектің
бос ұштары
Фиброзды-шеміршекті қабық
Адвентициялық қабық
Достарыңызбен бөлісу: |