Сабақ Тақырыбы: Механизмнің пайдалы әрекет коэффициенті (7-сынып)



жүктеу 184,06 Kb.
бет1/2
Дата01.12.2017
өлшемі184,06 Kb.
#2694
түріСабақ
  1   2

Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданы

Мыңбұлақ жалпы орта мектебі мемлекеттік коммуналдық мекемесі

Ашық сабақ


Тақырыбы: Механизмнің пайдалы әрекет коэффициенті (7-сынып)

Орындаған: Тажибай Н. Пәні: физика


Мәдениет 2014-2015ж.


Сабақтың тақырыбы: Механизмнің пайдалы әрекет коэффициеті

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Оқушыларда толық және пайдалы жұмыстың ұғымдарын қалыптастыру, пайдалы әсер коэффициенті (ПӘК) формуласын түсіндіру.

2. Дамытушылық: Оқушыларды, сұрақтарға нақты жауап беруге, тез  шешім, қабылдай білуге дағдыландыру.

3. Тәрбиелік: Сабақ барысында оқушылардың дербестігін, пікір алмасуға, шығармашылық өздігінен білім алуға тәрбиелеу.



Сабақтың көрнекілігі: слайд, интерактивті тапсырмалар

Сабақтың түрі: Сайыс сабақ

Сабақтың әдісі: Дамыта оқыту

Сабақтың құрылымы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. (1 мин)

ІІ. Үй жұмысын тексеру. (7 мин)

ІІІ. Жаңа тақырыпты меңгерту кезеңі. (13 мин)

ІV. Жаңа тақырыпты меңгерту тапсырмалары. (22 мин)

V. Бағалау. (1мин)

VI. Үйге тапсырма. (1мин)

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу, сынып тазалығын қадағалау, оқушыларды түгелдеу, сабаққа дайындығын тексеру;

ІІ. Үй жұмысын тексеру.



Овал 26 1. Жай механизмдер деген не? Оларға не жатады?

Овал 25Овал 24

Овал 20Стрелка влево 22Овал 18

Стрелка вправо 15Овал 19

Овал 14

2. «Физикалық лото» ойыны арқылы оқушылардың алдынғы сабақтан не түйгендерін тексеру.

Сұрақтары:


  1. Күш моменті деген не? (Айналатын денеге түсірілген күштің күш иініне көбейтіндісі)

  2. Дененің механикалық энергиясы деп қандай энергияны айтады? (Кинетикалық және потенциалдық энергиялардың қосындысы)

  3. Иіндік дегеніміз не? (қозғалмайтын тіреудің немесе біліктің (осьтің) төңірегінде айнала алатын кез келген дене)

  4. Жұмыстың формуласы қандай? (A=FS)

  5. Механиканың алтын ережесі қалай тұжырымдалады? (күштен қанша есе ұтсақ, орын ауыстырудан сонша есе ұтыламыз)

  6. Потенциалдық энергияның формуласы қандай? (Ep=mgh, Ep=kl2/2)

  7. Кинетикалық энергияның формуласы қандай? (Ek=mυ2/2)

  8. Жұмыстың СИ жүйесіндегі бірлігі не? (Дж)


ІІІ. Жаңа тақырыпты меңгерту кезеңі.

Әр түрлі механизмдерді қолданғанда, біз барлық жағдайда, қойылған мақсатқа керектіден артық жұмыс жасаймыз. Осыған сәйкес жұмысты толық жұмыс Aт және пайдалы жұмыстарға Aп бөледі. Мысалы, мақсатымыз массасы m жүкті h биікке көтеру болса, онда пайдалы жұмыс жүкке әсер етуші ауырлық күшін жеңуге ғана бағытталады. Жүкті бірқалыпты көтергенде, яғни, жұмсалған күш жүктің ауырлық күшіне тең болғанда, бұл жұмыс былай табылады. Aп = Fтh = mgh. Егер біз жүк көтеру үшін шығыр немесе басқа механизм қолдансақ, онда бізге жүктің ауырлық күшінен басқа механизм бөліктерінің ауырлық күші мен оларға әсер етуші үйкеліс күшін жеңуге тура келер еді. Мысалы, қозғалмалы шығырды пайдаланғанда, біз қосымша, шығыр мен арқанды көтеретін және шығырдың өсіне әсер ететін кедергіні жеңетін жұмыс жасаймыз. Сонымен қатар, күштен ұтсақ, барлық уақытта,жолдан ұтыламыз (бұл туралы төменде толық айтылады). Бұл жұмысқа әсер етеді және біздің жұмсаған жұмыстың пайдалы жұмыстан артық болуына әкеледі. Ат > Aп. Пайдалы жұмыс, адамның механизмді қолданып жасайтын толық жұмысының қайсыбір бөлігін құрайды.

Толық жұмсалған жұмыстың қанша бөлігін пайдалы жұмыс құрайтынын көрсететін физикалық шама, механизмнің пайдалы әсер коэффициенті деп аталады.

Пайдалы әсер коэффициенті қысқаша ПӘК деп белгіленеді.

Механизмнің ПӘК-ін табу үшін пайдалы жұмысты, оны пайдалануға жұмсалған толық жұмысқа бөлу керек.

Көп жағдайда пайдалы әсер коэффициентін пайызбен өрнектейді және ол грек әрпімен η (“эта” деп оқылады) белгіленеді.



Жұмыс пен қуат арасындағы тура пропорцияналдық байланысты ескеріп, ПӘК-ті пайдалы қуаттың толық қуатқа қатынасы арқылы өрнектеуге болады:



Бұл формуланың алымы Ап барлық уақытта бөлімінен Ат кіші болғандықтан ПӘК 1-ден кем болады (немесе 100%-аз). Механизмдерді жасағанда, оның ПӘК көбейтуге тырысады. Бұл үшін механизмнің массасын, оның өстеріндегі кедергіні кемітеді. Кедергі өте аз және пайдаланылатын механизмдердің массалары, олардың көтеретін жүктерінің масаларымен салыстырғанда ескермеуге болатындай аз болса, ПӘК 1-ден шамалы ғана кіші болады. Бұл кезде жұмсалған жұмысты пайдалы жұмысқа тең деп санауға болады.

Aт ≈ Aп 

Қарапайым механизмнің көмегімен жұмыстан ұтуға болмайтынын есте сақтау керек.

(2) теңдеудегі кез-келген жұмысты сәйкес күшпен жүрілген жолдың көбейтіндісі түрінде өрнектеуге болатындықтан оны былай жазуға болады:

F1s1 ≈ F2s2 немесе 

Осыдан, механизмнің көмегімен күштен қанша есе ұтсақ, сонша есе жолдан ұтыламыз және керісінше.

Бұл механиканың “алтын ережесі” деп аталады. Бұның авторы ерте грек ғалымы біздің дәуіріміздің І ғасырында өмір сүрген Герон Александрийский. Механиканың “алтын ережесі” жуықталған заң, себебі, онда үйкелісті жеңетін жұмыс пен пайдаланылатын механизм бөліктерінің ауырлық күші ескерілмеген. Соған қарамастан бұл ереже қарайпайым механизмдердің жұмысын талдағанда өте пайдалы.


жүктеу 184,06 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау