Сабақ тақырыбы Үстеудің емлесі Жалпы мақсаты



жүктеу 1,78 Mb.
бет1/3
Дата30.01.2018
өлшемі1,78 Mb.
#8175
түріСабақ
  1   2   3

Күні:

Сыныбы: 6 Пәні: қазақ тілі

Сабақ тақырыбы

Үстеудің емлесі

Жалпы мақсаты

Ақпарат көздері арқылы үстеу туралы бұрынғы білетін түсініктерін пайдалана отырып, үстеудің емлесін меңгерту.

Тақырып бойынша оқушылардың алған ақпаратын ауызша және жазбаша тілде пайдалана білу дағдысын қалыптастыру.

Оқушыларға жаттығу жұмыстары мен тапсырмалар беру арқылы өз беттерімен жұмыстануға дағдыландыру.


Күтілетін нәтижелер


Пысықтауға арналған санжұмбақты шеше отырып,үстеу, үстеудің мағыналық түрлері туралы білімдерін пысықтайды.Қазақтың киіз үйі туралы білімдерін кеңейтеді. Киіз үйді құрастыру үшін қандай бөлшектер керек екенін үйренеді. Оның маңызы туралы білімдерін кеңейтеді.

Сабақ түрі, әдіс-тәсілдер



Аралас сабақ. Сөздік, көрнекілік, практикалық, морфологиялық талдау әдісі.

Тапсырмалар

Жеке жұмыс, топтық жұмыс, постермен жұмыс, кестені толтыру, мысалдар келтіру, өмірмен байланыстыру.

Керекті жабдықтар


Интерактивті тақта, плакат, «Жеті қазына» кітабы (1,2,3-кітаптары)

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе

-Сәлеметсіздер ме, оқушылар? Отырыңыздар.

-Кезекші, бүгінгі сабағымызда барлығы түгел ме?

-Олай болса, оқу құралдарымызды реттеп, сабаққа дайындалайық.
-Балалар, қазақтардың ертедегі тұрғын үйлері туралы не білеміз?

-Дұрыс-ақ. Ендеше біздер бүгін киіз үйдің құрылысымен танысамыз. Алдымен киіз үй құрастыру үшін не істейміз?

-Дұрыс. Осы әрбір аталған киіз үйдің бөлшектерінің тапсырмасын дұрыс орындасақ, киіз үйді де тез құрастырып боламыз.

-Ал, ендеше керегенің тапсырмасына көшейік. Үй тапсырмасын тексеру.

-Балалар, сіздерге үйге 288, 289-жаттығулар және аталмай жүрген, ұмыт болған салт-дәстүрлер туралы қосымша мәлімет жазып келуге берілген болатын.

-Ендеше, 288-жаттығудан бастап тексерейік.

–Қане, кім дайын?

-289-жаттығу. Сөйлемдерден үстеулерді тауып, олардың түрлерін ажыратыңдар, қай сөзбен тіркесіп тұрғанын айтыңдар.

-Жарайсыңдар, енді аталмай, ұмыт болған салт-дәстүрлер туралы жазып келген қосымша мәліметтерді оқиық.


Оқушылар оқу құралдарын шығарып, мұғаліммен амандасты.

- Қазақтар бұрында киіз үйде тұрған.



-Керегесін тұрғызамыз.



288-жаттығу

Әдейі, жорта, амалсыздан, босқа, бекерге деген мақсат және себеп-салдар үстеулерін қатыстырып, бірнеше сөйлем құрап жазыңдар.

Уақытты босқа өткізгеннен гөрі салт дәстүріміз туралы білімімізді жетілдірген әлдеқайда пайдалы.

289-жаттығу

Бүгін: мезгіл үстеуі-бүгін көрінсе. Ертең: мезгіл үстеуі-ертең шығады. Таңертең: мезгіл үстеуі-таңертең жетіп. Өте: күшейткіш үстеу-өте көңілді. Енді: мезгіл үстеуі - енді барасың. Тез: сын-қимыл үстеуі - тез қимылдамасақ болмайды. Былтыр: мезгіл үстеуі- былтыр барғанда. Сыртында: мекен үстеуі- сыртында бар. Маңында: мекен үстеуі-маңында болады.

Оқушылар жазып келген мәліметтерін оқиды.


Тұсаукесер


-Енді киіз үй құрастыруды жалғастырайық. Керегеден кейін киіз үйдің шаңырағын бақанмен көтереміз. Шаңырақтың тапсырмасы санжұмбақ шешу екен.

Балалар, мына санжұмбаққа назар аударайық.



Санжұмбақтың тапсырмалары:

  1. Екі я одан да көп түбірдің немесе сөздің бірігіп, тіркесіп немесе қосарланып тұрақтануынан жасалатын үстеулер.

  2. Қимылдың, іс-әрекеттің болу мақсатын білдіретін үстеулер.

  3. Сынның немесе қимылдың белгісін я сапасын күшейтіп, я солғындатып көрсететін үстеулер.

  4. Ілгері, кейін, жоғары, төмен үстеулері үстеудің қай мағыналық түріне жатады?

  5. Сөйлемде қимылдың, сын-сапаның әр түрлі белгілерін, сипатын білдіріп, өзгертуге келе бермейтін сөз табы.

  6. Әрқандай тұлғадағы өз деген есімдіктен құралатын есімдік түрі.

  7. Бірде ешқандай қосымшасыз тұрып, қандай? қай? деген сұрақтарға жауап беріп, анықтауыш қызметін бірде кім? не? деген сұрақтарға жауап беріп бастауыш я баяндауыш қызметін атқаратын сөз табы.

  8. Таң және ертең сөздерінің бірігуіне жасалған күрделі үстеу.

  9. Қашан? қашаннан? Деген сұрақтарға жауап беретін үстеудің түрі.

  10. Бірталай, онша, сонша, қыруар үстеулері үстеудің қай түріне жатады?

  11. Жалпылау, жинақтау мағынасын білдіретін есімдіктің түрі.

  12. Күшейткіш үстеулер құрамы жағынан қандай болып келеді?

  13. Үстеулердің сөйлемдегі қызметі.

  14. Мен, сен, сіз, ол есімдіктері есімдіктің қай түріне жатады?

-Санжұмбақтың шешуі қалай болды?

-Ендеше, біздің бүгінгі тақырыбымыз –үстеудің емлесі.





  1. Күрделі (ү)

  2. Мақсат (с)




  1. Күшейткіш (т)




  1. Мекен (е)

  2. Үстеу (у)

  3. Өздік (д)



  1. Есімше (і)

  2. Таңертең (ң)

  3. Мезгіл (е)

  4. Мөлшер (м)

  5. Жалпылау (л)

  6. Негізгі (е)

  7. Пысықтауыш (с)

  8. Жіктеу (і)



  • Үстеудің емлесі

жүктеу 1,78 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау