№129 Ә.Жәмішев атындағы орта мектеп
Ашық сабақ
Тақырыбы: Кем... +,- 3
Пәні: Математика
Шіркейлі ауылы, 2016 жыл
Математика
1-сынып
Пән мұғалімі: Оразалиева Т.С.
Күні :
|
21 .01.2015
|
Сабақтың тақырыбы:
|
72-сабақ Есеп ....кем+,- 3
|
Сілтеме:
|
Оқулық 1-сынып, математкадан мұғалімне арналған әдістемелік нұсқаулық
|
Жалпы мақсаты:
|
Пайымдау және талдау білігін арттыру. 3санын кестелік қосу және азайтуды орындау дағдысын тиянақтау, бірнеше бірлік кем санды табуға берілген есептің жаңа түрімен таныстыру
|
Негізгі идеялар:
|
Сыни тұрғысынан ойлау қабілеттерін арттыру.
Топпен, жұппен және өзіндік жұмыс істеуге дағдыландыру.
Танымдық белсенділігін арттыру.
|
Сабақтың түрі:
|
Дәстүрлі емес, саяхат сабақ.
|
Сабақтың типі:
|
Жаңа сабақ
|
Әдіс-тәсілдер:
|
Миға шабуыл, сұрақ –жауап,
|
Көрнекі құралдар:
|
Компьютер, интерактивті такта, презентация, музыка, электронды оқулық, плакат, А-3 қағазы, маркерлер, карточкалар, стикерлер.
|
Кезеңдері
|
Уақыты
мин
|
Сабақтың барысы
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Бағалау түрі
|
Оқу нәтижесі
|
Қызығушылықты ояту
кезеңі
|
|
Салемдесу.
Түгендеу.
Психологиялық дайындық.
Тәуелсіз, егеменді еліміздің ұрпақтары қандай болуы керек.( алғыр, ақылды, білімді)
Ал, барлық білімнің патшасы қай пән?
Математика.
Біздің ұранымыз:
« Математиканы оқимыз,
Миымызға тоқимыз».
Сабақтың мақсат-міндетін қою
Күнделікті ішіп жүрген тамағымыз, үстіміздегі киіміміз, оқитын кітабымыз, жазатын қағазымыз, мінер көлігіміз, ішер суымыз осының бәрін қайдан аламыз? (Табиғаттан)
-Ендеше, табиғатты асыраушы, қамқоршы анамыз деуге бола ма? Олай болса, бүгінгі сабағымыз ерекше болайын деп тұр. Біз «Табиғат-Анаға» теңіз арқылы қонаққа барамыз. Теңіз арқылы болса, қандай көлікке мінуіміз мүмкін?(Кеме)
Саяхатымыз өте алыс және қызықты, бірақ қауіпті. Жолда әр түрлі қиындықтар кезігеді. Сондықтан жолда кездескен қиындықтарды шешу үшін жаңа сабақты жақсылап түсініп алайық.
|
Мұғалім сұарақтарына өз ойларын білдіріп, жауап беріп отырады.
|
Формативті бағалау
|
Өз-өздерін сенімділік, патриоттық, жауапкершілк сезімі қалыптасады
|
Мағынаны тану кезеңі
|
|
Жаңа сабақ сурет және заттармен көрсету арқылы түсіндіріледі.
Үстелдің үстінде 7 кітап жатыр. Динараның сөмкесіндегі кітаптар үстелге қарағанда кем. Динараның сқмкесінде неше кітап болуы мүмкін?
Жоғары сөреде 8 кітап бар, ал төменгі сөреде одан 3 кітіп кем. Төменгі сөредегі кітап нешеу?
Жарайсыңдар, балалар! Тапсырмаларды жақсылап түсініп алсақ, ендеше қорықпай саяхатқа шығуымызға болады.Онда дайын болсақ жолға шығайық! Біздің кеме бір аралға келіп жетті. (слайд № 4 )арал суреті Аралдың иесін жұмбақ арқылы тауып көрейік.
Барқыттай жүні құлпырған,
Жем тілеп ылғи ұмтылған.
Тауыс емес түгі ұқсас,
Жазбайды бір сұңқылдап.
Тотықұс.( слайд №5 )
Дұрыс, балалар, бізді сөйлейтін тотықұс күтіп тұр. Ол сендерден Кімнің және қай топтың жылдам екенін білігісі келеді екен. Ендеше, 3-мысалды шығарайық.
3-мысал. Кім жылдам? (Топтық жұмыс)
І топ ІІ топ: ІІІ топ:
4+3=7 7+3=10 7-3=4
10-3=7 9-3=6 8-3=5
5-3=2 6+3=9 7+310
10-3=7 2+3=5 5+3=8
Ары қарай саяхатымызды жалғастырайық. Алдымыздағы аралдың атын білу үшін келесі жұмбақты шешіп көрейік:
Тастан салған үйі бар,
Көшіп жүрер асықпай.
