Зертханалық журналды /дәптер,/ жүргізу
Әр студенттің берілген жұмысты есептеп, тапсыру үшін қажетті зертханалық жұмыс дәптері болу қажет.
Зертханалық журналды жүргізу үшін нұсқаулар.
Сабақтың уақыты және рет нөмірі.
Зертханалық жұмыстың тақырыбы.
Жұмыс ретінің қықаша мазмұны.
Прибордың құрылысы, реакция теңдеуі, кестелер, есептеулер, графиктер, көзбен бақылаулар.
Қорытындылар.
Зертханалық дәптер ұқыпты жазылып, жұмыс кезінде толтырылады. Орындалған зертханалық жұмыс дәптерге өңделіп мұғалімге тапсырылады. Егер жұмыс берілген шарттарды қанағаттандырса, мұғалім өз қолын қояды.
Достарыңызбен бөлісу: |