7. Бақылау (тест сұрақтары):
1. Изопрен СН2=С(СН3)-СН=СН2 жүйелі атау бойынша … деп аталады.
а) 2-метилбутадиен-1,3
б) 3-метилбутадиен-1,3
с) 2-гидроксипропан қышқылы
д) 2-аминоэтанол
е) бутадиен-1,2
2. Алма қышқылы НООС СНСН2СООН жүйелі номенклатура
ОН
бойынша ... деп аталады.
а) 2-гидроксибутанди қышқылы
б) бутенди қышқылы
с) 2-оксобутан қышқылы
д) бутанди қышқылы
е) 2-гидроксипропан қышқылы
3. Қосылыс СН3-СН(СН3)-СН2-СН3 рационалдық номенклатура бойынша… деп аталады.
а) метилдиэтилметан
б) диметилэтилметан
с) пропилэтилметан
д) метилизопропилметан
е) тетраметилметан
4. Рационалдық номенклатура бойынша аталған қосылыс:
а) 2-метилпропан қышқылы
б) бутанон-2
с) метилфенилкетон
д) 1,3,5-триметилбензол
е) пентанол-2
5. Рационалдық номенклатура бойынша аталған қосылыс:
а) метилэтилкетон
б) 3-метилбутан қышқылы
с) бутанон-2
д) пропанол-2
е) бутаналь
6. Диметил эфирі СН3-О-СН3 орынбасарлық атау бойынша … деп аталады.
а) этанол
б) метоксиметан
с) диэтил эфирі
д) диметилсульфоксид
е) метилэтаноат
7. 2,2-диметилпентандағы біріншілік, екіншілік, үшіншілік және төртіншілік көміртек атомдарының саны:
а) 4,2,0,1;
б) 2,3,1,0;
с) 0,1,5,2;
д) 3,2,2,0;
е) 1,1,2,3;
8. Функционалдық топ (СООСО) ... класына жатады.
а) қүрделі эфирлер
б) альдегидтер
с) қышқыл ангидридтері
д) карбон қышқылдары
е) кетондар
9. Этилбензоатқа тән формула:
а) С6Н5СО2С2Н5
б) С2Н5СО2С6Н5
с) С2Н5СООС2Н5
д) С6Н5СООС6Н5
е) С2Н5СООСН3
10. Бір атомды спирттердің жалпы формуласы:
а) CnH2nO
б) CnH2nO2
с) CnH2n+2
д) CnH2n+2O
е) CnH2n-2O
11 сабақ
1. Тақырыбы: Органикалық қосылыстардың қышқылдылығы мен негізділігі. Спирттердің, фенолдардың, тиолдардың және аминдердің реакциялық қабілеттілігі.
2. Мақсаты: Органикалық қосылыстардың қышқылдылығы мен негізділігі туралы білімді оқып үйрену.
3. Оқытудың мақсаты:
1. Бренстед, Люис қышқылдарының жіктелуін анықтайды
2. Қосарланған қышқылдар ме негіздердің тұрақтануына әсер ететін факторлар.
3. Органикалық қосылыстардың қатаң және биязы қышқылдар мен негіздерге қатысын кесте бойынша анықтау және олардың әсерлесу мүмкіндіктерін анықтау.
4. Бренстед қышқылдарын( CH-, NH-, OH-, және SH- қышқылдар) білу.
5. Бренстед негіздерін (оксоний, аммоний, сульфоний негізері және π-негіздер) білу.
6. Льюис қышқылдары мен негіздерін білу.
7. Қышқылдық пен негіздікке әсер етуші факторлар.
8. Спирттердің, фенолдардың, тиолдардың және аминдердің реакциялық қабілеттілігін біледі.
Достарыңызбен бөлісу: |