Қыста ұйықтап бұйығар,
Тамақ іздеп ашықпай.
( слайд №7). Тасбақа
Алдымызда «Тасбақалар» аралы. Арал иесі көп жасаған ақылгөй, дана тасбақа. Сондықтанда оның беретін тапсырмасын ұқыптылықпен орындайық.
4-есеп. Төрт тура теңдік құр (Өзіндік жұмыс)
А) 3, 7 және 4 сандарынан;
Ә) 8, 3 және 5 сандарынан
4+3=7 5+3=8
7-4=3 8-3=5
Балалар, теңізде қатты дауыл болып, кеменің жүзуіне қиындықтар туып тұр. Сол қиындықты жеңуіміз керек. Шаршамай, қане, бойымызды бір сергітіп алайық.
Міне, келесі аралға да жеттік
Жауымнан мен қашқанда
Ағаштарға самғап бағам
Ал қарным ашқанда,
Отырып ап жаңғақ шағам
( тиін)
Кішкене тиін көптен бері қонақтарды күтіп отыр. Ол аңдар мектебінде оқып, үй тапсырмасын орындай алмапты. Қане оған есепті түсіндіріп, шығаруға көмектесейік.
5-есеп. Есептің жауабын ата. Түсіндір.
Тиін 5 грек жаңғағын және одан 3 орман жаңғағын кем жинады. Тиін неше орман жаңғағын жинады.
Жауабы: 2 орман жаңғағын жинады.
-Ары қарай саяхатымызды жалғастырайық. Алдымыздағы аралдың атын білу үшін келесі жұмбақты шешіп көрейік:
Орманда туып, жетілемін,
Талдан талға секіремін.
Айуан болып өскенііммен,
Тамақ жеймін қос қолыммен.
Әттең үйде тумағанмын
Әйтпесе құдды адаммын.
Маймылдың тапсырмасы
6-мысал
Ұзындығы 6 см-ден қысқа, бірақ 3 см ұзын кесінді сыз. Сен неше кесінді сыздын?
Ал, балалар, біз жағаға жеттік. Сонымен бізді табиғат ана күтіп тұр екен. Бізге не дер екен, тыңдайықшы.
Құсты да, өзен-көл, ағаштарды, барлық тіршілік атауларын сендерге тапсырып жатыр. Ендеше, сендер не істеулерің керек?
Бір сөзбен айтқанда табиғатты қорғауымыз керек екен.
|
Сабақты мұқият түсініп алады.
Бағдаршам көздерін көрсету арқылы сабақты қаншалықты түсінікті болғанын білдіре алады.
Жұмбақты шешеді. Үш топқа бөлінеді. Үш топ белгіленген уақытта есепті жылдам шығару керек. Егер уақытка үлгерсе және есебі дұрыс болса «бес жұлдыз» алады. Соңында топ бойынша жиналған жұлдыз есептеледі.
Жұмбақты шешеді. Берілген есепті әр оқушы жеке орындайды. Қалған екі теңдікті жұппен отырып шығарады және оны келесі жұп тексереді.
Жұмбақты шешеді. Оқушылар есепті көрініс арқылы көрсетіп, есепті тақтаға шығарады.
Электронды оқулықтан көрністі тамашалалайды
|
Бағдаршам арқылы бағалау
Формативті бағалау
Бес жұлдыз арқылы бағалау.
|
Жалпыдан жекеге қарай, ойлануға, тыңдай білуге, зейінін тұрақтандыруға қалыптасады.
Ойлау тереңдігі, жылдамдығы қалыптасып, қиялы дамиды, топпен жұмыс жасайды.
Жалпыдан жекеге, жекеден жалпыға қарай ойлауға, үйренеді. Жұппен жұмыс жасау дағдысы қалыптасып, бірін-бірі бағалауға үйреніп, сыни көзқарастары қалыптасады.
Логикалық ойлауы дамиды.
|
Ой толғаныс
кезеңі
|
|
108-бет. 5-есеп. Ә);
Сабақ түсінікті болды ма?
Балалар, сабақ ұнады ма?
Несімен ұнады?
|
Оқушылар үй тапсырмасын жазып алады.
Сабақ барысындағы жетістіктеріне қарай бағаланады.
Оқушылар өз ойларын білдіреді.
|
Суммативті бағалау.
|
Сөздік-логикалық ойлауы дамып, талдауға, саралауға, байласыстыруға, құрастыра білуге дағдыланады.
|
Достарыңызбен бөлісу: |